Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстық жұмыс.rtf
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
96.2 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. .................................................................................................4

I Қазақ ресми қағаздарының қалыптасу кезеңдерінің

тарихы.....................................................................................................

2 Ресми іс қағаздар стилі.........................................................................

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Тілдік қатынастың қай түрі болмасын мәтін арқылы жүзеге асады. Іс қағаздарының мазмұны, қатынас құралы ретіндегі қолданылу аясы, қолданылу жағдайы, бағыты, өріс әр түрлі болғандықтан мәтін құрамындағы тілдік бірліктердің тіркесу, байланысу сипаттары түрліше болады. Сондықтан іс қағаздары мәтіндердін жинақтап, оларды ортақ ерекшеліктеріне қарай топтап, ол топтардың бір - бірінен айырмашылықтары мен өзднріне тән ортақ қасиеттерін тауыа, зерттеу - іс қағаздар тілін зерттеудің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Мүның өзі іс қағаздарының түрлерін, дәлірек айтқанда іс қағаздарындағы типтенген формаларды зерттеу болып шағады.

Тілдік бірліктердің қолданыс кезіндегі ерекше сипатын эктралингвистикалық факторлар айқындайды. Оларға тілдік қолданыстың коммуникативтік міндеттері: іс қағазының мақсаты, айқындамасы, іс қағазының мақсаты, айқындамасы, іс қағазының кәмге арналғандығы, не үшін қызмет ететіндігі т.б. жатады. Іс қағаздар мәтіндерінде қолданылатын тілдік бірліктер мәтіннің жалпы мазмұнын ашумен бірге іс қағаздары тілінің жалпы сипаттамасын, стилін анықтайды.

Қурстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қазақ іс қағаздары терминдерін жасау, қалыптастыру, жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою , жалпы даму бағытын белгілеу - бүгінгі күннің ең өзекті мәселерірінің бірі болып отыр. Соңғы он - он бес жыл көлемінде термин мәселесіне айырықша көңіл бөлініп, тілші ғалымдардың, іс қағаздарын жүргізушілердің, аудармашылардың жалпы көпшіліктің жаппай пікір білдіріп ат салысып жатқандығына қарамастан қазақ іс қағаздар тирмендерін қалыптастырудың өзіндік проблемалары аз емес. Қазақ іс қағаздары терминдерін қалыптастыру үшін термин шығармашылығында іске қосылатын амал тәсілімен пайдаланылатын ішкі мүмкіншіліктерді айқындап өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің маңызы ерекше.

Курстық жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы: Қазақ халқы өз даму тарихының әр кезеңінде түрлі елдермен араласып, әр түрлі қарым қатынас жасағаны белгілі. Бұл қарым қатынас нәтижесінде қазақ тілінің сөзік құрамында бір қатар кірме сөздер пайда болады. Олар негізінен VIII- ғасырларда ислам дінінің енгізілуімен байланысты енген араб - парсы және XVIII ғасырдан бастап Ресеймен арадағы қарым - қатынастың күшеюне байланысты енген орыс сөздері. Араб - парсы тілінен енген сөздердің көпшілігі қазіргі кезде ана тілінің төл тума сөздеріндей боып, негізгі сөздік қордан түпкілікті орын теуіп отыр. Солардың бірқатары ресми - іс қағаздар тілінде қолданылатын, жалпы халыққа түсінікті бола отырып, әлеуметтік өмірдің, шаруашылық пен өндірістің түрлі саласында жұмсалатын терминдер мен терминдік сипаты бар сөздер. Олар: нарық, қарыз, емтихан, ақпар, күн, жәрдем, жарнама, хабар, куә, мөр, саясат, кеден, өкімет, өкіл,құқық, әкім , мәртебе, азамат, айып, мырза, мекеме, мағлұмат, мәжіліс, мемлекет, бұқара, салтанат, абырой, әйел, т.б.

Зерттеудің әдістері: Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің артуы фуңцияналдық стильдердің сапалық үлес - салмағына да өзгеріс әкеледі, атап айтқанда, ресми - іс қағаздар стилінің рөлі мен қызметіне мән берліп, іс қағаздар тілін ғылыми негіздеу мәселесі көтеріледі. Қазақ тіл білімі ғылымының алдында іс қағаздар тілінің лекскалық жүйесіндегі өзгерістер мен процестерді, семантикалық, праграматикалық, құрлымдық, стильдік, жанрлық, компазициялық ерекшеліктерді, оның диахронды сипаты мен сихронды жай - күйін, жалпы іс қағаздар тілінің көкейтесті мәселелірін зерттеу, ресми - іс қағаздар тілінің көкейтесті мәселелерін зерттеу, ресми - іс қағаздар тілінің ғылыми - теориялық көркем әдебиет тілі мен мерзімді баспасөз тілі диахронды, синхронды тұрғыда жан - жақты ьалданып, ғылыми - теориялық негізгі жасалғанымен ғылым тілі мен реми - іс қағаздар тілін зерттеу кенже қалғаны белгілі.

Зерттеудің дерек көзі:

1. Алексеев И.С, " Профессиональный тренннг переводчик ", Санк - Петербург: " саюз "005 - 247 с

2. Алиманов.Н.Ә., Нәлібаев.Ж.Б., Белғара.Б.Б., " Іс қағаздарын жүргізу негіздері ", Алматы, 2007 - 195 б.

3. Асқаров.Н.Ә., Нәлібаев.Ж.Б., Белғары.Б.Б., " Іс қағаздарын жүргізу негіздері " Алматы,2007 - 195 б.

4.Аханова К, "Тіл білімінің негіздері ", Алматы: " Жоғарғы оқу орнының қауымдастығы ", 2008 - 694 б.

5. Ахмеди Ысқақов , " Қазіргі қазақ тілі ", Алматы: "Ана тілі " 2007 - 198 б.

6. Джон К. Уолден, " The Oxford Compion to the English Language ", "Oxford University Press " 2006 - 258 с

7.Дүйсембекова.Л., " Қазақ ресми іс қағаздары ", Алматы: " Ана тілі " 2008 - 246 б.

8. Дүйсенбеков Л., " Қазақ ресми іс қағаздары ", Алматы: " Ана тілі ", 2008 - 210

9. Ережепов С.К., " Официально - деловой стиль в русском и казакском языках: прагмалингвистический аспект. ДИС. канд . филод. наук.", Алматы, 2006 - 320 с.

10. Казакова.Т.А., " практические основы перевода ", Санк - Петербург " Саюз ", 2006 - 320с.

Зерттеудің құрлымы: Менің курстық жұмысымым тараудан,тараушалардан, әдебиеттер тізімінен қортындыдан және қосымшадан тұрады.

Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасуы.

Хан жарлықтары

II. Кеңес үкіметі құрылған кезең

III. ҚР Тәуелсіздік алған кезең

I. Хан жарлықтарына хандар мен би, болыстардың жазған хаттары жатады.,Олар:

1. "Жеті жарғы ".

2. 1856 ж Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүз босы. Қазанғапов бидің өзіне алтын кеншінен кең өндірумен айналысуға рұқсат ету туралы Батыс Сібір генарал-губернаторы Госфортқа өтініші

3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың қол астындағы адамдармен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап. Анна Ионновиаға жазған хаты.

(XVIII ғ).

4. 1716 жылғы 13 қыркүйек. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі XVIII

5. 1718 жылғы 10 желтоқсан. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап,император I Петрге жазған хаты ( XVIII ғ.).

"Жеті жарғы" туралы түсініктеме

Ғалымдардың айтуынша, бұл құжат Тәуке ханның тұсында 1684-1685 жылдары құрастырылған.

"Жеті жарғы" - Төле,Қазбек, Әйтеке сынды данагөй билердің қатысумен жазылған көшпелі қазақтардың ел билеу заңы.

Бұл заңдылық құжатта жер дауы, жесір дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты үлкен мәселелер қаралады.

"Жеті жарғы" кісі өлтіру,ұрлық.тонау,бүлік шығару,денеге зақым келтіру, зорлау, әйелді алып қашу, тәңірге тіл тигізу, христиан дініне өту сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді. Қылмыстық жауапқатарту 13 жасқа толған кезден басталған.

Қазақтың қылмыстық құқығы мақау, есі дұрыс емес адамдарды жауапқа тартпаған.

Қазақ халқы "Жеті жарғы" XIX ғасырдың ортасына дейін қолданылып келді.

"Жеті жарғы"

Көшпелі қазақтардың л билеу заңы;

- қанға қан алу,яғни біреудің кісісі қлтірсе, оған ердің құнын төлеу ( ер адамға-1000 қой,әйел адамға 500-қой );

- ұрлық,қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жасасы кесіледі,жазаны ердің құнын төлеу арқалы жеңілдетуге болады: денеге зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100-қой, шынышық - 20 қой ):

- төре мен өожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді:

- егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі ( егер ағайындары кешірім жасаса құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екі қабат әйел жаса, жахзадан босатылады ):

- ер әйелін өлтірсе әйел құнын төлейді;

- ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе өлім жазасына тартылады:

- өз-өзіне қол салғандар бөлек жерленеді:

- егер екі қабат әйелді атты кісі қағып кетсе, одан өлі бала туса: 5-айлық бала үшін бес ат, 5 айдан 9 айға дейнгі балаға - әр айына 1 түйеден ( анықтама үшін 1-түйе, 300 - атқа немесе 1000 - қойға тең );

- әйел зорлау,кісі өлтіру мен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төленуі тиіс, егер өзі жігт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады;

- егер ері әйелінің көзіне шөп салуды ұстанса, өлтіруге құқылы, бірақ қылмысты сол сәтте жария етуі тиіс, әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады.

- біреудің әйілін келісімсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе күйеуне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;

- әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұамаса арсыздығы үшін айып салынады;

- қан араластыру ( жеті ата ішінде ) өләмге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады.

- Құдайға тіл тигізген ( жеті адам куәлік берсе ) таспен атып өлтіреді;

- кәпір болған адам мал мүлкінен айырылады;

- құл өмірі құнсыз, ол - қожайынның билігінде;

- ата - анасына тіл тигізген ұлды мойына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқызады, ал қыз қол аяғы байланып, анасының бейлігіне берледі;

- ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;

- ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел жазаға тартылмайды, өйткеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;

-өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;

- дауды шешу ақсақалдарға жүктеледі;

- барынтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс;

- куәлікке екі немесе үш адам жүреді;

- билерге билік айтқаны үшін малдың оннан бірі тиесілі;

- егер айыпкер айыбын төлемесе, оны руу басынан рұқсаты арқылы барынтамен алуға болады;

- ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;

Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың жазған хаттары

1731 жылы 2 қаңтар - ... қараша. Хандар Әбілхайыр мен Сәмекенің Нұрлы сұлтанның, Бопай ханның, Қарақалпақ ханы мен старшынларының өздерінің Ресей бодандығын алғаны туралы императрица Аннаға жазған хатын:

Ұлы мәртебелі импертрица. Сіздің жарлығыңыз бойынша бізге жіберілген Мәмет мырза Тевкелеев бізге ұлы мәртебелі императрица

- сізге және ұлы мәртебелі және ұлы мәртебелі ұрпақтарыңызға бодан болып, төменде жазылған тармақтарды қызмет етуге қабылдадым. Ең алдымен аса, қасиетті және ұлы державаның иесі ұлы патша императраицамыз - Анна Иоанновнаға бүкіл ресейлік және басқаларының, тағы басқа сол сияқтылардың самодержицасына уәде етіп, ант береміз....

Сонымен қатар 1856 жылы Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүз басы Қазанғапов бидің өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айнаылысуға рұқсат ету туралы. Батыс Сібір генерал - губенаторы Госфорт мырзаға өтініш жолдаған. Осы өтінішке жүз басы Тәттімбет Қзанғапов өз аты жазылған мөрін басты.

"XVIII - XIX ғ. қазақ - орыс қатынастары ", құжаттар жинағы,419 - бет.