Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физика_9кл_медсестра_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.71 Mб
Скачать

1. Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік индукция. Фарадей тәжірибелері. Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: оқушыларға электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру, индукция тогының бағытын анықтауды үйрету. Өздік индукция, индуктивтік қандай шамаларға байланысты болатындығын, өткізгіште индукция тогын туғызатын бөгде күштің табиғатымен таныстыру.

  • тәрбиелік: оқушыларды ұқыпты жұмыс орындауға, тәртіпке дағдыландыру.

  • дамыту: электромагниттік индукция құбылысын, Ленц ережесін үйрету.

5. Оқыту әдісі: көрме, түсіндіру

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: магнит индукция сызықтарын бейнелейтін плакаттар.

б) оқыту орны: 516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:

  1. 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

2. Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша:

1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

1. Электр өрісі дегеніміз не?

2. Магнит өрісі дегеніміз не?

3. Магнит өрісінің күш сызықтары қалай бағытталады?

4. Магнит ағыны дегеніміз не?

5. ЭҚК дегеніміз не?

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Жер шары өзінің магнит өрісімен қоршалған. Ол жер магнитосферасын құрап бірнеше ондаған километрге созылып жатыр. Жердің магнит өрісі бізді тірі организмдер үшін қауіпті космос бөлшектерінің ағынынан қорғайды. Космостан жерге ұшуда бұл бөлшектер магнитосфералық күш сызықтарының маңында қозғалады. Олар магнит сызықтарына соқтығысқандай болып, жер бетінен ондаған километр қашықтықта бір полюстан келесі полюсқа тербеліс жасайды. Кеңістіктің осы аймағын радиациялық белдеу деп атаймыз.

1821ж. Майкл Фарадейде мынадай сұрақ туындады:

Егер «электрді» «магнетизмге» айналдыру мүмкін болса, неліктен «магнетизмді» «электрге» айналдыруға болмайды?. («Электр тогы темір кесегін магниттей алады. Ендеше, магнит өз тарапынан электр тогын тудыра алмас па екен?»).

Ол гальвонаметрге жалғанған катушканың жоғарғы бөлігіне магниттің N солтүстік полюсын жақындатып енгізеді. Бұл жағдайда магнит өрісі тудыратын магнит ағыны арта бастайды. Гальвонаметр тілшесі нөлден ауытқиды, бұл катушкада электр тогының пайда болғанын білдіреді. Бұл индукциялық ток деп аталады.

Электромагниттік индукция құбылысы деген уақыт өтумен айнымалы магнит өрісінде орналасқан немесе тұрақты магнит өрісінде контурды тесіп өтетін магнит индукция сызықтарының саны өзгеретідей болып қозғалатын өткізгіш контурда электр тогының пайда болуы.

Ом заңы бойынша индукциялық ток артатын болса, сәйкесінше индукциялық ЭҚК-і пайда болады. (i).

(1)

1833 ж. орыс ғалымы Э.Х Ленц индукциялық токтың бағытын анықтайтын жалпылама ережені тағайындады.

Ленц ережесі: тұйық контурда пайда болған индукция тогы өзін тудырған магнит ағынының өзгерісіне қарсы тұрады.

Егер контур арқылы айнымалы ток жүріп жатса, онда контурды тесіп өтетін маггнит ағыны өзгереді. ( және айнымалы магнит ағыны пайда болады.) Соның арқасында айнымалы ток өтіп жатқан өткізгіштің өзінде индукцияның ЭҚК-і пайда болады. Бұл құбылыс өздік индукция деп аталады. (S).

(2)

L- контурдың индуктивтілігі. ; ;

[ L ]= (Генри); - ток күшінің өзгеру жылдамдығы.

Магнит өрісі, барлық күш өрістері сияқты энергияға ие болады. Катушкадағы негізгі ток артқанда оның тудыратын магнит өрісі де күшейеді және негізгі ток энергиясының бір бөлігі магнит өрісінің энергиясына түрленеді.

(3)

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 911, 913, 915, есептерді шығару түрінде өткізіледі

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- магнит өрісі дегеніміз не?

- манит индукция векторы мен модулі қалай анықталады?

- магнит өрісінің күш сызықтары және оларды график түрінде қалай кескіндейді?

- өткізгіш бөлігіне магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті қалай анықтайды?

- қозғалыстағы зарядқа магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті қалай анықтайды?

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 1-10 1-жаттығудағы есептерді шығару.

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич); № 923, 917, 921, 922, 924, 928.

2 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Өздік индукция. Индуктивтілік. Өздік индукция ЭҚК. Магнит өрісінің энергиясы.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Өздік индукция, индуктивтік қандай шамаларға байланысты болатындығын, өткізгіште индукция тогын туғызатын бөгде күштің табиғатымен таныстыру.

  • тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс істеуге, тәртіпке тәрбиелеу.

  • дамыту :оқушыларға өздік индукция құбылысын түсіндіру, индукция тогының бағытын анықтауды үйрету.

5. Оқыту әдісі : көрме, түсіндіру

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: магнит индукция сызықтарын бейнелейтін плакаттар.

б) оқыту орны: 516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі: 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

1. Электромагниттік индукция құбылысы дегеніміз не?

2. Электромагниттік индукция заңы қалай жазылады?

3. Магнит өрісінің күш сызықтары қалай бағытталады?

4. Ленц ережесі қалай айтылады?

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Егер контур арқылы айнымалы ток жүріп жатса, онда контурды тесіп өтетін маггнит ағыны өзгереді. ( және айнымалы магнит ағыны пайда болады.) Соның арқасында айнымалы ток өтіп жатқан өткізгіштің өзінде индукцияның ЭҚК-і пайда болады. Бұл құбылыс өздік индукция деп аталады. (S).

(2)

L- контурдың индуктивтілігі. ; ;

[ L ]= (Генри); - ток күшінің өзгеру жылдамдығы.

Магнит өрісі, барлық күш өрістері сияқты энергияға ие болады. Катушкадағы негізгі ток артқанда оның тудыратын магнит өрісі де күшейеді және негізгі ток энергиясының бір бөлігі магнит өрісінің энергиясына түрленеді.

(3)

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 911, 913, 915, есептерді шығару түрінде өткізіледі

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

Өздік индукция дегеніміз не?

Индуктивтілік дегеніміз не?

Магнит өрісінің энергиясы неге тең?

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 1-10 1-жаттығудағы есептерді шығару.

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич); № 921, 922, 924, 928.

3 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Тербелістер мен толқындар. Механикалық тербелістер мен толқындар.

Тербелмелі қозғалыс. Тербелістердің пайда болу шарттары. Гармониялық тербелістер. Тербелмелі қозғалыстардың параметрлері. Математикалық маятник. Еркін және еріксіз тербелістер. Механикалық резонанс.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: тербелістер мен толқындардың түрлерімен және оларды сипаттайтын шамалармен таныстыру.

  • тәрбиелік:

  • дамыту: оқушыларға тербелістер мен толқындардың пайда болу механизімін түсіндіру

5. Оқыту әдісі: көрме, түсіндіру

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: тербелістерді сипаттайтын плакаттар.

б) оқыту орны: 516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі: 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

1. Электромагниттік индукция құбылысы дегеніміз не?

2. Электромагниттік индукция заңы қалай жазылады?

3. Магнит өрісінің күш сызықтары қалай бағытталады?

4. Ленц ережесі қалай айтылады?

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстармен қатар тербелмелі қозғалыстар да, табиғатта кеңінен таралған. Тербелмелі қсзғалыстар механикалық тербелмелі қозғалыстар болып табылады.

  • Механикалық тербелістер дегеніміз – тепе-теңдік жағдайдан ауытқи отырып дәл немесе жуықтап қайталанатын қозғалыстарды айтамыз.

Мысалы: алтыбақан , серіппедегі жүк, жіпке ілінген жүк қозғалысы.

Тербелістегі қозғалыстарды анықтау үшін, санақ басын алуға келісілген.

Мысалы: серіппелі маятникте санақ басы ретіде стержннің ортасы О алынады. Егер шарикті төмен тартып тұрып қайтып жіберсек, онда ол тербеліс жасайды. Санақ басынан тербелістегі нүктенің бастапқы күйіне дейінгі ара қашықтық ығысу деп аталады. Көптеген тербелістегі денелер белгілі бір уақыт аралығында қалыпты күйге келеді. Тербелістегі дененің тепе-теңдік қалпынан ауытқығандағы ығысуына пропорциональ және әр уақытта тепе-теңдік жағына қарай бағытталатын күш, қайтарушы күш деп аталады.

Ығысуға пропорциональ және оған қарама-қарсы бағытталған күштердің әсерінен пайда болатын механикалық тербелістер гармониялық тербелістер деп аталады.

(1) А

х – ығысу, дененің тепе-теңдік қалыптан ауытқуы.

Хm – амплитуда – дененің тепе-теңдік қалыптан ең үлкен ауытқуы.

Период Т – толық бір тербеліске кеткен уақыт. 0

Жиілік - бірлік уақыттағы тербеліс жиілігі. w – (дөңгелектік)

айналу жиілігі.

(2) [ T ] = 1сек. Х

(2) [ ] = 1герц. N – тербеліс саны.

және

Период пен жиілік кері шамалар.

  • Денелердің тербелістері тек серпімді күштердің әсерінен ғана емес басқа күштердің әсерінен де пайда болады. Мысалы: ауырлық күші. Ауырлық күшінің әсерінен пайда болатын денелердің тербелісіне маятниктің тербелісі мысал бола алады.

  • Маятник дегеніміз – дененің ауырлық центріне дәл келмей, осы дененің горизонталь өсінің маңында айнала алатын кейбір денелерді айтамыз.

МАЯТНИКТЕР

математикаляқ серіппелі

Математикалық маятник – бұл жіпке ілінген жүк

Серіппелі маятник – бұл серіппеге бекітілген жүк.

Сыртқы күштердің әсерінен пайда болатын тербелістер еріксіз тербелістер деп аталады.

Еріксіз тербелістерді тұрақты тепе-теңдік қалыпта тұрған кез келген дене тудыра алады.

Еріксіз тербелістің амплитудасының күрт өсу құбаласын механикалық резонанс деп атайды.

Резонанас радиотехникада электромагнитттік толқындарды қабылдауда маңызды роль атқарады.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 932-939 есептерді шығару түрінде өткізіледі

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- тербелмелі қозғалыс және оның параметрлерін атаңыз;

- еркін және еріксіз тербелістер деп қандай тербелістерді атаймыз?

- механикалық резонансты түсіндір;

- маятник және оның түрлерін атаңыз?

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 1-10 1-жаттығудағы есептерді шығару.

921, 922, 924, 928.

5 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Механикалық толқындар

Көлденең және қума толқындар.Толқын ұзындығы және ,таралу жылдамдығы.Толқындардың интерференциясы және дифракциясы.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: оқушыларға механикалық толқындар туралы түсінік бере отырып, толқынның параметрлерімен және толқындық құбылыстармен таныстыру.

  • тәрбиелік: топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

  • дамыту: толқындар туралы білімдерін тереңдету.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны: 516 бөлме

6. Әдебиеттер:

негізгі: 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- тербелмелі қозғалыс және оның параметрлерін атаңыз;

- еркін және еріксіз тербелістер деп қандай тербелістерді атаймыз?

- механикалық резонансты түсіндір;

- маятник және оның түрлерін атаңыз?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

  • Толқын деп уақыт өтуімен кеңістікте таралатын тербелістерді атаймыз.

Толқын таралған кезде ішінде толқын таралатын зат тасымалданбайды, тербелуші ортаның айрықша күйінің орын ауыстыруы болады. Мысалы: суға сіріңке қорабын тастап жіберсек, ол толқынмен ілесіп алға кетпей, дәл бір орында тұрып жоғары-төмен тербеле бастайды.

  • Толқынның аса маңызды сипаттамасы – оның тарлу жылдамдығы. Қандай толқын болса да кеңістікте лезде таралмайды. Олардың жылдамдығы шектеулі.

Е гер баудың бір ұшын бекітіп, оны аздап қолмен созып,

екінші ұшын тербелмелі қозғалысқа келтірсе, сонда баудың

бойымен толқын жүреді. Бауды неғұрлым күштірек созсақ,

толқынның жылдамдығы соғұрлым үлкен болады.  - длина волны

  • Толқын баудың бойымен таралғанда баудың

жеке бөліктері толқынның таралу бағытына перпендикуляр

бағытта тербеледі. Осындай толқындарды көлденең толқындар

деп атайды. направление

колебании

Бірдей фазада тербелетін іргелес екі нүктенің ара қашықтығы толқын ұзындығы деп аталады.

;

Толқынның таралу бағыты бойымен тербелетін тербелістер қума толқындар деп аталады.

Қума толқынды диаметрі үлкен ұзын, жұмсақ серіппенің көмегімен бақылау ыңғайлы. Серіппенің бір ұшынан алқанмен қағып қалып, сығылудың серіппе бойымен қалай жүгіріп өтетінін байқауға болады.

Толқындық қозғалыстардың қайсысына да интерференция және дифракция құбылыстары тән.Интерференция латынның inter өзара және ferio соғамын деген сөздерінен шыққан. Ортада бір мезгілде көбінесе әр түрлі бірнеше толқындар бір – біріне қабаттасады. Егер суға екі тас тастайтын болсақ , екі дөңгелек ( шығыршық) толқын туатынын және бір толқын екіншіден өтіп , екінші толқын болмағандай – ақ , кідірмей тарай беретінін оңай байқаймыз. Осы сияқты дыбыс толқындары , саны қанша болса да , бір – біріне бөгет жасамайды. Су бетіне түскен екі тастан таралған толқындарды бақылағанда, беттің кейбір жерлері ұйтқымайтынын , ал кейбір жерлерде ұйтқудың күшейгенін көреміз. Егер екі толқын бір орында жалдарымен ұшыраса, онда бұл орында су бетінің ұйтқуы күшейеді.

Егер, керсінше бір толқынның жалы екіншісінің сайымен ұшыраса , онда су бетінде ұйтқу болмайды.

Жалпы алғанда, ортаның әр нүктесіне екі толқын туғызған тербелістер жай ғана қосылады.

Кеңістіктің әр түрлі нүктелеріне қорытқы тербелістер амплитудаларының уақыт жөнінен тұрақты таралу тәртібі орнайтындай болып, екі (немесе бірнеше) толқынның қосылуы интерференция деп аталады.

Максимумдар шарты.

Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді қоздыратын екі толқынның жол айырмасы бүтін санды толқын ұзындықтарына тең болса , онда әлгі нүктедегі тербеліс амплитудасы максимал болады:

d kλ , мұндағы ∆d d 2 - d1, k 0,1,2,... .

d – толқын жолы.

d – екі толқынның жол айырмасы.

λ – толқын ұзындығы.

Минимумдар шарты. Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді қоздыратын екі толқын жолдарының айырмасы тақ санды жарты толқындарға тең болса , онда сол нүктедегі тербеліс амплитудасы минимал болады: ∆d (2k+1) λ / 2.

Егер жол айырымы ∆d , λ мен λ / 2 арасындағы бір аралық мәнді қабылдайтын болса , онда қорытқы тербеліс амплитудасы да екі еселенген амплитуда мен ноль арасындағы бір аралық мәнді қабылдайды.

Орнықты интерференциялық көрініс шығарып алу үшін толқын көздерінің жиіліктері бірдей болуы қажет және олардың тербеліс фазаларының айырмасы тұрақты болуы тиіс.

Осы шарттарды қанағаттандыратын көздер когерентті (латынның cohaereus -өзара байланысты деген сөзі) көздер деп аталады.

Толқын ұзындықтары бірдей, фазалар айырымы тұрақты толқындарды когерентті толқындар деп атаймыз.

Толқын жолында шағын (толқын ұзындығымен салыстырғанда) бөгеттер жиі ұшырайды.

Толқындарда бөгеттің шетін орғытатын қабілеті бар. Бөеттердің аумағы шағын болған жағдайда, толқындар, олардың шет – шетінен орағыта өтіп барып, бөгеттерден өткен жерде бірігіп кетеді.

Тек толқын ұзындығымен салыстырғандағы үлкен бөгеттердің ғана «көлеңкесі» болады: толқындар оның тасасына өтпейді.

Бөгетті орағытып өту қабілеті дыбыс толқындарында да бар. Үйдің тасасында тұрып , машина көрінбеген кезде, сен машинаның сигналын ести ласың. Орман ішінде дыбыс толқындары бөгеттерді еркін орағытып өте алады.

Толқындардың түзу сызықты таралулардан ауытқуы, толқындадың бөгеттерді орағытып өтуі дифракция деп аталады. ( латынның difractus – сынған деген сөзінен шыққан.)

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ №435-449 есептерді шығару түрінде өткізіледі

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- толқын, толқынның қандай түрлері бар?

- толқын ұзындығы қалай анықталады?

- толқындардың интерференциясы дегеніміз не?

- толқындардың дифракциясы дегеніміз не?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 1-10 1-жаттығудағы есептерді шығару.

6 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Механикалық толқындар

Дыбыс табиғаты,Әр түрлі орталардағы дыбыстың таралу жылдамдықтары.Дыбыстың қаттылығы,жоғарылығы және тембрі.Ультра дыбыс,оның табиғаты және қасиеттері.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: толқынның параметрлерімен және толқындық құбылыстармен таныстыру.

  • тәрбиелік: оқушыларға механикалық толқындар туралы түсінік беру.

  • дамыту: дыбыс табиғаты туралы білімдерін тереңдету.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны: 516 бөлме

6. Әдебиеттер:

негізгі: 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- толқын, толқынның қандай түрлері бар?

- толқын ұзындығы қалай анықталады?

- толқындардың интерференциясы дегеніміз не?

- толқындардың дифракциясы дегеніміз не?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Су бетіндегі немесе резеңке баудың бойымен таралатын толқындарды көре аламыз. Ал мөлдір орталардағы яғни,ауадағы,сұйықтардағы толқындардың таралуы көрінбейдң. Бірақ оларды булгілі бір жағдайларда естуге болады.

Дыбыстың жиілікпен тербелетін кезөкелген дене (қатты, сұйық немесе газ тәрізді) Өзін қоршаған ортада дыбыс толқындарын тудырады. Біздің құлағымыз жиілігі 17-20000Гц аралығындағы дыбыс тербелістерін қабылдай алады. Мұндай тербелістер акустикалық тербелістер деп аталады. Акустика- бұл дыбыс туралы ғылым.

Адам өзі өмір сүзіп жатқан ж/емді тану үшін, өзін қоршаған ортада туралы хабардар болу керек. Бұл үшін көрумен есту мүшесі үлкен роль атқарады.

Көру арқылы қоршаған ортадағы тыныс тіршілікті, қозғалыс құбылыстарды көре алсақ, ал дыбысты есту және қабылдау арқылы біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста бола аламыз.

Медициналық фонеидоскоп арқылы ағзадағы дыбыстарды, жүректегі шуылдарды және т.б мүшелердегі шуыл дыбыстарды тыңдауға болады.

Дыбыс жылдамдығы. Дыбыс толқындары басқа толқындарға қарағанда тежеуілденген (баяу) жылдамдықпен таралады. Мысалы; Атылған оқтың атылған дыбысынан бұрын біз атылған кездегі жарқылды көреміз. Сол сияқты тебілген футбол добының тебілген дыбысы да тепкеннен кейін шығады. Тежеуілденген дыбыс жылдамдығынан жаңғырық пайда болады. Жаңғырық бұл дыбыс толқыны.

Ауадағы дыбыс жылдамдығы 00 С-та 331м/с-қа тең. Ауадағы дыбыс жылдамдығы, ауаның тығыздығына тәуелді емес.Ол шамамен молекулалардың жылулық қозғалысының орташа жылдамдығына тең.Неғұрлым газ молекуласының массасы үлкен болған сайын, соғұрлым дыбыс жылдамдығы кеми береді. 00 С-та сутегі дыбыс жылдамдығы 1270м/с, ал көмірқышқыл газда -258м/с.

Суда ауаға қалағанда дыбыс жылдамдығы үлкенірек. Ал қатты денелерде сқйықтарға қарағанда анағұрлым үлкенірек болады. Мысалы, болатта дыбыс жылдамдығы 150 С 498м/с Суда 80 С температурада 1435м/с.

Белгілі бір тербеліс жиілігінде және ауадағы дыбыс жылдамдығы белгілі болған жағдайда дыбыс толқындардың ұзындығы ашық болады.

Құлақ қабылдай алатын су ұзындық толқын ұзындығы λ = 19м. Ал ең қысқасы λ=17м.

Дыбыс жылдамдығы ортаның қасиетіне және температурасына тәуелді. Тербеліс жиілігі 17-20 000 Гц аралығындағы тербелістер қоршаған ортада дыбыс толқындарын тудырады.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ №435-449 есептерді шығару түрінде өткізіледі

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- дыбыс жылдамдығы қалай анықталады?

- ауадағы дыбыс жылдамдығы қандай?

- судағы дыбыс жылдамдығы қандай?

- дыбыс қаттылығы, тембрі дегеніміз не?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 1-10 1-жаттығудағы есептерді шығару.

7 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Айнымалы ток.

Біртекті магнит өрісінде катушканы бірқалыпты айналдыра отырыпа айнымалы токты алу.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: оқушыларға айнымалы ток ұғымымен және оны сипаттайтын шамалармен толық таныстыру.

  • тәрбиелік: жұптасып жұмыс істеуге тәрбиелеу

  • дамыту: Электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу жолдарымен таныстыру.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны: 516 бөлме

6. Әдебиеттер:

  • негізгі: 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- дыбыс жылдамдығы қалай анықталады?

- ауадағы дыбыс жылдамдығы қандай?

- судағы дыбыс жылдамдығы қандай?

- дыбыс қаттылығы, тембрі дегеніміз не?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Уақытқа байланысты гармоникалық заңдар бойынша өзгеретін токты айнымалы ток деп атаймыз.

Электр тогы көбінесе электр механикалық индукциялық генераторлармен өндіріледі. Бұл генераторлар механикалық энергияны электр энергиясына айналдырады. Олардың іс әрекеттері элоктромагниттік индукция құбылысына неізделген.

Айнымалы электр тогы трансформатордың болат өзекшеге кигізілген екі орамасы бар. Оның қызыметі кернеуді арттыру немесе кеміту және ток күшн энергия шығыны аз болатындай етіп түрлендіру.

Магнит өрісін тудыратын орамалар өзектердің біреуінің қуыстарына , ал ЭҚК –индукцияланатын орамалар екіншінің қуыстарына орналастырылған. өзектердің біреуі өзінің орамасымен қоса горизнталь не вертикаль осьтен айналады. Сондықтан оны ротор деп атайды. Қозғалмайтын өзекті орамасымен қоса статор деп атайды. Статор мен ротор өзектерінің арасы мейлінше тар етіп жасалынады, соның нәтижесінде магнит индукция ағынының ең көп мәні алынады.

Қазіргі кезаегі электр тогының генараторы дегеніміз – мыс сымдардан , изоляциялық материалдардан және болат конструкциялардан тұратын қомақты құрылым.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 960,961,965 есептерді шығару түрінде өткізіледі

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- айнымалы ток дегеніміз не?

- тұрақты ток дегеніміз не?

- ЭҚК дегеніміз не?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§ 17 3-жаттығудағы, 951-954 есептерді шығару.

8 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Айнымалы ток.

Токтың периоды мен жиілігі. Айнымалы токтың генераторы туралы туралы түсінік.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: оқушыларға айнымалы ток ұғымымен және оны сипаттайтын шамалармен толық таныстыру.

  • тәрбиелік: тәртіпке, адамгершілікке тәрбиелеу.

  • дамыту: электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу жолдарымен таныстыру.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны: 516 бөлме

6. Әдебиеттер:

  • негізгі: 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- айнымалы ток дегеніміз не?

- тұрақты ток дегеніміз не?

- ЭҚК дегеніміз не?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Уақытқа байланысты гармоникалық заңдар бойынша өзгеретін токты айнымалы ток деп атаймыз.

Контурдағы еркін электромагниттік тербелістер тез өшеді, сондықтан олар іс жүзінде қолданылмайды. Сол себептен де өшпейтін ерікзіз тербелістердің практикалық мәні орасан зор. Ал еріксіз электромагниттік тербелістер дегеніміз-пәтердің жарықтандыру желісіндегі, заводтар мен фабрикалардағы айнымалы ток. Бұл жағдайда ток күші мен кернеу уақыт бойынша гармоникалық заңмен анықталады.

Тұрақты ток секілді, айнымалы токты да сипаттайтын шамалар бар. Солардың бірі ток жиілігі. Айнымалы токтың жиілігі дегеніміз 1 с ішіндегі тербелістер саны. өндірістік айнымалы токтың стандарт жиілігі 50 Гц –ке тең. Бұл бір секунд ішінде ток 50 рет бір жаққа қарай және 50 рет қарама-қарсы жаққа қарай ағады деген сөз. Осы 50 Гц жиілік дүние жүзіндегі елдердің көбінде өнеркәсіп тогы үшін қабылданған.

Айнымалы токты сипаттайтын тағы бір шама токтың периоды. Айнымалы токтың периодын табу үшін конденсатор мен катушкадан тұратын айнымалы ток тізбегін қарастыруымыз керек. Алдымен конденсаторы бар айнымалы ток тізбегін қарастырайық. Конденсатор бар тізбекте тұрақты ток бола алмайды. Себебі бұл кезде тізбек ажыратулы тұрады. Бұл жағдайда ток күшінің тербелісі конденсатордағы кернеудің тербелісінен /2-ге тең озады. Ток күшінің мәні мынаған тең болады:

(1)

Мұндағы ХС – сыйымдылық кедергі. Ол Ом-мен өлшенеді және төмендегі өрнекпен анықталады:

(2) (-омега)

Енді катушкасы бар тізбекті қарастырайық. Тізбектегі индуктивтілік айнымалы ток күшіне әсер етеді, яғни айнымалы токқа кедергі тудырады. Индуктивтілік деп аталатын бұл кедергі жиіліктің индуктивтікке көбейтіндісіне тең болады:

(3)

Индуктивтілігі бар тізбектегі ток күшінің тербелісі фаза жағынан кернеудің тербелісінен /2-ге қалып отырады.

Сыйымдылық, индуктивтілік және жиілік арасындағы мына байланысты ескерсек, онда периодты табуға болады.

; (4)

; (5)

; (6)

Электр тогы көбінесе электр механикалық индукциялық генераторлармен өндіріледі. Бұл генераторлар механикалық энергияны электр энергиясына айналдырады. Олардың іс әрекеттері элоктромагниттік индукция құбылысына неізделген.

Айнымалы электр тогы трансформатордың болат өзекшеге кигізілген екі орамасы бар. Оның қызыметі кернеуді арттыру немесе кеміту және ток күшн энергия шығыны аз болатындай етіп түрлендіру.

Магнит өрісін тудыратын орамалар өзектердің біреуінің қуыстарына , ал ЭҚК –индукцияланатын орамалар екіншінің қуыстарына орналастырылған. өзектердің біреуі өзінің орамасымен қоса горизнталь не вертикаль осьтен айналады. Сондықтан оны ротор деп атайды. Қозғалмайтын өзекті орамасымен қоса статор деп атайды. Статор мен ротор өзектерінің арасы мейлінше тар етіп жасалынады, соның нәтижесінде магнит индукция ағынының ең көп мәні алынады.

Қазіргі кезаегі электр тогының генараторы дегеніміз – мыс сымдардан , изоляциялық материалдардан және болат конструкциялардан тұратын қомақты құрылым.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 960,961,965 есептерді шығару түрінде өткізіледі

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- айнымалы ток дегеніміз не?;

- айнымалы токтың жиілігі дегеніміз не?

- айнымалы токтың периоды дегеніміз не?

- актив, индуктивтілік және сыйымдылық кедергілерді қалай анықтаймыз?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§ 17 3-жаттығудағы, 951-954 есептерді шығару.

10 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: ЭҚК–тің,кернеудің , ток күшінің лездік мәндері.Электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу жолдарымен таныстыру.

  • тәрбиелік: оқушыларға электр энергиясын пайдалануды, дұрыс тұтына білуге тәрбиелеу.

  • дамыту: оқушыларға айнымалы ток ұғымымен және оны сипаттайтын шамалармен толық таныстыру.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны: 516 бөлме

6. Әдебиеттер:

  • негізгі: 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- айнымалы ток дегеніміз не?;

- айнымалы токтың жиілігі дегеніміз не?

- айнымалы токтың периоды дегеніміз не?

- актив, индуктивтілік және сыйымдылық кедергілерді қалай анықтаймыз?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Айнымалы кернеу көзіне қосылған тізбекте өтіп жатқан процесстермен толығырақ танысайық. Яғни ток күші мен кернеудің лездік және әсерлік мәндерін қарастырайық.

Ток күші мен кернеудің лездік мәндері төмендегі өрнекпен анықталады:

; (7)

мұндағы Im- ток күшінің амплитудалық мәні. Ол Ом заңы бойынша былай анықталады:

(8)

Um – кернеудің амплитудалық мәні.

R – кедергі

Ток күшінің квадратының орташа мәнінен алынған квадрат түбірге тең шаманы айнымалы ток күшінің әсерлік мәні деп атайды. Ол I арқылы белгіленеді:

(9)

Осыған сәйкес кернеудің әсерлік мәні мынаған тең болады:

(10)

Айнымалы ток тізбегіндегі орташа қуат ток күші мен кернеудің әсерлік мәндерімен анықталады.

Енді электр энергиясын үлкенді –кішілі электр станцияларында негізінде электромеханикалық генераторларда өндіріледі. Электр станцияларының негізгі екі түрі бар: жылу және су электр станциялары. Бұл станциялардың бір-бірінен айырмашылығы генератордың роторын айналдыратын двигательдерінің әр түрлілігінде.

Жылу электр станцияларында (ЖЭС) энергия көзі ретінде мынадай отындар пайдалынады: көмір, газ, мұнай, мазут.

Генератор роторын бу және газ трубиналары немесе іштен жану двигательдері айналдырады. Ал су электр станцияларында (ГЭС) генераторлардың роторын айналдыру үшін судың потенциалдық энергиясы пайдалынады . Станцияның қуаты платина туғызатын су деңгейлерінің айырмасына және секунд сайын трубина арқылы ағып өтетін судың массасына тәуелді.

Электр станцияларының бұдан да басқа түрлері бар. Мысалы , атом электр станциясы (АЭС).

Электр энергиясының негізгі тұтынушысы - өнеркәсіптер. Оның үлесіне өндірілетін энергияның 70 –ке жуығы тиеді. Сонымен қатар , тұтынушыға, транспорт, тұрғын үйлерге, т.б. жатады. Жалпы электр энергиясының тұтынылатын орны өте көп. электр энергиясын көп мөлшерде жинап сақтау қолдан келмейді. Оны өндіріп алысымен бірден тұтынып , іске жарату кенрек. Сондықтан электр энергиясын алысқа жеткізу мәселесі келіп шығады. Ал оны алысқа жеткізу қиын. Себебі электр тогы электр жеткізу желісінің сымдарын қыздырады. Желі тым ұзын болғанда , энергия жеткізу үнемділік жағынан пайдасыз болуы мүмкін. Сол үшін мұндай жағдайда кернеуді пайдалану тиімді болады. Сондықтан ірі электр станцияларында жоғарылатқыш трансформаторлар қойылады. Электр энергиясын тұтынушыға жеткізуді төмендегі суреттен көруге болады.

11кВ 110 кВ 35 кВ 6 кВ

220 В

жеткізу

желісі

220 В

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 960,961,965 есептерді шығару түрінде өткізіледі

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- ток күші мен кернеудің лездік мәні қалай анықталады?

- ток күші мен кернеудің әсерлік мәні дегеніміз не?

- электр энергиясын өндіру және жеткізу қалай жүзеге асады?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§ 18 3-жаттығудағы, 935-950 есептерді шығару.

11 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік өрістің кеңістікте таралуы. Ашық тербелмелі контур.Электромагниттік өрістің энергиясы және оның материалығы.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: электромагниттік өрістің кеңістікте таралуы, ашық тербелмелі контурдың қызметін оқып үйрену.

  • тәрбиелік: жоғары жиілікті токтардың өндірісте қолданылуы туралы тоқталып өту.

  • дамыту: оқыушыларға электромагниттік өріс туралы түсінік беру

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны: 516 бөлме

6. Әдебиеттер:

  • негізгі: 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- ток күші мен кернеудің лездік мәні қалай анықталады?

- ток күші мен кернеудің әсерлік мәні дегеніміз не?

- электр энергиясын өндіру және жеткізу қалай жүзеге асады?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Ішінде еркін элетромагниттік тербелістер болып өте алатын ең қарапайым жүйе конденсатордан және оның астарларына жалғанған катушкадан тұрады. Мұндай жүйе тербелмелі контур деп аталады. Конденсатордың ауыстырып - қосқыш арқылы батерияға біраз уақыт жалғап, оны зарядтасақ, ( 26 а – сурет) осы кезде конденсатор мынандай энергия алады:

W= ; (1)

мұндағы - qm конденсатор заряды, ал С – оның электр сыйымдылығы. Конденсатордың астарларының арасында Um потенциялдар айырымы пайда болады. Конденсаторды разрядтай бастасақ онда тізбекте электр тогы пайда болады. Канденсатор разрядталған сайын электр өрісінің энергиясы кеми береді, бірақ сонымен қабат токтың магнит өрісінің энергиясы арта бастайды, ол мына формуламен анықталады.

; (2)