Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

Тест 2.

  1. Кез-келген жағдайда акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығын беретін акция:

A) қарапайым

B) артықшылығы бар

C) айырбасталатын

D) A) және B) жауаптары дұрыс

  1. Облигация акциядан немен ерекшеленеді:

A) акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқын бермейді

B) бағалы қағаз болып саналмайды

C) қарыз алушының банкроттығы жағдайында оның мүлкін алуғы құқық бермейді

  1. Қарапайым акция:

A) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқын бермейді

B) егер, акционерлердің жалпы жиналысы дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдаса, онда дивиденд алуға құқық береді

C) жойылатын АҚА барлық қарызын жапқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқық береді

D)жоғарыда аталғанның барлығы дұрыс

  1. Пайыз мөлшерлемесінің өсуімен облигацияның бастапқы бағасы:

A) көтеріледі

B) төмендейді

C) өзгермейді

  1. Бірдей номиналы мен купоны бар екі - және үш жылдық облигациялар бар, пайыз мөлшерлемесі өзгермеген. Екі жылдық облигацияның бастапқы бағасы:

A) үш жылдық облигацияның бастапқы бағасына тең

B) одан жоғары

C) одан төмен

Жауап бланкісі

Сұрақ

1

2

3

4

5

Жауаптар

А

А

С

А

С

Есептер 2

Есеп 3. Банк 4,5 жылға несиеге жылдық 28%- бен 670 мың теңге береді. Банкке қайтарылатын сомманы есептеңіз

Шешуі:

Қайтарылатын ақшы қаражаттарының толық соммасы (несие + пайыздық төлемдер) = (670 мың теңге Х 28 Х 54) / (12 Х 100) + 670 мың теңге = 1514.2 мың теңге

Мұнда 54 ай – ол 4.5 жыл

Жауабы: 1514.2 мың теңге

Есеп 4. Кәсіпкер өз бизнесін ұйымдастыру үшін банктік несиені жылдық 26 % - бен 150 мың теңгегені 1 жылға алды. Егер, пайыз соммасы несиені бергенге дейін аванс ретінде несие соммасынан шегерілетін болса, кәсіпкер қандай сомма алады? Кәсіпкер банкке бір жылдан кейін қандай сомманы қайтарады?

Шешуі:

Несиені қолданғаны үшін төленетін пайыздық төлемдердің соммасын анықтаймыз:

150 Х 0.26 = 39 мың теңге

Кәсіпкердің алатын соммасы:

150 – 39 = 111 мың теңге

Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару керек

Жауабы: 111 мың теңге - кәсіпкер алатын сомма. Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару тиіс.

5 есеп. Бухгалтердің есеп-қисаптарының алғашқы жазуларында келесі мәліметтер берілген:

Өткен квартал бойынша түсім (ҚҚС қосқанда)

Жарғылық капитал

25000

Қоймадағы дайын өнім

Құрылыс пен ғимараттардың қалдық баланстық құны

30000

Құрал - жабдықтардың қалдық баланстық құны

15000

Бөлінбеген пайда

22000

Ұзақмерзімді қарыздар

7000

Қысқа мерзімді қарыздар

4000

Банктегі депозит шотындағы қаражаттар

9000

Сатып алынған шикізат құны

3000

Басқа материалдық емес активтер

Қосалқы материалдар жеткізушілері алдындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер

5000

Кассадағы және есеп айсыру шотындағы ақшалай қаражатының қалдығы

2000

Фирма дайын өнімнің 500 данасын өндіргендігі белгілі; сонымен қатар өндірістің жалпы шығын мөлшері 10000 ақшалай бірлік. Тауардың бағасы 135 ақшалай бірлігімен фирма тауардың 4000 данасын сатты. Кестедегі 1, 3, 11 пунктерін толтыру арқылы фирма балансын құрыңыз, актив және пассив мөлшерін анықтаңыз.

Шешімі:

Фирманың жалпы активіне 3,4,5,9,10,11,13 пунктер жатады. Бұл позицияларды қосқанда келесі сома шығады (3 және 11 пунктерін қоспағанда)

30000 + 15 + 9000 + 3000 + 2000 = 59000

3 пункт бойынша шаманы келесідей анықтауға болады: жалпы шығындар мөлшерін өндірілген өнім санына бөлу арқылы өнімнің бір данасын өндіру құнын табамыз.

10000 / 500 = 20

Қоймадағы сақтауда жатқан 100 сатылмай қалған өнім данасы (500 – 400 = 100) өндіру құнымен есептеледі. Сонымен, Қоймадағы дайын өнімнің құны:

100 Х 20 =2000

Демек, фирма активтерінің мөлшері (11 пункті қоспағанда):

59000 + 2000 = 61000

Фирма пассивтеріне 2,6,7,8,12 пунктері жатады. Бұл пункт бойынша келесідей сомма шығады:

25000 + 22000 + 7000 + 4000 + 5000 = 63000

1 пункт (өткен квартал бойынша түсім) шаманы табу үшін сатылған өнім данасын өнім бағасына көбейту керек.

400 Х 135 = 54000.

Түсім активке де, пассивке де жатпайды және фирма балансын құрастырған кезде оны ескерілмейді.

Фирманың балансындағы активтер мен пассивтер тең болғандықтан, 11 пункт шамасын анықтауға болады:

63000-61000=2000

Жауабы: Фирманың жалпы активтер мен пассивтер мөлшері 63000 ақшалай бірлікке тең. Фирманың басқа да материалдық емес активтері 2000 ақшалай бірлікке тең. Түсім 54000 ақшалай бірлікке тең

.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]