
салық
АААААААААААААА
Акциз салығын салудың құру негіздері: төлеушілер, салық салу объектісі, салық салынатын айналымы Акциз (фр. accіse, лат. accіdere — кесу) — тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосымша салынатын салықтың бір түрі. Республикада өндірілген және сырттан келетін тауарларға, бәсеке бизнесіне акциз салынады. Акцизделетін тауарларға спирттің барлық түрі, сусын, шырын, арақ-шарап, коньяк, шампан шарабы, сыра, темекі өнімдері, бекіре мен қызыл балық, олардың уылдырығы, алтын, платина немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, хрусталь бұйымдары, бензин (авиация бензинінен басқасы), дизель отыны тағы басқалар жатады (1998). Сапасы мен бағасы жақын (тұз, шырпы, қант тағы басқалар) тауарларға салынатын бірыңғай акциз, ортақ белгілеріне қарай (шараптың күші, матаның беріктігі тағы басқалар) жіктелетін тауарларға салынатын ажыратылған акциз, тауардың өлшем бірлігінен қатаң мөлшермен алынатын жеке акциз, сорттарының бағасы әртүрлі деңгейдегі бірыңғай тауарларға арналған орташа акциз деген түрлері бар. Қазақстан Республикасының үкіметі акциз мөлшерін бекітерде осы жайлардың бәрін ескереді. “Акциз туралы” Қазақстан Республикасының Заңы (24.12.1991) мен “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығында (24.04.1995), Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің қаулыларында акциз мәселелеріне байланысты көптеген шаралар жүзеге асырылды.
Арнаулы салық режимі. Арнаулы салық режимін қолданушылар мен оның түрлері. Арнаулы салық режімі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін біоджетпен есеп айырысудың және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салықтық есептемені табыс етудің оңайлатылган ережесін қолдануды көздейтін ерекше тәртіп. Арнаулы салық режімдері мынадай түрлерге бөлінеді: өзіне патент негізінде және оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін кіріктіретін шағын бизнессубъектілері үшін, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, заңи тұлға - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен селолықтұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімдер. Салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауға құқылы. Арнаулы салық режімі шағын бизнес субъектілері үшін төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.Бюджетке басқа салықтарды және міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және салықтық есептемені табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы аумағында және оның шегінен тысқары жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объекті болып табылады. Біркатар табыстардан корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және олар бойынша салықтық есептемені табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Шағын бизнес субъектілеріне арналған салықты есептеудін жалпыға бірдей белгіленген тәртібі, патент негізінде, оңайлатылған мағлұмдама негізінде жүргізіледі. Патент негізіндегі арнаулы салық режімін мынадай шарттарға сай келетін; 1.жұмыскерлердін еңбегін пайдаланбайтын; 2.дара кәсіпкерлік нысандағы қызметті жүзеге асыратын; 3.салық кезеңіндегі табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті каржы жылынын 1 каңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.
Бббббббббббббббббббббббб
Бонус және оның түрлері. Үстеме пайдаға салынатын салық. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы. Бонус — кен байлықтарын барлау және өндіру жұмыстарын жүргізуге байланысты мемлекетке (жер иесіне) төленетін кесімді ақы. Табиғат байлығын пайдаланушылар жасалған келісімшартқа сәйкес белгілі мерзімде, бекітілген мөлшерде төлем төлеуге міндетті. Оның жер пайдалану Бонусы, келісілген кен көзін табу Бонусы және кен өндіру Бонусы деп аталатын үш түрі бар.1.Жер пайдалану Бонусы — келісімшартқа сәйкес табиғат байлығын пайдалану құқы үшін төленеді. Төлем мөлшері мен мерзімі келісімшартта көрсетіледі. Қазақстанда жер пайдалану Бонусының бастапқы мөлшерін үкімет белгілейді, ал нақты мөлшері пайдалануға беріліп отырған жердің эконмика құндылығына байланысты анықталады.2.Келісілген кен көзін табу Бонусы пайдалануға берілген аймақтан әрбір кен көзі ашылғанда төленеді.3.Кен өндіру Бонусы кесімді төлем түріне жатады. Ол кезең-кезеңге бөлініп, келісімшартта көрсетілген мөлшерде жылына бір немесе бірнеше рет төленеді. Оның мөлшері кен көзін игеруден түскен табыс көлеміне байланысты қойылады. Бонус түрлерінің қайсысын қолдану алдын ала жасалған келісімшарттың жекелеген талаптарымен айқындалады; Бонус — қосымша сыйақы, сыйлық. Әдетте, қосымша сыйақы мөлшері жасалынатын мәміленің жалпы сомасының белгілі бір проценті көлемінде тағайындалады; Бонус — жасалған келісімшартқа сәйкес сатушының өзінің тұрақты сатып алушысы келісілген тауар мөлшерін уақытында түгел алған жағдайда оған ұсынатын баға жеңілдігі.Дамыған елдердегі салық салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізін табыс салығы – азаматтар және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құнға салынатын салық құрайды. Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы және заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады. Индивидуалдық табыс салығы – бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын алым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады, бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалады. Салықтың бұл түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады. Әр елдердің салық жүйелерінің ортақ ұқсастықтары болады, бірақ солардың әрқайсысында өздерінің ерекше салық ставкалары мен салық салуға жатпайтын, салық несиелері мен төлем даталары болады. Осымен қатар, салық жүйелерінің көбінде серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне салынады.
ӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘ
Әлеуметтік салық.. Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі. Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.Әлеуметтік салық салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер. Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақытөлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де, келесі айдың 15-ші күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.