Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дых.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242.69 Кб
Скачать

2.Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілер.

1.Аналептиктер (жан сақтағыштар).

Бұлар жалпы орталық жүйке жүйесін қоздыратын және тікелей тыныс алу жүйесі мен қан-тамыр айдау орталығына (сопақша мида) жедел әсер тигізетін дәрілер. Бұларға кордиамин (Cordiaminum), камфорлық май (Camphora oleosae) және т.б. тыныс жүйесіне әсер ететін дәрілер (бемегрид, кофеин және т.б.) жатады.

Бұлар, көбінесе наркоздық, ұйықтататын дәрілермен және этил спиртімен уланғанда, тыныс алу бұзылуы, жүрек-тамыр жетіспеушілігі кезінде қолданады.

Кордиамин (Никетамид және т.б.) тікелей тамыр орталығына, содан кейін тыныс орталығына әсерін тигізеді. Тыныс орталығы каротидті синустың (тыныс артерияларының аймағындағы жүйке торшалық рецепторлары) хеморецепторларын (сол тамырлардың ішіндегі рецепторлар) қоздырады. Мөлшері тым асып кетсе улық әсері көрініп, клоникалық тырысулар (бүкіл дененің тырысу) пайда болады, сондықтан тағайындау кезінде сақ болу керек.

Кордиаминнің 25% ерітіндісі 1 және 2 мл ампуласы тек жедел көмек үшін коллапс (күш кету), асфиксия (тұншығу), шок (естен тану) және осындай өлім халіндегі жағдайда тері астына немесе бұлшық етке егуге, ал күрделі жағдайда көк немесе күре тамырға күніне 1-2 реттен егу үшін қолданылады. 15 және 30 мл флакондағы кордиамин ерітіндісін тамшы ретінде әлсіреп күші кетіп жатқанда: операциядан және уланғаннан (ересекті, барбитуратты және т.б. улы заттар) кейінгі кезде, 15-тен 40 тамшыға дейін күніне 2-3 реттен береді. Қояншық және тырысқақпен сырқат науқастарға мұқият тағайындау керек немесе мүлдем қолданбаған жөн.

Rp.: Sol. Cordiamini 25%-2 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. 1 мл тері астына.

#

Камфора (Камфор) және әртүрлі дайындық дәрілері (Камфора майы 20% егуге; Камфора майы сыртқа жағуға; Камфор спирті ысуға және сүртуге арналған; Камфоцин – қоспалы дәрі (камфора, салицил қышқылы, кастор майы, скипидар, бұрыш және т.б.). Камфора жүрек пен тыныс орталығын, шеткі жүйке жүйе рецепторларын қоздырып отырады, бірақ созылмалы жүрек-тамыр және тыныс жетіспеушілігіне, олардың созылмалы қабыну аурулары кезінде қолданылмайды. Миалгия, артрит, ревматизм аурулары кезінде жергілікті жағуға пайдаланады.

Rp.: Sol. Camphorae oleosae 20%-2 ml

D.t.d. № 10 in aml.

S. 2 мл бұлшық етке егу ретінде .

#

Бемегрид (Глютамизол және т.б.) тікелей орталық миды, көбінесе ұйқы орталығын қоздырады, сондықтан бұл дәрі наркоздық, ересекті және ұйықтататын дәрілермен (барбитураттар) және т.б. улармен (орталық жүйкені тежейтін) уланғанда жақсы әсерін тигізеді. Бұның 10 мл ампуладағы 0,5% ерітіндісін қан тамырға баяу енгізу керек. Психомоторлық қозу немесе құсу басталса қолдануға болмайды. Бемегридті енгізу өте қажет болған жағдайда тыныс жолдарын, алдын ала асқазанды жуып тазалаған жөн.

Кофеин - натрий бензоаты - ең көп қолданатын және психиканы жақсы қоздыратын дәрі. Мөлшері: 0,1; 0,2 және 0,075 г-нан ұнтақ және түймедақ түрінде; 10% ерітіндісі 1 мл және 20% ерітіндісі 2 мл ампулада шығарылады.

Кофеинді психиканы және денені қоздыру, орталық жүйке жүйесін қуаттау үшін, жүрек жеткіліксіздігінде, коллапс, гипотония, наркотикалық және ұйқы келтіретін дәрілермен уланғанда, бас айналып, ауырғанда қолданады. Мөлшері көп асып кетсе ұйқы қашу, жүрек соғу және айну, тынышсыздану, жүрек аритмиясы, қозулық байқалады.

Rp.: Sol. Coffeini natrii benzoates 10% - 1 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. 1-2 мл ден тері астына.

#

2. Тыныс алу жүйесін қуаттаушы дәрілер.

Тыныс алу жүйесін қуаттаушылар үш топқа бөлінеді:

1. Тікелей тыныс алу жүйенің орталығының белсенділігін арттыратын дәрілер: бемегрид, кофеин, этимизол (Aethimizolum).

2. Тыныс алуды рефлекторлы түрде қуаттаушы дәрілер: цититон, лобелин.

3. Аралас түрде қуаттаушы дәрілер: кордиамин, көмір қышқылы (карбоген), камфора.

Бұл топқа жататын дәрілер мидың қыртыс асты туындыларының және сопақша ми орталығының белсенділігін арттырады. Бірақ қыртыс миды басып отырады. Оларды тек тыныс алуды қуаттап отыруға ғана емес, сонымен бірге бұлар психиатрияда тыныштандыру үшін де қолданылады.

Этимизол - 0,1 г түймедақ түрінде және ампуласы 1 % ерітіндісі - 3 мл; 1,5% ерітіндісі - 5 мл егуге пайданылады. Наркотиктермен және анальгетиктермен уланғанда, содан соң нәрестенің асфиксиясында тыныс орталығын қоздыру үшін қолданылады. Адренокортикотроптық гормон арқылы қабынуға қарсы әсері болғандықтан артриттер, бронхылық демікпеде, өкпе ателектазында және аллергиялық ауруларында пайданылады.

Біраз қолданғаннан кейін жанама әсерлері де байқалады: құсу, диспепсиялық көрініс, бас айналу, ұйқының бұзылуы және т.б. өзгерістер пайда болады.

Этимизолды қолдануға болмайды: қимыл және психикалық белсенділігі жоғары ауруларда, ұйқы қашқанда, артериялық гипертензияда, жүрек-тамыр жүйесінің органикалық ауруларында.

Rp.: Sol. Aethimizoli 1,5% - 5ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. 3-5 мл тері астына егу.

#

Бемегрид пен кофеин алдыңғы тақырыпта талданды. Бұлар бірінші топтағы дәрілер анальгетиктермен және ұйықтататын (барбитураттар) дәрілермен уланғанда қолданылады.

Рефлекторлы түрде қуаттаушы дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер синокаротидтік аймағының Н-холинорецепторларын қоздырып, ол жерден афференттік импульстер сопақша миға келіп, тыныс алу орталығы белсенділігінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Оның әсері қысқа бірнеше минут қана. Цититон мен лобелинді морфинмен, барбитураттармен, көмір қышқыл газымен уланғанда, жарақаттанғанда, операцияларда, шокта, коллапста қолданады. Бұларды Н-холиномиметик тақырыбында анықтадық (бұл дәрілер холинергиялық тақырыпта берілген).

Аралас түрде қуаттаушы дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер каротидтік түйіршіктік хеморецепторына әсер етеді. Медициналық тәжірибеде қолданатын 5-7 % көмір қышқылы және 93-95% оттегі екеуінің қосындысын карбоген деп атайды. Бұны ингаляция дем алдыру арқылы береді. Бұл кезде тыныс алу орталығында көмір қышқылының жиналуынан тыныс алуды қоздырады.

Кордиамин алдыңғы тақырыптарда берілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]