Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
stud.kz_461768619.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «SDH мультиплексирлеу ерекшеліктері»

Дайындаған: Г-532 топ студенті

Сағынбай А.Ғ.

Тексерген: техникалық пәндер оқытушысы

Сундетова А.К.

Орал 2015

ЖОСПАР

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

  1. SDH СИНХРОНДЫ САНДЫҚ ИЕРАРХИЯСЫ

    1. SDH желісінің құрамы........................................................................5

    2. SDH жүйесін талдау............................................................................6

    3. SDH құрылу алғышарттары...............................................................8

  1. SDH МУЛЬТИПЛЕКСИРЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    1. Мультиплексор және демультиплексор..........................................12

    2. STM-1, STM-4 және STM-16 деңгейлерінің мультиплексорлары..........................................................................14

    3. SТМ-N-де төменжылдамдықты ағындардың мультиплексирлеу сұлбасы...............................................................................................15

    4. SТМ-4 мультиплексорының сипаттамасы......................................20

    5. SDH мультиплексирлеудің РDH жүйесінен негізгі ерекшеліктері.....................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................26

Кіріспе

Ғылымның дамуы және техникалық үрдістің шапшаңдауы байланыс құралдарын, жинау жүйелерін, ақпаратты тарату және өңдеуді жетілдіруінсіз мүмкін емес. Соңғы жылдардағы жаңа ақпараттық технологиялардың интенсивті түрде дамуы микропроцессорлық техниканың жедел қарқынмен дамуына әкелді, ол ақпаратты таратудың цифрлық әдістерінің дамуына ықпал жасады. Есептеулер бойынша бір тұтынушыға ақпарат ағынынің орташа көлемі әр жыл сайын 8 есе өсіп отырады. Жаңа желілік қосымшалар өткізу жолақтың кеңдігін керек етеді, практикада әлемдік желілердің түрлі қосымшалары қолданылады, олар мультимедияға, бейнеконференция байланыс үшін арналған.

Қазіргі заманға сай актуалды мәселелерге мәліметтерді тарату, тұтынушыларға цифрлық қызмет көрсетуді жатқызуға болады. Осы мәселелерді шешу мақсатымен техниканың қазіргі жетістіктерін пайдалану арқылы көптеген цифрлық түрде мәліметтерді тарату технологиялары шапшаң түрде дамуда.

Байланыс желілерін құру үшін қазіргі уақытта қолданылатын қазіргі заманғы технологиялардың бірі синхронды цифрлық иерархия - SDH технологиясы болып табылады.

SDH аппаратурасы бағдарламалы түрде басқарылатын болып табылады, ол мыналардан тұрады: түрлендіргіш, таратқыш, бақылауша, оперативті ауыстырып-қосқыш. SDH концепциясы цифлық ақпаратты жоғары сапалы тарату үрдістерін, желіні автоматты түрде басқару,бақылау, желіге қызмет ету үрдістерін бір жүйенің ішінде тиімді біріктіреді.

Сонымен SDH – жай ғана жаңа тарату жүйесі емес, сонымен бірге бұл желілік архитектурада, басқаруда принципиалды өзгерістер. SDH – ті енгізу цифрлық байланыс желінің жаңа сапалы даму кезеңі болып табылады.

Синхронды цифрлық иерархияның алдыңғы буын жүйелерімен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтары бар, оптикалық-талшықты тарату жолдарының мүмкіндіктерін толықтай іске асыруға, жоғары сапалы байланысқа кепілдік бере отырып, желіні пайдалануға және басқаруға жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Синхронды цифрлық иерархия жүйелері 155 Мбит/с және одан да жоғары тарату жылдамдықтарын қамтамасыз етеді.

Курстық жұмыстың талаптарына сай SDH технологиясы туралы толық мәліметтер, осы технологияда қолданылатын мультиплексорлар түрі, басқа технологиялардың алдында мультиплексорлеудің қандай ерекшеліектері бар екені туралы айтылады.

I. Sdh синхронды сандық иерархиясы

1.1. Sdh желісінің құрамы

SDH желісі кез келген басқа желі сияқты жиынтығы шектелген жеке функционалды модульдерден құралады: мультиплексорлар, коммутаторлар, концентраторлар, регенераторлар және терминалды жабдықтар. Бұл жиын желі шешетін негізгі функционалды міндеттерімен анықталады:

  • SDH желісінде транспортталу үшін жарамды агрегатты блокқа қол жеткізетін арналар арқылы кіріс ағындарын жинау – қол жеткізу желісінің терминалды мультиплексорлары шешетін мультиплексирлеудің міндеті;

  • кіріс/шығыс ағындарының енгізу/шығару мүмкіндігі болатын агрегатты блоктарды желі бойынша транспорттау – енгізу/шығару мультиплексорлары шешетін транспорттау енгізу/шығару мультиплексорлары шешетін транспорттаудың міндеті, басқаша АDМ – желідегі ақпараттық ағынды логикалық түрде басқарады, ал физикалық түрде осы желіде транспортты арнаны түзетін физикалық ортадағы ағынды басқарады;

  • таратқыш торапқа бірнеше бір типті ағындарды біріктіру концентраторлар (хаб) шешетін концентрация міндеті;

  • үлкен қашықтықтарға берілетін сигналдың формасы мен амплитудасын қалыпқа келтіріп (регенерация), оның өшулігін компенсациялау үшін LAN-дағы қайталағыштарға ұқсас құрылғылар, яғни регенераторлардың көмегімен шешілетін регенерация қолданылады;

  • қолданушының желісі мен SDH желінің байланысуы – шеткі жабдықтың көмегімен шешіледі, мысалы әртүрлі орайластырушы құрылғылар, соның ішінде интерфейстер конверторы, жылдамдықтарының конверторы және т.б.

  • Желінің бөлінген тараптарында жүзеге асырылатын виртуалды контейнерлерді маршрутизация еұлбасына сәйкес бір сегменттен басқаға аса жүктеу цифрлық коммутаторлардың немесе ДХС крос-коммутаторлардың көмегімен шешілетін коммутацияның міндеті болып табылады.

1.2. Sdh жүйесін талдау

Қазіргі заманғы электробайланыс жүйесінің негізінде цифрлық тарату жүйелерін пайдалануға негізделген цифрлық біріншілік желіні қолдану жатыр.

Заманға сай цифрлық біріншілік желі үш технологиялар негізінде құрылуы мүмкін: PDH (Plesiochronous Digital Hierarchy-Плезиохронды цифрлық иерархия), SDH (Synchronous Digital Hierarсhy-Синхронды цифрлық иерархия) және ATM.

Электробайланыс жүйесінде цифрлық біріншілік желінің алатын орны

ATM технологиясы біріншілік желіні құру технологиясы ретінде әлі жас және соңына дейін жетілмеген.

Бүгінгі таңда иерархиялардың үш түрі белгілі: Солтүстік Америкалық, Жапондық және еуропалық. Еуропада иерархияның біріншілік жылдамдығы ретінде 2048 Кбит/с жылдамдығы қабылданды. Бұл DS0 (8 кГц жиілікпен алынған сигналдың дискреттік санағы 8 биттік тізбектілікпен кодаланып (квантталып), 8 кГц*8 бит=64 Кбит/с-на тең болғандағы цифрлық сигналдың аты) ақпараттық 30 сигналды кадрға қажетті сигналмен және басқарушы ақпаратпен бірге жинаған кездегі нәтиже. Ал АҚШ-та, Канадада және Жапонияда 30 арнаның орнына 24 арна комбинациясынан түзілген 1544 Кбит/с-на тең біріншілік жылдамдық қабылданды. Бұл иерархиялар плезиохронды цифрлық иерархия (PDH) деген атқа ие болды, өйткені мультиплекстелетін ағындар синхронды болмады және олардың жылдамдықтары биттік тізбектіліктің әрқайсысын түзетін тактілік генераторлардың рұқсат етілген тұрақсыздықтың шектерінде бірдей болмады.Сондықтан осындай ағындарды мультиплекстеу кезінде жылдамдықтарды орайластыру үшін биттерді қосу немесе алып тастауды жүзеге асыру қажет болды.

Дипломдық жобада объект ретінде Шымкент қаласы алынды. Зерттеліп отырған объектіде PDH технологиясының көмегімен құрылған корпоративтік желі орын алған.

PDH технологиясының бірқатар кемшіліктері бар, оларды айта кетсек:

  • аралық пункттерде цифрлық ағындардың кіріс/шығысының қиын болуы;

  • желілік автоматты түрдегі бақылау мен басқару құралдарының болмауы;

  • синхронизациялаудың көп сатылы қалыпқа келуі айтарлықтай ұзақ уақыт қажет етті.

PDH кемшіліктеріне, сонымен қатар, желідегі ағынды бақылау мен басқару мақсаттары үшін қызметтік арналарды ұйымдастыруда мүмкіндіктерінің әлсіздігін және де мәліметтерді тарату желілерінде қолдану үшін өте маңызды орын алатын төменгі сатыдағы мультиплекстелген ағындардың маршрутизация құралдарының болмауын жатқызуға болады.

SDH иерархиясының тарату жылдамдықтары 1- кестеде келтірілген.

SDH-иерархиясының тарату жылдамдықтары кестесі

SDH деңгейі

Мәліметтер тарату жылдамдығы,

Мбит/с

STM-1

155,520

STM-4

622,080

STM-8

1244,160

STM-12

1866,240

STM-16

2487,320

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]