Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физика_9кл_медсестра_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.71 Mб
Скачать

§ 44, §§ 59-65 ( Физика-11. Мякишев г.Я, Буховцев б.Б, Алматы, «Рауан» 1996.),

№ 1061, 1065,1069,1071,1073 (А.П. Рымкевич Физика есептерінің жинағы», Алматы, «Рауан» 1998)

23 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Сәулелену мен спектрлер.

Спектрлік анализ жөнінде түсінік.Рентген сәулелер,олардың табиғаты және қасиеттері, ғылым мен техникада қолданылуы. Электромагниттік сәулеленудің спектрлері. Жылулық сәулелену және люминесценция.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: аралас сабақ.

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Спектр түрлеріне түсінік беріп, ғылым және техникадағы спектрлік анализдің қолдануымен және сәуле шығару түрлерімен таныстыру.

  • тәрбиелік:

  • дамыту: Жарықтың дисперсиясына түсінік беріп оны электромагниттік теория тұрғысы бойынша түсіндіру.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны: 516 бөлме

6. Әдебиеттер:

  • негізгі: 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

  • қосымша:

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

-спектрдің түрлері;

-дисперсия ұғымы;

- инфрақызыл толқындар;

-ультракүлгін толқындар;

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Кез келген химиялық элементтің атомдары басқа элементтердің спектрлеріне ұқсамайтын жеке спектрлер береді: олар белгілі ұзындықтағы толқындар жиынтығын ғана шығарады.

Адамның саусақтарындағы таңба сияқты сызықтық спектрлердің қайталанбайтын ерекшелігі болады.

Спектрлік анализ – спектрі бойынша объектінің химиялық құрамын, температурасын, қысымын, қозғалыс жылдамдығын, магнит индукциясын анықтайтын әдіс. Спекрлік анализдің жәрдемімен көптеген жаңа элементтер ашылды: рубидий, цезий, т.б. элементтердің аталуы көбінесе спектрдегі ең жиі сызықтың түсіне байланысты. Дәл осы спектрлік анализдің жәрдемімен Күн мен жұлдыздардың химиялық құрамын білдік. Жұлдыздар Жерде бар химиялық элементтерден құралады екен. Күннің беті – фотосфера үздіксіз спектр береді.

Толқын ұзындығы ультракүлгін толқындарынан қысқа электромагниттік толқындар рентген сәулелері ( 10-9 – 10-10м ) деп аталады (Вильгельм Рентген, 1895, неміс физигі). Бұл сәулелердің өтімділік қабілеті өте жоғары болғандықтан, медицинада және кристаллдар мен өте күрделі органикалық қосылыстардың құрылысын зерттеуде қолданады. Рентген сәулелерінің жұтылу дәрежесі заттың тығыздығына пропорциональ сондықтан рентген сәулелерінің жәрдемімен адамның ішкі ағзаларының фотографиясын алуға болады. Медицинада олар аурудың диагнозын дұрыс қою үшін, сондай – ақ рак ауруын емдеу үшін қолданылады.

Рентген сәулелерінің қолданылатын жерлерінің ішіне рентгендік дефектоскопияны – құймалардағы ақауларды, рельстердегі сызаттарды табу, пісірілген жіктердің сапасын анықтау т.б. әдісін айта кетуге болады.

Электромагниттік толқындар шкаласы ұзын радиотолқындардан бастап, гамма – сәулелерге дейін ( 10-3- 10-10м ) қамтиды.

Атом жарық шығару үшін, сырттан энегия алуы қажет. Сәуле шығарудың ең қарапайым және көп тараған түрі жылулық сәуле шығару, мұнда жарық шығаруға жұмсалған атом энергиясы сәуле шығарушы дене атомдарының (немесе молекулаларының) жылулық қозғалысының энергиясы есебінен компенсацияланады. Неғұлым дененің температурасы жоғары болса, атомдар соғұрлым жылдам қозғалады.

Шапшаң атомдар бір - бірімен соқтығысқанда, олардың кинетикалық энергиясының бір бөлігі атомдарының қозу энергиясына айналады, ал бұлар содан кейін жарық шығарады.

Күннің сәуле шығаруы – бұл жылулық сәуле шығару. Кәдімгі қыздыру шамдары да жарықтың жылу көзі болып табылады.

Сәуле шығарудың жылулық (Күн, шам, от ) және люминесценттік (электролюминесценнттік, катодолюминесценттік, хемилюминесценттік) түлері бар.

Газ разрядында жарқылдың пайда болуы электролюминесценция деп аталады.

Поляр шұғыласы – бұл электролюминесценцияның бір көрінісі. Электролюминесценция жарнамаға арналған түтіктерде пайдаланылады.

Қатты денелердің оларды электрондармен атқылаудан жарқыл шығаруы катодолюминесценция деп аталады.Катодолюминесценцияның арқасында теледидардың электронды сәулелік түтіктерінің экрандары жарықталынады.

Энергияның бір бөлігі тікелей жарық энергиясына айналады. Жарық көзі суық күйінде қалады, бұл құбылыс хемилюминесценция деп аталады. Мысалы, жарқырауық қоңыздар, кейбір бактериялар, кейбір балықтар.

Затқа түскен жарықтың біразы шағылады, ал біразы жұтылады. Кейбір денелер түскен жарықтың әсерінен өздері тікелей жарқыл шығара бастайды. Бұл фотолюминесценция деп аталады. Мысалы, бояулар, күндізгі жарық шамдары.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 1060 - 1074 есептерді шығару түрінде өткізіледі. (А.П. Рымкевич Физика есептерінің жинағы», Алматы, «Рауан» 1998);

11. Жаңа тақырыпты бекіту; 10 мин(10%)

-спектрдің түрлері;

-дисперсия ұғымы;

- инфрақызыл толқындар;

-ультракүлгін толқындар;

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)