Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

Өз бетімен шығаруға арналған есептер

1 есеп.

Әжесі, шешесі және қызы жүн шұлық пен қолғаптар тоқу бойынша отбасы кәсіпорынын ұйымдастырды. Бір жыл ішінде шешесі 250 жұп қолғап немесе 300 жұп шұлық тоқи алады, әжесі – 210 жұп қолғап немесе 350 жұп шұлық, қызы – 150 жұп қолғап немесе 300 жұп шұлық тоқиды. Отбасы өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығын сызыңыз.

Шешімі:

Баламалар

қолғап

шұлық

1 жұп қолғапты тоқудың балама құны

1 жұп шұлықты тоқудың балама құны

Шешесі

250

300

1,2

0,83

Әжесі

210

350

1,66

0,6

Қызы

150

300

2

0,5

  1. Қызы, шешесі, әжесі тек ғана шұлықты тоқиды. Сонда 950 жұп шұлық тоқылады (А нүктесі).

  2. Шешесі қолғап тоқиды (себебі қолғап тоқыда шешесінің балама құны ең аз), әжесі мен қызы шұлық тоқиды (Б нүтесі).

  3. Қызы шұлық тоқиды (себебі шұлықты тоқуда қызының балама құны ең аз), әжесі мен шешесі – қолғат тоқиды (В нүктесі).

  4. Бұкіл отбасы мүшелері қолғап тоқиды. Сонда 610 жұп қолғап тоқылады.(Г нүктесі).

2 есеп.

Әкесі, шешесі және баласы қара қарақат жинау үшін және атызды отау үшін саябаққа келді. Олар саябақта 6 сағат ғана жұмыс жасай алады. Әкесі 1 сағат ішінде 5 литр қарақат жинай алады, шешесі – 8 л/сағ, баласы – 3 л/сағ. Атызды отауда шешесі 2 сағат жүмсайды, баласы – 7 сағат, әкесі – 6 сағат. Барлық атызды отау керек деген міндетті шартымен қоса, мейлінше көп қарақат жинау үшін отбасы жұмысты қалай ұйымастыру керек? Отбасы қанша литр қарақат жинайды?

Шешімі: Кестені толтырайық:

Отбасы мүшесінің әрқайсысы сағатына қанша литр қарақат жинайды

Отбасы мүшесінің әрқайсысы сағатына атыздың қандай бөлігін отайды.

Атызды отаумен берілген 1 литр қарақатты жинаудың балама құны

Шешесі

8

1/2

(1/2)/8=1/16

Әкесі

5

1/6

(1/6)/5= 1/30

Баласы

3

1/7

(1/6)/3=1/18

Барлық отбасы мүшелерінің ішінде 1 литр қарақатты жинауда шешесінің балама құны ең жоғары.Сонымен, шешесі атызды отауда салыстырмалы артықшылыққа ие болады. Отбасы қарақатты ең көп жинау үшін шешесі атызды отаумен айналысу керек. Бұл жұмысқа шешесі 2 сағат уақытын жұмсап, қалған 4 сағатта қарақат жинайды. Сонда келесі көлемде қарақат жиналады

Шешесі: 4 сағат х 8 литр = 32 литр

Әкесі: 6 х 5=30 литр

Баласы: 6 х 3 = 18 литр

Жауабы: шешесі 2 сағатта атызды отап шығады да, ал қалған уақытта қарақатты жинаумен айналысады. Әкесі мен баласы қарақатты жинаумен айналысады. Сонда 80 литр қарақат жиналады.

3 есеп. Екі фермер Санат және Самат қызылша мен картоп өсіреді. Санатта 100 га жері бар, онда ол 3000 тонна қызылша немесе 2000 тонна картоп өсіре алады. Саматта 150 га жері бар. Бұл жерде ол 4800 тонна қызылша немесе 2400 тонна картоп өсіре алады. Санат пен Саматтың жеке-жеке өндіріс мүмкіншілік қисық сызықтарын сызыңдар. Санат мен Самат бірігіп жұмыс жасаймыз деп шешім қабылдайды. Екеуінің біріккен өндіріс мүмкіншіліктер қисық сызығын сызыңыздар.

Шешімі: Кестені толтырайық:

қызылша

картоп

1 т қызылшаны өсірудің

балама құны

1 т кортоп өсірудің

балама құны

Санат

3000

2000

0,67

1,5

Самат

4800

2400

0,5

2

Қ ызылша өсіруде Самат салыстырмалы артықшылыққа ие болып отыр, ал картоп өсіруде, сәйкесінше, Санат салыстырмалы артықшылыққа ие болып отыр.

4 есеп.

Фермерде екі жер учаскесі бар: бірінші жер учаскісінде ол 300 тонна кортоп немесе 100 тонна бидай өсіреді. Екінші жер учаскесінде – 400 тонна картоп немесе 200 тонна бидай өсіреді. Егер 100 тонна картоп өсірілетін болса, онда 1 тонна картоп өндірісінің балама құны неше тең?

Шешімі: Кестені толтырайық:

картоп

бидай

1 тонна картоп өсірудің балама құны

1 тонна бидай өсірудің балама құны

1-ші жер учаскесі

300

100

1/3

3

2-ші жер учаскесі

400

200

1/2

2

Кестеден көріп тұрғанымыздай, бірінші жер учаскесінде картоп өсіріледі, себебі екінші жер учаскесіне қарағанда осы жер учаскесінде картоп өсірудің балама құны төмен, демек, екінші жер учаскесінде бидай өсіріледі.

5 есеп.

Алыстағы солтүстікте тұратын тайпалар балық аулаумен және итбалықтарға аң ауламен айналысады. Осы қыста тайпадағы адамдар бір аптада 6 кг балық аулап және 6 кг итбалық етін аулай алатынын байқаған. Егер тайпадағы барлық адамдар тек ғана аң аулаумен айналысатын болса, онда олар осы уақытта 12 кг ет таба алады. Сонымен қатар, осы өнімдерді табу кезінде барлық мүмкіндіктерді қолдану арқылы олар 3 кг балық аулай алатыны немесе 9 кг итбалық етін таба алатыны белгілі (ұсталған балық саны бұл жағдайда балықшылармен бағаланған жоқ). Осы қыста 3 кг итбалық етін және 10кг балық етін аулау мүмкін бе?

Шешімі: Есепте берілген мәліметтерді кесте түрінде құрастырайық:

А

В

С

D

Итбалық еті

?

6

9

12

Балық

?

6

3

0

Балама шығындардың өсу заңына сүйене отырып, балама шығындардың пропорционалды түрде өзгергеріп отырғандығын байқаймыз, демек, А нүктесінің координаттары 3 кг ет және 9 кг балық еті шамасына сәйкес болады. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы түзу сызық түрінде болады.

Жауабы: 10 кг балық және 3 кг итбалық етін аулау мүмкін емес, себебі ол нүкте өндірістік мүмкіншілік қисық сызығынан жоғары болып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]