Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЗ 5В.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.44 Кб
Скачать

Vі. Сабақты бекіту

Өздік жұмыс.

І топ

1.Сөз ортасында қос дауыссыз кездесетін атауларды жазыңдар.

2. Балалар сөзіне фонетикалық талдау жаса

ІІ топ

1. Бірдей дыбыстардан басталатын сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.

2.Даңғыл сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса

ІІІ топ

1. Қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.

2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса

Моншақ, рахмет

Vіі. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма:

    1. Үнді дауыссыздар туралы түсінік

    2. 292-295 - жаттығулар

Күні, айы, жылы:

Пән аты: Қазақ тілі

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Ұяң дауыссыздар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың ұяң дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару II.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.

Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздар мыналар: б, в, г, ғ, д, з, ж.

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дайыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, й, у (тау), м, н, ң.

ІV. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.

1.Оқулықпен жұмыс

271– жаттығу (жазбаша)

* Суреттер топтамасындағы 24- суретті зер салып қараңдар да, мәтінді оқыңдар.

* Мәтіннен ұяң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.

274–жаттығу(ауызша)

  • Суреттер топтамасындағы 11- суретке қарап, жыл мезгілдеріне байланысты мәтін құраңдар.

276– жаттығу

  • Мәтінді көшіріп жазып, ұяң дауыссыздары бар сөздердің астын сызыңдар.

V. Сабақты бекіту

Өздік жұмыс.

І топ

1.Ұяң дауыссыздарды жаз.

2. Бидай, сиыр сөзіне фонетикалық талдау жаса

ІІ топ

1.И – дыбысының ерекшелігі туралы айт.

2.Кеш түсті, айна сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса

ІІІ топ

1.Қос дауыстылардың ерекшелігі туралы айт.

2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса

Жайдары, сөйлейді.

VІ. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма:

    1. Ұяң дауыссыздар туралы түсінік

    2. 276-277 - жаттығулар

Күні, айы, жылы:

Пән аты: Қазақ тілі

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың емлесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Жаңа сабақ

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.

Шығармашылық диктант

Төмендегі сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

  1. Автоцистерна, кросс, миллиграмм, съезд,повесть

  2. Металл, фантастика, штамп, факт, митинг, ромб, киоск, шрифт.

Топтық жұмыс

І топ

1.Сөз ортасында қос дауыссыз кездесетін атауларды жазыңдар.

2. Балалар сөзіне фонетикалық талдау жаса

ІІ топ

1. Бірдей дыбыстардан басталатын сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.

2.Даңғыл сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса

ІІІ топ

1. қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.

2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса

Моншақ, рахмет

Оқулықпен жұмыс

279– жаттығу (жазбаша)

* Дауыссыздарға аяқталған сөздерді жазыңдар

ІV. Сабақты қорыту

Бағалау

Үйге тапсырма:

Дауыссыздар туралы түсінік

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]