Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

II. Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар тест

КЕЛЕСІ СӨЙЛЕМДЕР ДҰРЫС ПА?

1. Еңбекке сұраныс дайын өнімге деген сұраныстың туындысы болып табылады.

1) Иә 2) Жоқ

2. Өнімнің берілген бағасындағы өндірістің айнымалы факторының- еңбектің шекті табысының қисығы төмен көлбеуленген (кемімелі), өйткені шекті еңбек өнімі еңбекті пайдалану азайғанда арта береді.

1) Иә 2) Жоқ

3. Жеке еңбек ұсынысының қисығы әрқашан оң көлбеуленген (өспелі), өйткені еңбекақы жоғары болған сайын ұсыныс мөлшері де жоғары болады.

1)Иә 2)Жоқ

4. Жұмыспен қамтылудың төмендеуі әрқашан еңбекақының өсуіне әкеледі.

1)Иә 2) Жоқ

5. Мемлекет ең төменгі жалақы шегін тепе-теңдік жалақыдан жоғары белгілесе, ол жұмыс күшінің жетіспеушілігіне әкеліп соғады.

1) Ия 2) Жоқ

6. Тауарларға сұраныс оларды өндіруге қажет еңбек сұранысының туындысы болып табылады.

1) Ия 2) Жоқ

7. Бәсекелес салада фирманың еңбекке сұранысы ақшалай көрсетілген шекті еңбек өнімі қисығының бір бөлігі түрінде беріледі.

1) Ия 2) Жоқ

БІР ҒАНА ДҰРЫС ЖАУАПТЫ ТАҢДАҢЫЗ:

8. Бәсекелес фирма өндіріс факторын қолдануды ..............арттыра береді.

1. фактордың шекті өнімі ең жоғарғы шегіне жеткенше;

2.фактордың бағасы өнім бағасына теңескенше;

3.фактордың бағасы осы фактордың шекті өніміне теңескенше;

4.фактордың бағасы осы фактордың ақшамен көрсетілген шекті еңбек өніміне теңескенше;

5. жоғарыда айтылғанның барлығы дұрыс.

9.Бәсекелес фирма ең жоғары пайда табу үшін қосымша жұмысшыларды тек қана мына жағдайда қабылдауы керек, егер

1. ақшамен көрсетілген шекті еңбек өнімі жалақы мөлшерінен көп болса;

2. ақшамен көрсетілген шекті еңбек өнімінің мөлшері өссе;

3. жалпы түсім жалпы шығыннан артық болса;

4. ақшамен көрсетілген шекті еңбек өнімі жалақы мөлшерінен аз болса.

10. Егер мемлекет бәсекелес еңбек нарығында ең төменгі жалақы мөлшерін тепе-теңдік жалақы мөлшерінен жоғары тағайындаса, онда:

1. салада жұмыс күшінің жетіспеушілігі орын алады;

2. салада жұмыс күшінің артықшылығы орын алады;

3. еңбекке сұраныс өседі;

4. еңбекке ұсыныс қысқарады.

11. Түпкілікті өнім нарығында монополист және еңбек нарығында бәсекелес болып табылатын фирма еңбекті сұрағанда қайсы шартқа сүйенеді?

1. Р*MPL = W.

2. P*MCL = W.

3. MR*MPL = W.

4. дұрыс жауабы жоқ..

12. Жеке табыстардың дифференциациялану себебі болып............табылады.

1. байлықты иелену;

2. еңбек рыногындағы дискриминация;

3. адамдардың түрлі қабілеттілігі;

4. жоғарыда айтылғандар

13. Егер салада еңбек ұсынысын шектейтін кәсіподақ әрекет етсе, онда бәсекелі еңбек рыногымен салыстырғанда:

1.жалақы мөлшері көбірек болады, жұмысшы азырақ алынады;

2.жалақы мөлшері азырақ болады, жұмысшы көбірек алынады;

3. жалақы мөлшері көбірек болады, жұмысшы да көбірек алынады;

4. жалақы мөлшері азырақ болады, жұмысшы да азырақ алынады;

5. ештеңе анық айту мүмкін емес.

14. Сіздің ойыңызша шекті еңбек табыстылығының ең дұрыс өлшемі болып не табылады?

1. теңге;

2. дана;

3. адам;

4. адам-сағ;

5. бір адамға келетін теңге

15. Жалақы мөлшерін көбейткенде:

1. еңбек сұранысының мөлшері қысқарады:

2. фирманың еңбекке сұранысы қысқарады;

3. еңбек ұсынысы артады;

4. еңбек ұсынысының мөлшері қысқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]