- •Зерттеудің дерек көзі:
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасуы.
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •1868-1869 Жылдардағы патша өкіметінің қыр облыстарын басқару жөніндегі ережлері Қазақстанда ел билеу, әкімшілік жүйесінің жаңа түрін еңгізді.
- •1924 Жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Констутция 1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тәл болып табылған
- •Бірақ көп ұзамай - ақ, қазақ тілін мемлекеттік негізгі қарым - қатынас құралына айналдыру мүмкіндігіне бұғалық салына бастады. Оны төмендегі құжаттардан білуге болады.
- •Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары
1920 жылы Қазақ АССР - і Кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды.
Қазақ АССР Халық комессарлар комитетінің 1921 жылғы 2 ақпанда жарық көрген "Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы" Декреті;
Қазақ АССР ОАҚ - ның 1923 жылғы 22 қарашадағы "Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ендіру туралы " деректері;
Қазақ АССР ОАҚ Президиумының 1923 жылғы " Қазақ тілінде іс қағаздарын еңгізу жөніндегі орталық комессия туралы ережені бекіту туралы " Қаулысы;
Қазақ АССР Юстиция Халық комиссариатының 1923 жылғы 11 маусымындағы " Сот - тергеу органдарының халық соттары мен халық тергеушілілерінің қазақ тілінде" іс жүргізуді ендіруге байланысты" нұсқау хаты.
1924 Жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Констутция 1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тәл болып табылған
Қазақ АССР ХКҚ - нің 1924 жылғы 23 сәуірдегі өлкелік мекемелерді қазақ тіліндегі машинкасымен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі;
Қазақ АССР еңбек халық Комессариатынның 1924 жылғы 21 маусымдағы "қазақ тілінде іс жүргізуді еңгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастыруды тәртібі жөніндегі " қаулысы;
Қазақ АССР ОАК - нің 1927 жылғы 17 мамырдағы " Қазақ уездерімен өлкелік мемлекеттердің қазақ тілінде іс қағазадарын жүргізуге көшірудің соңғы мерзімін белгілеу туралы" қаулысы;
Қазақ АССР халық ағарту комессиартының 1930жылғы 3 қаңтардағы. Барлық өлкелік халыққа білім беру бөліміндегі орыс мектептерінде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі нқұсқау хаты;
1934 жылғы Орталық Атқару Комитетінің " Қазақ мектептерінде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі " қаулысы және т.б құжаттар.
Бірақ көп ұзамай - ақ, қазақ тілін мемлекеттік негізгі қарым - қатынас құралына айналдыру мүмкіндігіне бұғалық салына бастады. Оны төмендегі құжаттардан білуге болады.
1938 жылғы 5 сәуірдегі " қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбірлі оқыту " туралы арнайы қауласы;
Қазақ АССР ОАК- нің 1938 жылғы сәуі айындағы "ұлттық мектептердің қайта құру туралы " қаулысы ( осы қаулыға сәйкес Қазақтандағы ұлттық мектептер " Буржуазиялық - ұлттық идеогияның ошағы, балаларды кеңес үкіметіне қарсы тәрбелейтін мекеме " деп танылып, түгел таратылып жіберді )
Еліміздегі қазақ тіліне қатысты белсенді қозғалыс 1980 жылдардың соңында етек алып, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына 1989 жылы қол жеткізілді;
1989 жылы харықаралық " қазақ тілі " қоғамы құрылды;
1990 жылғы "Қазақ тілін және Қазақ ССР - індегі басқада ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік".
III. ҚР Тәуелсіздік алған кезең
1993,1995 жылдардағы ҚР Констутциясы ҚР Костутциясы.
1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті.
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республкасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы.
4 - бап. Қазақстан Респубикасының мемлекеттік тілі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі.
Мемлекеттік тілі мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару. заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгкру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық - техникалық жағдайларды жасауға;
Қазақ диаспрасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.
2001 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 эжылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы:
2011 жылы 29 маусымда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған.
