Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

Жұмыссыздықтың салдары

Жұмыссыздықтың әр түрінің өзінше салдары бар. Фрикционды жұмыссыздықтың жақсы жақтары:

  • біріншіден, адам бұрынғыдан қызықты, жоғары жалақылы жұмыс табады;

  • екіншіден, қоғамға да пайдалы, өйткені адам өзіне ұнайтын жұмыс тапқан соң ісі нәтижелі болады, яғни еңбек ресурстары тиімді бөлінеді де ЖІӨ өседі.

Құрылым жұмыссыздығының да артықшылығын көрсетейік: егер жұмысшы рынокка қажет жаңа мамандықты игерсе, немесе квалификациясын көтерсе оған жұмыс табу қиынға түспейді, бұдан қоғам ұтады, өйткені мұндай жұмысшы еңбек өнімділігін арыттырады, ақырында ЖІӨ өседі.

Бірақ ұзаққа созылған жұмыссыздықтың әлеуметтік және экономикалық салдары бар. Әсіресе ол циклды жұмыссыздыққа тән.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.

  • Жанұяның жалпы табысының төмендеуі

  • Өмір сүру деңгейінің түсуі

  • Квалификацияны жоғалту

  • Психологиялық соққы алу, адам өзін керексіз сезінеді, өзіне қол жұмсауы мүмкін

  • Ұзақ мерзімді жұмыссыздық ұлт денсаулығының төмендеуіне, қылмыстың көбеюіне әкеледі.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ.

Өндіріс көлемінің толық жұмысбастылық кезіндегіден азаюынан көрінеді. Мұны ӨМҚ графигі арқылы көрсетуге болады:

Жұмыссыздықтың өсуі өндіріс ресурстарының толық емес және тиімсіз қолданылуына әкеледі, яғни график солға, төмен жылжиды.

ЖІӨ көлемінің қалысы = Потенциалды ЖІӨ - Нақты ЖІӨ

Нақты ЖІӨ - осы уақыт аралығындағы нақты шығарылға өнім.

Потенциалды немесе табиғи ЖІӨ - толық жұмысбастылық кезінде және ресурстар, әсіресе құрал-жабдық тиімді қолданылған кездегі ЖІӨ деңгейі.

Оукен заңы

ЖІӨ өсу темпінің циклдық ауытқулары жұмыссыздықтың толқуына әкеледі. ЖІӨ өсу темпі көтерілсе жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады, еңбекке сұраныс ұсынысқа қарағанда жылдам артады. ЖІӨ өсі темпі түссе жұмыс орнының саны өспек тұрмақ кемуі мүмкін. Соның салдарынан еңбекке деген сұраныс та азаяды.

Сонымен ЖІӨ өсу темпі жоғарыласа жұмыссыздық азаяды, төмендесе көбейеді. Осыған байланысты ЖІӨ өсу темпі мен жұмыссыздық деңгейінің өзгеруі арасындағы сандық қатынас теориялық және практикалық мәнге ие болды. Бұл сұраққы жауапты Оукен заңы береді.

Оукен заңы төмендегідей жағдайда көрсетілуі мүмкін:

  • Егер ЖІӨ өсу темпі жылына 2,5% болса, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді.

  • Егер ЖІӨ өсу темпі 2,5%-тен көп болса, жұмыссыздық деңгейі азаяды және 2,5%-тен жоғары әр 1%-ке сәйкес жұмыссыздық деңгейі 0,4%-ке түсіп отырады.

  • Егер ЖІӨ өсу темпі 2,5%-тен аз болса, жұмыссыздық деңгейі көбейеді және 2,5%-тен төмен әр бір 1%-ке жұмыссыздық деңгейі сәйкесінше 0,4%-ке түсіп отырады.

Оукен заңы жалпы түрде мына теңдеумен анықталады:

, мұндағы - жұмыссыздық деңгейінің өсімі.

Кейінірек зерттеулер жұмыспен қамту деңгейі тұрақты болғанда, ал жұмыссыздық деңгейі 1%-ке түскенде ЖІӨ-нің өсу темпі 2,8-3%-ке тең болатынын көрсетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]