Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

Есептер

1 есеп. Қор нарығында делдалдар «жоғарлатуға» және «төмендетуге қызмет етеді.

  1. Шартты сандық белгілерді қолдану арқылы қор нарығындағы «жоғарлатуға» және «төмендетуге» ойыны нәтижесінде пайда табу үрдісінің мысалын

  2. Қаражаттарды акцияларға жұмсауда

  • «жоғарлатуға»

  • «төмедету»

  • ойыны нәтижесінде қаражаттың қанша пайызын жоғалтуға болды.

Жауабы:

  1. «Жоғарлатуға» ойынында құнды қағазды сатып алушы құнды қағаз құны жоғарлайды деп болжаумен сатып алады. Егер акциялардың курсы шын мәнінде жоғарлайтын болса, онда акциялар сатып алынған кездегі құнына қарағанда жоғары бағамен сатылады. Акцияны сатудан алынатын сома мен акцияны сатып алуға жұмсалған сома арасындағы айырмашылық «жоғарлатуға» ойынында қызмет ететін делдалдың пайдасы болып саналады.

«Төмендетуге» ойынында келесідей жағдай болады. Акциялар алдымен қарызға алынады, ойыншының болжауы бойынша акцияның құны төмендеуі тиіс. Бұл акциялар тез арада сатылуға тиіс. Акциялардың бағасы төмендеген кезде, олар қайтадан сатып алады да, акция иесі береді. Ойыншының пайдасы – сатудан түскен түсім мен акцияны сатып алуға кеткен сомма арасындағы айырмашылық.

  1. «Жоғарлатуға» ойынында акцияны сатып алуға кеткен барлық сомманы жоғалту мүмкін, яғни салынған қаражаттың 100%. (егер акциялар толығымен құнсызданған жағдайда).

«Төмендетуге» ойынында мүмкін болатын ұтылыс принципиалды түрде шектелмеген. Егер ойыншының күткен қарызға алынған акциялардың бағасының төмендеу болмай, керісінше, осы акцияларға баға екі есе жоғарлайтын болса, онда «төмендетуге» ойынындағы делдал акцияны сатып алуға жұмсаған қаражатының 100% жоғалтады.

2 есеп. Сіз облигация иесі болып табыласыз, ол облигация үшін сіз 1 мың теңге төледіңіз. Облигациядан алынатын пайызға табыс салығы салынады. Сіздің бір жылғы жалпы табысыңыз, облигация бойынша пайызды санамағанда, 20 мың теңге болды. Бір жылғы дефлятор 1.12. Салық салынбағанға дейіңгі облигация бойынша нақты жылдық пайыз мөлшерлемесі 4%. Салық есептегенде облигация бойынша сіздің нақты табысыңыз неге тең?

Шешімі: Шартты белгілерді еңгізейік:

t – салық мөлшерлемесі (жалпы табыс 20 мың теңге болғанда, салық мөлшерлемесі 20% немесе 0.2 тең)

N – облигация үшін төленген сомма (1 мың теңге)

n - салық салуға дейіңгі облигация бойынша номиналды пайыз мөлшерлемесі (%)

M – салық салынғаннан кейіңгі номиналды табыс (мың теңге)

R – салықты ескергендегі нақты табыс (мың теңге)

r – салық салынға дейіңгі нақты пайыз мөлшерлемесі (4%)

D – дефлятор (1.12)

Сонда

N х (1 + n) – облигация бойынша алынған сомма

N х (1 + n) / D – инфляция деңгейін ескергендегі алынған сомма

N х (1 + n) / D = N х (1 + r)

(1 + n) / D = (1 + r)

(1 + n) = D х (1 + r)

n = D х (1 + r) - 1

n = 1.12 х 1.04 – 1 = 1.1648 – 1 = 0.1648

Демек, салықты төлегенге дейіңгі номиналды табыс:

N х n = 1 х 0.1648 = 0.1648 мың. тг.

M = N х n х (1 - t) = 0.1648 х 0.8 = 0.13184 (мың. тг.)

1 + R = (1 + M) / D = (1 + 0.13184) / 1.12 = 1.3184 / 1.12 = 1.010571

R = 1.0571 – 1 = 0. 0571(мың. тг)

Жауабы: салықты ескергендегі сіздің облигация бойынша нақты табысыңыз 0.0571 мың теңге

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]