Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
a88e579e-be8f-11e4-bd4b-f6d299da70eeтоменги сат...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
188.14 Кб
Скачать

2.Клетка құрылысы мен көбеюі

Клетка қабықшасы тығыз, ішкі қабаты целюлозадан, оның сырт жағын каллоза деп аталатын суда ерімейтін полисахарид қаптап жатады. Ол глюкоза молекулаларының қалдығынан құралған. Целлюлозадан айырмашылығы

. Хлорелла тек суда ғана кездеспейдi. Жаңбыр жауғаннан соң, немесе тұман түскен кезде ағаштардың дiңiнiң жасыл түспен тұтылғанын байқауға болады. Осындай құбылысты ылғал топырақ бетiнен де көруге болады.

Хлореллада фотосинтез аса қарқынды жүредi. Сондықтан ол көп мөлшерде оттегiн бөлiп, мол органикалық зат бередi. Көбеюi тек қана жыныссыз жолмен жүредi. Күн сәулесi түсiп тұрған суда қарқынды көбейедi. Жасушасы 4,8,16-бөлiкке бөлiнiп кiшкене шарлар –споралар пайда болады. Осы споралар аналық жасушы қабықшасын жарып шығып суда жүзiп өзбеттерiнше тiршiлiк етедi. Бұл жасыл шарлар суда ерiген минералдық заттар мен көмiр қышқыл газын сiңiрiп өз хроматофорларында органикалық заттар тұзедi.

Өзiнiң аса кiшi көлемiне қарамастан хлорелла қазiргi ғалымдардың , оның iшiнде тек ботаниктердi ғана емес ғарыш кемесi конструкторларын , ғарышкерлердiң көңiлiн аударуда.

Екiншi ғарыш кораблiнiң iшiнде басқа да өсiмдiктер мен жануарлар арасында осы хлорелла да болған. Планета аралық саяхат кезiнде ғарышкерлер кабинасында үнемi оттегi мөлшерi тұрақты болып, жаңа дайындалған тағам қажет. Ғарышкерлер кабинасында кiшкене бiр тұйық әлемдегiдей зат айналымы жүрiп тұруы керек.

Жаңа азық-түлiк алуға шикiзат ретiнде де хлорелла ғалымдарды қызықтырады (мысалы Орта Азияда хлорелланы мал азығына қосады). Өсiмдiк өнiмдерiн алу үшiн теңiздер мен мұхиттарды пайдалану көзделiп отыр, ал олар бiздiң планетамыздың 2/3 бетiн алып жатыр. Хлорелла және де басқа микроскоптық балдырлар мен жануарлар 100 м тереңдiкке дейiнгi су қабатын алып жатыр. Оны планктон деп атайды

Көп жасушалы жасыл балдырлар

Бiр жасушалыдан басқа суда көп жасушалы балдырлар да көп. Осы балдырлар iшiнде ұйысқан тұтас жiп тәрiздi балдыр улотрикс бар.

Улотрикс ағыны қатты сулардың беткi қабатында кездеседi. Оның өсiндiсi тұтасқан шым тәрiздi болады. Олар сумен тербелiп жиектерде , жарларда және су астындағы тастарда бекiнедi. Улотрикстiң жақсы тiршiлiк етуi үшiн үнемi ауа ағыны қажет , сондықтан балдыр жағаға жақын өседi.

Улотрикс қысқа цилиндр тәрiздi жасушалардан тұрады. Ол жасушалар бiр қатарда тiзiлiп орналасып жiпше түзедi.

Талломның барлық жасушалары бiрдей құрылысты. Ризоиды түссiз ұзын болып созылған жасуша. Су түбiндегi тасқа осы ризоидтарымен бекiнедi.

Жасуша қабықшасы целлюлозадан тұрады. Улотрикстiң ересек жасушаларында ядросы, хроматоффорасы бар цитоплазма жасуша қабырғаларына қарай орналасқан. Жасушасында хроматофоры бiреу.

Аса көп таралған көп жасушалы балдырлардың бiрi – спирогира (Spirogyra). Кез келген тоғанда, немесе өзек тоқтауларында кездесетiн жасыл үстi қолға ұстағанда тайғақ тәрiздi болатын салындыны кездестiруге болады. Осындай салындының көпшiлiгi спирогира жiпшелерiнiң жиынтығы, олар суда еркiн жүзiп жүредi. Жiпшелерi шырышты қапшықпен жабылған.

Спирогира – жiп тәрiздi көп жасушалы балдыр. Жiпшесiндегi жасушалары бiр қатарға орналасқан. Көпшiлiк жасушалары бөлiнедi, соның арқасында жасушалар саны артады. Спирогира жасушалары (клетчатка) жасунықты қабықшамен қапталған. Цитоплазмасы жасуша қабықшасына ығыстырылған жасуша ортасында ядрошығы бар iрi ядро орналасқан. Жасуша iшi үлкен бiр вакуольмен толы. Бiр немесе бiрнеше таспа тәрiздi хроматофоры жасыл түстi болып келедi.

Тұщы суларда кездесетiн көпшiлiк балдырлардың бiрi кладофора (Cladophora) Кладофора теңiздерде де жиi кездеседi. Спирогира сияқты кладофора да жiп тәрiздi балдыр, бiрақ оның құрылымы күрделi болып келедi. Көпшiлiк жағдайда кладофора жiпшелерi тармақталып су түбiне бекiнiп тұрады, әсiресе жас өсiмдiктерi. Үлкейген өсiмдiктер суда жүзiп жүредi.

Хроматофорлары iрi тор тәрiздi болып келедi. Осы балдырдың бiр қызықты ерекшелiгi әрбiр жасушасы көп ядролы. Бұндай ерекшелiк жоғары сатыдағы өсiмдiктерде ешқашан болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]