- •Мазмұны
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. Ресурстардың шектеулілігі
- •Кесте 2. Өндіріс мүмкіншіліктерінің кестесі
- •1 Сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
- •Экономикалық жүйе түрлері
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. (есептер, тест сұрақтары)
- •Өз бетімен шығаруға арналған есептер
- •Тест сұрақтары
- •Әрбір экономикалық жүйе ресурстардың шектеулілігі факторына тап болады дегенде не туралы сөз болып отыр:
- •Өндірістік мүмкіншіліктер қисық сызығын сызған кезде төменде аталған экономикалық ұғымдардың қайсысын тікелей мысал ретінде көруге болады:
- •2 Тақырып. Сұраныс. Ұсыныс.
- •Сұраныс (demand).
- •Ұсыныс.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныстың икемділігі.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігі.
- •IV. Тапсырмалар
- •VI тест 2. Төмендегінің қайсысы дұрыс?
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті.
- •1. Сұраныс өзгерісіне реакция.
- •2. Ұсыныс өзгерісіне реакция.
- •3. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей өзгерісне реакция.
- •Нарықтық бағаны белігеуде мемлекеттік реттеудің салдарлары
- •Салықтар мен дотациялар;
- •Директивті бағалар (бағаның жоғарғы және төмеңгі шегін тағайындау)
- •3. Сату көлемін реттеу
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті (есептер, тест сұрақтары).
- •Қорытынды: алынатын түсімнің ең көп мөлшері тепе-теңдік баға кезінде болады. Тест
- •Тест жауаптары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Жеке бизнес
- •Жеке нысан: артықшылығы мен кемшілігі
- •Серіктестік бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде
- •Серіктестік: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың акционерлік нысаны
- •Акционерлік қоғам: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың арнайы нысандары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары (есептер, тест сұрақтары)
- •1 Тапсырма
- •«Алтын кілт» ертегісі.
- •Есептер
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлікті қаржыландыру
- •Қаржы нарығы
- •Қысқа мерзімді қаржыландыру
- •Ұзақ мерзімді қаржыландыру
- •Акциялар
- •Кәсіпорын жаңа капитал шығарады
- •Кесте 1. Қызмет түрлері бойынша таза табыс, млн. Теңге
- •Тақырып 6. Кәсіпкерлікті қаржыландыру (есептер, тест сұрақтары)
- •Тест 1.
- •Жауап бланкісі
- •Есеп 1.
- •Тест 2.
- •Жауап бланкісі
- •Есептер 2
- •7 Тақырып. Фирма шығындары.
- •Шығындар
- •Шығын түрлері
- •Өнімді өндіру үшін фирманың қолданатын сыртқы және ішкі өндіріс факторлары
- •Шекті шығындар
- •Фирма шығындары
- •Пайданың ең жоғары болу шарты
- •Өндіріс масштабының (көлемінің) әсері
- •Қорытынды
- •7 Тақырып. Фирма шығындары (есептер, тест сұрақтары)
- •II.Есептер
- •III. Тест
- •8 Тақырып. Бәсекелестік. Рынок құрылымы.
- •Бәсекелестік
- •Рынок құрылымы
- •Қорытынды
- •2 Тапсырма
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма. Түрмедегідер диллемасы
- •3 Тапсырма. Бензоқұбырлар дуэлі
- •4 Тапсырма. Авиокомпания ісі: ірі болған сайын жақсы ма?
- •9 Тақырып. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары.
- •Еңбек нарығы
- •Еңбек ресурстары және жұмыссыздық
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Фрикционды жұмыссыздық
- •Құрылым жұмыссыздығы
- •Циклды жұмыссыздық
- •Жасырын жұмыссыздық
- •Табиғи жұмыссыздық түсінігі
- •Жұмыссыздықтың салдары
- •Оукен заңы
- •Қосымша материал.
- •Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •Жай мерзімді
- •Мерзімді-сыйақылы
- •Еңбек нарығы қалай жұмыс жасайды
- •Еңбекке сұраныс
- •Жоғары мөлшерде пайда алу шарты
- •Еңбек ұсынысы
- •Нарықтық тепе-теңдік
- •Қызмет түріне орай еңбекақы деңгейіндегі айырмашылықтар
- •Жалқының ең төменгі деңгейін мемлекеттік реттеу
- •Тақырып 9. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары. (есептер, тест сұрақтары)
- •II. Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар тест
- •1 Тест сұрақтарына жауаптар
- •III. Еңбек нарығы және жалақы
- •Келесі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы қате екенін көрсетіңіз.
- •Келтірілген жауаптардың қайсысыд ұрыс екенін көрсет.
- •Тапсырмалар мен есептер
- •Жұмыспен қамтылғандар және жұмыссызлар. Жұмыссыздықты өлшеу.
- •Терминдермен түсініктерге сәйкес анықтамаларын табыңыз:
- •№3 Тест
- •Есептер
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық
- •Экономикалық тұрақтылық
- •Макроэкономиканың мақсаты мен құралдары
- •Жалпы ұлттық өнім. Жалпы ішкі өнім.
- •Жұө табыс тәсілімен есептеу
- •Жіө өндірістік әдіспен есептеу.
- •Қосымша құнды есептеу
- •Ұлттық шоттың басқа көрсеткіштері
- •Номиналды және нақты жүө
- •Экономикалық циклдар
- •Макроэкономикадағы тепе-теңдік
- •Тепе-теңдік баға деңгейі мен ұлттық өндірістің нақты көлемі
- •Жұмыспен қамтудың кейнсиандық теориясындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Жұмыссыздықты шектеу мақсатындағы экспансия саясаты
- •Инфляцияны шектеу мақсатындағы рестриктивті саясат
- •Экономиканы ақша-несие және бюджеттік реттеу әдістері
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық (есептер, тест сұрақтары) тест 1.
- •Тест 2.
- •Дұрыс сөйлемді анықта:
- •12 Тақырып. Халықаралық сауда
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет
- •Экономикадағы мемлекет
- •1.1 Жеке меншік құқығын сақтау
- •1.2 Сыртқы әсерлерді ескеру
- •1.3 Нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету
- •1.4 Тұтынушыларды қорғау
- •1.5 Экономиканы тұрақтандыру
- •1.6 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •1.7 Қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету
- •1.8 Мемлекеттік және жеке сектордың өзара әрекеті
- •1.9 Үкімет өз ақшасын қалай жұмсайды
- •1.10Үкіметтік табыстардың көздері
- •Қорытынды
- •Қазақстан республикасы бойынша қосымша материал
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет. (есептер, тест сұрақтары) тест
- •Ойлануға арналған сұрақтар
- •5 Нарық Соңғы тауарлар мен қызметтер 6 Нарық 1 Жаттығу
1.1 Жеке меншік құқығын сақтау
Нарықтар «ойын ережелерін» жедел түрде қалыптастырмайды және қуаттамайды. Нарықтың қызмет етуіне араласу және оның әділдігін қамтамасыз ету үшін бейтарап жақтың қатысуы қажет. Мысалы, меншік құқығы нақты белгіленбей және қамтамасыз етілмей, адамдар нарықта еркін айырбас жасай алмайды. Егер меншік құқығы қорғалмаған болса, адамдар біреу олардың үйін, мәшинесін немесе жеке заттарын алып қояды деп қорқады. Ережесі жоқ қоғамда ресурстарды сақтау мен оларға инвестициялау тарапынан қызығушылық болмайды. Егер, келісімдерді бұзу жазаланбайды болса, онда оларды ешбір адам жасамайтын болады. Сенімнің бұл негізінсіз нарықтар шығынға ұшырайды, несие берушілер мен компаниялар, компаниялар мен еңбек ресурстары арасында үйлестік болмайды. Жалпы алғанда, меншік құқығы экономиканың қызмет етуі мен өркендеуі үшін аса қажет. Тек үкімет пен соттың көмегімен ғана адамдар қажетті ережелерді анықтай алады және жеке келісімдердің сақталуын байқай алады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік тең деп танылады және қорғалады ( ҚР Конституциясы, 6 бап 1 тармақ)
1.2 Сыртқы әсерлерді ескеру
Үкімет сыртқы әсерлер деп аталатын нарықтан тыс сыртқы шығындар мен артықшылықтарды есепке алумен айналысады. Олар тауарлар мен қызметтер өндірісінің шығындары өндірушілер мен тұтынушылардың мәселесі емес, осы шығындарды өтейтін үшінші жақ - қоғамның өзекті мәселесі болып саналатын кезде орын алады. Экономисттер бұл шығындар мен артықшылықтарды сыртқы деп атайды, себебі, олар шешім қабылдаушының қызмет шеңберінен асып түседі. Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны күзетуді мақсат етіп қояды (ҚР Конституциясы, 31 бап 1тармақ).
Сыртқы әсерлер су жағалауына жақын аймақта кемелерді тазалаумен айналысатын фирмада орын алуы мүмкін. Кемелерді тазаланғаннан кейін суды өзенге ағызады. Бұл суда адамдар үшін қауіпті ештеңе болмаса да, онда балықтардың уылдырық шашуына кері әсерін тигізетін химикаттар болады. Отельдер, балық аулауға қажетті заттарды сататын дүкендер, спорт тауарлары дүкендері балықтардың кемуі салдарынан шығынға ұшырайды, себебі, балық аулауды ұнататын туристтер басқа демалу орындарына көшеді.
Кемелерді тазалайтын компанияның иесі өзі ұсынатын қызметтердің шығындарына өз іс-әрекетінің жағымсыз салдарын енгізбейді. Себебі, бұл салдар оның тікелей шығындарына әсер етпейді. Сондықтан оның клиеттері бұл шығындар үшін төлем төлемейді. Керісінше, бұл шығындарды бизнесі балық санының төмендеуінен жапа шеккен адамдар төлейді.
Нарықтар мұндай шығындарды бөле алмайтын кезде, өз шығындарын басқа адамдардың немесе фирмалардың мойнына асып қойған компанияларға сыртқы шығындар бойынша есеп беруге сендіру үшін белгілі әрекеттерді қабылдай алады. Мысалы, кемелерді жуатын компанияға жуатын құралдағы балықтардың көбеюіне әсер ететін химикаттан айырылу керектігі туралы үкім шығаруы мүмкін. Сонымен қатар, компания шығындалған кәсіпкерлердің шығындарын өтеуі қажет. Олай болмаған жағдайда, бұл шығындарды жуу орнының иелері мен олардың клиенттері төлейді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Агенттік сыртқы шығындармен әрекет етеді, ол ауа мен судың тазалық стандарттарын белгілейді және олардың сақталуын байқайды. Компаниялар немесе жеке азаматтар ауаны немесе суды қолданған кезде, олар бұл ресурстарды сыртқы ортаға қайтару алдында стандарттарға сай тазалауы керек.
Сыртқы артықшылықтар да өндірушінің қызмет шеңберінен асуы мүмкін. Мысалы, медициналық клиника түрлі жұқпалы ауруларға қарсы егу шараларын жасайды. Егу шаралары жасалған адамдар ұтады, бірақ, егу шаралары жасалмаған адамдар да ұтады, себебі, ауруды жұқтыру тәуекелі едәуір төмендейді. Адамдар тікелей ала алатын артықшылықтарды (сыртқы артықшылықтарға қарағанда) қабылдайды, сондықтан, үкімет осындай іс-шараларды жүргізуді талап етуі мүмкін және де, тұрғындарды сал ауруынан сақтандыру үшін егу шараларын жүргізу секілді, олардың өткізілуін қаржыландырады.
