Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныстың икемділігі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Сұраныс пен сұраныс икемділігі анықтамаларымен байланысты ұғымдарды , сонымен қатар табыс пен сұраныс икемділігі арасындағы өзара байланысын қарастыру.

  2. Сұраныс қисық сызығын тұрғызуына және қисық сызық көлбеуіне икемділіктің әсерін талдау.

  3. Сұраныс икемділігі арқылы игіліктерді жіктеу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Сұраныс икемділігі тақырыбын қарастыру және тақырып бойынша есептерді шығару арқылы сұраныс икемділігінің өмірмен байланысын талдау.

  2. Бағалық және бағалық емес сұраныс факторларының әсерін ескере отырып сұраныс тақырыбы бойынша есептерді шығару.

  3. Ұсыныстың бағаға байланысты және бағалық емес факторларының әсерін ескере отырып, есептерді шығару және жаттығуларды орындау.

  4. Ұсынысты қалыптастыру шарттарының өзгеру бағыты мен осы өзгерістердің мөлшері арасындағы айырмашылықты тану.

Қарастырылатын сұрақтар:

  • Нүктелі икемділіктен доғалық икемділікке өту қажеттілігі.

  • Сұраныстың тура бағалық икемділік коэффициентінің жалпы түсім функциясымен байланыс.

  • Әртүрлі икемділік көрсеткіштерінің көмегімен игіліктерді жіктеу.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Основы экономической теории: Учебник для 10 -11 кл. общеобразоват. учрежд. с углубленным изучением экономики / Мем. унив. – Экономиканың жрғарғы мектебі; С.И. Иванова басшылығымен – 7-ші басылым. – 2 кітапта. 1 Кітап. – М.: Вита-Пресс, 2004, 70-79 беттер, 96-109 беттер, 147-149 беттер.

  2. Практикум по основам экономической теории: Уч. пособие для 10 -11 кл. общеобразоват. учрежд. с углубленным изучением экономики /Мем. унив. – Экономиканың жоғарғы мектебі; С.И. Иванова басшылығымен. – М.: Вита-Пресс, 1999, 37-43 беттер, 56-65 беттер, 81-82 беттер.

  3. Савицкая Е.В., Серегина С.Ф. –Уроки экономики в школе. Әдістемелік құрал. 1 Кітап.- М.: Вита-Пресс, 1999, 3 тақырып, 5, 6, 8 сабақтар.

  4. Липсиц И.В. Экономика: 2 кітапта. 1 кітап: Учебник для 9 кл. общеобразоват. учрежд.- 4-ші басылым, қайта қарастырылған және толықтырылған.- М.: Вита-Пресс, 2000, 50-56 беттер.

  5. Мицкевич А.А.- Экономика бойынша есептер жинағы: 10-11 сынып оқушыларына арналған. 3 кітапта. 1 кітап микроэкономикадан есептер жинағы.- Қайта өңделген 3-ші басылым. – М.: Вита-Пресс, 2001, 117-139 б.

  6. Иванов С.И. – 10-11 сыныптарға арналған практикум. 1 кітап.- М.: Вита-Пресс, 2000, 56-69 б.

  7. Буфетова А.Н., Веселая Л.С. – Основы экономики. Оқу құралы – Новосибирск, ЭКФАК/НМУ,2005 ж, 20-21 б.

Негізгі ұғымдар мен терминтер:

Тура бағалық нүктелік икемділік, доғалық икемділік, абсолютті икемді және абсолютті икемсіз сұраныс, сатушылар табысы, табысы бойынша сұраныс икемділігі, қарапайым және инфериорлы игіліктер, бірінші қажеттіліктерді қанағаттандыратын игіліктер және сән-салтанат, қиылысқан икемділік.

СҰРАНЫС БАҒАЛЫҚ ИКЕМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІ

(баға бойынша сұраныс икемділігі, price elasticity of demand) берілген игілік бағасының бір пайызға өзгергенде сұраныс көлемі қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді.

Аналитикалық түрде:

Қарастырып отырған игіліктің сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі

ε рd = , εрd = (ΔQ / ∆P) * (Р / Q)

Қарастырып отырған игілік бағасының пайыздық өзгерісі

Бұл икемділіктің нүктелік коэффициенті (бағаның аз ғана өзгеруі кезінде қолданылады)

Сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті сұраныс функциясының көбейтіндісі арқылы өрнектеледі:

εрd = Q' (Р) * (Р / Q)

Қарастырып отырған ΔQ және ΔР өзгерістері неғұрлым көп болса, сұраныстың бастапқы және соңғы мөлшерлері қолданған кезде икемділік коэффициенттің шамалары және баға мөлшерлері арасында айтарлықтай қайшылықтар болу мүмкін. Сонда доғалық икемділікті анықтаған жөн:

εрd = (ΔQ / ∆P) *1 + Р2) / (Q1 + Q2)

Еске түсіретін болсақ, сұраныс заңына сәйкес берілген тауардың бағасы мен сұраныс мөлшерінің өзгерісі тең болады, онда сұраныстың бағалық икемділік коэффиценті теріс сан болуы керек. Сондықтан сұраныстың бағалық икемділік коэффицинетінің абсолютті мәнін немесе икемділік коэффициентін | ε | модель бойынша қарастырамыз.

| ε | ≥ 0

  • егер | ε | >1 болса, онда баға бойынша сұраныс икемді;

  • егер 0<| ε |< 1 болса, онда баға бойынша сұраныс икемсіз болады;

  • егер | ε | =1 болса, онда сұраныстың икемділігі бірге тең.

ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАР:

  • Нөлге тең сұраныс икемділігі. Бұл жағдайда сұраныс қисық сызығы вертикальды сызық түрінде болады: Бағаның кез келген өзгерістерінде

ΔQ = 0 тең.

1 сурет. Абсолютті икемсіз сұраныс

Р

D

Q

εрd = 0

Мұндай жағдайда сұраныс абсолюті икемсіз және баға бойынша сұраныстың икемділік коэффиценті нөлге тең болады.

  • Абсолютті икемсіз сұраныс (өте икемсіз сұраныс) тауарға деген сұраныс көлемі кез келген баға деңгейінде өзгермейтінін білдіреді, яғни баға өзгерісі сұраныс көлеміне әсер етпейді.

  • Шексіз икемділік. Мұндай жағдайда сұраныс қисық сызығы горизонталды түзу сызық түрде болады:

бағаның біраз ғана өзгерісі кезінде ΔQ = ∞ .

2 сурет. Шексіз имкемділік.

Р

D

Q

εрd = - ∞

Мұндай жағдайда сұраныс абсолютті икемді және баға бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті минус шексіздікке тең болады.

  • Абсолютті икемді сұраныс (өте икемсіз сұраныс) берілген баға бойынша сұраныстың белгілі бір интервалында тауардың кез келген санын сатуға болатынын білдіреді. Бірақ егер тауардың бағасы осы берілген бағадан жоғары болса, сатып алушылар тауарларды сатып алуды тоқтатады. 3 суретте икемділігі бойынша әртүрлі сұраныс қисықтары ұсынылған.

Баға бойынша сұраныс икемділігі сұраныс қисық сызығының көлбеуін анықтайды: сұраныс қисық сызығы жайпақ немесе тік болады ма. Икемділік коэффициентінің өсуіне қарай сұраныс қисық сызығы жайпақ бола бастайды. D1 бірінші сұраныс қисық сызығының икемділігі, D2 екінші қисық сызығына қарағанда төмен болады.

3 сурет. Абсолютті икемді сұраныс

Р

D2

D1

Q

Тұрақты икемділікті сұраныс қисық сызығы - бұл қалыпты функциясының грфигі. Функциясы Qd = A / P, мұндағы А = const > 0, берілген сұраныс үшін график гипербола болып табылады (4 сурет). Осы қисық сызықтың әрбір нүктесінде сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті бірге тең, яғни│ εрd │= 1.

Бұл баға бойынша икемділігі бірге тең сұраныстың функциясы.

4 сурет. Баға бойынша икемділігі бірге тең сұраныс

Р

D

Q

Баға бойынша сұраныстың икемді немесе икемсіз болуына не әсер етеді?

БАҒА БОЙЫНША СҰРАНЫС ИКЕМДІЛІГІ КЕЛЕСІ ФАКТОРЛАРҒА ТӘУЕЛДІ БОЛАДЫ:

  1. Сатып алушылар үшін тауардың қажеттілік дәрежесі.

Күнделікті қажетті тауарларға баға бойынша сұраныс икемділігі сән-алтанат затына қарағанда азырақ болады. Егер тіс дәрігерінің көрсететін қызметіне баға жоғарлайтын болса, онда тісі ауырған адамдар дәрігерге баруды тоқтата көрмейді, себебі бұл оларға осы уақытта өте қажет болып тұр. Ал Еуропаға туристік жолдама бағасының жоғарлауы жодама сұранысының азаюына әкеледі.

  1. Тауар алмастырушылардың болуы.

Қарастырып отырған тауардың тауар алмастырушылары көп болса, онда бұл тауарға деген сұраныс икемді болады. Мысалы, джемпер мен свитер бірін-бірі оңай алмастыра алады. Себебі тұтынушылар бір тауардың орнына екінші тауарды ешқандай қиыншылықсыз қолдана алады.

  1. Сатып алушының бюджетінде қарастырып отырған тауарды сатып алу үшін жұмсайтын шығынында алатын үлес салмағы.

Сатып алушының табысында қарастырып отырған тауарды сатып алу үшін жұмсайтын шығынында үлесі жоғары болса, онда бұл тауарға деген сұраныс икемді деген сөз.

  1. Нарықты анықтау.

Сұраныстың икемділігі нарық шекарасын анықтауына да тәуелді болады. Тауар топтары мейлінше агрегаттандырылған болса, сол тауардың тауар алмастырушылары аз кездеседі, сұраныс икемділігі де аз болады. Мысалы, кір жуатын ұнтақ, оның тауарлы категориясының кең болуы, бұл тауарға сұраныс икемділігі аз болады, себебі оларды алмастырушы тауарларды кездестіруге болмайды. «Тайд» кір жуатын ұнтақ - тар мағынадағы тауар категориясы - бұл тауарға сұраныс икемділігі біршама көбірек болады, себебі бұл тауарды басқа кір жуатын ұнтақтың маркасымен оңай алмастыруға болады.

  1. Уақыт факторы.

Қысқа мерзімді уақытқа қарағанда, ұзақ мерзімді уақытта тауарға деген сұраныс икемділігі жоғары болады.

СҰРАНЫСТЫҢ БАҒАЛЫҚ ИКЕМДІЛІГІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУЫ.

Экономикалық шешімдерді қабылдауда жиі пайда болатын негізгі проблемалардың бірі - қарастырып отырған игіліктің бағасы өзгерген кезде сатушының табысының (немесе сатып алушының шығынының) өзгерісі. 1973 жылы ОПЕК мұнай бағасын 3 есеге жоғарлатты. Осы кездегі бағаның жоғарлауы мұнайға деген сұраныс көлемін азайтты, бірақ алғашқы бірнеше жылдары бойы сұраныс көлемінің кұлдырауы көп болған жоқ, сондықтан ОПЕК-тің табысы жоғары болды.

TR ( total revenue ) арқылы жалпы табысты белгілейік. Онда

TR=Р х Q тең , мұндағы

Q – тауарға деген мөлшері (quantity),

Р – тауар бағасы (price).

5 және 6 суреттерінде икемді және икемсіз сұраныс бөліктерінде баға төмендеген кезде табыстың өзгеруі көрсетілген.

5 сурет. Бағаның төмендеуі 6 сурет. Бағаның төмендеуі кезіндегі табыстың өзгеруі

Р TR

TRmax

Р1

Р2

Р1 D

Р2

Q1 Q2 Q1 Q2 Р*( мұндағы│εрd│= 1 ) Р

Б аға төмендейді. TR1 = Р1 * Q1, содан соң TR2 = Р2 * Q2

Бағаның өзгерісі теріс мәнге ие: Р2 - Р1 = ∆P < 0, ал сұраныс мөлшерінің өзгерісі оң мәнге ие: Q2 - Q1 = ΔQ > 0.

Бағаның төмендеуі кезінде жалпы табыс: ΔTR = TR2 - TR1 = ΔQ * Р2 + ∆P * Q1

Жалпы табыс өсуі ΔQ * Р2 сұраныс мөлшерінің өсуі арқылы және жалпы табыстың төмендеуі ∆P * Q1 бағасының төмендеуі арқылы орындалады.

Нәтижелі өзгеріс ара-қатынасқа тәуелді болады.

Егер |ΔQ * Р2 | > | ∆P * Q1| болса, онда ΔTR > 0. Бұл сұраныс қисық сызықтың икемсіз бөлігіне сәйкес болады.

Егер |ΔQ * Р2 | < | ∆P * Q1| болса, онда ΔTR < 0. Бұл сұраныс қисық сызығының икемді бөлігіне сәйкес болады.

TRmax: Р* болғанда TR' = 0, мұндағы │ εрd │= 1.

Қорытынды: Р↓ =>TR ↑, егер сұраныс икемді болса,

Р↑ =>TR ↑, егер сұрас икемсіз болса.

  1. Табысы бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті.

Табысы бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті – сатып алушының табыс мөлшерінің өзгерісінен пайда болатын сұраныс мөлшерінің реакция өлшемі.

Табысы бойынша сұраныс икемділігі келесідей анықталады:

Қарастырып отырған сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі

ε I =

Қарастырып отырған игілікті сатып алушының табысының пайыздық өзгерісі

I (income) – сатып алушылардың табысы.

ε I = (ΔQ / ∆ I) * (I / Q)

Бұл табыс бойынша сұраныс икемділігінің нүктелік коэффициенті (табыстың аз ғана өзгерістері кезінде қолданылады)

Қарастырып отырған ΔQ және Δ I өзгерістері неғұрлым көп болса, сұраныстың бастапқы және соңғы мөлшерлері қолданған кезде икемділік коэффициенттің шамалары және сатып алушылардың табысы арасында айтарлықтай қайшылықтар болу мүмкін. Сонда доғалық икемділікті анықтаған жөн:

εI = (ΔQ / ∆ I) * (I 1 + I 2) / (Q1 + Q2)

Жоғарыда айтылғандай, тауарлардың көбісі қарапайым тауарлар категориясына жатады: сатып алушылардың табысының өсуі тауарларға деген сұраныстың өсуіне әкеледі. Себебі сұраныс көлемі мен табыс мөлшері бір бағытта өзгереді, қарапайым тауарлар үшін табысы бойынша икемділік коэффициенті оң санға тең: εI > 0.

Кейбір тауарлар, мысалы маргарин, инфериорлы тауарлар қатарына жатады: сатып алушылардың табысының өсуі сол тауарларға деген сұраныс азаюына әкеледі, себебі сұраныс көлемі мен сатып алушылардың табысы әртүрлі бағыттарда өзгереді. Инфериорлы тауарлар табысы бойынша икемділіктің теріс санымен сипатталады: εI < 0.

Сонымен қатар, әртүрлі қарапайым тауарлар үшін табысы бойынша икемділік коэффициенті айтарлықтай ерекшеленеді. Күнделікті қажетті тауарлар, мысалы азық-түлік тауарлары, табыс мөлшеріне қарамастан, біз ол тауарларды сатып алуға мәжбүр боламыз. Сән-салтанат заттары, мысалы асыл тастар, табысы бойынша жоғарғы икемділікпен сипатталады, себебі тұтынушылардың табысы төмендеген кезде сондай қымбат тауарларды сатып алудан бас тарту оңай болады.

Қарапайым тауарлар, εI > 0

Күнделікті қажетті тауарлар

0 < εI < 1

Сән-салтанат заттары

εI > 1

2. Сұраныстың қиылысқан икемділік коффициенті

Сұраныстың қиылысқан икемділік коффициенті – басқа тауардың бағасының өзгерісінен пайда болатын қарастырып отырған сұраныс мөлшерінің реакция өлшемі.

Сұраныстың қиылысқан икемділік коффициенті келесідей формуламен анықталады:

Х тауарына сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі

ε ху =

Y басқа тауардың бағасының пайыздық өзгерісі

ε ху = (ΔQх / ∆ Ру) * (Ру / Qх)

Бұл сұраныстың қиылысқан икемділігінің нүктелік коэффициенті (Y тауарына бағаның аз ғана өзгерісі кезінде қолданылады)

Қарастырып отырған ΔQх және Δ Ру өзгерістері неғұрлым көп болса, сұраныстың бастапқы және соңғы мөлшерлері қолданған кезде икемділік коэффициенттің шамалары және Y тауарына баға арасында айтарлықтай қайшылықтар болу мүмкін. Сонда доғалық икемділікті анықтаған жөн: εху = (ΔQх / ∆ Ру) * [ (Ру 1 + Ру 2) / (Qх1+Qх2) ]

Сұраныстың қиылысқан икемділік коффициенті нөлден төмен, нөлден жоғары және нөлге тең болуы мүмкін.

  • Егер εху > 0 болса, онда X және Y тауарлары алмастырушы тауарлар.

  • Егер εху < 0 болса, онда X және Y тауарлары толықтырушы тауарлар.

  • Егер εху = 0 болса , онда X және Y тауарлары бір-біріне қатысты нейтралды болады, яғни бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ.

Мысалы, алманың бағасы өсіп жатыр делік, бұл жағдай ұнға сұранысқа ешқандай әсер етпейді.

ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ

Факторлардың ұсыныс көлеміне әсер ету деңгейінің сандық өлшеуішіне ұсыныстың тікелей икемділік коэффициенті жатады.

Экономикада аргументтің өзгеруіне функцияның өзгеру сезімділігін өлшеу үшін екі тұрақсыздың қатынасты өзгеру байланысын зерттейді. Икемділік көрсеткішін экономикалық талдауға А. Маршалл енгізген болатын.

Икемділік бір тұрақсыз мөлшерге қатысты өзгерудің басқа тұрақсыз мөлшерге қатысты өзгеруіне әсер ету шамасын сипаттайды

Бұл тек қана өлшеу бірлігіне (бағалар - ақша бірлігінде, ұсыныс көлемі килограммдармен, центнерлермен) байланысты емес қатысты өзгерістер ғана пайдаланылады. Ұсыныстың икемділік көрсеткішін қарастырайық.

Ұсыныс икемділігінің бағалық көрсеткіші (баға бойынша ұсыныс икемділігі, price elasticity of supply) осы игілік бағасының бір пайыздық өзгеруінен сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді.

Аналитикалық түрде:

Осы игілік ұсынысы көлемінің пайыздық өзгеруі

ε рs =

осы игілік бағасының пайыздық өзгеруі

ε sр = ΔQs / ∆P* Р / Qs

+ +

Бұл икемділіктің нүктелік коэффициенті (бағаның аз ғана өзгеруі кезінде қолданылады)

Ұсыныстың бағалық икемділігінің коэффициенті ұсыныстың туынды функциясы арқылы бейнеленеді:

εsр = Q' (Р) * Р / Qs

Қарастырылатын ΔQs және ΔР өзгерістері маңызды болатын болса, икемділік коэффициенттерінің мәні баға мен ұсыныстың бастапқы және соңғы көрсеткіштерін қолдануда келіспеуі мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайда, доғалық икемділікті анықтау дұрыс:

εsр = ΔQs / ∆P * [ (Р12) / (Qs1+Qs2) ]

Ұсыныс заңына сәйкес, осы тауардың бағасы мен ұсынысы мөлшерінің өзгерісі бір бағытты екенін еске түсіретін болсақ, онда, ұсыныстың бағалық икемділік коэффициенті теріс болмауы керек: εsр ≥0

  • Егер εsр >1, онда, ұсыныс баға бойынша икемді болады.

  • Егер εsр < 1, онда, ұсыныс баға бойынша икемсіз болады.

  • Если εsр =1, онда ұсыныс икемділігі бірге тең болады.

ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАР:

  • Нөлдік икемділік. ΔQ = 0 бағаның кез-келген өзгерісінде ΔQ = 0 мен εsр = 0 болғанда ұсыныс қисығы тек қана тік болады.

  • Шексіз икемділік. εрs = ∞, ΔQ = ∞ бағаның шамалы ғана өзгерген жағдайында ұсыныс қисығы тек қана көлденең болады:

Тұрақты икемділігі бар ұсыныс қисығы – бұл дәрежелік функцияның сызбасы. Ұсыныс үшін:

Qs = В* P, мұнда В = const > 0.

Координаталардың басынан басқа, кез-келген нүктедегі баға бойынша ұсыныс икемділігін есептейміз: εрs= В * (Р / В*P) = 1. Координаттардың басынан сәуле болып шығатын, кез-келген сызық үшін, баға бойынша ұсыныс икемділігі әр нүктеде 1 тең: εрs= 1. (0,0) нүктесінде баға бойынша ұсыныс икемділігі белгісіз және оның экономикалық мәні болмайды.

Ұсыныстың сызықтық функциясы үшін ұсыныс икемділігі тұрақсыз шама болып, координаталардың осьтеріне қатысты ұсыныс сызықтарының орналасуына тәуелді болады..

ε sр = ΔQs / ∆P* Р / Qs = (Р / Q) : (∆P / ΔQ)

Анықталған мәнде координаталардың басынан осы нүкте арқылы жүргізілген түзудің көлбеуіне тең шама бөлінді болып табылады:

tgα = ВG / ОG = Р / Q,

ал ұсыныстың (немесе оған осы нүктеде тиетін) өз түзуінің көлбеуіне тең шама - бөлгіш болып табылады:

tgβ = ВD / СD = ∆P / ΔQ

Ұсыныс түзуі (немесе қисыққа тиетін) бағаның осін қиып өтетін болса, онда координаттар басынан түзу нүктесіне (ОВ) жүргізілген көлбеу бұрышы tgα > tgβ ұсыныс қисығының көлбеу бұрышынан жоғары болады, яғни, (Р / Q) > (∆P / ΔQ) және εs > 1, бұл ұсыныс икемді болып табылады.

Егер, ұсыныс (немесе қисыққа тиетін) түзуі Q осін қиып өтетін болса, онда координаттар басынан жүргізілген түзудегі көлбеу бұрышы ұсыныс қисығының көлбеу бұрышынан төмен болады tgα < tgβ, (Р / Q) < (∆P / ΔQ) және εs < 1, яғни ұсыныс икемсіз болады.

Кейбір нарықтарда ұсыныс икемділігі ұсыныс қисығы бойындағы жылжуға байланысты өзгеріске ұшырайды. Өндірістік қуаты шектеулі салалар бойынша мысал қарастырайық. Ұсыныс көлемінің аса төмен деңгейлері үшін ұсыныстың баға бойынша икемділігі жоғары, бағаның өзгеруіне фирмалардың жауап қайтаруы маңызды. Бұл аймақта фирмалардың өндірістік қуаты шектен тыс, олар бүкіл күн бойы немесе күннің бір мезгілінде тоқтап тұрады. Бағаның аз ғана көтерілуі құрал – жабдықтардың әрекет етуін және фирмалардың пайдасын көтеруге мүмкіндік береді. Кәсіпорындардың қуаты толық жұмысқа кіріссе, өндірістің әрі қарай көтерілуі жаңа инвестицияларды талап етеді. Комапниялардың қосымша қаражаттарды тарту туралы шешім қабылдауы үшін баға елеулі өсу қажет, сондықтан, ұсыныстың икемділігі төмендейді.

Сур.11

Уақыт факторы. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін аса маңызды фактордың біріне уақыт факторы жатады. Аса қысқа (лездік) мерзімде ұсыныс деп материалды және еңбек ресурстарының тұрақты көлемінде осы өндірістік қуаттармен өндіріле алатын тауар санын айтады. Бұл жағдайда барлық факторлар тұрақты болады. Осы кезең барысында фирманың таңдау еркіндігі минималды болады және өндірілетін өнім көлемін Q өзгерте алмайды.

Бұл айырмашылық төмендегі икемділіктерде айқындалады:

1) Өнім өндірілген және оның көлемі тұрақты шама εsр=0 болып қалатын кезде лездік ұсыныс үшін. Себебі, өте қысқа уақыт мерзімі ішінде сатушылар бағаның өзгеруіне жауап қайтара алмайды; оларға өндірісті кеңейту үшін уақыт жеткіліксіз болады.

2) Қысқа мерзім ішінде ұсыныс өзгеріңкі бағаға және ұсыныс қисығының маңызды бөлігіне εsр >0 бейімделе алады. Алайда, бұл кезде өндіріс мүмкіндіктері шектеулі болып қала береді.

3) Ұзақ мерзімде бейімделу мүмкіндіктері кеңейеді, ал икемділік қысқа мезімге қарағанда жоғары болады. Мүмкіндіктердің шектеулігі мұнда маңызды рөл атқармайды.

Сатушылардың тауар бағасының өсуіне жауап қайтаруы олардың ресурстарды қайта бөле алу қабілеттеріне байланысты болады, ал бұл уақытты қажет етеді. Ұзақ мерзімге қарағанда қысқа мерзімде ұсыныс икемділігі төмен болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]