- •Қазақстан Респбликасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік Университеті
- •Тақырыбы: Хара балдырлары
- •1. Хара балдырлар
- •2.Клетка құрылысы мен көбеюі
- •Көп жасушалы жасыл балдырлар
- •3.Жасыл балдырлардың класы.
- •Қазақстан Респбликасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік Университеті
- •Тақырыбы: Мүктәрізділер
- •1. Мүктәрізділердің морфологиясы, кездесуі және маңызы
- •Бауыр мүктері класы
- •Антоцероттар класы (антоцеротовые) - anthocerotopsida
- •Жапырақты мүктер класы
- •3.Мүктердiң түрлері
- •Шымтезек мүгi (сфагнум — Sphagnum)
Қазақстан Респбликасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Мүктәрізділер
Орындаған: Жумабекова А.С
Топ: БЛ-309
Тексерген: Исмагулова А.Б
Семей 2015ж
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Мүктәрізділер. Морфологиясы, кездесуі және маңызы
2. МҮК ТӘРІЗДІЛЕР бөлімі-ВКҮОРНҮТА
3. Мүктердiң түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орында. Дүние жүзі бойынша олардың 22 000-нан 27 000-ға дейін түрлері бар.
Мүктер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе ылғалы мол жерлерде бітік өседі. Орманның батпақты жерлерінде мүктер жер бетін тұтас жауып тұрады. Мүктерді ағаштан салынған үйлердің шатырынан, ағаш діңдерінен, тауардың, жартастардың бетінен көреміз. Мүкті ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тіпті терең тұщы сулардың түбінен кездестіруге болады. Климаты аса қатал Арктика мен Антарктиданың бірқатар аудандарында жоғары сатылары өсімдіктерден тек мүктер ғана өседі. Мүктерді зерттейтін ғылымды «бриология» (грекше «брион» - мүк, «логос» - ғылым) дейді.
Мүктәріздестер - аласа болып өсетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. Мүктердің биіктігі бір миллиметрден 70 сантиметрге дейін жетелі. Денесі жапырақ пен сабаққа бөлінбейтін, тақташа тәрізді қарапайым құрылысты мүктер де бар. Бірқатар мүктердің өсімді мүшесі тармақталып, жерге төселт өседі. Басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Оларда тамыр болмайды. Тамырдың қызметін ризоидтары (грекше «риза» - тамыр, «эйдос» - түрі) атқарады. «Ризоид» - бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді.
Мүк сабағының сыртын бір немесе бірнеше қатар жасушалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл жасушалардың хлорофилдері болмайды. Қабықшаның астында жасушалары хлоропластарға толы, жақсы жетілген фотосинтездеуші ұлпа орналасады. Өткізгіш, тірек, қор жинаушы және жабын улпалары нашар жетіген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасымалдануы өткізгіш үлпалардың қатысуымен жүзеге асады.
Мүктердің аса кең тараған екі өкілін қарастырамыз. Олар: жасыл мүк (көкек мүгі) пен шымтезек мүгі.
1. Мүктәрізділердің морфологиясы, кездесуі және маңызы
Мүктәріздестер - аласа болып өсетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. Мүктердің биіктігі бір миллиметрден 70 сантиметрге дейін жетелі. Денесі жапырақ пен сабаққа бөлінбейтін, тақташа тәрізді қарапайым құрылысты мүктер де бар. Бірқатар мүктердің өсімді мүшесі тармақталып, жерге төселт өседі. Басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Оларда тамыр болмайды. Тамырдың қызметін ризоидтары (грекше «риза» - тамыр, «эйдос» - түрі) атқарады. «Ризоид» - бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді.
Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер. Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым, түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. «Ризоид» — бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi. Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.
Кездесуі.Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.
Мүктердiң маңызы. Мүктер фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық эаттар түзедi және ауаға оттегiн бөлiп шығарады. Олар құнарсыз топырақтарда алғашқы өсiмдiктердiң бiрi болып өседi және топырақ түзу процесiне қатысады.
Мүктер ұя салып балапан шығаратын құстардың қорегi және өз жауларынан тығылатын орны болып табылады.
Мүктер басқа өсiмдiктер секiлдi қурап микроорганизмдердiң көмегiмен шiридi. Нәтижесiнде құнарлылығы жоғары шымтезектi топырақ түзiледi. Мұндай топырақтарға жаңадан өсiмдiктер өседi. Шымтезектi шымтезек батпақтарынан өндiрiп, отын ретiнде кеңiнен пайдаланады. Шымтезектен спирт, карбол қышқылы және шайыр сияқты шикi заттар алынады.
Мүктер – тұщы су қоры болып табылады.Батпақты жерлерде судың жиналуы мүктерге тiкелей байланысты.
2.МҮК ТӘРІЗДІЛЕР бөлімі – ВКҮОРНҮТА
Бұл бөлімге өмір сүруі ылғалы жеткілікті, көп жағдайда тіпті аса ылғалды ортамен байланысты болып келетін жоғары сатыдағы өсімдіктер жатады. Аздаған мүк тәрізділер ылғалы жеткіліксіз облыстарда өмір сүреді. Мысал ретінде оған жасыл мүк туысының Tortula desertorum және басқада түрлерін, Riccia-ның көптеген түрлерін алуға болады. Бұл мүктер жылдың құрғақ мезгілінде тыныштық күйде болады да, ылғал түсісімен өсуін жалғастырады.
Мүк тәрізділердің карапайым түрлері сабаққа және жапыраққа бөлінбейді, олардың вегетативтік денесі талломнан немесе слоевищеден тұрады. Жақсы жетілген мүк тәрізділер нағыз жапырақты сабақты өсімдіктер болып келеді. Барлық мүк тәрізділердің тамырлары болмайды.
Өсімдіктің субстратқа бекінуін және топырақтан ылғалды кабыддау қызметін ризоидтары атқарады. Ризоид дегеніміз сыртқы клеткаларда болатын өсінділер.
Өткізгіш системасы шоқ түрінде болмайды, тек кейбір өкілдерінде (жапырақты сабакты мүктердің ішінде Роlуtrісһасеaе тұқымдасында) трахеидтер мен сүзгілі түтіктерге ұқсас өткізгіш элементтері пайда болады. Олар басқа жоғары сатыдағы өсімдіктердің орталық цилиндрінің құрылысына ұқсас жобада пайда болады.
Мүк тәрізділерді басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерден ерекше бөліп тұратын негізгі бір белгі, ол бұлардың даму циклінде гаметофитінің (жыныстық ұрпақтың) басым болуы және спорофитінің (жыныссыз ұрпақтың) біршама нашар жетілуі. Сонымен бірге спорофитінің тіршілігі барлық уақытта гаметофитпен байланысты.
Спорофит мүк тәрізділерде спорогон деп аталады. Ол ішінде спорасы, төменгі жағында сағағы (тірсегі) бар қорапшадан тұрады. Сағақтың (тірсектің) төменгі жағы емшек тәрізді жуандап келген, оны гаусторий деп атайды.
Осы гаусторий арқылы спорогон гаметофиттің денесіне еніп, одан өзіне қажетті қоректік заттарды алады.
Мүк тәрізділердің спораларынан протонема (алғашқы жіпше, өскінше) дамиды. Ол балдырға ұқсас жіп немесе табақша (пластинка) пішінді денешік. Протонеманың сырт карағанда толық жетіліп қалыптасқан өсімдіктен айқын айырмасы болады. Кейде ол аса үлкен болып жетіледі. Протонема тікелей мүк өсімдігіне айналады, не болмаса бүршіктер тұзеді. Осы бүршіктерден келешегінде нағыз мүк өсімдігі пайда болады.
Толық жетілген өсімдікте антеридийлері мен архегонийлері пайда болады (көп жағдайда әртүрлі особьтарда).
Антеридийлерде екі талшығы бар сперматозоидтар жетіледі. Ұрықтанғаннан кейін зиготадан спорогон жетіледі,
Вrуорһуtа өте ертеде пайда болған өсімдіктердің тобы. Мүк тәрізділердің казба түріндегі қалдықтары таскөмір дәуірінен белгілі. Алайда олар күмәнсіз ұзақ эволюциялық жолдан өткен, толық қалыптасқан есімдіктер. Соңдықтан мүк терізділердің пайда болған уақытын әлде қайда кейінге - девон немесе силури дәуірлеріне шегерген жөн.
Кейбір риниофиттердің (Нorneophyton - ның) мүк тәрізділерге ұқсас белгілерінің бар екендігі белгілі (спорангийлері сфангумның қорапшасының құрылысына ұқсас). Бұл дегеніміз мүк тәрізділер мен бізге белгілі риниофиттердің ертеректе туыстық жақындықтарының болғандығын және олардың арғы тегінің бір екендігін көрсетеді. Ал риниофиттердің қалған жоғары сатыдағы өсімдіктердің алғашқы бастамасы болып келетіндігі белгілі. Мүк тәрізділер мен риниофиттер жер бетіндегі өсімдіктердің ең қарапайым түрлерінен пайда болған. Шамасы ол өсімдіктердің гаметофиттері мен спорофиттері бірдей дамыған болса керек. Одан әрі дамудың барысында Вrуорһуtа - ның гаметофиті негізінен жақсы жетіліп, ал калған жоғары сатыдағы өсімдіктерде керісінше спорофиті прогрессивтік бағытта дамып, гаметофиттері редукцияға ұшыраған. Сонымен Вrуорһуtа эволюцияның дараланған жеке бір бұтағы болып есептелінеді.
Классификациясы. Вrуорһуtа бөлімі 3 класқа бөлінеді: бауыр мүктері класы (Нepaticopsida), антоцероттар класы (Аnthocerotopsida) және жапырақты сабақты мүктер класы (Bryopsida). Айта кеткен жөн бірқатар бриологтар антоцероттарды бауыр мүктеріне жатқызып, оларды осы кластың бір тармағы немесе қатары ретінде қарастырады.
Мүк тәрізділерді инвентаризациялау әлі күнге дейін аяқталмаған, әсіресе бриологтар тропикалық және оңтүстік жарты шар аймақтарын нашар зерттеген. Дүние жүзі бойынша шамамен 22000-нан 27000-ға дейін мүк тәрізділердің түрлері кездеседі. Олардың 8500 дейін бауыр мүктері (280 туыс), 14500-ге дейін {кейбір авторлардың мәліметтері бойынша 18000-дейін) жапырақты-сабақты мүктер (700-ден аса туыс) және 300-дей түрін (3 немесе 6 туыс) антоцероттар түзеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде түрлерінің саны жағынан мүк тәрізділер гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орынды алады.
