- •Мазмұны
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. Ресурстардың шектеулілігі
- •Кесте 2. Өндіріс мүмкіншіліктерінің кестесі
- •1 Сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
- •Экономикалық жүйе түрлері
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. (есептер, тест сұрақтары)
- •Өз бетімен шығаруға арналған есептер
- •Тест сұрақтары
- •Әрбір экономикалық жүйе ресурстардың шектеулілігі факторына тап болады дегенде не туралы сөз болып отыр:
- •Өндірістік мүмкіншіліктер қисық сызығын сызған кезде төменде аталған экономикалық ұғымдардың қайсысын тікелей мысал ретінде көруге болады:
- •2 Тақырып. Сұраныс. Ұсыныс.
- •Сұраныс (demand).
- •Ұсыныс.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныстың икемділігі.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігі.
- •IV. Тапсырмалар
- •VI тест 2. Төмендегінің қайсысы дұрыс?
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті.
- •1. Сұраныс өзгерісіне реакция.
- •2. Ұсыныс өзгерісіне реакция.
- •3. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей өзгерісне реакция.
- •Нарықтық бағаны белігеуде мемлекеттік реттеудің салдарлары
- •Салықтар мен дотациялар;
- •Директивті бағалар (бағаның жоғарғы және төмеңгі шегін тағайындау)
- •3. Сату көлемін реттеу
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті (есептер, тест сұрақтары).
- •Қорытынды: алынатын түсімнің ең көп мөлшері тепе-теңдік баға кезінде болады. Тест
- •Тест жауаптары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Жеке бизнес
- •Жеке нысан: артықшылығы мен кемшілігі
- •Серіктестік бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде
- •Серіктестік: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың акционерлік нысаны
- •Акционерлік қоғам: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың арнайы нысандары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары (есептер, тест сұрақтары)
- •1 Тапсырма
- •«Алтын кілт» ертегісі.
- •Есептер
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлікті қаржыландыру
- •Қаржы нарығы
- •Қысқа мерзімді қаржыландыру
- •Ұзақ мерзімді қаржыландыру
- •Акциялар
- •Кәсіпорын жаңа капитал шығарады
- •Кесте 1. Қызмет түрлері бойынша таза табыс, млн. Теңге
- •Тақырып 6. Кәсіпкерлікті қаржыландыру (есептер, тест сұрақтары)
- •Тест 1.
- •Жауап бланкісі
- •Есеп 1.
- •Тест 2.
- •Жауап бланкісі
- •Есептер 2
- •7 Тақырып. Фирма шығындары.
- •Шығындар
- •Шығын түрлері
- •Өнімді өндіру үшін фирманың қолданатын сыртқы және ішкі өндіріс факторлары
- •Шекті шығындар
- •Фирма шығындары
- •Пайданың ең жоғары болу шарты
- •Өндіріс масштабының (көлемінің) әсері
- •Қорытынды
- •7 Тақырып. Фирма шығындары (есептер, тест сұрақтары)
- •II.Есептер
- •III. Тест
- •8 Тақырып. Бәсекелестік. Рынок құрылымы.
- •Бәсекелестік
- •Рынок құрылымы
- •Қорытынды
- •2 Тапсырма
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма. Түрмедегідер диллемасы
- •3 Тапсырма. Бензоқұбырлар дуэлі
- •4 Тапсырма. Авиокомпания ісі: ірі болған сайын жақсы ма?
- •9 Тақырып. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары.
- •Еңбек нарығы
- •Еңбек ресурстары және жұмыссыздық
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Фрикционды жұмыссыздық
- •Құрылым жұмыссыздығы
- •Циклды жұмыссыздық
- •Жасырын жұмыссыздық
- •Табиғи жұмыссыздық түсінігі
- •Жұмыссыздықтың салдары
- •Оукен заңы
- •Қосымша материал.
- •Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •Жай мерзімді
- •Мерзімді-сыйақылы
- •Еңбек нарығы қалай жұмыс жасайды
- •Еңбекке сұраныс
- •Жоғары мөлшерде пайда алу шарты
- •Еңбек ұсынысы
- •Нарықтық тепе-теңдік
- •Қызмет түріне орай еңбекақы деңгейіндегі айырмашылықтар
- •Жалқының ең төменгі деңгейін мемлекеттік реттеу
- •Тақырып 9. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары. (есептер, тест сұрақтары)
- •II. Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар тест
- •1 Тест сұрақтарына жауаптар
- •III. Еңбек нарығы және жалақы
- •Келесі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы қате екенін көрсетіңіз.
- •Келтірілген жауаптардың қайсысыд ұрыс екенін көрсет.
- •Тапсырмалар мен есептер
- •Жұмыспен қамтылғандар және жұмыссызлар. Жұмыссыздықты өлшеу.
- •Терминдермен түсініктерге сәйкес анықтамаларын табыңыз:
- •№3 Тест
- •Есептер
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық
- •Экономикалық тұрақтылық
- •Макроэкономиканың мақсаты мен құралдары
- •Жалпы ұлттық өнім. Жалпы ішкі өнім.
- •Жұө табыс тәсілімен есептеу
- •Жіө өндірістік әдіспен есептеу.
- •Қосымша құнды есептеу
- •Ұлттық шоттың басқа көрсеткіштері
- •Номиналды және нақты жүө
- •Экономикалық циклдар
- •Макроэкономикадағы тепе-теңдік
- •Тепе-теңдік баға деңгейі мен ұлттық өндірістің нақты көлемі
- •Жұмыспен қамтудың кейнсиандық теориясындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Жұмыссыздықты шектеу мақсатындағы экспансия саясаты
- •Инфляцияны шектеу мақсатындағы рестриктивті саясат
- •Экономиканы ақша-несие және бюджеттік реттеу әдістері
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық (есептер, тест сұрақтары) тест 1.
- •Тест 2.
- •Дұрыс сөйлемді анықта:
- •12 Тақырып. Халықаралық сауда
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет
- •Экономикадағы мемлекет
- •1.1 Жеке меншік құқығын сақтау
- •1.2 Сыртқы әсерлерді ескеру
- •1.3 Нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету
- •1.4 Тұтынушыларды қорғау
- •1.5 Экономиканы тұрақтандыру
- •1.6 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •1.7 Қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету
- •1.8 Мемлекеттік және жеке сектордың өзара әрекеті
- •1.9 Үкімет өз ақшасын қалай жұмсайды
- •1.10Үкіметтік табыстардың көздері
- •Қорытынды
- •Қазақстан республикасы бойынша қосымша материал
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет. (есептер, тест сұрақтары) тест
- •Ойлануға арналған сұрақтар
- •5 Нарық Соңғы тауарлар мен қызметтер 6 Нарық 1 Жаттығу
Жеке бизнес
«Жеке кәсіпкер» - кез-келген іс-әрекет етуге қабілеті бар азамат айналыса алатын, жеке кәсіпкерліктің қарапайым нысаны.
Жеке кәсіпорын – ұйымдастырушысы да, иесі де бір адам болып келетін шаруашылық ұйым, сондықтан ол ғана осы фирманың іс-әрекетіне толық жауап береді және түсетін табыстың барлығын алуға оның құқы бар.
Жеке фирма – ол «толық жауапкершіліктегі толық еркіндік». Бизнесті ұйымдастырудың бұл нысанының бірқатар артықшылығы мен кемшілігі бар. |
Жеке нысан: артықшылығы мен кемшілігі
Артықшылығы |
Кемшілігі |
Жеке меншік иесінің тез арада шешім қабылдау мүмкіндігі болады. Бизнестегі сәттілік, көбінесе, осы факторға байланысты, ал «жалғыз» бизнесмен бұл мәселеге қатысты ешкімге тәуелді емес.
|
«Несиелеудің шектеулі мүмкіндігі»: жеке меншік иесінің қаражаттары – ол оның меншік немесе қарыз, әдетте, шағын ғана қаражаттары, бұл жеке бизнестің ұлғаю мүмкіндігін шектейді. |
Бизнесменнің табысы бизнесменнің өзінің бастамасына, назарына, өз ісіне деген көзқарасына толық тәуелді. Бұл меншік бизнес, - және ол бизнесменді өз ісіне максималды жеке үлесін енгізуді талап етеді. Кәсіпкер бизнесті жүргізу бойынша барлық операцияларды жеке бақылауда ұстайды. Бұл басқарудың максималды жоғары деңгейін ұстап тұруға, өндірістік емес шығындарды төмендетуге, өндіріске жұмсалатын шығындарды кемітуге мүмкіндік береді. |
«Қызметті дамытудың шектеулі мүмкіндіктері»: жеке бизнестің қаржылық, материалды және басқа ресурстардың шектеулілігінен, өндірістің үлкен көлемі мен ұлғаюға байланысты қосымша артықшылығы болмайды.
|
Шағын кәсіпорында қызметкер мен кәсіпкер арасында да, өзара қызметкерлер арасында да жеке байланысты орнату мүмкіндігі болады. Адами қатынастар мұнда істің мүддесіне байланысты қалыптасады: кәсіпорын – «біртұтас отбасы»
|
«Өзінің барлық мүлкімен жауап беру тәуекелі»: жеке кәсіпкер «шектеусіз жауапкершілік» қағидасы бойынша қызмет етеді, яғни, сәтсіздік орын алған жағдайда, бизнес иесі бизнеске салынған мүліктен ғана емес, сонымен қатар несие берушілерге қарызды өтеу үшін қажетті мүліктен де айырылады. Басқаша айтқанда, «шағын бизнес-ол толық тәуелсіздік пен толық жауапкершілік». |
Кәсіпкерде өз өнімін тұтынатындардың тұтыну ерекшелігін, әдетін, талғамын тікелей білу және осыған байланысты өз клиенттерінің қалауы мен талғамының өзгеруіне тез арада әрекет ету мүмкіндігі бар. |
|
Серіктестік бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде
Ақшаның жетіспеушілік мәселесі мен жеке мүлікті жоғалту тәуекелін төмендету үшін кәсіпкерлер істі бірігіп жүргізу үшін бірнеше қатысушылардың меншік қаражаттарын біріктіруді көздейтін, шаруашылық ұйымдастырудың тағы бір нысаны- серіктестікті меңгерді. Сонымен,
Екі және одан да көп тұлғалармен ұйымдасқан және олардың меншігіндегі бизнес серіктестік, немесе әріптестік деп аталады. |
«Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, коммандитті серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам нысанында құрыла алады.» (ҚР Азаматтық Кодексі, 58 бап, 2т).
Әріптестік – ол жеке кәсіпорынға қарағанда бизнесті ұйымдастырудың аса жоғары нысаны. Әріптестер белгілі - бір капиталды салады, ал әріптестердің заңгерлік қатынастары арнайы келісімде (мәмледе) бекітіледі. Онда бизнесті басқару шарттары, әр әріптестің салған капитал мөлшері, пайда мен шығынды бөлу жағдайлары айқындалады. кейбір әріптестер нақты капитал (ғимарат, мәшине, құрал-жабдық) немес ақша нысанындағы капиталды енгізе алады, ал басқалары өзінің бизнестегі үлесі ретінде тек білімін, дағдысы мен шеберлігін сала алады. Кейбір әріптестердің өз капиталын салып, бірақ басқаруға қатыспауы да мүмкін.
Кәсіпкерліктің кез-келген түрі тәуекелмен байланысты. Тәуекелге дайындық деңгейі әр-бір қатысушының серіктестіктегі рөлін анықтайды. Толық серіктестікте барлық қатысушылар өздері құрған фирманың қызметі бойынша құқықтары мен міндеттемелері жағынан тең болады. «Толық серіктестіктің мүлкі жетіспеген жағдайда оның қатысушылары өздеріне тиесілі барлық мүлікпен серіктестіктің міндеттемелері бойынша бірдей жауапкершілікте болатын серіктестік толық деп аталады» (ҚР АК 63 б.). Сәтсіздік болған жағдайда серіктестіктің қатысушылары жеке меншік мүлкімен жауап береді. Тапқан пайда меншік иелері арасында олардың сол фирманың жарғылық капиталына салған жарнасына сәйкес бөлінеді, егер, Сіз, құрылтайшы ретінде жарғылық капиталдың 25 % салған болсаңыз, онда, Сіздің фирма табысының 25% алуға құқыңыз бар. Алайда, фирманың банкроттығы жағдайда (яғни, дәрменсіздігі жағдайында) әр әріптес жарқылық қордағы өз үлесіне сәйкес емес, толық жауап береді. Мұндай жауапкершілік - ынтымақтасты жауапкершілік деп аталады. Бұл, егер, сіздің бизнес бойынша «жолдастарыңыз» фирманың банкроттығы кезінде дәрменсіз (төлем қабілетсіз), ал Сіз төлем қабілетті болсаңыз, онда серіктестіктің жарғылық қорына салған үлесіңізге қарамастан, кезінде салған жарнадан да жоғары соммадағы мүлікті беруіңізге тура келеді..
Толық серіктестіктің барлық қатысушылары өздерінің барлық мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша шектеусіз ынтымақтасты жауапкершілікте болады. |
Аралас серіктестік, толық серіктестікке қарағанда өздерінің барлық мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша ынтымақтасты жауапкершілікте болатын серіктестіктің нақты мүшелерін және серіктестіктің мүлкіне салған өз үлесі шеңберінде ғана жауапты болатын серіктестіктің салымшы-мүшелерін қамтиды. |
«Коммандитті деп өзінің барлық мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша қосымша жауапты болатын бір немесе бірнеше қатысушымен қатар (толық серіктер), жауаркершілігі толық серіктестіктің мүлкіне салған соммамен шектелетін (салымшылар) және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатыспайтын серіктестіктің (әріптестіктің) бір немесе бірнеше қатысушысын қамтитын серіктестікті айтады» (ҚР АК 72 б.). |
Жауапкершілігі шектелген серіктестіктің барлық қатысушылары өз салымдары шеңберінде ғана міндеттемелер бойынша жауап береді. |
Әріптестіктің ең қауіпсіз нысанына жауапкершілі шектеулі серіктестік жатады. Ұұйымдасқан бизнестің бұл нысаны құрылтайшылар үшін қауіпсіз, ал сол фирмамен қызмет етіндер үшін қауіпті болады. Фирманың банкроттығы жағдайында несие берушілерден қарыздың толық соммасын өтеу мүмкіндігі өте төмен, себебі, фирма құрылтайшыларының мүлкіне «жете» алмайсың.
