Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

Мазмұны

1 тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн............................................... 3

2 тақырып. Сұраныс. Ұсыныс............................................................................................................... 13

3 тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныстың икемділігі................................................................ 30

4 тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті......................................................................... 43

5 тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары............................................................................... 58

6 тақырып. Кәсіпкерлікті қаржыландыру........................................................................................ 67

7 тақырып. Фирма шығындары........................................................................................................... 78

8 тақырып. Бәсекелестік. Рынок құрылымы................................................................................... 89

9 тақырып. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары................................................................................. 99

11 тақырып. Экономикалық тұрақтылық........................................................................................ 122

12 тақырып. Халықаралық сауда......................................................................................................... 137

13 тақырып. Экономикадағы мемлекет.............................................................................................. 141

Глоссарий............................................................................................................................................................ 152

1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. Ресурстардың шектеулілігі

Экономикалық теорияда ресурстардың шектеулілігі туралы айтылған кезде ресурстардың, мысалы Жер планетасының қойнауындағы пайдалы қазбалардың жай ғана физикалық шектеулілігін түсінуге болмайды. Сөз басқада болып отыр – егер ресурстарды тегін ұсынатын болса, оған деген сұраныс асып түсетін еді. Соның нәтижесінде осы сияқты ресурстардың иелері өздерінің иелігіндегі ресурстары үшін табыс алу құқығына ие болады. Осындай «экономикалық шектеулі» ресурстар экономикалық ресурстар деп аталады.

Қоғамда бар ресурстардың шектеулілігі қоғам қарамағында бар игіліктердің шектеулілігіне себепші болады.

Кесте 1. Экономикалық ресурстардың жалпы жіктемесі

Материалды ресурстар

Экономикалық

ресурстар

(өндіріс факторлары)

Ресурстар үшін

төленетін төлем

(меншік иесі алатын табыс)

Жер

(пайдалы қазбаларды қосқанда)

Ренталық табыс немесе пайыз ретіндегі табыс

Капитал

(нақты, қаржылық емес)

Адам ресурсы

Еңбек

Жалақы

Кәсіпкерлік

қабілет

Пайда

ӨНДІРІС МҮМКІНШІЛІГІНІҢ ҚИСЫҚ СЫЗЫҒЫ

Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы – экономикалық теорияда – экономикада ресурс қорлары тұрақты және технология өзгермейтін жағдайда, сонымен қатар толық жұмыс бастылық және тиімді өндіріс жағдайында өндіруге болатын екі тауар немесе қызмет түрлерінің әртүрлі қисындасуын (комбинациясын ) көрсететін қисық сызық.

Алғы шарттар:

  1. экономика толық жұмыс бастылықта қызмет етіп отырады және өндірістің толық көлеміне жетеді;

  2. қолданып отырған ресурстардың саны мен сапасы өзгеріссіз болады;

  3. технология өзгеріссіз болады;

  4. экономика тек ғана екі тауарды өндіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]