
- •Қазақстан Респбликасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік Университеті
- •Тақырыбы: Хара балдырлары
- •1. Хара балдырлар
- •2.Клетка құрылысы мен көбеюі
- •Көп жасушалы жасыл балдырлар
- •3.Жасыл балдырлардың класы.
- •Қазақстан Респбликасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік Университеті
- •Тақырыбы: Мүктәрізділер
- •1. Мүктәрізділердің морфологиясы, кездесуі және маңызы
- •Бауыр мүктері класы
- •Антоцероттар класы (антоцеротовые) - anthocerotopsida
- •Жапырақты мүктер класы
- •3.Мүктердiң түрлері
- •Шымтезек мүгi (сфагнум — Sphagnum)
Қазақстан Респбликасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Хара балдырлары
Орындаған: Жумабекова А.С
Топ: БЛ-309
Тексерген: Исмагулова А.Б
Семей 2015ж
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Хара балдырлар
2. Клетка құрылы мен көбеюі
3. Харалар класы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Балдырлар (Algae) — жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады. Балдырлардың 20 000-нан астам түрі бар. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді:
Балдырлар – төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді. Жасушасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әртүрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады.
1. Хара балдырлар
Харалар
–
күрделі харафитті құрылымды, жоғары
сатыда дамыған жасыл түсті, тік өсетін
, биіктігі 20-30, кейде 50-100 см жететін
балдыр. Басқа балдырлардан айырмашылығы
архегониялы өсімдіктер сияқты көп
клеткалы аналық жыныс органдары оогонидің
болуында. Сонымен бірге , денесі жоғарғы
сатыдағы өсімдіктер сияқты сабаққа
шоғырланып орналасқан белгілі бір
мөлшерге дейін ғана өсе алатын «жапырақ»
және «тамыр» сияқты түссіз көп клеткалы
ризоидтардан тұрады. Тік тұратын «сабағы»
қырықбуын және буын аралықтарына
бөлінген. Бірақ бұл тек олардың сыртқы
көрінісі, жалпы харалар көп клеткалы
қабатты, аса күрделі кұрылымды өсімдік.
Сабақ жоғары ұшынан үздіксіз ұзарып
өсе алады, ал буындағы «жапырақтары»
белгілі мөлшерге дейін ғана өседі. Буын
ралыұтары ірі, ұзындығы бірнеше
сантиметрге дейін жететін цилиндр
пішінді , көп ядролы, бөлінуге қабілеті
жоқ клеткалардан тұрады. Ондай клеткалар
кейбір түрлерінде қабықтармен қапталған.
Қабықтар базалді клеткалардан құралады.
Буындары қысқа дөңгелектеніп шоғырланған
бірнеше уақ бір ядролы клеткалардан
тұрады. Ол клеткалардың бөлінуі арқылы
жаңа бүйірлік бұтақшалармен шоғырланған
«жапырақтар» түзілуі. Негізгі сабақтың
жоғарғы ұшы өсу нүктесіндегі төбе
клеткасымен бітеді. Хара балдырларының
даму уақытында, барлық клеткалары бір
ядролы болады, клетка көбею уакытында
ядролы митотикалық жолмен бөлінеді,
хромосома сандар, оның көлемдерімен
мөлшерлері әр түрлерінде әрқилы болады.
Клеткалар атқаратын қызметіне,
орналасатын жеріне қарай жіктеле , көп
ядролы клетка түзіледі жіне ядроның
пішіні сопақтау немесе ұзынша пішінді
болып келеді. Хара балдырының қабатының
күрделігі негізгі сабақтың жоғарғы өсу
клеткасының бөліну уақытында
дифференциялануында. Жоғарғы сабақтың
ұшындағы өсу клеткасы күмбез пішінді.
Өсімдіктің вегетативтік уақытындағы
күмбез клетка үздіксіз көлденең екі
клеткаға бөлініп отырады. Оның жоғарғы
клеткасы күмбезденіп келсе, төменгісі
цилиндр пішінді келеді. Әрі қарай
бөлінуден бірінен кейін бірі келетін
төрт клетка түзіледі. Бұл төрт клетка
қабатының дифферециялануына және қызмет
етеді. Алғашқы цилиндр пішінді клетка
екі жағы ойыс жоғары және екі өсуіне
қызмет етеді. Жоғарғы клетка бөлініп
көп клеткалы буынның қалыптасуына
қызмет етеді. Төменгі клетка ұзарып
өседі де , буын аралығын құрайды. Буын
аралығындағы клетка бойлай бөлінеді.
Бірнеше бойлай бөлінудің нәтижесінде
буынның ортаңғы бөлігінде екі, ал шет
жағына қалай бірнеше клетка пайда
болады. Әрі қарай ортаңғы клетка
бөлінбейді, ал шеткі клеткалар бірнеше
бөлініп, жапырақтың және бүйірлік
бұтақшаның бастамасын береді. Әрбір
шеткі сабақтың буын клеткасынан бірден
«жапырақ» түзіледі.
Бүйірлік өсіндінің клеткасы алғашқы уақытта жоғары өсу клеткасының қызметін атқарады. Бірақ одан айырмашылығы белгілі бір мөлшерге дуйін сегменттерге бөлшектенеді. Бұл сегменттер ұлғайып, бөлшекке мүшеленген жапыраққа айналады. Ол жапырақтар бөлінбейтін ұзын клеткалармен кезектесіп келіп отыратын буындардағы уақ бөлінетін клеткадан тұрады.
Әр түрдің бөбешік жапырағының құрылысы әртүрлі. Харафиттердің буын аралықтарын және көпшілігінің жапырақтарын қабық деп аталатын арнаулы клеткалар қаптап жатады. Сабақтың қабығы хара балдырында жақсы жетілген. Ол сәл көлбей жолақтасып, параллель орналасқан ұзын клеткалардан тұрады. Хара балдырлары тармақталған ризоидтары арқылы төсемікке бекініп жатады.