Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

5 Нарық Соңғы тауарлар мен қызметтер 6 Нарық 1 Жаттығу

(Жалғасы )

III бөлім:

Енді, айналма ағымының сызбасына мемлектті қосып кеңейтіңіз. Үй шаруашылығы өздерінің өндірістік ресурстарының бір бөлігін, бизнес фирмаларға сатқан секілді, мемлекетке сатады, ал бизнес фирмалар өздерінің дайын тауарлар мен қызметтерінің бір бөлігін мемлекетке де, үй шаруашылығына да сатады. Мемлекет бизнес фирмалардан да, үй шаруашылығынан да ақша жинайды (негізінде, салық түрінде) және осы екі топқа ақша төлемдерін төлейді. Төменде келтірілген бос сызықтарға өздеріңіздің ойларыңызға келетін сәйкес ағымдардың барлығын атаңыз.

Үй шаруашылығынан - Мемлекетке

1.

2.

Бизнес фирмалардан - Мемлекетке

1.

2.

Мемлекеттен - Үй шаруашылығына

1.

2.

Мемлекеттен – Бизнес фирмаларға

1.

2. ____________________________________________________________________________________________________

ГЛОССАРИЙ

Сұраныс мөлшері – тұрақты баға кезінде белгілі бір уақытта сатып алушылардың сатып алғысы келетін және сатып ала алатын (сатып алуға дайын) тауарлар саны.

Веблен тауарлары - қоғамда өзінің әлеуметтік жағдайын көрсету мақсатында сатып алынатын ең мәртебелі тауарлар. Оларды сатып алушылар қымбат болғаннан кейін сатып алады.

Гиффен тауарлары – бұл адамдардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын арзан және құны аз игіліктер. Оларды сатып алу үшін жұмсайтын шығындары табысы төмен жанұялардың шығындарында үлкен үлесті алады.

Сұраныс заңы: Берілген тауар бағасы мен тауарға деген сұраныс мөлшері арасында кері байланыс болады: барлық басқа шарттар бірдей болған жағдайда баға жоғары болған сайын, сұраныс мөлшері аз болады.

Инфериорлы игіліктер – табыс өскен кезде, сұранысы төмендейтін игіліктер.

Сатып алушыларбұлар нарықта тауарлар мен қызмет тұрлерін сатып алатын тұтынушылар және ресурстарды сатып алатын фирмалар, сол ресурстар арқылы фирмалар тауарлар мен қызмет түрлерін өндіреді.

Нарық – тауар сатып алушылар мен сатушылары белгілі бір тауарды сату-сатып алу жөніндегі келісімге келуге көмектесетін механизм.

Нарықтық сұраныс (market demand) берілген игіліктің барлық тұтынушылардың жеке сұранысын қосу нәтижесінде қалыптасады, графикалық түрде сұраныстардың горизонтал бойынша жүзеге асады: берілген баға деңгейінде барлық тұтынушылардың сұраныс көлемдері қосылады.

Сұраныс – белгілі бір уақыттағы нарықтағы сатып алушылардың сатып алуға дайын (яғни сатып алғысы келген және сатып ала алатын ) тауарлар саны

Сұраныс шкаласы – тауар бағасы мен тауар деген сұраныс мөлшері арасындағы байланыс

Сұраныс қызметі (demand function) – бұл сұраныстың көлемін анықтайтын факторлардан сұраныс көлемінің тәуелділігі.

Сұраныс қисық сызығы (demand curve) –бұл берілген уақыт кезінде әртүрлі бағалар бойынша сатып алушылардың қанша икіліктер санын сатып алуға дайын екенін көрсететін қисық сызық. Сұраныс қисық сызығы теріс көлбеуді білдіреді.

Нормальды игіліктер – табыс өскен кезде, сұранысы өсетін игіліктер.

Егер бір тауардың бағасы қымбаттаған кезде басқа тауардың сұранысының өсуіне әкелетін болса, онда мұндай тауарларды бірін-бірі алмастыратын тауарлар (алмастырушылар немесе субституттар) деп атайды.

Егер бір тауардың бағасының қымбаттауы басқа тауарлардың сұранысының төмендеуіне әкелетін болса, онда мұндай тауарларды бірін-бірі толықтыратын тауарлар (толықтырушылар немесе комплементтер) деп атайды.

Ұсыныс – бұл сатушылар сатқысы келетін және сата алатын тауар саны мен сол тауар бағасы арасындағы тәуелділік.

Ұсыныс көлемі (ұсыныс мөлшері, ұсыныс көлемі, ағылш. quantity of supply) – бұл сатушылар белгілі баға бойынша уақыт бірлігінде сатуға ұсына алатын және ұсынғысы келетін тауарлар саны.

Ұсыныс заңында былай делінген: басқа шарттар тұрақты болғанда ұсыныс немесе қызмет мөлшерінің өзгеруі сол тауар (қызмет) бағасының өзгеруіне тікелей тәуелді болады.

Ұсыныс функциясы (supply function) – ұсыныс көлемінің оны анықтайтын факторларға тәуелділігі.

Бағадан ұсыныс функциясыбасқа факторлардың өзгермеген жағдайында ұсыныс көлемінің бағаға тәуелділігі.

Ұсыныс функциясы кесте түрінде (ұсыныс шкаласы), сызба түрінде (ұсынс қисығы), формула көмегімен бейнеленеді.

Ұсыныс қисығы (supply curve) – өндірушілер осы уақыт кезеңінде түрлі бағалармен сатуға дайын игілік санын көрсететін қисық. Ұсыныстың кері функциясы өндірушілердің тауардың әр-бір санын қандай минималды бағамен сатуға дайын екендігін көрсетеді.

Ұсыныстың кері функциясы: Ps=P(Q) немесе ұсыныс бағасы - бұл сатушының өндірілген өнімнің соңғы данасын сатуға келісетін минималды бағасы.

Жеке ұсыныс – бір сатушының ұсынысы.

Нарықтық ұсыныс (market supply) – бұл тауардың барлық өндірушілерінің белгілі уақыт мерзімі ішінде тауардың кез-келген бағасы бойынша соммаланған ұсынысы (Нарықтық ұсынысты бағаның әр деңгейінде жеке ұсыныс қисықтарын соммалау жолымен яғни, көлденеңнен соммалау арқылы, сызба түрінде тұрғызуға болады).

Шексіз икемділік. Мұндай жағдайда сұраныс қисық сызығы горизонталды тузу сызық түрде болады: бағаның біраз ғана өзгерісі кезінде ΔQ= ∞ .

Табысы бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті – сатып алушының табыс мөлшерінің өзгерісінен пайда болатын сұраныс мөлшерінің реакция өлшемі

Сұраныстың қиылысқан икемділік коффициенті – басқа тауардың бағасының өзгерісінен пайда болатын қарастырып отырған сұраныс мөлшерінің реакция өлшемі.

Баға бойынша сұраныс икемділігі, немесе сұраныс бағалық икемділігінің көрсеткіші, - берілген тауардың бағасының өзгерісіне тауар сұраныс мөлшерінің реакциясының көрсеткіші

Табысы бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті – сатып алушының табыс мөлшерінің өзгерісінен пайда болатын сұраныс мөлшерінің реакция өлшемі.

Сұраныстың қиылысқан икемділік коффициенті – басқа тауардың бағасының өзгерісінен пайда болатын қарастырып отырған сұраныс мөлшерінің реакция өлшемі.

Ұсыныстың тікелей икемділік коэффициенті факторлардың ұсыныс көлеміне әсер ету деңгейінің сандық өлшемі болып саналады.

Икемділік бір тұрақсыз мөлшерге қатысты өзгерудің басқа тұрақсыз мөлшерге қатысты өзгеруінежауап әсер ету шамасын сипаттайды

Ұсыныс икемділігінің бағалық көрсеткіші (баға бойынша ұсыныс икемділігі, price elasticity of supply) осы игілік бағасының бір пайыздық өзгеруінен сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді.

Икемділіктің нүктелік коэффициенті бағаның аз ғана өзгеруі кезінде қолданылады.

Ұсыныстың бағалық икемділігінің коэффициенті ұсыныстың производная функциясы арқылы бейнеленеді: εsр = Q'(Р) * Р/Qs

Доғалық икемділікті - ол қарастырылатын ΔQs және ΔР өзгерістері маңызды болатын болса, икемділік коэффициенттерінің мәні баға мен ұсыныстың бастапқы және соңғы көрсеткіштерін қолдануда келіспеуі мүмкін.

εsр = ΔQs / ∆P * [(Р12) / (Qs1+Qs2) ]

Нөлдік икемділік. ΔQ=0 бағаның кез-келген өзгерісінде ΔQ = 0 мен εsр = 0 болғанда ұсыныс қисығы тек қана тік болады

Шексіз икемділік. εрs = ∞, ΔQ = ∞ бағаның шамалы ғана өзгерген жағдайында ұсыныс қисығы тек қана көлденең болады.

Тұрақты икемділігі бар ұсыныс қисығы – бұл дәрежелік функцияның сызбасы. Ұсыныс үшін: Qs = В* P, мұнда В = const > 0.

Тепе-теңдік бағасы сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болған кездегі баға.

Тепе-теңдік тауар көлемі дегеніміз сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасы тең болғандағы тауар саны.

Тауар нарығындағы тепе-теңдік сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең екенін, сұраныс бағасының ұсыныс бағасына тең екенін білдіреді:

Qd = Qs; Pd = Ps.

Артықшылықты ұсыныс көлемі = Qs1(P1) - Qd1(P1)

Артықшылықты сұраныс көлемі = Qs2(P2) – Qd2(P2)

Тұтынушылық артықшылық – бұл тұтынушының белгілі бір тауар санын сатып алуда төлеуге дайын максимум баға мен нақты төлейтін бағасы арасындағы айырма.

Өндірушінің артықшылығы – бұл өндірушінің бір тауар данасын сатудан нақты қанша түсім алатыны мен сол тауарларды сатудан алуға дайын минимумы арасындағы айырма.

Сауданың өзара пайдасы = тұтынушының артықшылығы + өндірушінің артықшылығы

«Баға төбесі»: мемлекет бағаның жоғарғы шегін тағайындау арқылы тұтынушыларға тепе-теңдік нарықтық

бағадан төменгі бағалар бойынша тауарларды сатып алу мүмкіндігін ұсынады.

«Бағалардың едені» – бұл тепе-теңдік бағадан жоғары бағаның төмеңгі шегін тағайындау.

Кәсіпкер (бизнесмен) – пайда табу мақсатымен өз ісін ұйымдастыратын, өз тәуекеліне және өз жауапкершілігіне байыланысты әрекет ететін адам.

Кәсіпкерлік, бизнес: 1) пайда табу мақсатымен тауарлар мен қызметтерді өндіруге бағытталған қызмет; 2) белгісіздік жағдайында дұрыс шаруашылық шешімдерді қабылдай білу қабілеті.

Жеке кәсіпорын – ұйымдастырушысы да, иесі де бір адам болып келетін шаруашылық ұйым, сондықтан ол ғана осы фирманың іс-әрекетіне толық жауап береді және түсетін табыстың барлығын алуға оның құқы бар.

Серіктестік немесе әріптестік - екі және одан да көп тұлғалармен ұйымдасқан және олардың меншігіндегі бизнес.

Акционерлік қоғам (АҚ) – бұл біріккен шаруашылық қызметті іске асыру үшін акцияларды шығару мен сату нысанында жеке (азаматтар) және заңды (кәсіпорындар) тұлғалардың өз мүлкін еркін біріктіру жолымен құралатын

шаруашылық ұйым. АҚ жарғылық қоры тең номиналды құнды белгілі акциялар санына бөлінген.

Акция – жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын тарту мақсатымен акционерлік қоғамдардың шығаратын бағалы қағазы.

Қаржы нарығы - ақшаларды қолданғаны үшін ақша төлеуге келісетін қарыз алушы немесе басқа адамдар мен осы жинақтардың иелері арасында айырбас жүргізілетін орын.

Жай акциялар - барлық шығындар мен салықтарды шегергеннен кейін қалатын пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.

Жай акциялардың ұстаушылары директорлар Кеңесінің мүшелерін сайлауға қатысады және басқа да дауыс берулерге қатыса алады.

Артықшылығы бар акциялар – дауыс беру құқығын бермейтін акциялар, бірақ олардың басқа артықшылығы бар: мұндай акциялардың ұстаушылары дивидендтерді бөлу бойынша шешім қабылданатын жағдайда өз пайдаларын бірінші болып алады.

Актив - компанияның өз иелігінде болады.

Пассив - қарыз капитал соммасы

Меншік капитал - компанияның активі мен пассиві арасындағы айырма.

Бөлінбеген пайда – бір бөлігі жаңа капиталды ресурстарды сатып алуға жұмсалатын компанияның жинақтаған қаражаттары (пайда).

Фирма - өндіріс факторларының өзара әрекетінің нәтижесінде өнім мен қызмет көрсету жасалатын және өткізілетін орын.

Фирманың көрінбейтін шығындары(ішкі шығындары):

  1. Меншігіндегі өндіріс факторларын қолданып, бақа қарастырылмаған варианттардың ең жақсысынан жоғалтқан табыстың ең жоғары сомасы.

  2. Кәсіпкерге тиісті, бухгалтерлік балансқа кірмейтін ресурстар шығыны және қосылған дұрыс пайда.

Еңбекті, шикізатты, материалдарды, жанар майды, транспорттық қызметті, энергияны жабдықтаушыларға фирма төлейтін ақшалай төленім (қолма қол шығын) көрінетін шығындар деп аталады.

Дұрыс пайда – кәсіпкерді осы өндірісте ұстап тұруға қажет ең төменгі төленім.

Бухгалтерлік пайда фирманың жалпы табысынан көрінетін (бухгалтерлік) шығынды алып тастағанға тең.

Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық шығын (көрінетін және көрінбейтін).

Қысқа мерзімді кезең - өндіріс факторларының бірінің мөлшері өзгеріп, екіншісінің мөлшері тұрақты болып қалатын уақыт аралығы.

Ұзақ мерзімді кезең – барлық өндіріс факторларының мөлшері өзгеріп отыратын уақыт аралығы.

Жалпы өнім(Q) – фирманың белгілі уақыт аралығында өндірген өнім көлемі.

Орташа еңбек өнімі(өнімділік,тиімділік) APL – бір еңбек бірлігіне (бір жұмысшыға) есептегендегі өнім саны.

Шекті еңбек өнімі MPL – қосымша еңбек бірлігін немесе еңбек күшін алғандағы жалпы өнімнің өсімі.

Тиімділіктің кему заңы: белгілі бір кезеңнен бастап тұрақты ресурс (капитал) өзгермейтін болғандағы айнымалы ресурстың (еңбектің) біртіндеп өсуі айнымалы ресурстың шекті пайдалылығының кемуіне әкеледі.

Жалпы шығындар (ТС) – фирманың барлық өнімін шығарумен байланысты шығындар.

Жалпы тұрақты шығындар (TFC) – фирманың жалпы шығындарының өнім өндіру көлеміне байланыссыз бір бөлігі. Мысалы, өндіріс ғимаратын жалға беру, банк қарызын процентпен төлеу, амортизация т.б.

Жалпы айнымалы шығындар (TVC) – фирманың жалпы шығындарының өндіріс көлеміне тікелей байланысты бір бөлігі. Мысалы, шикізат, материал, энергия, жанар май шығындары, жұмысшылардың жалақысы.

Шекті шығын (МС) – қосымша өнім бірлігін өндірудегі жалпы жалпы шығынның өсімін көрсетеді.

Жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ететін және жұмыспен қамтылу саласын үйлестіретін рынок еңбек нарығы деп аталады.

Жұмыссыздық- жұмысқа қабілетті және жұмыс істегісі келетін адамдардың жұмыс таба алмай жүрген кезіндегі еңбек нарығының жағдайы.

Жұмыссыздар—16 дан асқан, жұмыс істегісі келетін, белсенді түрде жұмыс іздеп, бірақ қандай да бір себептермен оны таба алмай жүрген еңбекке жарамды ересек тұрғындар.

Жұмыспен қамтылғандар—16 дан асқан жұмысы бар, яғни жалданушы болып істейтін, жеке бизнеспен айналысатын ремесе мемлекеттік қызметтегі еңбекке жарамды халықтың ересек бір бөлігі.

Экономикалық белсенді халық—еңбек нарығында жұмыс күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін елдегі тұрғындардың бір бөлігі.

Жұмыс күші-- тауар немесе қызмет көрсетуді өндіру процесінде қолдануға болатын дене және ой қабілеттерінің жиынтығы.

Жалақы—жұмысшыларға оның жұмыс күшін пайдаланғаны үшін төленетін төленім.

Жұмыссыздық деңгейі—жұмыссыздар санының экономикалық белсенді халық санына процентпен алғандағы қатынасы.

Номиналды жалақы—белгілі уақыт аралығындағы ақшамен көрсетілген жалақы

Нақты жалақы —номиналды жалақыға сатып алуға болатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің мөлшері.

Туынды сұраныс—фирмалардың өндіретін тауар және қызмет көрсетулерінің сұранысына тікелей байланысты болатын, оларды өндіргенде қолданылатын өндіріс факторларына сұраныс.

Оукен коэффициенті—циклды жұмыссыздық деңгейінің өзгеруінің ЖІӨ-нің өзгеруіне әсерін көрсететін сезімталдық коэффициенті.

Ақшамен көрсетілген еңбек өнімі(MRPL)-фирманың қосымша еңбек бірлігін қабылдағандағы жалпы табыс өсімінің өзгеруін көрсетеді.

Макроэкономикалық талдаудың құралы – экономикалық көрсеткіштерді жіктеу және олардың арасындағы байланысты құру. Мемлекет экономикалық жағдайға экономикалық саясат арқылы әсер ете алады.

ЖҰӨ- осы елдегі өндіріс факторларының бір жыл ішіндегі өз елінде және басқа елде өндірген барлық түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы нарықтық құны.

ЖІӨ - осы елдегі бір жыл ішінде өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны.

Түпкілікті тауарлар – ары қарай сатуға немесе өңдеуге емес соңғы пайдалануға сатып алынған тауар мен қызмет көрсетулер.

Қосымша құн – фирманың өнімін сатқаннан түсірген жалпы табысынан басқа фирмаларға материалдар мен қызмет көрсетулер үшін төлеген шығындарын алып тастағанға тең

Аралық тауар – ары қарай сату немесе өңдеу үшін сатып алынған тауарлар мен мен қызмет көрсету.

Номиналды ЖІӨ (ЖҰӨ) – нарықтағы ағымдық жалдағы бағамен көрсетілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіріс көлемі.

Нақты ЖІӨ - нарықтағы өзгермейтін, яғни базалық жылғы бағада көрсетілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіріс көлемі.

Экономикалық өсу – қоғамдық-экономикалық мақсаттардың ең негізгісі. (Ұлттық өнімнің сандық көбеюі және саалық тұрғыдан жетілуі).

Экономикалық циклдар – қоғамдағы экономикалық белсенділік деңгейінің периодты түрде ауытқуы.

Цикл – құлдырау, депрессия, жөндеу және өрлеу сияқты фазалардың бір-біріне ретімен ауысып отыратын уақыт аралығы.

Стагфляция – инфляцияның және өндіріс құлдырауының жұмыссыздықпен қатар бірге өсуі.

Дүниежүзілік шаруашылық – халықаралық сауда бөлінісі негізінде біріккен ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы

Халықаралық сауда – тауар мен қызмет көрсету экспорты мен импорты арқылы жүргізілетін халықаралық экономикалық қатыснастар түрі.

Протекционизм – импортты шектей отырып, ұлттық экономиканы шетел тауарларынан қорғауға бағытталған саясат

Фритредерлық саясат – еркін сауда саясаты

ТИК – трансұлттық компаниялар – серіктес компанияларды бірнеше елге орналастыру.

Импорт үлес = импорт / ЖҰӨ

Эскпорт үлесі = экспорт (теңге) / ЖҰӨ

Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келісім шарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Халықаралық валюталық қатынастар – дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Валюта – елдің ақша бірлігі; шетел мемлекеттерінің ақша бірлігі; халықаралық есептеу бірліктері және төлем құралы

Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігімен көрсетілетін бағасы

Кросс бағам – үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның қатынасы

Валюталық саясат – халықаралық валюталық және халықаралық экономикалық қатынастар көлемінде жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы

Валюталық саясаттың мақсаты – экономикалық өсуді қамтамасыз ету, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтату, төлем балансын тепе-теңдікте ұстау.

Валюталық интервенция – шетел валютасын сату, сатып алу;

Валюталық резервті диверсификациялау – валюталық резервтердің құрылымын зерттеу;

Девальвация – ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатысты төмендету;

Ревальвация – ұлттық валюта бағамын шетел валюталарға қатынасы бойынша жоғарлату.

Валюталық шектеу – валюталар операцияларын заңды түрде тыйм салу, шектеу.

Дисконттық (есепке алу) саясаты – ОҰБ-ң пайыз мөлшерлемесін өзгертуіне бағытталған;

Девиздік саясат – ОҰБ шетел валютасын сату, сатып алу арқылы ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі

Салық үкіметке төленетін төлем.

Пропорционалды салықтабыстың барлық деңгейінен бірдей пайыз алынатын салық.

Прогрессивті салық – төмен табысқа қарағанда, жоғары табыстан жоғары пайыз алынатын салық.

Регрессивті салықтөмен табыстан жоғары пайыз алынатын салық және керісінше.

Акциз – өндіріске немесе жеке тауар түрінің сатылуына салынатын салық.

Сыртқы әсерлернарықта кәсіпкерлер елемейтін әсерлер

39

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]