Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физика_9кл_медсестра_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.71 Mб
Скачать

§ 44, §§ 59-65 ( Физика-11. Мякишев г.Я, Буховцев б.Б, Алматы, «Рауан» 1996.),

№ 1061, 1065,1069,1071,1073 (А.П. Рымкевич Физика есептерінің жинағы», Алматы, «Рауан» 1998)

24 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Салыстырмалы теорияның экспериментальдық негіздер. Эйнштейннің постулаттары .массаның жылдамдыққа тәуелділігі. Масса мен энергияның өзара байланысы.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:Электродинамиканың даму барысында кеңістік пен уақыт жөніндегі түсініктерді қайта қарастыруға тура келді.

  • тәрбиелік:

  • дамыту:

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны: 516 бөлме

6. Әдебиеттер:

  • негізгі: 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

  • қосымша:

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Ғасырлар бойы өзгермейтін деп есептеліп келген кеңістік пен уақыт жөніндегі түсініктерді классикалық түсініктерге сәйкес қозғалыстың уақыт өтуіне ешбір әсері болмайды

( уақыт абсолют шама ), ал кез-келген дененің сызықтық өлшемдері дене тыныш тұра ма, әлде қозғалып бара ма, оған тәуелді болмайды ( ұзындық абсолют шама).Эйнштейннің арнайы салыстырмалық теориясы-кеңістік пен уақыт жөніндегі ескі ( классикалық) түсініктің орнына келген жаңа ілім.Оқушыларды осы түсініктермен тереңірек таныстыру.

Салыстырмалық принципі-Эйнштейн теориясының басты постулаты оны былай тұжырымдауға болады:

Табиғаттың барлық процесстері кез-келген инерциялы санақ жүйесінде бірдей өтеді.

Бұл-физика заңдары барлық инерциялы жүйелерде бірдей жазылады деген сөз. Сонымен классикалық механикалық салыстырмалық принципі табиғаттағы барлық процесстерді, соның ішінде электромагниттік процесстерді де қамтиды.

Бірақ салыстырмалық теориясы тек салыстырмалық принципіне ғана негізделмейді.

Тағы екінші постулатта бар:

Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы барлық инерциялы санақ жүйеі үшін бірдей. Ол жарық көзінің жылдамдығына да, жарық сигналын қабылдағыштың жылдамдығына да тәуелді емес.

Инерциялы санақ жүйесі дегеніміз-осы жүйеге қатысты еркін (яғни ешнәрсемен өзара әрекеттеспейтін) дене тұрақты жылдамдықпен қозғалатын жүйе.

Оқиғалардың бір мезгілділігі-салыстырмалы. Мұны көрнекті түрде көрсету, сезіну мүмкіндігі бізде жоқ, өйткені жарықтың жылдамдығы біздердің қозғалыс жылдамдығымыздан әлдеқайда үлкен.

Салыстырмалық теориясының постулаттарынан кеңістік пен уақыттың қасиеттеріне қатысты бірқатар маңызды салдарлар туындайды.

Ара қашықтықтардың салыстырмалығы. Уақыт аралықтарының салыстырмалығы. Релятивистік деп қозғалыс жылдамдылығы жарық жылдамдығына жақын болболған кезде байқалатын эффектінің айтады.

Кеңістік пен уақыт туралы жаңа релятивистік ұғымдарға жылдамдықтарды қосудың жаңа заңы сәйкес келді.

Дененің К1 мен салыстырғандағы жылдамдығын v1, ал сол дененің К-мен салыстырғандағы жылдамдығы v2, деп белгілейік. Сонда жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы бойынша:

= ; (1)

Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңының тамаша қасиеті сол, кез-келген v1 және v (әрине с-дан артық емес) жылдамдықтар үшін қорытқы v2 жылдамдық с-ден артық болмайды.

Енді ядролық физика мен элементар бөлшектер физикасында үлкен роль атқаратын салыстырмалылық теориясының аса маңызды салдарын қарастырайық. Сөз энергия мен массаның арасындағы универсал байланыс туралы болмақ. Эйнштейн салыстырмалылық теориясын пайдаланып, өзінің қарапайымдылығы мен жалпылығы жағынан тамаша энергия мен масса арасындағы байланыс формуласын тағайындады:

E= mc2 = ; (2)

Дененің немесе денелер жүйесінің энергиясы жарық жылдамдығының квадратына көбейтілген массаға тең.

Егер жүйенің энергиясы өзгерсе, онда оның массасы да өзгереді:

; (3)

Сутегі бомбасы жарылған кезде орасан көп энергия, 1017 Дж ге жуық энергия бөлініп шығады. Бұл энергия бүкіл жер шарындағы бірнеше күнде өндірілетін электр энергиясынан артып кетеді. Бөлініп шығатын энергия сәуле шығарумен бірге ілесіп кетеді.

Тыныштық энергиясы. (2)-формуласына сәйкес жылдамдығы нолге тең дененің де энергиясы болады. Бұл-тыныштық энергиясы Е0:

Е0=m0с2 ; (4)

Бұл тамаша нәтиже. Кез-келген дененің өзінің бар болатындық фактісінің өзінен-ақ энергиясы болатыны анық және ол энергияның шамасы m0 тыныштық массасына пропорционал.

Тыныштық массасы бар элементар бөлшектер m0=0 болатын бөлшектерге айналған кезде тыныштық энергиясы түгелімен жаңадан пайда болған бөлшектердің кинетикалық энергиясына айналады. Бұл факті тыныштық энергиясының бар болуының ең айқын эксперименттік дәлелдемесі болып табылады.

Физикада аса қарапайым түрі жағынан ықшам және мазмұны жағынан кең тынысты екі ғана «ұлы формула». Олардың бірі-Эйнштейн формуласы Е= mс2; екіншісі Планк формуласы. Онымен кванттық физикада танысамыз

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 1075 - 1099 есептерді шығару түрінде өткізіледі. (А.П. Рымкевич Физика есептерінің жинағы», Алматы, «Рауан» 1998);

11. Жаңа тақырыпты бекіту; 10 мин(10%)

-салыстырмалы теорияның экспериментальдық негіздері

-Эйнштейннің постулаттары .

-массаның жылдамдыққа тәуелділігі.

-масса мен энергияның өзара байланысы.

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)