- •Зерттеудің дерек көзі:
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасуы.
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •1868-1869 Жылдардағы патша өкіметінің қыр облыстарын басқару жөніндегі ережлері Қазақстанда ел билеу, әкімшілік жүйесінің жаңа түрін еңгізді.
- •1924 Жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Констутция 1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тәл болып табылған
- •Бірақ көп ұзамай - ақ, қазақ тілін мемлекеттік негізгі қарым - қатынас құралына айналдыру мүмкіндігіне бұғалық салына бастады. Оны төмендегі құжаттардан білуге болады.
- •Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары
Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
Қазақ ресми іс қағаздарының тарихына келетін болсақ, ресми іс - қағаздар стилі осы хан жарлықтарынан бастау алады. Осыған байланысты тарихқа аздап тоқтала кететін болсақ, Жоңғар шапқыншылығының салодарынан халықты, елдік дербестікті сақтау мақсатында қазақ елі біртіндеп Ресей патшалығының қол астына өте бастады. XIX ғасырдың II жартысында Қазақстан Ресейге қосылу үдерісі толық аяқталды.
1868-1869 Жылдардағы патша өкіметінің қыр облыстарын басқару жөніндегі ережлері Қазақстанда ел билеу, әкімшілік жүйесінің жаңа түрін еңгізді.
Қазақстан аумағы 3 генарал - губернаторға бпғынған 6 облысқа бөлінеді. Орал және Торғай облыстары Орынбор генарал - губернаторына, Ақмола жіне Семей облыстары Батыс Сібір генерал - губернаторына, Жетісу және Сырдария облыстары Түрікстан генерал - губернаторына қарады. Патша өкіметі бұл кезде татар тілмаштарының " көмегінен " бас тартты.
Патша әкімшілігінің бұйрық - жарлықтарын жергілікті әкімдерге өз тілінде жеткізу, отаршылыұ саясатты күшейте түсу, орындаттыру, патша өкіметін халық арасына арасына кең тарату мақсаты қазақ тілінде шығатын газетті қажет етті. Сөйтіп, алғашқы әкімдердің қазақ елін басқару ісін жеңілдету ниетімен шығарыла бастады.
1. Ташкентте 1870 - 1882 жылдары " Түрістан уәлаятының газеті"
2. Омбыда 1882 - 1902 жылдары "дала уәлаятының газеті "
3. 1895 жылдан бастап Троиціде "Торғай газеті " шығып тұрды.
Бұл газеттер ресми орган болуына қарамастан, қазақ әдеби тілін дамытуда жазба нормаларын қалыптастыруда, оның бір тармаға - ресми іс қағаздар стилін жетілдіруде үлкен рөл атқарады.
Газеттің негізгі бағдарламасы - үкңметтің бүйрық - жарлықтарын, сот орындарының үкіметтерін, сауда хабарламаларын, Ресей және басқа Мемлекеттердің өмірінде кездесетін оқиғаларды, шаруашылық хабарларын жазып тұру болды. Сонымен қатар, мұнда қазақ халқының тарихи, мәдениетіі әдебиетіне қатысты материалдарда жарияланды. Материалдар мазмұнына қарай негізгі екі топқа бөлінеді: ресми және ресми емес түсінікте. Ресми материалдарға: үкімет бұйырықтары, кейбір саяси экономикалық мәселелер, ресми емес бөлемге - жай корреспонденциялар, тарихи мақалар мен көркем әдебиет үлгілері жатты газет материалдары публистикалық, ғылыми, көркем әдебиет және рсми іс қағаздар стильнде жазылады.
XIX ғасырлардың II жарытысында қазақша ресми іс қағаздарының өх алдына стилі болды. Ол едәуір өзгерісі бар бұрыңғы құжаттар мен хат - хабарлар тілінің жалғасы ретінде танылады. Бұл дәуірде патшалы ресейдің әкімшілік орындарының қазақ қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа жүзінде жарияланып отырады. Тағы бір ерекшелігі, бұл дәуірдегі ресми қағаздар өткен дәуірлердегідей, хан, аға сұлтан сияқты жеке адамдарға емес, көпшілікке жариялайтын мазмұнда болады.
Ресми іс қағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай 3 топқа бөлінеді: + + 1 - ші топ. Патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрық жарлықтар ( уақыт, распоряжения, приказы ). ережелер ( положения ) терминологиясы, стильдік құрлымы және қалыптасқан сөз орамдарымен, өзге ресми құжаттардан біраз ерекшеленеді.
2 - топ. Заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т.б.
3 - топ. Жеке адамдардың ресми органарға жазған арыз, өтініштері.
II. Кеңес үкіметі
1920 жылы және одан одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
