- •Реферат
- •Мсак-ты жетілдіру:
- •Мамандандырылған медициналық көмекті дамыту
- •Стратегиялық жоспарлаудың, басқарудың, қаржыландырудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын енгізу:
- •Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру:
- •Медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі:
- •Қолданылған әдебиеттер:
Мамандандырылған медициналық көмекті дамыту
60 консультациялық-диагностикалық жəне стационарлық көмек, оның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан əрі – ЖМММ) көрсететін ұйымдардың қызметін жетілдіру: мамандандырылған бөлімшелері бар көп бейінді ауруханаларды дамыту; медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу; консультациялық-диагностикалық жəне стационарлық көмек, оның ішінде ЖМММ көрсететін медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту; стационарды алмастыратын технологияларды енгізу есебінен стационардағы төсек орын жұмысының (қарқындылық) тиімділігін арттыру; стационарды алмастыратын диагностикалық жəне емдік технологиялар жүйесін жетілдіру жəне кеңейту; медициналық көмектің сапасын көрсететін индикаторларды орындау негізінде медицина қызметкерлерін жүйесін енгізу; медициналық көмек көрсетудің кезеңділігі жəне сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып, пациенттерді емдеуге жатқызу өлшемдерін дəл анықтау; консультациялық-диагностикалық жəне стационарлық көмек көрсететін ұйымдар, оның ішінде ЖМММ ұйымдарының қызметіне дəлелді медицина негізінде медициналық көмек стандарттары мен клиникалық хаттамаларды əзірлеу жəне енгізу; стационардағы науқастардың тіркелімін жасау жəне енгізу; жоғары технологиялық көмектің жаңа түрлерін енгізу, оның ішінде шұғыл жағдайларда; жоғары технологияны жергілікті деңгейде беру жəне енгізу; телемедицина арқылы қашықтықтан консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуді дамыту; консультациялық-диагностикалық жəне стационарлық көмек көрсететін ұйымдар, оның ішінде медициналық көмек сапасын көрсететін ЖМММ ұйымдары жұмысының мақсатты көрсеткіштері жүйесін жетілдіру; пациенттерді диагностикалау мен емдеу жөнінде шетелдік клиникалармен серіктестік өзара қарым-қатынастарды нығайту. кезең-кезеңмен қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту жəне паллиативті көмек жүйесін жетілдіру: қалпына келтіру, оңалту, паллиативті көмек жəне мейірбике күтімі ұйымдарының желісін құру, оның ішінде жұмыс істеп тұрған стационарлар жəне санаторийлік-курорттық ұйымдардың бір бөлігін қайтадан бейіндеу есебінен құру; қалпына келтіру, оңалту, паллиативті көмек көрсететін күндізгі стационарлар жəне үйдегі стационарлар желісін кеңейту; кезең-кезеңмен қалпына келтіру, медициналық оңалту жəне паллиативті көмек көрсету ұйымдарының штат нормативтерін қайта қарау; 61 медицина қызметкерлерін паллиативтік көмек көрсету мəселелері бойынша оқыту бағдарламаларын əзірлеу; қалпына келтіру, оңалту, паллиативтік көмек жəне мейірбике күтімі ұйымдарын білікті кадрлармен толықтыру; жоғары технологиялық оңалту технологияларын енгізу; қалпына келтіру, оңалту, паллиативті көмек жəне мейірбике күтімі ұйымдарының қызметіне науқастарды емдеу хаттамаларын жəне медициналық көмек көрсету стандарттарын əзірлеу жəне енгізу; науқастардың тіркелімін құру жəне енгізу; медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу; қалпына келтіру, оңалту, паллиативті көмек жəне мейірбике күтімі ұйымдары жұмысының медициналық көмек сапасын көрсететін мақсатты көрсеткіштер жүйесін құру. Денсаулық сақтау саласында басқару жүйесін жəне менеджментті жетілдіру мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:.
