Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

Өнімді өндіру үшін фирманың қолданатын сыртқы және ішкі өндіріс факторлары

Көрінетін (бухгалтерлік) шығындар

Көрінбейтін шығындар

Фирма сырттан жабдықтаушыларға өндіріс факторларының құны үшін төлейді, бұл нақты немесе көрінетін (бухгалтерлік) шығындар, олар фирманың шығын кітабында жазылады.

Кәсіпорын өз әрекетінде жеке меншік ресурстарын да қолданады, ол фирманың көрінбейтін шығындары деп аталады: жеке меншік құрал-жабдықтар, ғимарат, кәсіпкердің қабілеті, білімі, квалификациясы, яғни бұлар фирма ештеңе төлемейді.

Егер фирма ештеңе төлемесе бұл ресурстардың альтернативтік қолдануын бос жібергендіктен кәсіпкер шығынданады.

Фирманың көрінбейтін шығындары (ішкі шығындары):

  1. Меншігіндегі өндіріс факторларын қолданып, бақа қарастырылмаған варианттардың ең жақсысынан жоғалтқан табыстың ең жоғары сомасы.

  2. Кәсіпкерге тиісті, бухгалтерлік балансқа кірмейтін ресурстар шығыны және қосылған дұрыс пайда.

Фирманың көрінбейтін шығындарына жататындар:

  • Жалақы (Сіз басқа фирмада жұмыс істеп, жалданушы ретінде табыс табуға болады)

  • Ренталық табыс (Сіз ғимаратты жалға беріп, табыс табуға болады)

  • Проценттік табыс (ақшаңызды банккке салып, ақшалай сыйақы алуыңызға болады)

  • Кәсіпкерлік табыс (сіз осыған альтернативті басқа фирма ашып пайда табуыңызға болады)

Еңбекті, шикізатты, материалдарды, жанар майды, транспорттық қызметті, энергияны жабдықтаушыларға фирма төлейтін ақшалай төленім (қолма қол шығын) көрінетін шығындар деп аталады.

Бұдан басқа фирма өзінің ұсыныстарын да қолдануы мүмкін.

Меншігіндегі өз бетінше пайдаланатын ресурстарды шығындау көрінбейтін (шартты-есептеулі) шығын болып табылады.

Фирма көзқарасы бойынша көрінбейтін шығындар ресурстардың ең пайдалы қолданылуының ақшалай төленіміне тең.

Экономисттер өндіріс шығыны деп барлық шығындарды, көрінетінді де, көрінбейтінді де, оған қосымша дұрыс пайданы да есептейді. Кәсіпкер фирманы құрғанда дұрыс пайда табуды көздейді, өйткені ол кәсіпкерлік энергиясының шығынын қалпына келтіреді. Сонымен,

Дұрыс пайда – кәсіпкерді осы өндірісте ұстап тұруға қажет ең төменгі төленім

Экономисттер үшін экономикалық шығындар ресурстарды қолданудың иесінің кім екеніне байланыссыз альтернативтік шығындары болып табылады.

Пайда – кез-келген фирма әрекетінің негізгі мақсаты. Пайда – кәсіпкердің өндірісті ұйымдастырғаны үшін алатын сыйақысы. “Пайда” ұғымын экономисттер мен бухгалтерлер әр-түрлі түсінеді.

Бухгалтерлік пайда кәсіпкерді қанағаттандырмауы мүмкін, өйткені онда экономикалық пайда көрсетілмеген.

Бухгалтерлік пайда фирманың жалпы табысынан көрінетін (бухгалтерлік) шығынды алып тастағанға тең.

Бухгалтерлік пайда = бухгалтерлік табыс – сыртқы (бухгалтерлік) шығын.

Экономисттің көзқарасы

Бухгалтердің көзқарасы

Экономикалық пайда

Жалпы альтернативтік шығындар

Бухгалтерлік пайда

Көрінбейтін шығындар

Көрінетін шығындар

Көрінетін шығындар


Табыс

Табыс

Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық шығын (көрінетін және көрінбейтін).

Экономикалық пайда=

= ТабысЭкономикалық шығындар =

= Бухгалтерлік пайда – ішкі шығындар

Экономикалық пайданы таза пайда деп те атайды. Экономикалық пайда шығындар құрамына кірмейді, анықтамасы бойынша дұрыс пайданың үстінен түскен табыс болып табылады. Ол нөлге тең болса да кәсіпкер барлық дұрыс пайданы есептегендегі көрінетін және көрінбейтін шығындарды жаба алады.

Өнім өндірісінде әр-түрлі ресурста – еңбек, жер, капитал қолданылады. Белгілі уақыт аралығында олардың бірі өзгеруі, ал екіншісі тұрақты болып қалуы мүмкін. Осыған байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдер бар.

Қысқа мерзімді кезең - өндіріс факторларының бірінің мөлшері өзгеріп, екіншісінің мөлшері тұрақты болып қалатын уақыт аралығы.

Ұзақ мерзімді кезең – барлық өндіріс факторларының мөлшері өзгеріп отыратын уақыт аралығы.

Қысқа мерзімді кезең аймен, жылмен шектелмейді, мысалы, қандай да бір аралықта капитал көлемі өзгермеуі мүмкін, ал өндіріс қажеттілігіне қарай жұмысшы саны өзгеруі мүмкін. Қысқа мерзімді кезең әр салада әр-түрлі. Жаңа автомобиль зауытын салып, оны құрал жабдықпен қамту үшін бірнеше жыл керек, ал асханада көбірек адамға қызмет еткіңіз келсе, қосымша столдар қою, тіпті аздап құрылыс қосу көп уақыт алмайды. Қысқа мерзімді кезеңдегі еңбек айнымалы, ал капитал тұрақты болғандағы фирма тәртібіне анализ жасайық. Фирманың айнымалы ресурсты қолдануын көрсету үшін жалпы, орта және шекті өнімді, орта және шеткі өнімділікті пайдаланады.

ЕҢБЕК ӨНІМІ

Жалпы өнім (Q) – фирманың белгілі уақыт аралығында өндірген өнім көлемі.

Жалпы өнімнің мөлшері капитал, еңбек мөлшерлерінен функционалды байланыста болады. Мұны өндіріс функциясы арқылы көрсетсек:

Q = ft (L,K)

Қысқа мерзімде капитал тұрақты болғандықтан.

Q = ft (L)

Жалпы өнім көрсеткіші ресурстарды қаншалықты тиімді пайдаланғанын көрсетейді.

Орташа еңбек өнімі (өнімділік,тиімділік) APL – бір еңбек бірлігіне (бір жұмысшыға) есептегендегі өнім саны.

APL = Q /L,

Мұнда L – еңбек бірлігінің саны.

Орташа еңбек өнімі әр қосымша алған жұмысшының жалпы өнімге қосқан үлесін көрсете алмайды.

Шекті еңбек өнімі MPL – қосымша еңбек бірлігін немесе еңбек күшін алғандағы жалпы өнімнің өсімі.

MPL = (Q2-Q1) / (L2-L1)

Егер еңбек тұрақты фактор, ал капитал айнымалы болса

APk = Q / K

MPk = (Q2-Q1) / (K2-K1)

Кестеде жиһаз фабрикасы шығаратын мектеп парталарының шартты көрсеткіштері берілген:

Еңбек шығыны (жұмысшы саны, адам)

Жалпы еңбек өнімі (Q)

Орташа еңбек өнімі (АPL)

Шекті еңбек өнімі (МPL)

0

0

0

-

1

4

4

4

2

10

5

6

3

13

4,33

3

4

15

3,75

2

5

16

3,2

1

Кестедегіні график арқылы көрсетейік:

Q (парта)

17

16

15

14

13

12

11

10

9

8

7

8

6

5

4

3

2

1

0

1 2 3 4 5 L (адам)

M PL (парта)

6

5

4

3

2

1

0

1 2 3 4 5 L (адам)

Жалпы өнімнің графигі:

Графиктен көргеніміздей фирманың жалпы өнімі басында үлкен темппен өседі, қисығы бірден жоғары көтеріледі. өндіріске қосымша жұмысшыларға алған сайын жалпы өнім өсімінің темпі түседі, ал қисықтың көлбеуі алдыңғыдан төмен болады. 5-ші жұмысшыны алғанда ең жоғарғы мөлшерге жетеді.

Шекті өнімінің графигі

Графиктен көргеніміздей шекті еңбек өнімі басында өседі. өндіріске екі жұмысшыға алған соң, келесі жұмысшыларды алғанда ол төмендей береді де нөлге жақындайды.

Тиімділіктің кему заңы: белгілі бір кезеңнен бастап тұрақты ресурс (капитал) өзгермейтін болғандағы айнымалы ресурстың (еңбектің) біртіндеп өсуі айнымалы ресурстың шекті пайдалылығының кемуіне әкеледі.

Экономикалық шығындар

Фирма шығындарының мөлшері өндірілетін өнім көлемінің өзгеруіне қалай байланысты екенін қарастырайық.

Жалпы, орташа және шекті шығындар болады.

Жалпы шығындар (ТС) – фирманың барлық өнімін шығарумен байланысты шығындар. ТС = TFC + TVC

Қысқа мерзімді кезеңде жалпы шығындар жалпы тұрақты және жалпы айнымалы болып екіге бөлінеді.

Жалпы тұрақты шығындар (TFC) – фирманың жалпы шығындарының өнім өндіру көлеміне байланыссыз бір бөлігі. Мысалы, өндіріс ғимаратын жалға беру, банк қарызын процентпен төлеу, амортизация т.б. TFC = ТС – TVC

Жалпы айнымалы шығындар (TVC) – фирманың жалпы шығындарының өндіріс көлеміне тікелей байланысты бір бөлігі. Мысалы, шикізат, материал, энергия, жанар май шығындары, жұмысшылардың жалақысы. TVC = ТС – TFC

Орташа шығындар

Егер жалпы шығындар фирманың барлық өндіріс көлемі мен байланысты болса, ораша шығындар өнім бірлігін өндіру мен байланысты. Оның түрлері:

Орташа жалпы шығын (АТС) – бір өнім бірлігіне келетін жалпы шығын.

ATC = TC / Q = AFC + AVC

Орташа тұрақты шығын (AFC) – бір өнім бірлігіне келетін жалпы тұрақты шығын.

AFC = TFC / Q

Орташа айнымалы шығын (AVC) – бір өнім бірлігіне келетін жалпы айнымалы шығын.

AVC = TVC / Q

Орташа жалпы шығын

Орташа тұрақты шығын

Орташа айнымалы шығын

(ATC, average total cost) – фирманың барлық өнімін шығарумен байланысты шығындар:

ATC = ТС / Q.

Орташа жалпы шығын мөлшері орташа тұрақты және орташа айнымалы шығындар мөлшеріне байланысты:

ATC = AFC + AVC.

(AFC, average total cost) – бір өнім бірлігіне келетін жалпы тұрақты шығын: AFC = TFC / Q.

(AVC, average total cost) – бір өнім бірлігіне келетін жалпы айнымалы шығын:

AVC = TVC / Q.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]