- •Қазақстан Респбликасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік Университеті
- •Тақырыбы: Хара балдырлары
- •1. Хара балдырлар
- •2.Клетка құрылысы мен көбеюі
- •Көп жасушалы жасыл балдырлар
- •3.Жасыл балдырлардың класы.
- •Қазақстан Респбликасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік Университеті
- •Тақырыбы: Мүктәрізділер
- •1. Мүктәрізділердің морфологиясы, кездесуі және маңызы
- •Бауыр мүктері класы
- •Антоцероттар класы (антоцеротовые) - anthocerotopsida
- •Жапырақты мүктер класы
- •3.Мүктердiң түрлері
- •Шымтезек мүгi (сфагнум — Sphagnum)
3.Жасыл балдырлардың класы.
Вольвоксты –VOLVOCALES балдырлар қатары. Бұл қатарға вегетативтік уақытында қозғалғыш келетін бір жасушалы, ценобиальды-монада құрылысты организмдер жатады. Хламидомонада туысы бір жасушалы дөңгелек, сопақ, ұршық т.б. пішінді, монада құрылысты организм. Вольвокс туысы шар пішінді, диаметрі 2 мм-ге дейін жететін ценобиальды балдыр. Ценобиаль құрайтын жасушалар шардың сыртқы бетіне орналасады да бір-бірімен протоплазмалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Ал шар, сыртынан тор сияқты болады. Мұндағы жасушалар саны 500-ден 60000-ға дейін барады. Вольвоксты құрайтын жасушалар құрылысы жағынан хламидомонадаға ұқсас, олардың әрқайсысының хлоропластасы, цитоплазмасы, ядросы, көзшесі және екі талшығы болады. Осы талшықтардың бір бағытқа қарай қозғалуына байланысты бір орнынан екінші орынға қозғалып отырады. Вольвокс жасушалары біркелкі болмай ірілі-ұсақты болып келеді. Ұсақ жасушалар бөлінуге қабілетсіз. Олар көмір қышқыл газынан жарықта көміртегін ассимиляциялайды, сөйтіп фотосинтез қызметін атқарады. Ал ірі жасушалар көбеюге қабілетті. Ондай ірі жасушалардың саны оншақты, оларды партеногонидиялық жасушалардың бойлай бөлінуі арқылы жаңа жасушалар түзіледі, бұлардан дамыған пластинка табақ сияқты сыртқа қарай дөңгеленіп иіледі. Бұл кезде денесінің алдыңғы жағы иілген пластинканың ішіне қарап жатады, кейіннен алдыңғы жағы арқылы сыртқа қарап айналып түседі де пластинка шеттері арқылы түйісіп, іші қуыс шарға айналады. Кейінгілердің жасушалары аналық шардың жасушаларына ұқсас және әрбір жасуша екіден өзіне талшық түзетін болады. Мұндай жас шарлар бірнешеу болып, аналық шардың орта қуысына түсіп қозғалады. Олардың ұлғаюынан аналық шардың қабырғасы жыртылады да жас шарлар сыртқа шығып, өз беттерімен тіршілік ете бастайды. Жынысты көбеюі оогамиялы.
Протококкты балдырлар класы- Рrоtососсорhусеае Протококкты балдырлар класына негізінен бір жасушалы, сиректеу колониялы организмдер жатады. Тек қарапайым жіп тәрізді және пластинкалы формалары ғана көп жасушалы болып келеді. Бір жасушалы жасыл балдырлардың ішінде кең тарағандарының бірі хлорелла (Chlorella). Ол тұщы суларда және топырақта көптеп кездеседі. Хлорелланың жасушалары ұсақ, шар тәрізді, тек микроскоппен қарағанда ғана жақсы көрінеді. Хлорелланың жасушасының сыртын жылтыр қабықша қаптап тұрады, оның астында цитоплазмасымен ядросы орналасады, ал цитоплазмасында - жасыл хроматофорасы болады. Хлорелла қозғалмайтын автоспоралары арқылы өте тез көбейеді және өзін қоршаған ортадан органикалық заттарды белсенді түрде сорып алады. Хлорелла жыныстық жолмен көбеймейді. Сондықтанда оны лас суларды биологиялық жолмен тазартуға жиі пайдаланады.
Қорытынды
Қорыта келе, Жасыл балдырлар-төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Табиғатта кең тараған. Негізінен тұщы сулардымекендейді.
Тұзды және теңіз суларында, топырақта тіршілік ететін түрлері де кездеседі. . Жасыл балдырлар морфологиялық, анатомиялық құрылымдары және физиологиялық, биохимиялық процесстері жағынан жоғары сатыдағы өсімдіктермен салыстырғанда анағұрлым қарапаым. Жасыл балдырлардың группасы эволюциялық даму жағынан бір-бірінен алшақ тұрғанмен,метаболизм жолдары жағынан біркелкі. Балдырлар бірнеше бөлімдерге және кластарға бөлінеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2000
Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972
Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. –Москва, 1975
Курсенов Л7И7 и др7 Ботаника в 2-х Т., М., 1951
