Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакология 1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.68 Кб
Скачать

Дәрілердің улылықәсерлері

Көптеген дәрі-дәрмектерге қолдану мөлшеріне қарай улылыққасиеттері болады, сондықтан көп дәрілер улы заттар тобына жатады. Бірақ, қазіргі кезде улы заттар өз алдына токсикология (токсикон – улы деген мағанада) ғылымы болып бөлінеді. Ол үш бағытқа қарай негізделген: теориялық, алдын алу үшін жүргізілетін шаралар (гигиеналық) және клиникалық.

Теориялық токсикология негізінен дене жүйесі мен удың арасында пайда болған қатынас заңдылықтарын және олардың токсикокинетикасы мен токсикодинамикасын қарастырады.

Гигиеналық токсикология - алдын алу үшін жүргізілетін шаралар бағыты. Оған адам баласын қоршаған ортада кездесетін химиялық заттардың улылықәсерініңқатерлі дәрежесі, соларға қарсы қолданылатын қорғану шаралары жатады. Бұл бағыттың экологиялық маңызы болғандықтан, ол келесі токсикологиялық бөлімдерден тұрады: өндірістік, үй-тұрмыстық, ауыл-шаруашылық, тағамдық және т.б.

Клиникалық токсикология – адам баласын коршаған ортадағы химиялыққосылыстардың, дәрі-дәрмектердің улылыққасиеттерініңәсерінен болған ауруларды зерттейтін медициналықғылым саласы. Ол келесі бөлімдерден тұрады:

1. Химиялыққосылыстардың улылық мөлшерінің бір рет әсер ету салдарынан болған жедел улану.

2. Улы заттардыңұзақ және бірнеше рет әсер ету салдарынан туған созылмалы улану.

3. Наркотикалық токсикология, оған кейбір наркотикалық заттарға ұқсас немесе солардың тобына жататын дәрілерді қолданғанда туатын аурулар.

4. Дәрілік токсикология. Дәрілік заттардың терапевтік индексінің кеңдігін, олардың жүйеге кері және қатерлі әсерлерін, сонымен қатар оның алдын алу және емдеу шараларын қарастырады.

Дәрі-дірмектердің улы әрекеттеріне байланысты 3 тізімге бөлінеді:

1-ші тізім өте улы заттар (Venena) – бұған барлық наркотикалық дәрілер және басқа да улы заттар (50 шақты улы дәрілер) кіреді. Бұларды өте мұқият қорғаныста, арнайы дабылды (жарықты және дыбысты) темір шкафтың ішінде сақтау керек.

2-ші тізім - улылығы жоғары (Нeroica) – 300-ден аса дәрілер жатады. Бұларды өте мұхият қолдану керек, мөлшері асып кетсе тез улануға әкеледі.

3-ші тізім - улылығы аз заттар (Waria) –қалған дәрілердің барлығы жатады. Бұл дәрілердің мөлшерін көбірек беріп қойса жалпы улануға әкелуі мүмкін. Сонымен улы емес дәрілер болмайды.

Дәрі-дәрмектердің жанама әсерінің көрінуі

Дәрілердің негізгі жанама әсерлері. Дәрілерді емдік, диагностикалық және алдын алу шаралары ретінде қолданғанда кездесетін денедегі өзгерістерді қатерлі және жанама өзгерістері деп атайды. Бұндай қатерлік өзгерістерді болжаулы және болжаусыз деп екі түрге бөледі:

А. Болжаулыөзгерістер:

1) фармакологиялықәсерлер; а/ қызметтік-метаболикалық;б/ улылық (қалыпты және қалыпсыз өзгеру);

2)аллергиялық жүрістер;

3) дәрілерге құмарлық:

4) дәрілік қалыптасу;

5) шаламалы-жақындас жанама өзгерістер.

Б. Болжаусызөзгерістер, дәрілерге қатынасы жоқ;

1) Ауру адамның ерекшелігі (жасы, жыныс айырмашылығы, генетикалық ерекшелігі, алларгияға бейімділігі, аурудың ерекшелігі, зиянды әдеттері) және сыртқы ортаның себептерімен байланысы.

2) Дәрі-дәрмектермен байланысты болуы (дәрілерді қолдану, фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жүрістердің ерекшелігі, дәрілердің енгізілу жолдары, дәрілердіңқарым-қатынастары).

Аллергиялықөзгерістердің 4 сатысы байқалады:

І-ші сатысы (тез гиперсезімталдық сатысы) дәрілерді денеге енгізгенде болады. Бұның бірінші түрі жаңадан иелену және екінші түрі мұралық – идиосинкразия деп аталады. Идиосинкразия – тұқым қуалаушылық бұзылыстар себебінен болған дененің дәріге жоғары сезімталдығы.

ІІ-ші сатысы (цитотоксикалық) кейбір дәрілерге және олардың метаболиттеріне дами бастайды, содан соң антигендік цитотоксиндер пайда болады.

ІІІ-ші сатысы (иммуножиынтық) токсикалық иммундық жүрістері арқылы көрінеді.

ІV-ші сатысының (баяу гиперсезімталдық) көрінісі иммунды жасуша буыны арқылы дәріні кезекті енгізгенде 1-2 тәуліктен соң және одан көп уақыттан кейін байқалады.

Биотрансформация (биологиялық өзгеріске айналу) – бұл заттың, соның ішінде дәрінің, ағзадағы химиялық бұзылысы (метаболизмі). Биотрансформация негізінен 1/ бауырда өтеді 2/ бүйректе, 3/ ішек қабырғасында, 4/ өкпеде, 5/ бұлшық етте және басқа ағзаларда да өтуі мүмкін.

Көптеген дәрілер екі кезеңдік өзгерістерге ұшырайды:

  1. Метаболизмдік трансформация (бұзылмалы өзгеріс деген мағынада) – а/ дәрілік заттың тотығу, б/ тотықсыздану немесе гидролиз арқылы басқа затқа айналуы.

Осы жүріс нәтижесінде көптеген дәрілердің белсенділігі төмендейді. Тек қана бірен-саран дәрілердің бастапқы түріне қарағанда белсенділігі жоғарылауы ықтимал.

2) Конъюгация (қосылыс деген мағынада) -биотрансформацияның екінші кезеңдегі дәрі немесе оның метаболиттері - глюкурон, күкірт, сірке қышқылдарымен және т.б. глютатиондармен қосылып эфирлер түзілуі. Көбінесе фармакологиялық белсенділігін жоғалтқан конъюгаттар пайда болады.

Дәрілердің денеден шығуы. Дәрілер, олардың метаболиттері мен конъюгациялары денеден бүйрек, бауыр, ішек, өкпе, сүт бездері және басқа сыртқы бездердің сөлдері арқылы шығады.

Дәрілердің тиісті әсерлері.

Бірінші әсері -жергілікті – дәрінің теріге немесе кілегейлі қабықшаға, қанға сіңбей тұрып, сол жерге тигізетін ықпалы.

Екінші әсерірезорбтивті - дәрінің қанға сіңуі, қан арқылы бүкіл денеге тиетін негізгі жалпы шипасы.

Үшінші әсері- рефлекторлық – жүйке жүйесінің шеткі рецепторларына тікелей тиетін әсері. Мысалы, М- және Н- холинорецепторлар, α- және β- адренорецепторлар.

Рецепторлар дегеніміз - макромолекулярлық заттардан тұратын шеткі жүйке жүйенің жауаптық тиісті белсенділік орталығы.

Дәрілерді бірнеше рет қайталап бергендегі көрсеткіштері.

1) Дәріні бірнеше рет бергенде әсері төмендеп, бара – бара жоғалып кетеді, оны дәріге бейімделу яғниүйреніп кетушілік. Ол дәрінің сіңуінің төмендеуімен, ыдырауының күшеюімен және денеден шығуының жоғарлауымен байланысты. Үйреніп кетушіліктің ерекше түрі – тахифилаксия. Ол тез қысқа уақытта дамиды.

2) Дәріні бірнеше рет бергенде адам құмарланып одан шыға алмай байланып қалады, оны тәуелділік /қүмарлық/ деп атайды. Мұның екі сатысы болады:

а) рухани құмарлық /эйфария/– эмоциялық ой-пікірден;

б) тән (дене) құмарлық /абстененция/.

3) Кумуляция – дегеніміз дәрілерді қайталап қолданғанда денеде жиналуы.Оны екі түрге бөледі:

а) материалдық - дәрінің өзі жиналады, яғни заттық жиналу деп атайды;

б) функциональдық - яғни дәрінің тиісті әсерінің жиналуы.

Күшті антибиотиктерді және басқа микробтарға қарсы дәрілерді ұзаққолданғанда дененіңқалыпты микрофлорасы өзгеріп, дисбактериоз дамиды. Кейбір дәрілермен ұзақ емделгеннен соң, оларды тоқтатқанда қабылдау синдромы байқалады. Ол негізі ауру белгілерінің күшеюімен сипатталынады.

Дәрілердің бір-бірімен әрекеттесуі.

1) Фармакологиялық қатынасы – бірнеше дәрілерді емдік ретінде пайдаланғандағы денедегі өзгерістер.

2) фармакокинетикалық – дәрілерді енгізгеннен кейінгі жүріс жолдарындағы өзгерістері:а/ сіңірілу; б/ таралу; в/ шығу кезіндегі.

3) фармакодинамикалық - дәрілердің денедегі әсер ету механизмдік әрекетіне сай өзгерістер.

4) химиялық – дәрілер бір-бірімен химиялық алмасуы, өзгеріске түсуі жәнефизикалық-химиялық – дәрілердің бір-бірімен физикалық (йондық күш арқылы тартысу) және физикалық-химиялық бірдей жүретін қатынастар арқылы өзгерістер.

5). Фармацевтикалық – дәрі – дәрмектер дайындау кезіндегі қатынастық (химиялық және физикалық-химиялық) өзгерістер болуы мүмкін. Дәрілерді дайындағанда бірнеше индифференттік (крахмал, қант, жабысқақ және т.б.) заттар қосылады.

Дәрі-дәрмектердің шикі заттан дайындалған топтары.

Шикі заттан дайындалғандәрілеркелесі топтарға бөлінеді:

1. Химиялық жасанды дәрілер – ең көп тобы ( прозерин, октадин және т.б.).

2. Өсімдік дәрілері - олар өсімдік заттардан алынған алкалоидтар болып табылады (строфантин К, атропин сулфат және т.б.).

3. Минеральдық дәрілер (кальций хлориді, магний гидроксиді және т.б.)

4. Микробтық дәрілер – антибиотиктер (тетрациклин, гентамицин және т.б.).

5. Жануарлардан алынған дәрілер-көбінесе гормондар (инсулин, окситоцин).

Дәрі-дәрмектердің фармакотерапиялық әсерлері.

Дәрі-дәрмектердің емдік бағытына қарай келесі терапиялық әсерлері болады:

1. Симптоматикалық ем – дерттік, зияндық уақытша көрсеткіштерге қарсы пайдаланылады. Мысалы, бас ауырғанда, қызу көтерілгенде қолданылатын дәрілер (пенталгин, баралгин, парацетамол және т.б.).

2. Этиологикалық ем – аурудың себеп болған жолдарын бөгеу үшін қолданылатын дәрілер. Мысалы, өкпе қабыну (пневмония) – пневмококкты бактериядан болғандықтан, тиісті антибиотиктер (пенициллин тобы) қолданылады.

3. Патогенетикалық ем – аурудың неден болған себебін білмей тұрып, сол дерттің даму жолын бөгейтін дәрілер. Мысалы, гипертензиялық ауру – оған қарсы қолданылатын дәрі - резерпин. Бұл синапстағы жиналып тұрған медиаторларды (норадреналин, серотонин) жуып кетеді, содан соң тамыр қысымы босай бастайды, нәтижесінде гипотензияға әкеледі.

4. Жетіспеушілік кезіндегі ем – денедегі мүшелердің өзіне тиісті қызметі төмендеуі кезінде оған сырттан толықтырады. Мысалы: ұйқы безінің инсулині жетіспейді, сол кезде инсулин сырттан қолданылады. Тағы бір мысалы, тиреоидин - қалқанша бездің гормоны жетіспейді, сырттан трийодтиронин гидрохлориді қолданылады.

5. Ынталандыратын ем – ішкі мүшелердің өз қызметі бөгеліп қалған кезде, оны қоздыру үшін белсендігін күшейтетін дәрілерді ендіру. Мысалы: окситоцин жатырдың жиырылу әрекетін күшейтеді. Т-активин иммунитетті көтеретін дәрі.

Жалпы рецептура.

Фармакологияға жақын пәндердің бірі - фармация.

Оның ішінде қосымша ғылым ретінде фармакогнозия, өсімдік дәрілердің түр-түрін дайындайтын,фармацевтикалық химия және рецептура (жазба) бөлімдері бар.

Дәрілерді дайындау үшін, оның ішіндегі заттардың тазалығын және белсенділігін бақылау үшін анықтамалық фармакопея заңды кітабы болады.

Фармакопея – дәріхана мамандарына арналған заңдық мінездемесі ретінде қолданылатын ресми кітапша. Осы фармакопея арқылы заңдылықты өзгертілмей дәрілер шикізаттан жасап шығарылады.

Рецептура – фармация бөліміне жататын, дәрілерді жазу мен дайындауға арналған заңды түрдегі жазба. Сондықтан рецептура, екі түрге бөлінеді:

1/ Фармацевтикалық рецептура - дәрілер зауыттан дайындалып шығарылады.

2/ Дәрігерлік рецептура - дәріні заңды түрде жазып, сол арқылы дәріханадан алады.

Рецепт – дәрігерлердің фармацевттерге арналған жазбасы. Осы жазған дәріні белгіленген түріне, мөлшеріне байланысты науқастарға тағайындау ұсынысы. Рецепттің ресми жазбасы тек латын тілінде жазылады, ал дәріні қалай қолдану керектігі жөніндегі түсініктемесі, науқас тілінде жазылады.

1) Ресми жазба фармакопея арқылы заңды түрде өзгеріссіз жазылады. Бұл жазба жиі кездеседі, анықтамалық кітапша бойынша жазылады.

2) Магистральдық жазба - дәрігердің ұсынысымен жазылатын жазба, бұл өте қажет жағдайда анықтамада жоқ болғандықтан жазылатын рецепт.

3) Қарапайым жазба - рецепттің ішінде бір ғана емдік дәрі жазылуы.

4) Күрделі жазба – рецепттің ішінде бірнеше емдік дәрі және басқа да заттар жазылуы.

5) Қысқаша жазба - рецептте тек емдік дәрі ғана көрсетілуі.

6)Толық жазылатын рецепт - емдік дәрімен бірге қоспалы заттардың ( индиференттік) да жазылуы.

7) Мөлшерлі жазба - дәрінің керекті емдік мөлшерінің жазылуы.

8) Мөлшерсіз жазба - дәрінің жалпы салмағы және көлемінің жазылуы.

Рецепторлық бланктер. Рецептті жазғанда 3 түрлі бланкпен жазады.

1-ші бланк - дәрілерді бүкіл бағасына дәріханадан сатып алуға арналған рецепт.

2-ші бланк- тегін немесе жеңілдікпен (мысалы, 50%) берілетін дәрілер жазылады, бірақ көшірмесі болу керек, ол дәрігерде қалады.

3-ші ресми бланк - өте улы заттар және улылығы жоғары дәрілерін жазуға арналған және тегін немесе жеңілдікпен дәріханадан алуға болады. Дәрілердің басым бөлігі тек рецепт арқылы алынады, бүкіл шет елдерде осындай заңды тәртіп енгізілген.

Дәріхана дегеніміз – қарапайым (ерітінділер және ұнтақтар) дәрілер дайындайтын, сол жердегі жинақты дәрілерді сақтайтын және науқастарға дәріні жіберетін мекеме.

Дәрілердің жалпы мөлшері.Дәрі – дәрмектер негізі белгілі бір ғана өзіне тиісті мөлшермен дайындалып, жіберіліп отырады. Сондықтан дәрілер әртүрлі қолдануға ыңғайлы белгі көрсеткіштік мөлшерлермен дайындалады.

1) 1 грам дәрінің белгілі бір салмағы - 1,0 - деп жазылып, айтылады.

2) 0,1 грам – 10-нан бір грамы - бір дециграмм немесе 100 мг болады.

3) 0,01 грам – 100-ден бір грамы - бір сантиграмм немесе 10 мг болады.

4) 0,001 грам – 1000-нан бір грамы - бір миллиграмм - 1 мг – деп айтылып, жазылады.

5) Он мыңның біреуі – 0,0001 детцемиллиграм, бұл 0,1 мг болады.

6) Жүз мыңның біреуі – 0,00001 сантимиллиграм, бұл 0,01 мг болады.

7) Бір миллиондық бөлімінің біреуі - 0,000001 грам бұны бір гамма (γ) деп атайды.

Дәрілердің концентрациясы (топтаулы түрде тұратын затты айтады), бұларды бірнеше тәсілдікпен белгілейді.

1) Пайыздық мөлшер - заттың салмағы 1% болса, оның ерітіндісі 1 мл, 10 мл және 100 мл теңдесек 1% – 1 мл-де = 0,01 г немесе 10 мг; 1% - 10 мл = 0,1 г немесе 100 мг және 1% - 100 мл = 1 грам болады.

2) Қатынастық мөлшер – заттың 1 көлемі 100 мл, 500 мл және 1 литрмен дайындалса, мысалы, 1:10 мен деп емен қабығының қайнатпасын 200 мл суға дайындасақ, оның мөлшері 20,0 (грамм) = 200 мл болады.

3) Салмақ (мөлшері) пен көлем қатынасы - заттың салмағы көлемімен байланысты. Мысалы, пайыздық мөлшерді салмақтық мөлшермен жазсақ - 0,1 (грам) – 10 мл және 0,01 (грам) – 1 мл деп есептеледі. Қатынастық мөлшерді де осылай жазуға болады: 20,0 – 200 мл. Бұндай мөлшерлік жиі кездеседі.

4) Биологиялық әсерлі мөлшер – ЕД (Еденица действия) дәрінің биологиялық тиісті әсер етуші мөлшерлер.

Дәрілердің емдік мөлшері.

1) Бір реттік мөлшер дегеніміз - дәріні бір рет бергендегі емдік әсері.

2) Тәуліктік мөлшер – тәулігіне бірнеше рет берілетін мөлшер.

3) Курстық мөлшер -ем барысындағы жалпы мөлшер.

4) Алғашқы емдік мөлшер – емді бастағанда қолданатын ең аз мөлшері.

5) Ең көп мөлшері – ең көп көрсеткіштің емдік әсері.

6) Орташа емдік мөлшері – бұл ең аз мөлшер мен ең көп мөлшердің ортаңғы әсері. Барлық дәрілердің мөлшері орташа мөлшермен белгіленеді.

7)Дәрінің әсері жоғары мөлшерден асып кеткен жағдайдаулану белгілері пайда болады, бұны уытты мөлшер дейді.

8) Уытты мөлшердің әсері асып кетсе, кейде өлімге әкеледі - бұны өлтіретін мөлшер дейді немесе латынша - LD – Letalis dosis (өлім мөлшер).

Дәрі-дәрмектердің түрлері.

Дәрілік заттарды қолдануға ыңғайлы болу үшін және әр шикі заттан дұрыс реттілікпен сақталған жағдайда келтіріліп, қалыптасқан ресми түрінде шығарылады. Сондықтан жалпы дәрілердің 5 түрі болады:

1. Қатты дәрілер: ұнтақ, түймедақ, драже, капсула (қаптама) және т.б.

2. Жұмсақ дәрілер: майлар (қою май), пасталар, балауыздар.

3. Сұйық дәрілер: ерітінділер, эмульсия, суспензиялар (быламық), тұнба, қайнатпа, түндырма, экстракт (сығындылар), микстура (қоспа - әр түрлі аралас), линименттер (сұйық майлар).

4. Егуге арналған дәрілер: ампула және флакондар.

5. Аэрозольды -баллондағыдәрілер.

Фармакология - это наука, изучающая действие различных лекарственных средств на организм человека и животных.

Слово ”фармаки” на арабском языке означаетдает понятие “исцеление”, а греческом языке произносится как “фармакон”, что означает «лекарство», по-видимому заимственное у арабов и “логос” - наука.

Таким образом, фармакология – это наука о лекарствах.

В настоящее время фармакология занимается созданием новых лекарственных средств и рационального способа применения при различных заболеваниях с лечебной и профилактической целью.