Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық

Сабақтың мақсаты:

  1. ЖІӨ мен ЖІӨ-нің анықтамасы және есептеуімен байланысты ұғымдарды, олардың ұлттық шоттар жүйесіндегі, экономикалық тұрақсыздықты реттеудегі ролін терең деңгейде қарастыру.

  2. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарының салынуын анализдеу.

  3. Макроэкономикалық тұрақтылық пен экономиканы тұрақтандырудағы мемлекет саясатының түрлерін қарастыру

Сабақтың міндеттері:

    1. Макроэкономиканың мақсаты мен құралдарын қарастыру

    2. ЖҰӨ үш тәсілмен есептеп алуға үйрету

    3. Есеп шығару арқылы номиналды және нақты ЖІӨ есептеп үйрету

    4. Макроэкономикалық тұрақтылықты және мемлекет саясатының түрлерін графиктер мен схемалар арқылы қарастыру

    5. Экономика саласындағы мемлекет саясатын анализдеу

    6. 1, 2 тестерді талдау

Қарастырылатын сұрақтар:

  • Ұлттық шоттар жүйесін қарастыру және елдің экономикалық дамуындағы оның мәнін анықтау

  • ҰШЖ негізгі көрсеткіштері (ЖҰӨ, ЖІӨ, ҰТ, ТҰТ, ЖТ)

  • Экономикалық циклділігіне ерекше назар аудару

  • Экономикалық тепе-теңдік. Жиынтық сұраныс. Жиынтық ұсыныс.

  • Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін қарастыру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

ЖІӨ, ЖҰӨ, нақты және номиналды ЖІӨ, қосымша құн; ЖІӨ табыс, шығын, қосымша құн арқылы есептеу; аралық тауар, түпкілікті тауар, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, индекс-дефлятор, экономикалық өсу, өрлеу, құлдырау, шың, депрессия, экономиканы тұрақтандыру, экономиклық цикл, дамудың интенсивті және экстенсивті жолдары, фискалдық саясат, аөша-несие саясаты.

Экономикалық тұрақтылық

Экономиканың мақсаты мен құралдары ХХ ғ. 30 жылдарында адамдар экономиканың тұтас механизм ретінде қызмет етуінің проблемаларымен кездесті. Дамыған капиталистік елдердегі ұзаққа созылған өндіріс құлдырауы және жаппай жұмысссыздық (Ұлы депрессия) экономиканың алдында көптеген сұрақтар қойды. Микроэкономикалық теория оған жауап бере алмайды. Экономиканы жалпылап, бір жүйе ретінде зерттелетін әдістер қажет болды.

Бұл тапсырманы белгілі ағылшын экономисі - Джон Мейнард Кейнс шешті. Оның зерттеулері экономикалық проблемаларды қарастыруда нағыз революция болды. Кейнс макроэкономикалық теорияның негізін қалаушысы болып табылады.

Макроэкономикалық анализ пәні экономикалық көрсеткіштердің жіктелімі және олардың арасындағы байланыс болып табылады. Мемлекет өзінің экономикалық жағдайына экономикалық саясат арқылы әсер ете алады.

Макроэкономиканың мақсаты мен құралдары

Мақсаты

Құралдары

Өндіріс көлемі:

Жоғарғы деңгей – нақтылы да, салыстырмалы бар потенциалды да,

өсудің жоғары темпі (негізгі көрсеткіші – ЖҰӨ)

Фискалдық саясат:

үкіметтің шығындары, салық жүйесі

Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту жоғары деңгейде, еріксіз жұмыссыз болу төмен.

Ақша-несие саясаты: ақша ұсынысын пайыз мөлшері арқылы бақылау

Баға деңгейі. Еркін рыноктағы тұрақты баға деңгейі; инфляция деңгейі, нөлге жуық (көрсеткіші – баға индексі, инфляция темпі)

Табысты реттеу саясаты: жалақыны еркін белгілеуден заңды бақылауға дейін

Сыртқы баланс: экспорттық, импорттық тепе-теңдік; айбарыс бағамының тұрақтылығы

Сыртқы экономикалық саясат: сыртқы бақылау, айырбас бағамын басқару

Экономиканы жалпылап сипаттау үшін және оның дамуын бағалау үшін экономистер макроэкономикалық көрсеткіштерді қолданады. Бұл көрсеткіштер бірге жиналып ұлттық шоттар жүйесін құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]