Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

VI тест 2. Төмендегінің қайсысы дұрыс?

1. Q = a + bP (мұнда, a және b оң мағыналы) функциясымен бейнеленетін ұсыныс кез-келген нүктеде баға бойынша икемсіз.

1) Дұрыс 2) Дұрыс емес

БІР ҒАНА ДҰРЫС ЖАУАПТЫ ТАҢДАҢЫЗ

2. Х тауарының өз бағасы бойынша ұсыныс икемділігі немен өлшенеді?

1) ақша бірлігімен;

2) пайызбен;

3) Х тауарының өндірісі өлшенетін бірлікпен;

4) өлшемсіз шама болып табылады;

5) дұрыс жауап жоқ.

3. Егер, бағаның 5% - ға төмендеуі, ұсыныс көлемін 8%-ға төмендететін болса, онда бұл ұсыныс:

1) икемсіз;

2) икемділігі бірге тең;

3) икемді;

4) абсолютті икемді;

5) абсолюті икемсіз.

4. Әлде-бір игіліктің ұсыныс көлемі оның бағасына тікелей байланысты екені белгілі. Онда ұсыныс:

1) бағаның кез-келген деңгейі үшін икемді;

2) бағаның кез-келген деңгейі үшін икемсіз;

3) бағаның кез-келген деңгейі үшін икемділігі бірге тең;

4) икемділіке қатысты ештеңе айтуға болмайды.

Тест 2 сұрақтарына жауаптары

Сұрақ №

1

2

3

4

Жауабы

1

4

3

3

4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті.

Сабақтың мақсаты:

  1. Нарықтық баға анықтамасына, бағаның өзгерісіне байланысты бағалық емес факторлардың әсеріне және сәйкесінше нарықтық көлемге қатысты сұрақтар мен тапсырмаларды қарастыру.

  2. Бір-бірімен байланысты нарықтарды талдау (бір оқиғаның тауарлар мен қызметтердің әртүрлі нарықтарына қалай әсер етуін қарастыру).

Негізгі сұрақтар:

  1. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының бірдей жылжуы кезінде нарықтық тепе-теңдіктің бір параметрлер өзгерісінің белгісіздік проблемасы (қисық сызықтардың көлбеуі мен жылжу шамалары туралы нақты мәліметтің жоқ болған кезінде).

  2. Мемлекеттің директивті және тепе-теңдік баға арасындағы қатынасқа тиісті максималды (минималды) бағаны тағайындауының салдары.

Сабақ жоспары:

  1. Тепе-теңдік бағаны нақты мысалда анықтау Определение равновесной цены на конкретном примере

  2. Есептерді шығару арқылы артықшылық немесе жетіспеушілікті анықтау бойынша тапсырмаларды қарастыру

  3. Есептерді шығару арқылы сатушылар мен сатып алушылар ұтысын анықтау

  4. Тұрақты (директивті) бағаны тағайындау кезіндегі ситуацияларды талқылау

  5. Нақты жағдайларда сатушылар мен сатып алушылардың бағалық сұраныс мен ұсыныс икемділігінің әсері.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Нарық. Нарықтық тепе-теңдік. Нарықтық баға. Сатылу көлемі. Ұсыныс артықшылығы (артықшылықты ұсыныс) (игіліктің артықшылығы). Сұраныс артықшылығы (артықшылықты сұраныс) (игіліктің жетіспеушілігі). Бағаға шектеу қою (жоғарыдан немесе төменнен).

Әдебиеттер тізімі

  1. Основы экономической теории: Учебник для 10 -11 кл. общеобразоват. учрежд. с углубленным изучением экономики / Мем. унив. – Экономиканың жоғарғы мектебі; С.И. Иванова басшылығымен – 7-ші басылым. – 2 кітапта. 1 кітап. – М.: Вита-Пресс, 2004, 85-95 беттері, 116-120 беттер.

  2. Практикум по основам экономической теории: Уч. пособие для 10 -11 кл. общеобразоват. учрежд. с углубленным изучением экономики/ Мем. унив. – Экономиканың жоғарғы мектебі; С.И. Иванова башылығымен – М.: Вита-Пресс, 1999, 47-55 беттер.

  3. Липсиц И.В. Экономика: 2 кітапта. 1 кітап: Учебник для 9 кл. общеобразоват. учрежд.- 4-ші басылым, қайта қарастырылған және толықтырылған- М.: Вита-Пресс, 2000, 63-81 беттер.

  4. Мицкевич А.А.- Сборник заданий по экономике: Для учащихся 10 -11 кл.- 3 кітапта. 1 кітап. Задачник по микроэкономике.- 3-ші басылым, қайта қаратырылған – М.: Вита-Пресс, 2001, 140-185 беттер.

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ

Нарықтық экономика жүйесінде еркін кәсіпкерлікке, әркімге арналған таңдау еркіндігіне негізделген қызмет етудің белгілі бір стимулдары мен қағидалары бар.

Нарықтық таңдаудың кәсіпкерлік қызметтің стимулы ретінде экономикалық мүдде болып отыр.

Кәсіпкерлер максималды пайда табуға мүдделі болады, ал өндіріс факторларының иелері өндіріс факторларын өндірісте қолданғаны үшін мейлінше жоғары табысты алуға мүдделі болып отыр. Тауарларды сататын және сатып алатын адамдарға нарық мәліметтерді баға ретінде беріп отырады. Бағаларды талдау негізінде шешімдер қабылданады. Бағалар сатушалар мен сатып алушыларға Не және Қалай өндіру керек және Кім оны тұтынатыны жөнінде сигналдар беріп отырады. Сатушылардың мақсаты – пайда табу. Нені өндіру керек деген сұраққа жуап іздегенде фирманың шешіміне белгілі бір бағада, дәлірек айтатын болсақ, тұтынушылардың сатып алуға дайын бағада, сатушының пайда табу қабілеті әсер етеді. Өнімнің өзіндік құнының төмен болуы берілген нарықтық бағада сатушының жоғары пайда табуына ықпал етеді. Сонымен, баға механизмі өндірістің ең жақсы тәсіліне қатысты фирма шешінің Қалай өндіру керек деген сұрағынаа жауап береді. Кім үшін өндіру керек деген сұрағына жауап сатып алушылардың тауарлар үшін төлеу тілегі мен қабілетімен анықталады, ол өз кезегінде олар ресурстарды алған үшін бағалармен анықталады.

Кез келген нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет етеді, олардың әр қайсысы өздерінің іс-әрекеттерін бір-біріне тәуелсіз жоспарлайды. Сатушылар ұсынып отырған тауарлар саны сатып алушылардың сатып алуға жоспарлаған тауарлар санына сәйкес болған кезде, яғни сатушылар мен сатып алушылар жоспарлары сәйкес болған кезде, нарық тепе-теңдік жағдайында болып тұр деп айтады.

Алдыңғы тақырыптардыға қарастырған сұраныс және ұсыныс ұғымдары сатушылар мен сатып алушылардың белгілі бір тауар санын сату және сатып алу жоспарларын көрсетіп отырды. Нарықтағы тауар бағасы мен тауардың сату және сатып алудың нақты көлемі сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыстың нәтижесінде анықталады

Алдыңғы тақырыптардыға қарастырған сұраныс және ұсыныс ұғымдары сатушылар мен сатып алушылардың белгілі бір тауар санын сату және сатып алу жоспарларын көрсетіп отырды. Нарықтағы тауар бағасы мен тауардың сату және сатып алудың нақты көлемі сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыстың нәтижесінде анықталады

Тепе-теңдік бағасы – сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болған кездегі баға.

Н арықта сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы нәтижесінде баға қалай тағайындалады? Бұл сұраққа жауап беру үшін сұраныс пен ұсыныс шкаласының біріккен кестесін құрастырайық.

1 кесте. Сұраныс, ұсыныс және нарықтық баға

Тауардың бір данасына ұсыныс көлемі

Баға, ақшалай өлшем

Тауардың бір данасына сұраныс көлемі

Тауардың артықшылығы (+)

немесе жетіспеушілігі (-),дана

2

10

50

-48

9

15

42

-33

18

20

32

-14

25

25

25

0

31

30

20

+11

37

35

15

+22

42

40

10

+32

Кестеден көріп тұрғанымыздан тауардың бағасы 25 ақшалай өлшем болған кезде тауар жетіспеушілігі де, артықшылығы да болмайтынын байқаймыз – міне, осы баға деңгейін тепе-теңдік баға деңгейі деп атаймыз.

Тепе-теңдік тауар көлемі дегеніміз сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасы тең болғандағы тауар саны.

Тепе-теңдік баға жағдайында нарық тұрақты қалыпта болады. Сатушылар мен сатып алушылар жоспарларын көрсететін сұраныс және ұсыныс қисық сызықтары нарықтық тепе-теңдік графигін тұрғызу үшін қолданылуы мүмкін.

Экономикалық теориядағы тіпті барлық проблемалар, негізінен, сұраныс пен ұсыныс мәселесіне ұштасады. Тепе-теңдік қағидасын дәлелдей отыра, Альфред Маршалл экономикалық теория ғылымына «тепе-теңдік баға» деген категорияны еңгізді. Маршалл былай деп жазған: «Біз парақ қағазды қайшының жоғарғы лезвиясы ме немесе төмеңгі лезвиясы кеседі ме деген сияқты құн бағалылықпен бе немесе өндіріс шығындарымен бе реттеледі деген сұрақтарына жауаптар іздегенде бірдей жағдайда дауласуға болады». Экономикалық тепе-теңдіктің бұл қағидасы неоклассикалық мектепті анықтайтын ережелерінің бірі болып табылады. Маршалл өз тәсілінің мәнін қысқаша түсіндіре отырып былай деген: «Барлық экономикалық проблемалар өздерінің ерекшеліктері бойынша үлкен айырмашылықтарына қарамастан, олардың барлығының мәні бір. Ол мәнділік дегеніміз екі қарама - қарсы мотив түрлерін теңестіру қажеттілігі болып табылады, олардың біреусісі – белгілі бір күш-жігер мен шығындардан бас тарту немесе белгілі бір тез арадағы қанағаттандыруға жету ... Басқа сөзбен айтқанда, бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіру қажеттілігі

Тауар нарығындағы тепе-теңдік сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең екенін, сұраныс бағасының ұсыныс бағасына тең екенін білдіреді:

Qd = Qs; Pd = Ps.

Тауардың Q* берілген көлемінде сатып алушылар тауарды сатып алу мүмкіндігі бар максималды бағасы (Pd сұраныс бағасы) сатушылар үшін лайықты минималды бағаға (Ps ұсыныс бағасы) сәйкес болады, бұл жағдай берілген нарықта бірдей тұрақты Р* тепе-теңдік баға тағайындалғанын білдіреді. Р* тепе-теңдік баға бойынша Q* тепе-теңдік тауар көлемі сатылады және сатып алынады.

Осы жағдайда екі жақтың ешқайсысы берілген ситуацияны өзгерткісі келмейді.

Сұраныс қисық сызығынан жоғары орналасқан, нүктелермен берліген барлық бағалар тұтынушылар үшін тым жоғары (шамадан тыс), ал ұсыныс қисық сызығынан төмен орналасқан барлық бағалар сатушылар үшін тиімсіз (шығынға ұшыратады). Ал басқа жағынан қарағанда, сатып алушылар үшін максималды болған бағадан төмен бағаларға сатып алушылар қуанады, сол сияқты, сатушылар үшін минималды болған бағадан жоғары бағалардан сатушылар бас тартпайды.

Келісімдер жүзеге аспайтын шарттар – бұл 1,2,3 шегі. 4 – бұл сатып алушы мен сатушы мүдделерінің сәйкес болған шегі. Осы шектің бойындағы кез келген нүкте мүмкін болатын келісімнің шарттарын көрсетеді.

С атушылар мен сатып алушылар нарықтағы баға тепе-теңдік бағадан жоғары болуын күтеді деп болжайық және осы күтулеріне сәйкес өздернінің қызметтерін жоспарлайды. Тепе-теңдік бағадан жоғары кез келген бағалар үшін ұсыныс көлемі сұранысы көлемінен артық болады, сонымен, нарықта тауар артықшылығы, яғни ұсыныс артықшылығы пайда болады. Тауардың артықшылығы байқалған кезде, сатышылар берілген бағада ойлаған тауар көлемінің барлығын сата алмайды. Нәтижесінде сатушылардың тауар қорлары өседі және сұраныстың нормальды өзгеріс жағдайына жоспарланған деңгейінен де асып түсе бастайды. Сатушылар тауар қорларының өсуіне өздерінің жоспарларына өзгерістер еңгізу арқылы жауап береді. Сатушылардың бір бөлігі өндіріс көлемін азайтады, басқа біреулері бағаларды төмендетеді, кейбіреулері өндіріс көлемі де, бағаны да төмендетеді. Нәтижесінде баға мен тауар сатылу көлемі азая бастайды. Сатып алушылар өздері күткендей емес, тауар бағасы енді арзан болғанына көздері жеткен сатып алушылар сатып алынатын тауар санын ұлғайтады. (2 сурет). Графикте Е (EQUILIBRIUM) нүктесімен тепе-теңдік нүктесін белгілейік.

Артықшылықты ұсыныс көлемі = Qs1 (P1) - Qd1 (P1)

Т епе-теңдік бағадан төмен кез келген баға үшін сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артық және бұл артық сұранысқа әкеледі. Бұл жағдайда тұтынушының тауарды сатып алу тілегі қанағаттандырылмай қалады, сонда сатушылар бағаны жоғарлата бастайды және ұсыныс көлемінде көбейтеді. Нәтижесінде, баға өседі, ұсыныс көлемі жоғарлайды, ал сұранысы көлемі артықшылықты сұраныс көлемі жоқ болғанша дейін төмендейді. Сонда сатушылар мен сатып алушылар жоспарларының өзгерісі нәтижесінде нарық тепе-теңдік жағдайға жетеді.

Артықшылықты сұраныс көлемі =

Qs2 (P2) – Qd2 (P2) (3 сурет).

Бәсекелестік нарықта тепе-теңдік жағдай тағайындалғанға дейін нарықтық механизм бағалардың өзгерісін қамтамасыз етеді. Тепе-теңдік нүктесінде артықшылыұ сұраныс та, артықшылықты ұсыныс та байқалмайды, яғни, бағаларға деген қысым жоқ. Нарықта тепе-теңдікке ұмтылу тенденциясы болып отырады.

Т епе-теңдік параметрлерін анықтау үшін:

  • сұраныс функциясын ұсыныс функцияларын бір-біріне теңеу қажет және алынған теңдеуді шешу қажет;

  • бағаның алынған шамасын сұраныс функциясына немесе ұсыныс функциясына қою қажет.

Сұраныс пен ұсыныстың тік сызықты функциясы жағдайында:

Qd = a – bP , Qs = c + dP

а – bP = c + dP

P*= (a – c)/(b + d)

Q*= (bc + ad)/(b + d)

Тепе-теңдік жағдайын графикалық түрде 4 суретте көрсетілген.

Тепе-теңдік баға деңгейі, бір жағынан, тауар өндірістің шығындарымен, екінші жағынан – сатып алушының сол тауарды сатып алу тілегі мен мүмкіндігімен анықталады.

Бір кездегі тағайындалған тепе-теңдік жағдай тұрақты болып қала бермейді. Сұраныстың және (немесе) ұсыныстың өзгерісі кезінде олардың графикалық жылжуы байқалады, және сала бойынша тепе-теңдік нүктесі жаңа орынға ие болады.

Тұтынушылардың артықшылығы.

Тұтынушылық артықшылық – бұл тұтынушының белгілі бір тауар санын сатып алуда төлеуге дайын максимум баға мен нақты төлейтін бағасы арасындағы айырма.

Сұраныс қисық сызығының биіктігі белгілі бір сатып алушының қосымша тауар данасына қандай максималды бағаны төлеуге дайын екенін көрсетеді

Өндірушінің артықшылығы.

Өндірушінің артықшылығы – бұл өндірушінің бір тауар данасын сатудан нақты қанша түсім алатыны мен сол тауарларды сатудан алуға дайын минимумы арасындағы айырма.

Сауданың өзара пайдасы = тұтынушының артықшылығы + өндірушінің артықшылығы

Сонымен, сауданың өзара пайдасы, бір жағынан, тепе-теңдік нүктесі; екінші жағынан бағалар осі берілген сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары арасындағы көрсетілген үшбұрыштың жалпы ауданына тең болады,

Нарықтық жағдайлардың (шарттардің) өзгерісі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]