- •II.Үй тапсырмасын тексеру:
- •Vіі. Жаңа сабақты бекіту.
- •Vіі. Сабақты қорыту:
- •Бағалау
- •Үйге тапсырма беру:
- •I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
- •2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
- •3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
- •Iі. Жаңа сабаққа дайындық
- •V. Жаңа сабақты бекіту
- •Vі. Сабақты қорыту
- •Vіі. Сабақ соңы
- •Iіі.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
- •V. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
- •Vі. Сабақты бекіту
- •Vіі. Сабақты қорыту
- •Бағалау
- •Үйге тапсырма:
- •I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
- •2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
- •3.Күні, айы, жылы:
- •IV Жаңа сабаққа дайындық
- •Vі. Түсінік тексеру
- •Vіі. Жаңа сабақты бекіту
- •1.Перфокартамен жұмыс
- •Viіі. Сабақты қорыту
- •2.Деңгейлік тапсырмалар
- •Vііі. Сабақты бекіту:
- •Бағалау
- •Үйге тапсырма беру:
Vіі. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
250 -жаттығу (жазбаша)
Сөздегі көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар
253 –жаттығу( ауызша)
Мәтіннен еріндік, езулік дауыстылардың жазылуы мен айтылуындағы ерекшеліктерді айтыңдар.
254 – жаттығу.( тақтамен жұмыс)
Тек ашық дауыстылардан құралған сөздерді теріп жазыңдар.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Мәтіндегі дауысты дыбыстарлың астын сыз
Ұзақ жолды қысқарту үшін, айдалада жортқан Ақан Мөңкеге неше түрлі қызықты ертегі, дастандар айтып, ара- тұа ән салып, кең пейіл ақын баламен тең құрбысындай сыр шеккен. Ақтоқты, Ұрқия,Жамалдардың қайғысын айтып, ара –тұра күрсініп, жапанның сары даласында ұзақ мұңды күйге түскен. (С. Жүнісов)
ІІ деңгей
Мәтіндегі жуан дауыстылардың астын бір, жіңішке дауыстылардың астын екі рет сызу.
Ағайдың биыл отыз жеті мүшесіне толып, кемеліне келген кезі. Алтын зерлі айыр қалпақ пен екі өңіріне, жаға – жеңіне зер тұтқан жібек шапан тал бойына құп жарасып, тақ үстінде айбындап отыр. (Қ. Жұмаділов)
ІІІ деңгей
Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге өз ойыңды жалғастырып жаз.
Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған кісі қайдан білсін?
Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?
Vіі. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. 257-260 –жаттығулар.
2. Дауысты дыбыстар бойынша өткенді қайталау.
Күні, айы, жылы:
Пән аты: Қазақ тілі
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар, қатаң дауыссыз
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың дауыссыз дыбыстар, оның ішінде қатаң дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
Iі. Жаңа сабаққа дайындық
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар:б,в,г,ғ,ң,қ,һ,й,ц,к,н,ш з,х,,ф,п,,р,л,д,ж,ч,с,м,т.(у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ – дыбыс емес, әріп. Ол щ созылыңқы( қос) ш дыбысының таңбасы.
Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:
Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.
Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сонықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
ІV. Түсінік тексеру
1.Оқулықпен жұмыс
261-жаттығу(ауызша)
* Мәтінді оқып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.
262 –жаттығу
Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.
264– жаттығу (жазбаша)
* Мәтінді көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын сыз.
265 –жаттығу(ауызша)
Төмендегі жұмбақтың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама бер.
270 – жаттығу
Мәтіннен қатаң дауыссыздардан басталатын сөздерді теріп жаз.
