- •Мазмұны
- •Информатика пәнi және мақсаты
- •«Информатика және ақпарат» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Есептеуiш техникасының даму тарихы
- •«Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Санау жүйелері
- •«Санау жүйелері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Логика алгебрасы
- •«Логика алгебрасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Тьюринг машинасы
- •«Тьюринг машинасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютер архитектурасы
- •2 Сурет. - эем архитектурасының жалпы сызбасы
- •Бағдарламалы басқарылу принципі
- •Бағдарламаны жадта сақтау принципі
- •Адрестелу принципі. Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәртіппен жазуға немесе оқуға болады.
- •Принтерлер. Принтерлер көптеген қаріп (шрифт) түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді қағазға басып бере алады. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік және сия бүріккіш түрлері бар.
- •«Компьютер архитектурасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Алгоритмдеу негіздері
- •«Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Бағдарламалық жабдықтама. Жүйелік бағдарламалық жабдықтама.
- •Қолданбалы деңгей бағдарламалары белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын бағдарламалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
- •«Бағдарламалық қамтылу» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Ms dos операциялық жүйесі
- •«Ms dos операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Norton Commander диалогтік қоршамы
- •«Nc диалогтік қоршамы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Операциялық жүйелер
- •«Windows операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары
- •«Microsoft Office Word» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электрондық кестелерді өңдеу құралдары
- •«Microsoft Office Excel» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Мәліметтер қоры және мқбж
- •«Мәліметтер қоры және Microsoft Office Access мқбж» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютерлік ақпаратты қорғау мәселесі
- •«Ақпаратты қорғау» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютерлік желілер
- •Интернеттегі қызмет түрлері
- •Броузер параметрлерін тағайындау. Программаның жұмысына қажетті параметрлерді тағайындау мынадай факторларға:
- •«Компьютерлік желілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Техникалық тапсырмалар
- •«Техникалық тапсырмалар» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электрондық үкімет
- •«Электрондық үкімет» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электронды оқыту «e-learning»
- •«Электронды оқыту e-learning» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
С.Н. Кубентаева
М.Т. Кенжебаева
Г.Т. Жунусова
А.А. Мазбаева
«Информатика пәні бойынша студенттердің білімдерін тексеруді ұйымдастыру»
Оқу-әдістемелік құрал
Өскемен
2012
ӘӨЖ 004(075.8)
КБЖ73я74
К 69
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Әдістемелік кеңісімен баспаға ұсынылды
(№1 хаттама, 16 қазан 2012 ж)
Пікір жазғандар:
Р.У. Мукашаева: Д.Серікбаев атындағы «Жоғарғы математика» кафердасының аға оқытушысы,т.ғ.к;
А.С. Кадырова: С.Аманжолов атындағы «Компьютерлік және математикалық үлгілеу» кафедрасының аға оқытушысы,п.ғ.к:
Г.Ж:Солтан Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ математикалық және компьютерлік үлгілеу кафедрасының доценті, т.ғ.к
С.Н. Кубентаева, М.Т. Кенжебаева, Г.Т. Жунусова, А.А. Мазбаева.
К69 Информатика пәні бойынша студенттердің білімдерін тексеруді ұйымдастыру: Оқу-әдістемелік құрал.- Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2013. – 191 бет
ISBN 978-601-7196-56-1
Аталған оқу-әдістемелік құрал МЖББС сәйкес кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқитын ЖОО студенттерінің барлық мамандықтары мен оқу түрлерінің студенттеріне жалпы университеттік «Информатика» пәні бойынша ағымдық, аралық және қорытынды білім-білік дағдыларын тексеруге арналған тест тапсырмаларынан тұрады.
Оқу-әдістемелік құрал «Информатика» пәнінен студенттерге курс бойынша теориялық және практикалық оқу материалын бекітуге көмегін тигізеді.
ӘӨЖ 004(075.8)
КБЖ73я74
ISBN 978-601-7196-56-1 ©С.Аманжолов атындағы ШҚМУбаспасы
© С.Н. Кубентаева М.Т. Кенжебаева
©
Мазмұны
Кіріспе |
4 |
Информатика пәні және мақсаты |
5 |
Информатика және ақпарат» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
10 |
Есептеуіш техникасының даму тарихы |
18 |
«Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
26 |
Санау жүйелері |
31 |
«Санау жүйелері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
35 |
Логика алгебрасы |
40 |
«Логика алгебрасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
44 |
Тьюринг машинасы |
49 |
«Тьюринг машинасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
51 |
Компьютердің архитектурасы |
55 |
«Компьютердің архитектурасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
65 |
Алгоритмдеу негіздері |
70 |
«Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
75 |
Бағдарламалық жабдықтама. Жүйелік бағдарламалық жабдықтама |
81 |
«Бағдарламалық қамтылу» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
89 |
MS DOS операциялық жүйесі |
96 |
«MS DOS операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
98 |
NC диалогтік қоршамы |
102 |
«NC диалогтік қоршамы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
104 |
Операциялық жүйелер |
108 |
«Windows операциялық жүйесі»ітақырыбы бойынша тест сұрақтары |
114 |
Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары |
121 |
«Microsoft Office Word» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
123 |
Электрондық кестелерді өңдеу құралдары |
130 |
«Microsoft Office Excel» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
132 |
Мәліметтер қоры және МҚБЖ |
141 |
«Мәліметтер қоры және МҚБЖ Microsoft Office Access» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
143 |
Компьютерлік ақпаратты қорғау мәселесі |
149 |
«Ақпаратты қорғау» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
154 |
Компьютерлік желілер |
158 |
«Компьютерлік желілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
167 |
Техникалық тапсырмалар |
175 |
«Техникалық тапсырмалар» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
177 |
Электрондық үкімет |
181 |
«Электрондық үкімет» тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
182 |
Электронды оқыту «E-learning» |
186 |
«Электронды оқыту «E-learning»»тақырыбы бойынша тест сұрақтары |
187 |
Әдебиеттер тізімі |
190 |
Кіріспе
Қазіргі ақпараттандырылған қоғамда білім беру саласында заманауи технологияларды пайдалану өмір талабына айналып отыр. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Кредиттік оқыту жүйесі» бірнеше жыл бойы қолданылып келеді. Бұл жүйе бойынша студенттердің өз бетімен жұмысына, студенттердің оқытушымен өздік жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Студенттің білімін үнемі қадағалап тексеру жұмысын тиімді өткізуде электронды тестілеудің алатын орны ерекше. Тестілеу тек оқытушының студент білімін тексеруінде ғана емес, сонымен қатар студенттің де өз білімін тексеруінде қолданылуы тиіс. Бұл білімді бақылау жүйесін өзгертіп, сондай-ақ субъективті бағалау жүйесін ұсынады.
Жалпы алғанда тестілік тапсырмалар: оқу материалының мазмұнына сәйкес, сәйкесінше ережелерді есепке ала отырып құрылуы қажет, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізіліп, сыналушыға түсінікті болу қажет.
Тестілік тапсырмалар көмегімен студенттердің білім сапасын және деңгейін анықтауға болады. Әдетте тестілік тапсырмалар олардың құрылым түрі бойынша құрылымдалған жауаптары бар және таңдап алынған жауаптары бар тесттер болып екіге жіктелінеді.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда таңдап алынатын жауаптары бар тест тапсырмалары қолданылған. Бұл әдіс оқу жұмысына өзгешелік енгізеді, пәнге қызығушылығын арттырады, сонымен қатар, білім деңгейін жақсартуға септігін тигізеді.
Ең тиімді оқыту - бұл өздігінен білім алуға әсер ететін оқыту болып табылады. Даралап оқыту мәселесінің шешіміне әртүрлі деңгей беру арқылы студенттердің білімдерін бағалауға мүмкіндік беретін тест тапсырмаларын орындау әсер етеді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда университетімізде қашықтан оқыту технологиясы кеңінен қолданысқа ендіріліп отыр. Бұл технология бойынша компьютерлік тестілеудің тексеруші құрал ретінде ғана емес, сол сияқты жаттықтырушы ретінде де қолданылуы кең етек алуда.
Оқу-әдістемелік құралда ұсынылып отырған тест сұрақтары Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты және Информатика пәнінің силлабусы негізінде құрастырылған.
Оқу құралы жоғары оқу орны студенттерінің барлық мамандықтары мен оқу түрлерінің студенттеріне жалпы университеттік «Информатика» пәні бойынша студенттердің ағымдық, аралық және қорытынды білім-білік дағдыларын тексеруге арналған және студенттердің өз бетімен жұмысын ұйымдастыруда тәжірибелік маңызы зор. Аталған оқу-әдістемелік құралда «Информатика» курсы бойынша тестілік база жинақталған, әрбір сұраққа жауаптардың бес нұсқасы берілген.
Оқу-әдістемелік құрал информатика пәні бойынша студенттерге курс бойынша теориялық және практикалық оқу материалын бекітуге көмегін тигізеді.
