Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

Қорытынды

  1. Жетілмеген бәсекелестік нарығында көбінесе фирмалар бір-бірімен байланысты болады, соның ішінде біреуінің іс-әрекеті басқаларының қызметіне қатты әсерін тигізеді.

  1. Бір-бірімен бәсекелес ірі фирмалар баға өзгеруіне қарсыластарының қалай әрекет ететінін білмегендіктен және қажетті деңгейден бағаны жоғары ұстау қызығушылығы бәрінде болғандықтан көбінесе тура бағалық бәсекелестіктен бас тартады.

  1. Жетілмеген бәсекелестік нарығында ірі фирмалар сияқты ұсақ фирмалар да бағалық емес бәсекелетікке ерекше көңіл бөледі, әсіресе оны тұтынушыларға ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің нақты және елестегі айырмашылықтарын көрсететін жарнамалардан байқауға болады.

  1. Ірі фирмалар үстемдік ететін нарықта баға келісімін қолдауға қатты қысым жасалады.

  1. Шағын, бірдей өнім өндіретін фирмалар арасындағы бәсекелестіктің болуы дұрыс, өйткені соның нәтижесінде тұтынушыларға арналған баға төмендеп, шектеулі ресурстар тиімдірек қолданылады. Жетілмеген бәсекеслетік көбінесе өнім көлемінің азаюына, бағаның өсуіне әкеледі. Кейде бұл жағымсыз нәтижелер ірі фирмалардың масштаб көлемінен ұтуымен бөлінбей кетеді, өйткені бұл жағдай өндіріс шығындарын және бағаны азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге тұтынушыларға өнім мен стиль түрлерінің көп және әртүрлі болғаны ұнайтыны анық, бұл белгілі мөлшерде жетілмеген бәсекелестікке тән.

  1. Жетілмеген бәсекедегі нақты рынокты бағалау үшін осы аталған жақсы, жаман жақтарды жақсылап қарастырып, салыстыру керек. Бәсекенің тиімді деңгейін ұстап тұру үшін қоғамдық саясат міндетті түрде нарықты билеушілердің тым бірігіп кетпеуіне, баға және басқа да заңсыз келісімдердің болмауына бағытталуы керек. Бірақ мұндай саясат жетілген бәсекелестік болмады деп ірі фирмаларды жоюға бағытталудан аулақ болғаны жөн.

  1. Өндірістің шоғырлануы – бұл нарықтық (экономикалық) биліктің жеке шаруашылық субъектілерінің қолында жинақталуы.

Тақырып 8. Бәсекелестік. Рынок құрылымы. (тапсырмалар, тест сұрақтары)

Тапсырма 1

Әрбір нарық түріне (1-6) осы рынок құрылымына сәйкес келетін жағдайды (а – м) тауып, жауап кестесіне енгізіңіз.

  1. Жетілген бәсекелестік

  1. Монополиялық бәсекелестік

  1. Олигополия

  1. Монополия

  1. Шектеулі монополия

  1. Екіжақты монополия

  1. ҚР ұлттық банкі ұлттық валюта – теңгені эмиссиялауда ерекше құқыққа ие;

  2. Көп автомобильдері бар қалада екі ғана бензин құятын станция бар;

  3. Мемлекет жүргізген, Астананы салуға арналған конкурста бірнеше ірі құрылыс компаниялары қатысты

  4. Ақ саңырауқұлақтардың нарығында көптеген сатушылар мен сатып алушылар бар;

  5. Бірнеше өндірушілер өсіреген қант қызылшасы қант зауыттарында өңделеді;

  6. Құрылыс тасын жасаушы жалғыз компания өз өнімін үйдің сыртын безендіретін компанияға ұсынады;

  7. Гүлдер көптеген дүкендерде сатылады, ал бұл дүкендерге келуші тұтынушылар да көп;

  8. Көптұрғынды қаланы сүтпен көптеген шаруа қожалықтары қамтамасыз етеді;

  9. Аудан орталығында жалғыз әмбебап магазин бар;

  10. Студенттердің көбі оқу кезінде үйді пәтерін берушілерден жалға алады;

  11. Бірнеше кір жуатын порошок өндірушілер көптеген үй шаруашылығына қызмет көрсетеді.

  12. Кремний өндіруші компания өз өнімін компьютер чиптерін жасаушы фирмаға ұсынады.

Жауаптар: 1 – г, д, з, 2 – ж, к 3 –б, в, д, л 4 – а, е, и, м

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]