- •2. Антиаллергиялых дәрілер:
- •Толық жасушаның дегрануляциясына кедергі келтіретін дәрілер.
- •2.Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілер.
- •3.Жөтелге қарсы дәрілер.
- •4. Қақырықты шығаратын дәрілер.
- •5. Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
- •Средства, влияющие на дыхательную систему.
- •1. Средства, применяемые при бронхиальной астме.
Толық жасушаның дегрануляциясына кедергі келтіретін дәрілер.
Кромоглициелық қышқылы (Интал, Кромолин), Недокромил (тайлед, тиларин), Кетотифен (Задитен)
Кромогликат натрийі (интал, кромолин) аллергияға қарсы және мембрананы тұрақтандыратын зат. Клеткалардың мембранасын тұрақтандырады, кальций иондарының кіруін тежейді, дегрануляцияны және одан гистаминнің, брадикининің, лейкотриеннің босатылуын және басқа да биологиялық заттар. Рецепторларды бөгелтеді, қабыну медиаторларын ерекшелеу қасиеті бар.
Қолдану. Бронх демікпесі, бронх демікпесінің ұстамасы, бронх демікпесінің атониялық түрінде, инфекциялық аллергия ауруларында, астмалық бронхитте, пневмосклероз ентігу ұстамасымен, әсіресе аллергиялық құрамдас (компонент), аллергиялық ренит пен конъюктивитта. Ингаляциялық аэрозоль (5-10 мг) 4-8 рет тәулігіне, мұрынға 1 тамшыдан 3-4 рет тәулігіне, ішке 100-200 мг (капсулада 100 мг) күніне 4 рет.
Кері көрсеткіштері. Гиперсезімталдық, екіқабат әйелге, бала емізуінде, балаларға 2 жасқа дейін, бауыр және бүйректері ауыратын науқастарға байқап қолдану керек.
Жанама әсері. Кейде жөтел және қысқа уақыттық бронхоспазм пайда болуы мүмкін.
Шығарылу түрі. Мөлшерлі аэрозоль боллонда 10 мл (5 мг/доза – 112 доз) және 15 мл (1 мг/доза – 200 доз); 2% көз тамшы 5, 10 мл флаконда; 2% спрей ерітідісі 15, 26 және 28 мл (2, 2,6 и 2,8 мг/доза) флаконда интраназалдық егуге.
Rp.: Sodium cromoglycate 0,02
D.t.d N. 6 in caps.
S. 1 капсулдан бүркуге тәулігіне 4-8 рет.
#
Недокромил (тиларин) астмаға қарсы зат. Әр түрлі клеткалардың (эозонофилдар, нейтрофилдер, макрофактар, моноциттер және тромбоциттер) босатуын бөгелтеді. Ингаляциядан кейін кешкі астмалық реакцияларын тежейді. Өкпедегі афферентті нервтерге әсерін тигізеді.
Қолдану. Бронхо обструктивті (даурығу) синдром: әр түрлі генездегі бронх демікпесі, бронхоспастикалық реакциялар, созылмалы обструктивті бранхит. Үлкен адамдарға және кіші балаларға 12 жастан жоғары бастапқы доза – 2 инголяция (4мл) тәулігіне 4 рет, керек жағдайда тәулігіне 6-8 рет, қосымша терапияға – 2 ингаляциядан тәлігіне 2 рет.
Кері көрсеткіштері. Гиперсезімталдық, кішкентай жастарда 12 жасқа дейін. Екіқабат әйелдерге (І триместр) және бала емізуінде.
Жанама әсері. Жөтел, тыныс алу жетіспеушілігі, бронхспазмы, бас ауыру, бас айналуы, құсу, жүрек айну, диспепсия және т.б.
Шығарылу түрі. Аэрозоль баллонда (2 мг/доза – 56, 82 и 112 доз); 1% спрей 15 және 30 мл флаконда интраназалды егуге; 2% көз тамшы 5 и 10 мл флаконда.
Rp.: Sol. Nedocormili 2% - 5 ml
D.S. 1–2 тамшы тәулігіне 5–8 рет.
#
Кетотифен (задитен) Н1-гистамин бөгелту белсенді қасиеті бар, гистамин шығуын тежейді, лейкотриендерді базофильдерді және нейторофильдерді, тыныс алу жүйесінде эозинофильдің жиналуын төмендетеді және гистоминге реакциясы бар кезінде бастау және кешкі демікпені басады. Брохоспазмды алдын алуын ескертеді, бронходилатация әсері жоқ. АТФ-ті тежейді, нәтижесінде цАМФ клеткалары майлы тәндерде көбейеді.
Қолдану. Аллергиялық аурулардың алдын алу: атропиялық бронх демікпесі, аллергиялық бронхит лихорадка, аллергиялық дерматит, қышыма, аллергиялық конъюктивит. Ішке тамақпен бірге, үлкендерге 1мг 2 рет тәулігіне таңертен және кешкілік. Балаларға. 6айға дейін – сироп 0,05мг/кг, 6 айтан 3 жасқа дейін – 0,5 мг 2 рет тәулігіне, 3 жастан және жоғары – 1 мг 2 рет тәулігіне.
Кері көрсеткіштері. Гиперсезімталдық, екіқабат әйелдерге, бала емізуінде байқау керек. Эпилепсия, бауыр жетіспеушілік.
Жанама әсері. Ұйқышылдық, бас айналу, седативті эффект, әлсіздік, ауыз құрғауы, тәбетінің жоғарлауы, жүрек айну, құсу, гастролгия, дизурия, запор, дизурия, цистит, тромбоцитопения, дене массасының ұлғаюы, терідегі аллергиялық реакциялары.
Шығарылу түрі. Таблетка және капсула 1 мг; 0,02% сироп 100 және 200 мл флаконда ішуге.
