Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Еңбек ұсынысы

Адам жұмыс іздеу барсысында жұмыс күшінің бір бөлігіне айналады. Жұмысқа тұру туралы шешім демалыс пен төленетін жұмысты орындау арасында таңдау жасау түрінде өтеді. Еңбек ұсынысы жалақының өзгеруіне сәйкес екі жағдауға сүйенеді: табыс әсері және алмастыру әсері.

Табыс әсері жалақының өсуіне байланысты жұмысшы жағдайының да өсуімен түсіндіріледі.

Алмастыру әсері жалақының өсуімен демалысқа деген альтернативтік шығынның өсетінін көрсетеді.

Осы екі әсерге сүйенгендіктен шешім қабылдағанда қайсысы басым болатыны алдын ала белгісіз.

Ұсыныс қисығы жұмысшының қалайтын жұмыс орнының саны мен жалақының арасындағы байланысты көрсеткендіктен, алмастыру әсері басым болғанда ол өспелі болады, яғни жалақы өссе, ұсыныс та өседі.

Табыс әсері басым болғанда ұсыныс қисығы кемімелі. Жалақы W*-дан төмен болғанда жұмыс уақытының ұзақтығы өседі(алмастыру әсері), ал одан жоғары болғанда қысқарады(табыс әсері).

Еңбекке жеке ұсыныс қисығының түрі:

Жалпы рыноктағы ұсыныс қисығы барлық аралықта өспелі болады.

Бұл бір адамдар жоғары жалақыға уақытын бөлгісі келмесе оған басқа адамдардың табылатынымен , шақырылатынымен түсіндіріледі.

Еңбек ресурсына әсер ететін факторлар:

  • Демографиялық жағдай (тұрғындардың туу және өлу, өсу және кему қатынастары)

  • Тұрғындар миграциясының интенсивтілігі

  • Тұрғындардың экономикалық белсенділігінің деңгейі. Ол еңбекке жарамды тұрғындардың еңбек рыногына өз еңбек күшін ұсынуымен анықталады. Бірнеше факторға тәуелді: елдегі табыс деңгейі(егер ол төмен болса ер адамның табысы аз болғандықтан әйелі де жұмысқа шығуға мәжбүр); кейбір азаматтарға жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін заңдар (жұмыссыздар, көп балалы аналар т.б.) оларға өз қызметтерін рынокқа ұсынуын белгілі уақытқа шектеуі мүмкін.

  • Адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі: егер адам кәсіпкерлікпен айналысса, онда ол рынокта өз еңбегін сатушы болып есептелмейді.

Нарықтық тепе-теңдік

Бәсекелес еңбек рыногында жалақының тепе-теңдік мөлшерін сұраныс пен ұсынысты анализдеу арқылы анықтайды. Ол еңбектің шекті табыстылығына тең

6 суретте фирманың қабылдайтын жұмысшы санын анықтау көрсетілген. Бәсекелес еңбек рыногында бекітілген тепе-теңдік жалақы мөлшері осы рыноктан жұмысшы жалдайтын барлық фирмалар үшін берілген жалақы болып табылады. Сондықтан еңбек ұсынысы өте икемді. Тиімді жұмысшы саны еңбекке фирма тарапынан сұраныс қисығы мен еңбек ұсынысы қисығының қиылысуы мен анықталады. OWeELe фигурасының ауданы фирманың жалақыға жұмсайтын шығынын сипаттайды. WeAE үшбұрышының ауданы фирма табысының мөлшеріне тең, және басқа өндіріс факторлары табыстарының (капитал мен жер) қосындысына тең нүкте.

Өндіріс факторының рыноктық бағасы тек қана сұраныс пен ұсынысқа емес, осы нарықтың типіне де байланысты. Жетілген бәсеке нарығында тепе-теңдікке өндіріс факторын толық және тиімді пайдаланғанда ғана қол жеткізуге болады. Бұл фактор иелерінің ұсыныс көлеміне байланысты өз жоспарларын толық жүзеге асырғанын білдіреді. Еңбекті тиімді қолдану шекті еңбек өнімінің құны оған кеткен шекті шығынға тең болғанда орындалады. Бұл жағдайда сатушы мен сатып алушылардың тұтыну артықшылықтары ең жоғары деңгейге жетеді.

Факторлардың нарықтық бағасы ұлттық табысты финкционалды бөлудің құралы болып табылады. Ұлттық табыстағы өндіріс факторының үлесі оның сатылатын рыногының типі мен анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]