- •Негізгі рецепторлар және олардың маңызды түрлері.
- •Дәрілердіңұрыққа тиетін жайсыз әсерлері.
- •Дәрілердіңқосылған әсері
- •Дәрілердің улылықәсерлері
- •Общая фармакология
- •1.Фармакокинетический этап
- •Введение лс
- •Всасывание лекарственных средств
- •Распределение лекарственных средств
- •Выведения (экскреция) лекарственных средств
- •2.Фармакодинамический этап.
- •3. Взаимосвязь между фармакодинамикой и фармакокинетикой.
- •4. Проявления побочных действий лекарственных средств.
Фармакология.
Фармакология дегеніміз - дәрі-дәрмектердің шипалы әсерімен әртүрлі ауруларға қарсы және алдын-ала сақтандырғыш ретінде қолданылатын заттар туралы ғылым.
«Фармаки» араб тіліндешипалы, грек тіліне «фармакон» - дәрідеген түсініктемесі болып табылады. Казіргі кездегі дәрі-дәрмектер күнделікте зерттеп отыратын ғылым пәні ретінде жүреді.
Жалпы фармакология – жалпы заңдылықтар мен дәрілердің өзара қатынастарының адам мен жануарлардың ағзасына тигізетін өзгерістердің әсерін оқытады. Сонымен қатар, дәрілердің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйретеді.
Фармакокинетика – бұл ағзаға дәрілердің
1/ сіңірілуі,
2/ оның таралуы,
3/ метаболизмі (бұзылысы) және
4/ ағзадан шығарылуы жөніндегі бөлімі болып табылады.
Сурет 1.1.1. Дәрілердің ағзадағы фармакокинетикалықүрдістері.
1 Сурет. Дәріні енгізгеннен кейінгі ағзадағы фармакокинетикалық иіні.
Фармакодинамика – заттардың өздеріне
1/ тән тиісті күші,
2/ олардың орналасуы
3/ әсер ету механизмі туралы мәлімет береді.
Дәрілердің әсер ету күштілігі – олардың ағзамен әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады.
Дәрілерді енгізу жолдары. Дәрілерді емдік немесе аурудың алдын алу мақсатымен қолдану оларды ағзаға енгізуден басталады. Дәрілерді енгізу жолдары келесі топтарға бөлінеді:
1) Энтеральді - ас қорыту жолдары арқылы: а/ ауыз арқылы; б/ тіл астына;в/ тік ішекке; г/ он екі елі ішекке зонд арқылы енгізу.
2) Парэнтеральді - ас қорыту жолынан тыс дәрілердің берілуі: а/ тері астына; б/ бұлшық етке; в/ көк және күре тамырға және т.б.жолдары.
Дәрілердің сіңуі.Сіңірілу (абсорбция) – заттардың торша қабықшадан (мембранасынан) өтіп, қан арнасына түсуі. Дәрілер сіңірілуінің негізгі механизмдері:
1/ пассивті диффузия,
2/ сүзілуі,
3/ белсенді тасымалдау және
4/ пиноцитоз (жұтып алу)
Дәрілердің ағзаға таралуы. Дәрілер қанға сіңгеннен кейін қан арқылы әртүрлі ағзалармен тіндерге барады. Таралу жолдарында әртүрлі биологиялық тосқауылдар кездеседі. Оларға жататындар:
1/ ұсақ тамырлардың қабырғалары,
2/ торша мембранасы,
3/ гематоэнцефальдық,
4/ плаценттік тоспаларжәнет.б.
Фармакодинамикалық кезеңде дәрілердің ағзаға әсерлік белгілері рецепторлар арқылы байқалып отырады. Заттың тінге әсер етуі үшін, ол рецепторға ұқсас болуы керек. Ұқсас болу түсінігі аффинитет деп аталады.
«Аффинитет» - дегеніміз дәрілердің рецепторлармен нақты байланыстығы және жылдамдықәсері.Дәрілердің емдік әсері рецепторлардың санымен байланысты болатындығын көрсетеді.
Дәрі-дәрмектер рецепторлармен қарым-қатынас құрғаннан кейінгі, оныңқызметтік әрекеттері рецептормен сәйкес келгендегі жүрісі “ішкі белсенділік” деп аталады.
Дәрінің рецепторға аффинитетті және қосымша ішкі белсендігі болса, бұны агонистік (сәйкестік) рецептор дейді. Дәрінің аффинитеті болып тұрып, бірақ ол рецептормен байланысуға кедергі келтірсе оны антагонистік (қарсыма-қарсы) рецептор деп атайды.
Рецептор дегеніміз мембранада орналасқан макромолекулярлық белсенділігі зор, дәрілерге ыңғайлы ұқсастығы бар заттар жатады. Рецепторларың келесі 4 типтері бар:
I тип рецепторлары – тікелей ионды түтікшелер қызметін бақылайды: н-холинорецепторлары, ГАМҚ-рецепторлары (гамма-аминомай қышқылы), глутамат рецепторлары жатады.
II тип рецепторлары – эффекторлық жүйе арқылы «G- ақуыз – екінші өткізгіштер». Бұған жататын рецепторлар: гормондық, медиаторлық, м–холинорецепторлық, адренорецепторлық және т.б.
III тип рецепторлары – тікелей эффекторлық ферменттер қызметін бақылайды (тирозинкиназамен байланысты және ақуыздың фосфорилирленуін реттейді).
IV тип рецепторлары – ДНҚ-ның транскрипциясын бақылайды. Бұндай рецепторлармен стероидтық және тиреоидық гормондар әрекеттеседі. І-ІІІ рецепторлардан айырмашылығы, бұл ішкі жасушалық рецепторға жатады. Рецепторлардың көбі бірнеше мыңдаған түрлерге бөлінеді. Дәрілердіңәсері тікелей тиісті ауруларға арналғандықтан және маңындағы түрлі рецепторларға байланысты болғандықтан олардың маңызы өте жоғары келеді.
Негізгі рецепторлар және олардың маңызды түрлері.
1. αжәне β – адренорецепторлар (α1 және α2; β1 , β2 , β3)
2. М және Н-холинорецепторлар (М1, М2, М3, М4; Н – бұлшық еттік, нейрондық)
3. Н – холинорецепторлар – бұлшық ет және нейроналды түрдегі
4. ГАМҚ – рецепторлар (GABAA, GABAB, GABAC)
5. Дофаминдік рецептор (D1, D2, D3, D4, D5).
6. Серотонинді рецепторлар (5-НТ1, 5-НТ2, 5-НТ3, 5-НТ4, 5-НТ5 т.б.)
7. Гистаминдік рецепторлар (Н1, Н2, Н3, Н4)
8. Ангиотензиндік рецепторлар (АТ1, АТ2)
9. Опиоидық рецепрторлар (μ, δ, κ) т.б.
Дәрі-дәрмектер рецепторымен байланысып, молекула аралық байланыстар көмегімен «рецептор-заттар» кешенін құрайды.
Ковалентті байланыстар – электрондардың жалпы жұбының есебінен екі атомның арасында пайда болады. Олар заттардыңқайтарымсыз байланысын қамтамасыз етеді, бірақ бұл байланыс кез-келген дәріге келе бермейді.
Ионды байланыс – оған ион-дипольді және диполь-ионды байланыстар жақынырақ – электоростатикалықөзара әрекеттер арасында пайда болады. Жасуша мембраналардың электрлі алқабына түсетін дәрілік заттардыңқажетті индуцияланған дипольдардыңқұрылуы рецепторларымен байланыстыру үшін жүреді.
Сутектік байланыстар – бұл сутек атомдары ауаның, азоттың, күкірттің және басқа да атомдардың байланыстары, ван-дер-ваальсовтар байланыстары әлсіз екі кез-келген атомдардың арасында құрылған байланыстар.
Дәрілердің фармакологиялық ықпалына қарай олар екі топқа бөлінеді – ерекше және ерекше емес әсері бар.
Ерекше емес дәрілергежататын фармакологиялық ықпал спекторы өте кең (адаптогендер, витаминдер және т.б.) дәрілер жатады.
Ерекше дәрілер тиісті жүйелерге әсері бар рецепторлық аппараттар, олар агонистер мен антагонистер (α- және β- адренорецепторлар, М- және Н- холинорецепторлар).
Дәрілердіңұрыққа тиетін жайсыз әсерлері.
Жүктілік кезінде анаға берілген дәрілер ұрыққа жайсыз әсер етуі мүмкін. Егер дәрі ұрықтың негізгі мүшелері қалыптасатын мерзімде ықпал етсе тератогендік (көріксіз) әсер етеді, яғни баланың кемтар болып туылуы мүмкін. Тератогендік әсердің даму кезеңініңқауіптілігі 3-8 аптада, яғни органогенез уақытында болады.
Егер дәрінің жайсыз әсері жүктіліктің 12 аптасына дейін болса, оны эмбриотоксикалықәсер деп атайды. Ал жүктіліктің 12 аптасынан кейінгі соңғы айлардағы дәрініңқалаусыз әсерін фетотоксикалық деп атайды
Дәрілердіңқатерлік әсерлеріне байланысты генетикалықөзгерістер болуы мүмкін. Ол мутагендікәсер – дәрілердіңұрық жасушасын генетикалық аппаратын зақымдап, ұрық генотипіне зиянды әсер келтіретін құбылыс.
Канцерогендік әсер – дәрілердің жасушадағы өзгерістерінің зардабынан қатерлі ісіктердің туындау қабілеті.
Дәрілердіңқосылған әсері
Дәрілерді бір-бірімен қосып науқас адамға қолданғанда араларындағы өзара әсерлесуі екі бағытта өтуі мүмкін:
ақырғы әсердің күшеюі – синергизм (бір бағытта, бір-бірін күшейту) болса
2) ақырғы әсердің кемуі – антагонизм (қарама-қарсы, бір-бірін кеміту) болады.
Синергизм – бір зат екінші заттыңәсерін күшейтуімен сипатталынатын дәрілердің денедегі өз-ара әсерлесуі. Ол қосынды сонымен қатар потенциалды болып бөлінеді.
а/Қосынды синергизм – дәрілік заттарды қосып қолданғанда ақырғы әсерініңәр бір заттың бөлек қолданған кездегі әсерлерініңқосындысына тең болуы.
б/ Потенциальды синергизм – дәрілерді қосып қолданғанда ақырғы әсердің бұл заттарды бөлек қолданғандағы әсерлерініңқосындысынан асып түсуі.
Антагонизм – бір зат екінші заттыңәсерін басатындығымен сипатталынатын заттардың денедегі өзара әрекеттесуі. Ол физикалық, химиялық, қызметтік, тікелей, жанама, бәсекелестік, тәуелсіз, бір жақты, екі жақты болып бөлінеді.
1/ Физикалық антагонизм – физикалыққұбылыстар жатады – адсорбция, тұнбаға түсуі т.б. жатады.
2/ Химиялық – химиялықөзгерістер жатады – қышқылдарды сілтілермен бейтараптау.
3/ Қызметтік антагонизм – екі қарама-қарсы дәрілердің бір жүйенің, не болмаса ағзаныңқызметіне тигізетін әсері (бір зат орталық жүйке жүйесін қоздырады, екінші зат оны тежейді).
4/ Тікелей антагонизм – заттардыңәсері бір жасушалық элементерге бағытталған жағдай.
5/ Жанама антагонизм – заттардыңәртүрлі жасушалық элементерге бағытталған жағдайы.
6/ Бәсекелестік антагонизм – жасушаның бір рецепторлармен қайтымды түрде әрекеттесу арасындағы тікелей антагонизм.
7/ Екі жақты антагонизм – екі заттың бір-бірініңәсерін бәсеңдететін немесе жоятын жағдай.
8/ Бір жақты антагонизм – бір зат екінші заттыңәсерін басатын, бірақ керісінше жүрмейтін жағдай.
