Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать
  1. Жұө табыс тәсілімен есептеу

  1. Жалданушы жұмысшылардың еңбегінің ақысы (жалақығ әлеуметтік ж»не медициналық төлемдер, зейнетақы қоры)

  2. Пайыз

  3. Рента

  4. Пайда

  5. Амортизация

  6. Жанама жалақы

  1. Жіө өндірістік әдіспен есептеу.

Тауарлар мен қызмет көрсетулерді қайталап санамас үшін ЖҰӨ-ді жалпы құнымен емес қосымша құнымен санайды. Ол өнімнің осы фирма өндірген бөлігінің құнымен анықталады.

Мысал қарастырайық. Онда көйлек шығару процесінің бес кезеңі көрсетілген. Әрбір кезеңде кәсіпорындар алдыңғылардан аралық тауар сатып алады да оған өз өнімін қосады. Қосатын өнімнің құны қосымша құн деп аталады. Ол фирманың өткізген өнімнің құнынан жабдықтаушылардан асып қолданған материалдардың құнын алып тастағанға тең.

Қосымша құнды есептеу

Өндіріс кезеңдері

Сату баға

Қосымша құн

есептеуі

сомасы

  1. Қой шаруашылығы фирмасы

Аралық өнім - 60

60-0

60

  1. Жүн өңдейтін фирма

Аралық өнім – 100

100-60

40

  1. Тігін фабрикасы

Аралық өнім – 125

125-100

25

  1. Көтерме сауда

Аралық өнім – 175

175-125

50

  1. Жеке сауда

Түпкілікті тауар 250

250-175

75

Мысалдан түсінгеніміздей аралық тауар деп ары қарай өңдеуге немесе қайта сатуға арналып сатып алынған тауарлар мен қызмет көрсетулерді айтады.

Түпкілікті тауарлар пайдану үшін сатып алынатын тауарлар.

Ұлттық шоттың басқа көрсеткіштері

  1. ЖІӨ - жалпы ішкі өнім

  2. ТҰӨ - таза ұлттық өнім

ТҰӨ = ЖҰӨ - Амортизация

  1. ҰТ- ұлттық табыс

ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар

  1. ЖТ- жеке табыс

ЖТ = Ұлттық табыс - әлеуметтік сақтандыру төлемі

  • корпорация пайдасының салығы

  • корпорацияның бөлінбейтін пайдасы

+ трансферттік төлемдер;

  1. Салықты төлегеннен кейінгі табыс = жеке табыс – жеке салықтар

Номиналды және нақты жүө

Номиналды ЖІӨ - нарықтағы ағымдық жылдағы бағамен көрсетілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіріс көлемі.

Нақты ЖІӨ - нарықтағы өзгермейтін, яғни базалық жылғы бағада көрсетілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіріс көлемі.

ЖІӨ нақты = ЖІӨ номиналды / Р ЖІӨ

Р ЖІӨ - барлық түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің баға индексі (дефлятор)

ЖІӨ номиналды = Q1 P1 + Q2 P2 + …+ Qn Pn = ∑ Qi Pi

ЖІӨ нақты = Q1 P10 + Q2 P20 + …+ Qn Pn 0 = ∑ Qi Pi0

P0 - барлық жылғы баға

Р ЖІӨ = ЖІӨ номиналды / ЖІӨ нақты

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ МЕН ОНЫ ЕСЕПТЕУ

Экономикалық өсудің екі жолы

Жалпы ішкі өнімнің өсуі экономикалық өркендеуге тура әсер етеді.

Экономикалық өсу – ол қоғамның экономикалық өсуі, екі түрлі жолмен анықталады:

  1. ЖІӨ мен ТҰӨ белгілі бір уақытта бірдей өсуі

  2. белгілі бір уақытта ЖІӨ мен ТҰӨ нақты халық санының көбеуіне байланысты өсуі.

Егер бірінші қағидадан мемлекеттің экономикалық мүмкіншілігінің артуын көрсек, екінші қағидадан халықтың өмірлік жағдайының жақсарғанын көреміз.

Осы анықтамаларды пайдалана отырып экономикалық өсу қарқыны = [ (ЖҰӨ - ТҰӨ) / ЖҰӨ ] х 100%

Экономикалық тұрақтылық

Нарықтық экономика өзінің тұрақсыздығымен, экономикалық бірқалыпты еместігімен ерекшеленеді. Бірақ бұл тұрақсыздық қатер емес, бұл экономикалық жүйенің құлауына және бұзылуына алып келеді деп шешуге болмайды. Мемлекет экономикалық саясатында экономкалық тұрақсыздықты ескеруі қажет.

Экономикалық саясаттың мақсаты экономикалық қызметінің өсуі мен өркендеуінің бір қалыптылығын қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік саяси жүйені қалыптастыру.

Экономикалық тұрақсыздықтың көптеген түрлерінің ішінде негізгілері болып:

  • ЖІӨ циклдық қозғалысының инвестицияға, тұтынуға жұмыспен қамтылуға әсері;

  • Жұмыссыздық;

  • Инфляция.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]