Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

Қысқа мерзімді қаржыландыру

Кейде, бизнестің табысы бір апталық немесе айлық қимадағы шығындармен сәйкес болмайды. Ақшалардың кірістік ағымы шығындық ағымға қарағанда төмен болады және қолма-қол қаражаттар шоттарды төлеу үшін жеткіліксіз болады. Бұл жағдайды, әдетте, «қолма-қол ақша ағымының өзекті мәселесі» деп атайды. Міне, осы жағдайда, қысқа мерзімді несие бұл мәселенің шешімі бола алады. Мұндай қарыздар, әдетте, бір жыл ішінде өтеледі және жаңа ғимарат, құрал-сайман мен басқа да ресурстарды сатып алуды қаржыландыру үшін қолданылмайды. Қысқа мерзімді қарыздар шикізат материалдары мен тауарлық қорларды төлеу секілді күнделікті шығындарды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Қысқа мерзімді қаржыландырудың кең тараған нысандарына коммерциялық несиелер, қаржылық мекемелерден және басқа компаниялардан займ алу жатады.

Қысқа мерзімді қаржыландырудың нысандарын

коммерциялық несиелер

қаржылық мекемелерден займ алу

басқа компаниялардан займ алу

  • Коммерциялық несие ашық шот бойынша несие қағидасы негізінде әрекет етеді. Компания сатушыдан қажетті тауарларды арнайы шот бойынша (несие) сатып алады, ал оған төлейтін төлемді кейінге қалдырады. Коммерциялық несие сатып алған тауардың төлемін кейінге қалдыру (30,60 және 90 күнге), бөліп төлеу, құрал сайманды қарызға алу және т.б. нысанда болуы мүмкін, бірақ әрқашан сатып алушыға көмек беру үшін арналады. Коммерциялық несиенің құны сатылатын тауардың бағасына қосымша құн қою арқылы айқындалады.

  • Қаржы мекемелерінен займ алу. Банктер және қаржылық компаниялар секілді қаржы мекемелерінен займ алу қысқа мерзімді несиенің тағы бір көзі болып табылады. Әдетте, енді ашылып жатқан компания бірнеше несие алады, бұл үшін кәсіпорынға өз ағымды шығындарын жабу үшін қажетті шекті сомма көрсетілетін арнайы келісім жасалады. Бұрыннан қызмет етіп келе жатқан компаниялар да бұл әдісті қолданады. Қаржы мекемелерінің бұл қарызы әрқашан әлде-бір нәрсемен қамтамасыз етіледі, яғни қорғалады. Бұдан басқа, көптеген несие берушілер қарызданушының несие тарихымен, қолма-қол ақша ағымының қозғалысымен, пайданың болжамымен, несиенің қайтарылуына кепілдік болатын қамтамасыз етілумен және қарызданушының мінез-құлқымен танысқысы келеді. Несие берушілер қарыздану құжаттарын, соның ішінде, іскерлік және жеке қаржылық есептемелерді, табыстық кеден декларациясын және өте жиі бизнес-жоспарды мұқият зерттейді. Несие бойынша төленетін пайыздар оның мөлшеріне, тәуекел деңгейіне және қарызданушының қарызын төлеу мүмкіндігіне байланысты болады. Қаржылық мекемелердің алатын пайызы банктерге қарағанда жоғары болады.

Басқа компаниялардың займдары ірі ұлттық компаниялардың арасында кең тараған национальных компаний. Мысалы, егер, «Дженерал Моторс» компаниясына өз қызметкерлеріне төлемдерді төлеу үшін қысқа мерзімге 10 миллион доллар қажет болса, онда ол қолма-қол ақшасы бар және пайда тапқысы келетін басқа компанияларға тікелей жүгіне алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]