- •Мазмұны
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. Ресурстардың шектеулілігі
- •Кесте 2. Өндіріс мүмкіншіліктерінің кестесі
- •1 Сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
- •Экономикалық жүйе түрлері
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. (есептер, тест сұрақтары)
- •Өз бетімен шығаруға арналған есептер
- •Тест сұрақтары
- •Әрбір экономикалық жүйе ресурстардың шектеулілігі факторына тап болады дегенде не туралы сөз болып отыр:
- •Өндірістік мүмкіншіліктер қисық сызығын сызған кезде төменде аталған экономикалық ұғымдардың қайсысын тікелей мысал ретінде көруге болады:
- •2 Тақырып. Сұраныс. Ұсыныс.
- •Сұраныс (demand).
- •Ұсыныс.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныстың икемділігі.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігі.
- •IV. Тапсырмалар
- •VI тест 2. Төмендегінің қайсысы дұрыс?
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті.
- •1. Сұраныс өзгерісіне реакция.
- •2. Ұсыныс өзгерісіне реакция.
- •3. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей өзгерісне реакция.
- •Нарықтық бағаны белігеуде мемлекеттік реттеудің салдарлары
- •Салықтар мен дотациялар;
- •Директивті бағалар (бағаның жоғарғы және төмеңгі шегін тағайындау)
- •3. Сату көлемін реттеу
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті (есептер, тест сұрақтары).
- •Қорытынды: алынатын түсімнің ең көп мөлшері тепе-теңдік баға кезінде болады. Тест
- •Тест жауаптары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Жеке бизнес
- •Жеке нысан: артықшылығы мен кемшілігі
- •Серіктестік бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде
- •Серіктестік: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың акционерлік нысаны
- •Акционерлік қоғам: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың арнайы нысандары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары (есептер, тест сұрақтары)
- •1 Тапсырма
- •«Алтын кілт» ертегісі.
- •Есептер
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлікті қаржыландыру
- •Қаржы нарығы
- •Қысқа мерзімді қаржыландыру
- •Ұзақ мерзімді қаржыландыру
- •Акциялар
- •Кәсіпорын жаңа капитал шығарады
- •Кесте 1. Қызмет түрлері бойынша таза табыс, млн. Теңге
- •Тақырып 6. Кәсіпкерлікті қаржыландыру (есептер, тест сұрақтары)
- •Тест 1.
- •Жауап бланкісі
- •Есеп 1.
- •Тест 2.
- •Жауап бланкісі
- •Есептер 2
- •7 Тақырып. Фирма шығындары.
- •Шығындар
- •Шығын түрлері
- •Өнімді өндіру үшін фирманың қолданатын сыртқы және ішкі өндіріс факторлары
- •Шекті шығындар
- •Фирма шығындары
- •Пайданың ең жоғары болу шарты
- •Өндіріс масштабының (көлемінің) әсері
- •Қорытынды
- •7 Тақырып. Фирма шығындары (есептер, тест сұрақтары)
- •II.Есептер
- •III. Тест
- •8 Тақырып. Бәсекелестік. Рынок құрылымы.
- •Бәсекелестік
- •Рынок құрылымы
- •Қорытынды
- •2 Тапсырма
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма. Түрмедегідер диллемасы
- •3 Тапсырма. Бензоқұбырлар дуэлі
- •4 Тапсырма. Авиокомпания ісі: ірі болған сайын жақсы ма?
- •9 Тақырып. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары.
- •Еңбек нарығы
- •Еңбек ресурстары және жұмыссыздық
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Фрикционды жұмыссыздық
- •Құрылым жұмыссыздығы
- •Циклды жұмыссыздық
- •Жасырын жұмыссыздық
- •Табиғи жұмыссыздық түсінігі
- •Жұмыссыздықтың салдары
- •Оукен заңы
- •Қосымша материал.
- •Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •Жай мерзімді
- •Мерзімді-сыйақылы
- •Еңбек нарығы қалай жұмыс жасайды
- •Еңбекке сұраныс
- •Жоғары мөлшерде пайда алу шарты
- •Еңбек ұсынысы
- •Нарықтық тепе-теңдік
- •Қызмет түріне орай еңбекақы деңгейіндегі айырмашылықтар
- •Жалқының ең төменгі деңгейін мемлекеттік реттеу
- •Тақырып 9. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары. (есептер, тест сұрақтары)
- •II. Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар тест
- •1 Тест сұрақтарына жауаптар
- •III. Еңбек нарығы және жалақы
- •Келесі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы қате екенін көрсетіңіз.
- •Келтірілген жауаптардың қайсысыд ұрыс екенін көрсет.
- •Тапсырмалар мен есептер
- •Жұмыспен қамтылғандар және жұмыссызлар. Жұмыссыздықты өлшеу.
- •Терминдермен түсініктерге сәйкес анықтамаларын табыңыз:
- •№3 Тест
- •Есептер
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық
- •Экономикалық тұрақтылық
- •Макроэкономиканың мақсаты мен құралдары
- •Жалпы ұлттық өнім. Жалпы ішкі өнім.
- •Жұө табыс тәсілімен есептеу
- •Жіө өндірістік әдіспен есептеу.
- •Қосымша құнды есептеу
- •Ұлттық шоттың басқа көрсеткіштері
- •Номиналды және нақты жүө
- •Экономикалық циклдар
- •Макроэкономикадағы тепе-теңдік
- •Тепе-теңдік баға деңгейі мен ұлттық өндірістің нақты көлемі
- •Жұмыспен қамтудың кейнсиандық теориясындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Жұмыссыздықты шектеу мақсатындағы экспансия саясаты
- •Инфляцияны шектеу мақсатындағы рестриктивті саясат
- •Экономиканы ақша-несие және бюджеттік реттеу әдістері
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық (есептер, тест сұрақтары) тест 1.
- •Тест 2.
- •Дұрыс сөйлемді анықта:
- •12 Тақырып. Халықаралық сауда
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет
- •Экономикадағы мемлекет
- •1.1 Жеке меншік құқығын сақтау
- •1.2 Сыртқы әсерлерді ескеру
- •1.3 Нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету
- •1.4 Тұтынушыларды қорғау
- •1.5 Экономиканы тұрақтандыру
- •1.6 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •1.7 Қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету
- •1.8 Мемлекеттік және жеке сектордың өзара әрекеті
- •1.9 Үкімет өз ақшасын қалай жұмсайды
- •1.10Үкіметтік табыстардың көздері
- •Қорытынды
- •Қазақстан республикасы бойынша қосымша материал
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет. (есептер, тест сұрақтары) тест
- •Ойлануға арналған сұрақтар
- •5 Нарық Соңғы тауарлар мен қызметтер 6 Нарық 1 Жаттығу
Экономикалық жүйе түрлері
Экономикалық жүйе – НЕ, ҚАЛАЙ, КІМ ҮШІН деген сұрақтарға шешім іздеу үшін қоғам таңдайтын институционалды механизмдердің, яғни қызмет етіп отырған заңдар, салт-дәстүрлер, адамгершілік құндылықтың, экономикадағы мемлекеттік (үкіметтік) құрылымдардың, жалпы жиынтығы.
Экономикалық жүйелер әдетте бірнеше критерийлер бойынша жіктелінеді. Соның біріншісі - өндіріс факторларына деген меншік. Екіншісі – экономикалық шешімдерді үйлестіруде көмектесетін тәсіл.
Қазіргі кездегі әлемдегі барлық нақты бар экономика түрлері нарықтық және мемлекеттік элементтердің ара-қатынасын білдіреді. Сондықтан қазіргі кездегі жеткілікті дамыған экономикалар аралас экономика болып саналады. Теория тұрғысынан экономикалық жүйелердің үш таза түрлерін атауға болады.
Дәстүрлі экономикалық жүйе – мінез-құлықтың барлығы салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, дағдыға негізделген жүйе. Жас ер адам әкесі істегенді істейді (інжу жинайды, балық аулайды, аң аулайды, бақсылықпен айналысады және т.б.), жас әйел адам - өзінің шешесі не істесе, ол да соны істейді. Өндірілген игіліктердің ассортименті мүлдем өзгермейді. Технологиялар дүстүрлі және тұрақты түрде болады. Таңдау мәселесі сирек кездеседі, және сыртқы жағдайлар тұрақты болған кезде мұндай экономика адамдардың мұқтаждықтарын қанағаттандырып отырады. Мұндай экономикалық жүйе мысалдарын тек қана феодалды заман кезінен байқауға болмайды, қазіргі кезде де кездестіруге болады (патагон тайпалары, канада эскимостары, көптеген африка халықтары).
Әкімшілік экономикалық жүйе (орталықтан жоспарланған жүйе) – НЕ, ҚАЛАЙ және КІМ ҮШІН өндіру керек деген сұрақтарға жауап іздегенде шешімді өкімет қабылдайды және өндіріс факторлары соларға тиісті болады. Экономикалық жүйенің бұл түрінің әлемдік өрісі 1989 жылдан бері тарылуда; Куба, Қытай, Оңтүстік-Шығыс және Орта Азияның бірнеше елдері сол экономикалық жүйеде қалып отыр.
Нарықтық экономикалық жүйеде өндіріс факторларын үй шаруашылығы иеленеді, ал шешімдерді қабылдау жүйесі негізінен индивидтер мен фирмаларға берілген, олар өз кезегінде өздерінің іс-әрекеттерінде нарықтық ақпараттық сигналдарды басшылыққа алады. Бұл экономикалық жүйе түрін қазіргі кездегі әлемнің басым елдері – дамыған және дамушы елдер қолдайды.
Өтпелі кезеңдегі елдер бүгінгі күні ерекше топты құрап отыр. Өтпелі кезең – бұл бір жүйеден екінші жүйеге, яғни бір институционалды механизм жиынтығынан басқа механизм жиынтығына өту уақыты мен іс-әрекеті.
1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. (есептер, тест сұрақтары)
№1 есеп. Мәскеуден Амстредамға ұшақпен саяхат жасауға менеджер қосымша уақыт шығындарын қосқанда бір тәулікті жұмсайды. Темір жолмен жол жүру 2 тәулікті қажет етеді. Авиабилет 300 долл. тұрады, ал темір жол билеті - 180 долл. Сапар барысында менеджер табыс табу мүмкіндігінен айырылған.
а) Демалыс күні ме немесе жұмыс күні ме оған байланыссыз күн сайын 150 долл. табыс табатын менеджер үшін қозғалудың қай тәсілі арзан болады?
б) Менеджердің күнделікті табысының қандай мөлшерінде менеджер үшін Мәскеуден Амстердамға жету үшін қозғалу түрін таңдау бәрі бір болады?
Шешімі:
а) Бұл есепті екі тәсілмен шығаруға болады.
Біріншісі барлық шығындарды (балама шығындарды) салыстыруға негізделген:
Шығындар |
Ұшақ |
Поезд |
1. Түгел алынбай қалған табыс |
150 долл. |
300 долл. |
2. Тура шығындар (билет бағасы) |
300 долл. |
180 долл. |
Барлығы: |
450 долл. |
480 долл. |
Екінші тәсіл екі нұсқалар арасындағы айырмашылықтарды есепке алады:
Шығындар |
Ұшақ |
Поезд |
1. Түгел алынбай қалған табыс |
0 долл. |
150 долл. |
2. Тура шығындар (билет бағасы) |
300 долл. |
180 долл. |
Барлығы: |
300 долл. |
330 долл. |
Есепті шығару тәсіліне байланысты есептің нәтижесі әрине өзгермейді: авиабилет 30 долларға арзанырақ, егер барлық шығындарды есепке алсақ.
б) Менеджердің белгісіз күнделікті табысын W белгілейік. Сонда жолдардың екі нұсқасына парықсыз болу 300 + W = 180 + 2 * W кезінде болады. Бұдан W анықтаймыз = 120 долл.
Жауабы: а) авиабилет 30 долларға арзанырақ, б) 120 долл.
№2 есеп.
№2 сурет. Бір жыл ішіндегі Фрутляндия елінің өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
Фрутландия елінің аумағы үш аймақтардан тұрады: солтүстік, батыс және шығыс. Әрбір аймақта киви немесе манго жемістерін өсіруге болады, сонымен қатар әрбір аймақта мангоны өсірудің балама құны өндірістің кез келген көлемінде тұрақты болады. №2 Суретте Фрутландия елінің бір жыл ішіндегі өндіріс мүмкіншілік қисық сызығы көрсетілген. Солтүстік аймақта бір жыл ішінде максимум 30 тонна киви өндіруге болатыны белгілі. Батыс аймағында ресурстарды ең тиімді пайдаланған кезде 5 тонна киви 10 т манго өндірілген болатын. Шығыс аймағында ресурстардың жартысы киви өндіруге, ал қалған екінші жартысы манго өндіруге жұмсалған. Солтүстік аймақта барлық ресурстар мангоны өндіруге қолданылған.
Елдегі бір жыл ішіндегі өндірілген манго және киви жемістерінің мөлшерін анықтаңыз. Киви өндірісін азайтпай, манго өндірісін ұлғайтуға болады ма? Егер өндіруге болмайтын болса, ол неге байланысты болады? Егер өндіруге болатын болса, оны қалай жүзеге асыруға болады?
Шешімі:
Әрбір аймақ ішінде манго өндірудің балама құны тұрақты болғандықтан, киви өндірудің балама құны да тұрақты болады. Демек, елдің әрбір аймағында өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы тік сызықты кескін ретінде болып отыр.
Сонымен қатар бүкіл елдің өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы 3 тік сызықты кескіннен тұрады, және олардың әр қайсысы елдің белгілі бір аймақтың өндірістік мүмкіншілігінің қисық сызығын көрсетеді. Осы сәйкестікті анықтайық. Әр бір аймақтың өндіріс мүмкіншілік қисық сызығын құрастырайық (елдің өндірістік мүмкіншілігінің қисық сызығын «жеке-жеке кесектерге бөліп» қарастырайық). Көлденең ось бойынша киви өндірісінің мөлшері көрсетілген, ал тік ось бойынша – манго өндірісінің мөлшері. Есептің шарты бойынша, солтүстік аймақта 30 тонна киви өсіруге болатындықтан, №2 ӨМҚС солтүстік аймаққа сәйкес келеді. Батыс аймағында 5 тонна киви және 10 тонна манго өсірілгендіктен, бұл аймаққа №3 ӨМҚС сәйкес (С нүктесі өндірісті көрсетеді). Қалған №1 ӨМҚС шығыс аймаққа сәйкес болады.
м 40
20
30 60 киви
|
м 40 В
30 киви |
м
20 С
10 киви
|
№1 ӨМҚС |
№2 ӨМҚС |
№3 ӨМҚС |
№ 3 сурет. Әр бір аймақтың өндіріс мүмкіншілік қисық сызықтары
Аймақтардың әр қайсысындағы өндіріс көлемін анықтайық. Олар графикте А, В және С нүктелермен көрсетілген. Өндіріс көлемдерінің шамалары келесі кестеде көрсетілген:
Кесте №3. Аймақтардың әр қайсысындағы өндіріс көлемі
№ |
Аймақтар |
Киви |
Манго |
1 |
А (шығыс аймақта ) |
30 |
20 |
2 |
В (солтүстік аймақта) |
0 |
40 |
3 |
С (батыс аймақта) |
5 |
10 |
|
Бүкіл ел бойынша: |
35 |
70 |
Сонымен қатар, 35 тонна киви және 70 тонна манго өндірісіне сәйкес келетін нүкте елдің өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығының ішінде орналасқан, себебі әрбір аймақтардағы ресурстардың ең тиімді қолдануы елдегі барлық ресурстарды алғандағы тиімді қолдануды қамтамасыз етпейді. Ресурстарды толық және ең тиімді қолдану кезінде шығыс аймағында 35 тонна киви (сонымен қатар шығыс аймағында 40*25/60=16,67 тонна манго өсіруге болады) және қалған аймақтарда 60 (20+40) тонна манго өсіруге болады. Жалпы алғанда елде 76,6 тонна манго өсірілді.
Жауабы: Елде 35 тонна киви және 70 тонна манго өсірілген. Ресурстарды толық және ең тиімді қолдану кезінде 35 тонна киви және 76,67 тонна манго өсіруге болады.
№3 есеп. Төменде көрсетілген кестедегі берілген мәліметтер бойынша қай ел, қандай тауар өндірісі бойынша абсолютті артықшылықты жағдайда, ал қай ел салыстырмалы жағдайда екенін анықтаңыз? Неге сіз дәл осылай ойлайтыныңызды түсіндіріңіз.
Өндірістік мүмкіншіліктер, мың тонна
|
||
Тауар түрі |
Рубляндия |
Экомания |
Жүгері |
2000 |
1500 |
Бидай |
1000 |
500 |
Шешімі:
Салыстырмалы артықшылықты анықтау үшін кесте құрастырамыз:
Альтернативалар (баламалар) |
Жүгері |
Бидай |
Бидаймен (тонна) көрсетілген 1 тонна жүгерінің балама құны |
Жүгерімен (тонна) көрсетілген 1 тонна бидайдың балама құны |
Рубляндия |
2000 |
1000 |
1/2 |
2 |
Экомания |
1500 |
500 |
1/3 |
3 |
Жауабы: Жүгері және бидай өндірісінде абсолютті артықшылық Рубляндия елінде болып отыр, бұл ел жүгеріні де, бидайды да көп өндіріп отыр. Балама құнды есептеу арқылы Экомания елі жүгеріні өсіруде салыстырмалы артықшылығына ие болғанын, ал Рубляндия елі бидайды өсіруде салыстырмалы артықшылыққа ие болғанын айтуға болады.
Өндіріс мүмкіншіліктер қисық сызығын сызайық.
№ 4 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы

анго
анго
анго