- •Мазмұны
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. Ресурстардың шектеулілігі
- •Кесте 2. Өндіріс мүмкіншіліктерінің кестесі
- •1 Сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
- •Экономикалық жүйе түрлері
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. (есептер, тест сұрақтары)
- •Өз бетімен шығаруға арналған есептер
- •Тест сұрақтары
- •Әрбір экономикалық жүйе ресурстардың шектеулілігі факторына тап болады дегенде не туралы сөз болып отыр:
- •Өндірістік мүмкіншіліктер қисық сызығын сызған кезде төменде аталған экономикалық ұғымдардың қайсысын тікелей мысал ретінде көруге болады:
- •2 Тақырып. Сұраныс. Ұсыныс.
- •Сұраныс (demand).
- •Ұсыныс.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныстың икемділігі.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігі.
- •IV. Тапсырмалар
- •VI тест 2. Төмендегінің қайсысы дұрыс?
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті.
- •1. Сұраныс өзгерісіне реакция.
- •2. Ұсыныс өзгерісіне реакция.
- •3. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей өзгерісне реакция.
- •Нарықтық бағаны белігеуде мемлекеттік реттеудің салдарлары
- •Салықтар мен дотациялар;
- •Директивті бағалар (бағаның жоғарғы және төмеңгі шегін тағайындау)
- •3. Сату көлемін реттеу
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті (есептер, тест сұрақтары).
- •Қорытынды: алынатын түсімнің ең көп мөлшері тепе-теңдік баға кезінде болады. Тест
- •Тест жауаптары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Жеке бизнес
- •Жеке нысан: артықшылығы мен кемшілігі
- •Серіктестік бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде
- •Серіктестік: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың акционерлік нысаны
- •Акционерлік қоғам: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың арнайы нысандары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары (есептер, тест сұрақтары)
- •1 Тапсырма
- •«Алтын кілт» ертегісі.
- •Есептер
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлікті қаржыландыру
- •Қаржы нарығы
- •Қысқа мерзімді қаржыландыру
- •Ұзақ мерзімді қаржыландыру
- •Акциялар
- •Кәсіпорын жаңа капитал шығарады
- •Кесте 1. Қызмет түрлері бойынша таза табыс, млн. Теңге
- •Тақырып 6. Кәсіпкерлікті қаржыландыру (есептер, тест сұрақтары)
- •Тест 1.
- •Жауап бланкісі
- •Есеп 1.
- •Тест 2.
- •Жауап бланкісі
- •Есептер 2
- •7 Тақырып. Фирма шығындары.
- •Шығындар
- •Шығын түрлері
- •Өнімді өндіру үшін фирманың қолданатын сыртқы және ішкі өндіріс факторлары
- •Шекті шығындар
- •Фирма шығындары
- •Пайданың ең жоғары болу шарты
- •Өндіріс масштабының (көлемінің) әсері
- •Қорытынды
- •7 Тақырып. Фирма шығындары (есептер, тест сұрақтары)
- •II.Есептер
- •III. Тест
- •8 Тақырып. Бәсекелестік. Рынок құрылымы.
- •Бәсекелестік
- •Рынок құрылымы
- •Қорытынды
- •2 Тапсырма
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма. Түрмедегідер диллемасы
- •3 Тапсырма. Бензоқұбырлар дуэлі
- •4 Тапсырма. Авиокомпания ісі: ірі болған сайын жақсы ма?
- •9 Тақырып. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары.
- •Еңбек нарығы
- •Еңбек ресурстары және жұмыссыздық
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Фрикционды жұмыссыздық
- •Құрылым жұмыссыздығы
- •Циклды жұмыссыздық
- •Жасырын жұмыссыздық
- •Табиғи жұмыссыздық түсінігі
- •Жұмыссыздықтың салдары
- •Оукен заңы
- •Қосымша материал.
- •Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •Жай мерзімді
- •Мерзімді-сыйақылы
- •Еңбек нарығы қалай жұмыс жасайды
- •Еңбекке сұраныс
- •Жоғары мөлшерде пайда алу шарты
- •Еңбек ұсынысы
- •Нарықтық тепе-теңдік
- •Қызмет түріне орай еңбекақы деңгейіндегі айырмашылықтар
- •Жалқының ең төменгі деңгейін мемлекеттік реттеу
- •Тақырып 9. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары. (есептер, тест сұрақтары)
- •II. Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар тест
- •1 Тест сұрақтарына жауаптар
- •III. Еңбек нарығы және жалақы
- •Келесі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы қате екенін көрсетіңіз.
- •Келтірілген жауаптардың қайсысыд ұрыс екенін көрсет.
- •Тапсырмалар мен есептер
- •Жұмыспен қамтылғандар және жұмыссызлар. Жұмыссыздықты өлшеу.
- •Терминдермен түсініктерге сәйкес анықтамаларын табыңыз:
- •№3 Тест
- •Есептер
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық
- •Экономикалық тұрақтылық
- •Макроэкономиканың мақсаты мен құралдары
- •Жалпы ұлттық өнім. Жалпы ішкі өнім.
- •Жұө табыс тәсілімен есептеу
- •Жіө өндірістік әдіспен есептеу.
- •Қосымша құнды есептеу
- •Ұлттық шоттың басқа көрсеткіштері
- •Номиналды және нақты жүө
- •Экономикалық циклдар
- •Макроэкономикадағы тепе-теңдік
- •Тепе-теңдік баға деңгейі мен ұлттық өндірістің нақты көлемі
- •Жұмыспен қамтудың кейнсиандық теориясындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Жұмыссыздықты шектеу мақсатындағы экспансия саясаты
- •Инфляцияны шектеу мақсатындағы рестриктивті саясат
- •Экономиканы ақша-несие және бюджеттік реттеу әдістері
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық (есептер, тест сұрақтары) тест 1.
- •Тест 2.
- •Дұрыс сөйлемді анықта:
- •12 Тақырып. Халықаралық сауда
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет
- •Экономикадағы мемлекет
- •1.1 Жеке меншік құқығын сақтау
- •1.2 Сыртқы әсерлерді ескеру
- •1.3 Нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету
- •1.4 Тұтынушыларды қорғау
- •1.5 Экономиканы тұрақтандыру
- •1.6 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •1.7 Қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету
- •1.8 Мемлекеттік және жеке сектордың өзара әрекеті
- •1.9 Үкімет өз ақшасын қалай жұмсайды
- •1.10Үкіметтік табыстардың көздері
- •Қорытынды
- •Қазақстан республикасы бойынша қосымша материал
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет. (есептер, тест сұрақтары) тест
- •Ойлануға арналған сұрақтар
- •5 Нарық Соңғы тауарлар мен қызметтер 6 Нарық 1 Жаттығу
Кесте 2. Өндіріс мүмкіншіліктерінің кестесі
Баламалар |
A |
B |
C |
D |
E |
Кәмпиттер |
10 |
9 |
7 |
4 |
0 |
Ракеталар |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 Сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы өзінің әрбір нүктесінде қолда бар ресурстарды толық және тиімді қолдануға болатындай әртүрлі үйлестіру кезіндегі екі өнім өнідірісінің максималды көлемін көрсетеді. Бір альтернативадан (баламадан) екінші альтернативаға (баламаға) жылжу арқылы экономика өзінің ресурстарын бір тауардан басқа тауарды өндіруге жұмсайды.
Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығының ішіндегі F нүктесі ресурстардың толық емес және тиімсіз қолдануын білдіреді. Ресурстардың тап осы өндіріс көлемінде және қолда бар технологиялар бойынша қисық сызықтан тыс орналасқан G нүктесіндегі өндіріс көлеміне жетуге болмайды. Кез келген экономика F нүктесінде болады, яғни әрқашан ресурс қорлары (резерві) бар болып отырады. Қисық сызыққа қарай жылжу кезінде белгілі шығындармен максималды нәтиже беретін немесе минималды шығындармен белгілі нәтижені беретін тек қана бір, ең жақсы жылжу нұсқасы болуы мүмкін. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы оптималды нұсқаны таңдауға болатын барлық нүктелер немесе шешімдер жиынтығын көрсетеді. Қалған барлық нүктелер жіберілген мүмкіншіліктер немесе балама шығындар болып саналады.
Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы келесі жағдайларды сипаттайды:
Бір тауардың өндірісін арттыру кезіндегі балама шығындардың өсу тенденциясын.
Өндіріс тиімділігінің деңгейін.
Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы әртүрлі елдердің өндіріс мүмкіншіліктеріндегі ерекшеліктерін көрсете алады.
Белгілі тауарлардың біраз санын өндіру үшін бас тартуға қажет болған басқа тауарлар санын еңгізіоген шығындар (балама құн) деп атайды. Өндіріс мүмкіншіліктер қисық сызық нұсқасы бір тауардың балама санымен белгіленген басқа тауардың бағасын көрсетеді. Нарықтық экономикада баға – бұл балама құнның (балама шығындардың немесе жіберілген мүмкіндіктердің) көрінісі. Ол тауар, ақша, уақытпен көрсетіледі.
Бір ракетаның бағасы бас тартуға қажет болатын кәмпиттер санына тең болады. Әрбір қосымша рекатаның бірлігіне қоғам өндіре алынбай қалған кәмпит түрінде одан көп бағаны төлейді. Ракета өндірісінен кәмпиттер өндірісіне біртіндеп өту үшін қоғам сол өнімнің аз ғана өсімін ала отырып, одан да көп бағаны төлейді.
Балама шығындардың өсу заңы былай дейді:
бір тауардың өндіріс көлемін өсірген кезде басқа тауардың бір данасына кеткен шығындардың өсуін болдырмау мүмкін емес. |
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДІҢ ШЕКСІЗДІГІ ЖӘНЕ РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІГІ
Шексіз қажеттіліктер – адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын немесе оларға ғанибет беретін тауарлар мен қызметтерге ие болудағы қанбайтын тілек.
Кез келген қоғам шектеулі ресурстарды орналастыру мәселесін шешумен айналысады.
Ресурстарды орналастырудың екі негізгі жолы бар. Әлемдегі абсолютті басым жол – нарықтық орналастыру жолы. Бірақ ресурстардың бірталай бөлігі өкіметтің (мемлекеттік орналастыру) қабылдаған шешімдері негізінде орналастырылады. Нарықтық жүйеде ресурстарды пайдаланған үшін тұтынушылардың төлеймін деген тілектеріне сәйкес ресурстар орналастырылады, ал мемлекеттік жүйеде - өкімет шешіміне сәйкес.
Екі жағдайда да ресурстарға жетуде бәсеке болады. Бірақ та нарықтық жүйеде оның негізгі факторы ретінде шығындарды азайту және жаңа өнімдер мен технологияларды ұсыну болып табылады. Керісінше, мемлекеттік орналастыру кезінде бәсеке түрі жалпы қоғам үшін және жеке тұтынушылар үшін алғанда ұтысты жағдайда болмайтындай түрге ие болып отыр.
Бұл бәсеке түрлерін атап айтатын болсақ: а) кезек, б) артықшылықты жағдайлар, в) қылмыстық жазаланатын немесе жазаланбайтын түрлері (парақорлық, «ұрылардың»жаппай ұрлығы және т.б.). Нарықтық жүйе тек қана ресурстарға жетуде бәсекемен ғана сипатталмайды, сонымен қатар кооперация, ынтымақтастықпен де сипатталады.
Ынтымақтастықтың ең маңызды көрінісі болып барлық бәсекелестердің ойын ережелерін берік сақтау келісімі табылады. Мемлекеттік орналастыруда ойын ережелері қайратты шешімдермен (өкіметтердің валюнтаризммен) алмастырылады.
НЕ шектеулі ресурстардан не өндіру керек (кезекті ядролық сүңгуір қайықты немесе 1000 мектепті) |
ҚАЛАЙ өндіру керек, факторлардың қандай комбинациясының өнімділігі ең жоғары болады (өндіріс және тұтыну энергобалансының құрылымы қандай болу керек) |
КІМ ҮШІН шектеулі ресурстардан игіліктерді өндіру керек (жалпы табысты бірдей бөлу керек пе немесе қандай басқа да критерийлер бойынша бөлу керек пе?) |
Таңдау мәселесін, көбінесе, экономикалық шешімдерді қабылдайтындар шешіп отырады. Олардың қатарына экономистер келесілерді жатқызады:
өндіріс факторларына ие болған үй шаруашылығы;
халыққа (үй шаруашылығына) сату үшін тауарлар мен қызмет түрлерін өндіретін фирмалар – ұйымдар;
мемлекет (өкіметтер).
