Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Реферат КАзенов Т.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.92 Кб
Скачать

Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру:

ТММКК-ні қаржыландыруды жетілдіру мақсатында өңірлер бойынша ТММКК-ні қаржыландырудың бірыңғай көлемдері айқындалатын болады. Сонымен бірге өңірлер арасында ТММКК-ге шығыстардың айырмасын кезең кезеңмен қысқарта отырып денсаулық сақтауға арналған шығыстар ұлғайтылатын болады. Денсаулық сақтауда бюджеттерді бағдарламалық шоғырландыру жəне медициналық-санитариялық алғашқы жəне консультациялық-диогностикалық көмекті қаржыландыруды орталықтандыру жүзеге асырылады. ТММКК-ні жетілдіру оны нақтылау жəне оңтайландыру (объективті өлшемдер негізінде) жəне МСАК көлемдерін кеңейту жəне мамандандырылған көмек көлемін оңтайландыру жағына медициналық көмек көрсету деңгейлері арасында қаржыландыруды қайта бөлу жолымен жүзеге асырылатын болады. ТММКК шеңберінде көрсетілетін медициналық 67 қызметтер мен дəрілік заттар тізбесін кезең-кезеңмен кеңейту де жоспарланып отыр. Амортизациялық аударымдары тарифке енгізе отырып, ТММКК қызметтеріне тариф қалыптастыру жүйесі жетілдірілетін болады жəне негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі артады. Азаматтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында ТММКК-ге кіретін кейбір қызмет түрлерінің құнын қоса төлеу тетіктерін əзірлеу жоспарлануда. Қоса төлеу қызметтің мұндай түрлерін шамадан тыс пайдалануды біртіндеп шектеуге, ал екінші жағынан ТММКК-ге кіретін қызметтер үшін заңсыз төлемдер мен сыйақылардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Бағдарлама шеңберінде қоса төлеуді көздейтін медициналық қызметтердің көлемдерін, құрылымын, түрі мен нақты тізбесін нақтылау жоспарлануда. Нысаналы инвестициялауға айрықша көңіл бөлінетін болады: апатты жəне жапсарлас үй-жайларда, əсіресе ауылда орналасқан денсаулық сақтау объектілерін қайта жаңарту. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру жəне институционалдық реформа жүргізу» атты Дүниежүзілік банкпен бірлескен жоба шеңберінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында инвестициялық саясат жетілдіріледі, бірінші кезекте ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын регламенттейтін ұлттық стандарттар əзірленетін болады. Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру жөніндегі шаралар мынадай бағыттар бойынша іске асырылады.

БҰДЖ аясында қаржыландыру тетіктерін жетілдіру: ТММКК-ні қаржыландыруды кезең-кезеңмен орталықтандыру, МСАК-ты, консультациялық-диагностикалық көмекті қаржыландыруды орталықтандыру; медициналық ұйымдардың ТММКК-ге мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты жұмсауының ашықтығын қамтамасыз ету шараларын жетілдіру; ақшалай қаражаттың ағыны туралы мəліметтерді жинаудың, тізімдемеге енгізудің, бағалаудың қатаң тəртібін қамтамасыз ету; медициналық ұйымдар түрлі көздер есебінен алатын, оның ішінде ақылы негізде медициналық қызмет көрсеткені үшін алатын қаражатты есептеу жүйесін жетілдіру; жан басына шаққандағы екі компонентті нормативті жəне ішінара қор иелену үлгісін енгізу; стационарларда емдеу нəтижелерін ескере отырып, емделген жағдай үшін бірыңғай тарифтер бойынша төлеудің медициналық-экономикалық тарифтерін одан əрі жетілдіру; қаржы ағынын стационарлық көмекке жұмсалатын шығысты қысқартуға жəне МСАК қызметі мен аурулар профилактикасына жұмсалатын шығысты көбейтуге қарай бөлу тетігін əзірлеу; медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің түпкілікті нəтижеге бағдарланған сараланған жүйесін жетілдіру;

Тариф саясатын жетілдіру:

Тарифке амортизациялық аударымды қосуды есепке алып, ТММКК аясында көрсетілетін медициналық қызмет тарифін жасау жүйесін жетілдіру; тарифтерді қалыптастырудың жəне медициналық қызметке жұмсалатын шығынның орнын толтырудың инновациялық əдістемелерін енгізу: жан басына шаққанда екі компонентті норматив, қорды ішінара иелену. Азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін арттыру жəне медициналық сақтандыруды одан əрі дамыту: ТММКК-ге кіретін кейбір қызмет түрлерінің құнын азаматтардың қоса төлеу тетіктерін əзірлеу; шетел азаматтарын медициналық сақтандыруды енгізу; ТММКК-ден тыс қызмет көрсетуге берілетін медициналық ерікті сақтандыруды дамыту. Денсаулық сақтаудың инвестициялық саясатын жетілдіру: өңірлік ерекшеліктерді есепке алып, инвестицияны жоспарлаудың ғылыми тұрғыдан негізделген жүйесін əзірлеу; материалдық-техникалық базаны теңестіру жəне нығайту қағидатын іске асыру үшін бірінші кезекте, амбулаториялық қызмет күші жеткіліксіз өңірлерде денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына, қайта жаңартуға жəне жөндеуге арналған мақсатты инвестициялау, саланың басымдық берілген бағыттары бойынша денсаулық сақтауға салынған салымның мониторингі мен тиімділігін бағалау жүйесін енгізу; денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту тетіктерін əзірлеу жəне енгізу: 1) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту; 2) негізгі құралдарды мемлекеттік қаражат есебінен сатып алу жəне оларды ТММКК көрсетуге қатысатын жеке құрылымдар лизингі жағдайында тапсыру жүйесін енгізу 3) денсаулық сақтау саласына шетелдік инвестицияны тарту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]