Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

Серіктестік: артықшылығы мен кемшілігі

Артықшылығы

Кемшілігі

Әріптестер «жалғыз»-бизнесменге қарағанда аса ірі капиталды ресурстарды тарта алады, оларға қарыз қаражаттарын алу оңай, соның салдарынан жеке бизнеске қарағанда аса ірі қызметті ұйымдастыру мүмкіндігі бар.

Толық серіктестік, жеке кәсіпкерлік секілді, шектеусіз жауапкершілік қағидасы негізінде қызмет етеді, бұл батыл және тәуекелді шешімдерді қабылдау мүмкіндігін шектейді.

Серіктестікке өз «капиталын» салатын әріптестер бірігеді, яғни, ақшасы мен капиталы бар жеке адамдардың шеберлігі, дағдысы, таланты бірігеді.

Серіктестіктегі бизнестің сәттілігі әріптестердің өзара сенімі, жауапкершілігі мен адалдығына тәуелді. әріптестердің саны көбейген сайын олардың арасындағы келіспеушіліктің пайда болу қаупі көтеріледі, себебі, мұнда, әр-бір әріптес басқа әріптестердің қабылдаған шешімі бойынша жауапты болады.

Әр-бір әріптес өзінің табиғатына, мінез-құлқына, қабілетіне және қызығушылығына сәйкес бизнестің жақтарымен айналыса алады. Мұнда бизнестің тиімділігі арта түседі.

Кез-келген әріптестің бизнестен өз үлесімен шығып кетуі серіктестікті жаңадан құқықтық ұйымдастыруды талап етеді, ал бұл өз кезегінде бизнестің үздіксіздігін бұзады және мүмкіндігін төмендетеді.

Әріптестік шешім қабылдауда қате жіберу мүмкіндігін төмендетеді, «бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы» қағидасы бойынша жалпы басқаруды жақсартады.

Бизнесті ұйымдастырудың акционерлік нысаны

Акционерлік қоғам (АҚ) – бұл біріккен шаруашылық қызметті іске асыру үшін акцияларды шығару мен сату нысанында жеке (азаматтар) және заңды (кәсіпорындар) тұлғалардың өз мүлкін еркін біріктіру жолымен құралатын шаруашылық ұйым.

АҚ жарғылық қоры тең номиналды құнды белгілі акциялар санына бөлінген. Акция – жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын тарту мақсатымен акционерлік қоғамдардың шығаратын бағалы қағазы. Акция салынған қаражаттардың соммасын куәландырады және ұстаушысына АҚ-дағы мүшелікке, оның капиталындағы үлеске иелік етуге, басқаруға қатысуға және белгілі табыс (дивиденд) алуға құқық береді. Акционерлер (акция иелері) өздеріне тиесілі акциялар құнының шеңберінде ғана шығынданады.

АҚ – ды бір тұлға құра алады немесе қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда бір тұлғадан тұра алады. АҚ ашық және жабық түрде болады.

Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ) – акциялары еркін сатылмайтын және тек оның құрылтайшылары немесе алдын-ала келісілген тұлғалар арасында ғана орнықтырылатын

Ашық акционерлік қоғам (ААҚ) – акциялары еркін сатылатын АҚ; АҚ қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларға басқа акционелердің келісімінсіз еркін иелік ете алады (яғни, акцияларды кез-келген қалаушы сатып ала алады және, соның арқасында, акционерлік қоғамның мүлкіне иелік етуге қосылады).

Осылайшы, акционерлік қоғамның капиталы қатысушылардың елеулі саны есебінен құралады. Олардың барлығы – бизнестің нақты меншік иелері. Бірақ, олардың басым көпшілігі фирманы басқаруға қатыспайтын болғандықтан, олар «ұйықтап жатқан» әріптес болып саналады. Қызметті жедел, күн сайын басқаруды директорлар Кеңесінің бақылауында болатын ақылы менеджерлер (кәсіпорындағы қызметті кәсіби, жоғары деңгейде басқаратын) атқарады. Акционерлердік осы тобы фирманың нақты саясатын анықтайды және стратегиялық шешімдерді қабылдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]