Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

Сұраныс (demand).

«Сұраныс» – бұл өнімді нақты және потенциалды сатып алушылардың мінез-құлқын сипаттайтын жалпы термин.

Сұраныс сатып алушының максималды мүмкіндіктерімен және белгілі бір тауарды сатып алу үшін төлем ақысын төлеуге максималды дайын болуымен анықталады.

Сұраныс сатып алушының мінез-құлқын көрсетеді және оны сұраныс шкаласы арқылы көрсетуге болады. Бұл шкала сатып алушының белгілі бір уақыт мерзімінде нарықтағы ұсынылған әрбір бағалар бойынша тауарды сатып алу дайындығын көрсетеді.

Тұтынушылар сатып алуға дайын өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған Х кейбір игіліктерінің санын сұраныс мөлшері, немесе сұраныс көлемі деп атайды.

Сұраныс мөлшері дегеніміз сатып алушылардың тұрақты баға бойынша сатып алғысы келген және сатып ала алатын тауарлар саны.

(Сұраныс саны) сұраныс мөлшері категориясының екі негізгі ерекшеліктерін айтуға болады:

біріншіден, сұранысы бар Х игілік саны- деп Х тауарына бағасымен қоса өздерінің талғамдарын, басқа тауарларға бағаларды және т.б. факторларды ескергенде сатып алғысы келген игіліктер санын айтамыз. Сондықтан Х тауарына сұраныс мөлшері сатып алушылар нақты сатып алған Х тауарының санынан өзгеше болуы мүмкін (бұл әсіресе Х тауарының жетіспеушілігі кезінде жақсы көрінеді);

екіншіден, Х тауарын сатып алуға дайындық дегеніміз қиялдау немесе арман емес; егер сатып алушылар Х тауарын сатып алуға дайын болса, яғни, оларда қажетті ақша соммасы бар деген сөз.

Сұраныс мөлшері белгілі бір жағдайда, белгілі бір уақытта сатып алушының сатып ала алатын белгілі бір игіліктің максималды санымен анықталады. Сұраныс көлемі – уақытпен өтіп жатқан ағын, сондықтан сұраныстың берілген саны қай уақыт кезеңіне жататынын анықтау қажет. Содан кейін берілген сұраныс көлемінің қалыптасу жағдайларын ескеру қажет.

Тауар бағасының өзгерісі

Сұраныс функциясы (сұраныс мөлшері) шамасының өзгерісі

Сұраныс қисық сызығы бойымен жылжу

Сұраныс қызметі (demand function) – бұл сұраныс көлемін анықтайтын факторлардан сұраныс көлемінің тәуелділігін көрсетеді.

Qd = Q (P, Pc, Ps, I, T, E, N)

Сұранысқа әсер ететін факторлар (сұраныс детерминанттары) тізімін кеңейтуге болады. Бірақ көбінесе келесідей қарастырылады: қарастырып отырған факторлардың саны азайтылады, нақты түрде бұл қалған басқа факторлар өзгеріссіз қалады деп саналады. Сонда сұраныс көлемі сол тауар бағасына тәуелді екенін көруге болады:

Qd = Q (P)

Сұраныс көлемі (сұраныс саны, сұраныс мөлшері, ағыл. quantity demanded) Qd – бұл белгілі бір баға бойынша, белгілі бір уақытта сатып алушылардың сатып алғысы келетін және сатып ала алатын (сатып алуға дайын) тауарлар саны.

Бағаға тәуелді сұраныс функциясы – басқа қалған факторлар тұрақты болған жағдайда сұраныс мөлшерінің бағаға тәуелділігі. Сұраныс функциясын кесте (сұраныс шкаласы), график (сұраныс қисық сызығы) және формула түрінде көрсетуге болады.

Сұраныс қисық сызығы (demand curve) – берілген уақыт кезінде әртүрлі бағалар бойынша сатып алушылардың қанша икіліктер санын сатып алуға дайын екенін көрсететін қисық сызық.

Сұраныс қисық сызығы теріс көлбеуді білдіреді.

Qd = Q (P, Pc, Ps, I, T, E, N)

Qd – тауарға деген сұраныс мөлшері,

Р – тауар бағасы (price),

Рс – тұтынуда берілген тауарды толықтыратын тауарлардың бағасы (complements),

Ps – тұтынуда берілген тауарды алмастыратын тауарлардың бағасы (substitutes),

I – тұтынушылардың табысы(income),

Т – тұтынушылардың талғамы (tastes),

E – тұтынушылардың күтуі (еxpectations),

N – тұтынушылар саны.

Берілген тауардың бағасынан басқа барлық факторлар сұраныстың бағалық емес детерминанттары деп аталады.

Барлық басқа шартттар бірдей болған кезде баға бойынша сұраныс функциясын келесідей көрсетуге болады: Qd = Q (P)

Берілген тауар бағасы мен тауарға деген сұраныс мөлшері арасында кері байланыс болады.

Барлық басқа шарттар бірдей болған жағдайда баға жоғары болған сайын, сұраныс мөлшері аз болады. Бұл сұраныс заңы деп аталады.

Бұл тәуелділік эмпирикалық түрде табылған.

Сұраныс заңын келесі жағдайлардың әсерімен түсіндіруге болады:

  • Жаңа сатып алушының эффектісі: бағаның төмендеуі жаңа сатып алушыларда берілген тауарға деген сұранысының пайда болуына ықпалын тигізеді.

  • Алмастыру эффектісі: бағаның төмендеген кезінде адамдар бағасы өзгермеген алмастырушы тауарлардан бас тарта бастайды және олар арзан тауарларды көп сатып алғысы келеді.

  • Табыс эффектісі: бағаның төмендеуі адамдарда бос ақша соммасы пайда болуына әкеледі және оны олар, көбінесе, арзан тауарларды сатып алуға жұмсайды.

Сұраныс заңынан тыс ережелер:

«Гиффен парадоксы»

бағаның өсуі игілікке деген сұраныс мөлшерінің

өсуіне әкеледі

«Веблен тауарлары»

ең мәртебелі тауарлар

адамдардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын арзан және құны аз игіліктер. Оларды сатып алу үшін жұмсайтын шығындары табысы төмен жанұялардың шығындарында үлкен үлесті алады

қоғамда өзінің әлеуметтік жағдайын көрсету мақсатында сатып алынатын ең мәртебелі тауарлар. Оларды сатып алушылар қымбат болғаннан кейін сатып алады.

Жеке сұраныс – бір сатып алушының сұранысы.

Сұраныстың сызықты функциясы арқылы сұраныс функциясын көрсетуге болады:

Qd = a – bP, мұндағы

Qd – берілген тауарға деген сұраныс саны;

Р – берілген ; а – минималды, бағаға тәуелді болмайтын сұраныс көлемі;

b – тұтынушының баға өзгерісіне әрекетін сипаттайтын коэффициент.

Мысалы: сұраныс функциясы сызықты функциясымен берілген Qd = 20 – 3Р, сонда баға жоғарлаған кезде сұраныс көлемі азаяды. Егер Р1 = 2 болса, онда Qd =14 болады, ал Р2= 4 болғанда, Qd = 8.

Тауарға деген сұраныс көлемі міндетті түрде сатып алынған тауардың көлеміне сәйкес болмау мүмкін, себебі сатушылар да, сатып алушылар да бірігіп нарықта сатып алынған тауарлар санын анықтайды.

Сұраныс шкаласы басқа барлық шарттар бірлдей болған жағдайда сатып алушылардың төмеңгі бағамен көп тауарларды, жоғарғы бағалармен аз тауарларды сатып алғысы келетінін және сатып алу қабілеті бар екенін көрсетеді.

Басқа сөзбен айтқанда, тауар бағасы мен тауарға деген сұраныс көлемі арасында кері тәуелділік (байлныс) бар. Мысалды қарастырайық. Берілген тауардың үш сатып алушысы бар және олардың әрқайсысы өздерінің жеке талғамдары мен тілектеріне сәйкес сол тауарды сатып алуға дайын. Біріншісі бұл тауардың бір данасын тауардың бағасы 1500 теңгеден аспаса ғана сатып алады; екіншісі тауардың бір данасын, егер тауар бағасы 1800 теңгеден көп болмаса, ғана сатып алады; үшіншісі осы тауардың бір данасын тауардың бағасы 2000 теңгеден жоғары болмаса ғана сатып алады. Сонда қарастырып отырған тауарға деген сұранысты келесі кесте бойынша көрсетуге болады:

Р

Р > 2000

1800 < Р ≤ 2000

1500 < Р ≤ 1800

Р ≤ 1500

Qd

0

1

2

3

Және график түрінде келесідей болады:

Бағаның өзгерісі сұраныс мөлшерінің өзгерісіне әкеледі, бұл сұраныс қисық сызығының бойымен жылжуды білдіреді.

∆Q / ∆P қатынасына тең сұраныс қисық сызығының көлбеуі (көлбеу бұрышының тангенісі) теріс, себебі сұраныс мөлшерінің өзгерісі (∆Q) және бағаның өзгерісі (∆P) әртүрлі таңбаға ие болады. Сұраныс қисық сызығының көлбеуінің теріс болуы сұраныс заңының салдарынан болып отыр.

Сұраныстың сызықтық емес функциясы үшін сұраныс қисық сызығының көлбеуі өзгереді (1 сурет).

Сызықты сұраныс функциясы Qd = a – bP үшін сұраныс қисық сызығынның көлбеуі: ∆Q / ∆P = −b (2сурет).

Сұраныс функциясы

Сұраныстың тура функциясы

Qd = Q (P)

Сұраныстың кері функциясы

Pd = P (Q)

Мысалы: Qd = 3 - 5Р –сұраныстың тура функциясы;

Р = 0,6 - 0,2Q – сұраныстың кері функциясы.

СҰРАНЫСТЫҢ БАҒАЛЫҚ ЕМЕС ДЕТЕРМИНАНТТАРЫ.

СҰРАНЫСТЫҢ БАҒАЛЫҚ ЕМЕС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ.

  1. Тұтынушылар табысының өзерісі.

Тауарға деген сұраныс тұтынушылар табысының өзгерісіне тәуелді болады.

Егер тұтынушылар табысының жоғарлауы тауарға деген сұранысты өсіретін болса, онда мұндай тауарларды қарапайым тауарлар деп атайды. Бірақта мынандай жағдай да болуы мүмкін: басқа факторлар тұрақты бірдей болғанда тұтынушының табысы жоғарлаған кезде, кейбір тауарларды аз сатып ала бастайды. Мысалы: табыс жоғарлаған кезде маргаринді тұтыну мөлшері азаяды, себебі сатып алушылар сары майды сатып ала бастайды. Маргарин сияқты, мұндай тауарлар түрлерін инфериорлы немесе төменгі сапалы тауарлар деп атайды. Сатып алушылардың табысы жоғарлаған кезде, қарапайым тауарларға сұраныс қисық сызық оңға, ал инфериорлы тауарларға- солға жылжиды.

Қарапайым игілікті сатып алушылардың табысы жоғарлады, ол игіліктің сұраныс қисық сызығы Qd = 20 – 3Р функциясымен көрсетілген. Сонда берілген игіліктің мүмкін болатын бағаның әрбір шамасында осы игіліктің тұтыну көлемі өседі (мысалы: тұтынудың көлемі 10 данаға өсті) және сәйкесінше сұраныс функциясы да өзгереді Qd (Р) : Qd = 30 – 3Р. Басқаша айтқанда, сұраныс функциясын тек қана табыс бойынша тәуелділігін былай жазуға болады: Qd = 5 + 2I, мұндағы І – бұл табыс.

Игіліктер

Қарапайым

Инфериорлы (төмен сапалы тауарлар)

табыс өскен кезде, сұранысы өсетін игіліктер.

табыс өскен кезде, сұранысы төмендейтін игіліктер.

P P

D2 D1

D1 D2

Q Q

I↑ => сұраныс↑ I↑ => сұраныс↓

3 сурет. Қарапайым 4 сурет. Инфериорлы

  1. Берілген тауармен байланысты басқа тауарлардың бағаларының өзгерісі

Тауарға деген сұраныс басқа тауарлардың бағасының өзгерісіне тәуелді болады.

Егер бір тауардың бағасы қымбаттаған кезде басқа тауардың сұранысының өсуіне әкелетін болса, онда мұндай тауарларды бірін-бірі алмастыратын тауарлар (алмастырушылар немесе субституттар) деп атайды.

Мысалы, тауық еті және күрке тауық еті. Тұтынуда бірін-бірі алмастыратын екі Х және Υ тауарлары үшін Υ игілігінің бағасының өсуі Х тауар сұранысының өсуіне әкеледі. (сур.5, сур.6).

Х тауарына сұраныс функциясы баға бойынша тәуелділік Qd = 20 – 3Р берілсе, онда Υ тауарының бағасының өсуі кезінде ол келесідей функцияға ие болады: Qd = 25 – 3Р, яғни Х тауарының бағасының әрбір шамасында Х игілігін тұтыну жоғарлайды. Υ Тауар бағасына тәуелділікте Х тауарына сұраныс функциясын алгебралық түрде келесідей көрсетуге болады: Qd = 7 + 2Ру.

Егер бір тауардың бағасының қымбаттауы басқа тауарлардың сұранысының төмендеуіне әкелетін болса, онда мұндай тауарларды бірін-бірі толықтыратын тауарлар (толықтырушылар немесе комплементтер) деп атайды

Мысалы, бензин және автокөлік. Бірін-бірі үшін толықтырушылар болатын екі Х жәнеΥ тауарлары үшін Υ тауарының бағасының өсуі Х тауарына сұраныстың төмендеуіне әкеледі. Х тауарына сұраныс функциясы үшін, сұраныс функциясы келесідей берілген Qd = 20 – 3Р, Υ тауарының бағасының өсуін Qd = 15 – 3Р функцияның өзгеруі ретінде көрсетуге болады, яғни Х тауарының әрбір шамасында Х тауарды тұтыну азаяды. Υ Тауар бағасына тәуелділікте қарастыра отырып, Х тауарына сұраныс функциясын алгебралық түрде келесідеі көрсетуге болады: Qd =12 – 0,5Ру.

Игіліктер

Толықтырушылар (комплементтер,complements)

Алмастырушылар (субституттар, substitutes)

Тұтынуда бірін-бірі толықтыратын игіліктер

Тұтынуда бірін-бірі алмастыратын игіліктер

Р Р

10

D1

D2 Qd = 25 - P

D2 D1 Qd = 19 - P

Q 9 15 Q

Pc↑ => берілген игілікке сұраныс↓ Ps↑ => берілген игілікке сұраныс ↑

4 сурет. Бірін-бірі толықтыратын игіліктер 5 сурет. Бірін-бірі алмастыратын игіліктер

  1. Сатып алушылардың күтуі:

- келеште бағалардың өзгерісін;

- келешекте табыстың өзгерісін.

Сатып алушылардың күтуінің өзгерісі сұраныс қисық сызығының жылжуына себеп болуы мүмкін.

Егер келешекте жалақы жоғарлайды деп күтілсе, онда адамдар дәл қазір тауарларды көп сатып ала бастайды, яғни тауарларға деген сұраныс өседі.

  1. Сатып алушылардың саны

Егер сатып алушылар саны көбейетін болса, сұраныс жоғарлайды. Мысалы, туу санының өсуі балалар тауарларына сұраныстың жоғарлауына әкеледі.

  1. Сатып алушылардың талғамы, мода.

Сатып алушылардың талғамы мен тілектері жиі өзгеріп отырады. Мысалы, жарнаманың әсері жарнамаланған тауарға сұраныстың өсуіне ықпалын тигізеді. Жыл маусымы да сатып алушылардың талғамына әсер етеді.

  1. Мемлекеттік реттеу.

Егер жалақыға салынатын салықты жоғарлататын болса, онда сатып алушылар иелігінде қалатын табыс азаяды, ол өз кезегінде тауарларға деген сұраныстың төмендеуіне әкеледі. Субсидияларды тағайындау сатып алушыларға кері әсер етеді.

Сұраныстың бағалық емес факторларының өзгерісі

Сұраныс функциясының өзінің өзгерісі

Сұраныс қисық сызығының жылжуы

Сұраныстың бағалық емес факторларының өзгерісі сұраныс қисық сызығының жылжыуна әкеледі

(shifts in the demand curve).

Сұраныстың өсуі – оңға және жоғары жылжу, сұраныстың төмендеуі – солға және төмен жылжу.

Жеке сұраныс қисық сызығынан нарықтық сұраныс қисық сызығына өту қалай?

Сатып алушылардың жеке-жеке алғандағы сұраныс қисық сызықтары бір-бірінен өзінің формасымен ерекшеленеді.

Нарықтық сұраныс деп берілген тауарға барлық сатып алушылардың сұраныс көлемін айтады.

Нарықтық сұраныс (market demand) берілген игіліктің барлық тұтынушыларының жеке сұранысын қосу нәтижесінде қалыптасады: берілген баға деңгейінде барлық тұтынушылардың сұраныс көлемдері қосылады

Qd1 = 10 - 0,5P; Qd2 = 12 - P; Qd3 = 16 - 4P

Р

Р > 2 0

12 < Р ≤ 20

4 < Р ≤ 12

0 < Р ≤ 4

Qd

0

10 - 0,5Р

22 - 1,5Р

38 - 5,5Р

Нарықтық сұраныстың функциясын аналитикалық түрде келесідей көрсетуге болады:

12 < P ≤ 20 болғанда 10 - 0,5P;

Qd = 4 < P ≤ 12 болғанда 22 - 1,5P;

0 < P ≤ 4 болғанда 38 - 5,5P.

Графикалық түрде нарықтық сұраныс функциясын №7 суретте көрсетілген:

Р Р Р

2 0

12

4

10 Q 12 Q 16 Q

Бірінші сатып алушының

сұраныс функциясының

графигі

Екінші сатып алушының

сұраныс функциясының

графигі

Үшінші сатып алушының

сұраныс функциясының

графигі

Енді барлық үші сатып алушылардың нарықтық сұраныс функцияларының графигін тұрғызайық:

P

20

12

4

D3 Dm

D1 D2

4 10 12 16 38 Q

7 сурет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]