Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aldiarov_kaz1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74.99 Кб
Скачать
    1. Бірінші ретті хтк эксплуатациялау

Бірінші ретті ХТК маңызды артықшылықтарының бірі олардың эксплуатациясының оңайлығы болып табылады. Бұндай ток көздері ешқандайқызмет көрсетуді талап етпейді. Жұмысқа дайындау дегеніміз сыртқы және жарамдылық мерзімін түрін тексеру, кейде ХТК нақты параметрлерін тексеру болып табылады (бастапқы разрядты кернеуді, өте сирек жағдайда – ішкі кедергісін тексеру). ХТК қосу кезінде полярлылықтың сақталуын және контактілердің дұрыстығын қадағалау керек. Полярлылықтың сақталмауынан аппаратура істен шығуы мүмкін. Әсіресе транзисторлары, микросхемалары және электролитті конденсаторлары бар радиоэлектронды схемалар бұндай жағдайда істен шығады.

Ток көздерінің жұмысының электрлік режимі тұынушының жүктемесінің графигімен анықталады. Көп жағдайда ХТК күрделі, көбінесе еркін график бойынша жұмыс істейді. Мысалы, транзисторлы радиоқабылдағыштың батареясынан алынатын қуат дыбыс қаттылығы өзгерген кезде өзгереді, ал қабылдағыштың өзі еркін қосылады және өшіріледі. Электронды сағаттарда және кардиосимуляторларда ХТК үздіксіз жұмыс істейді, бірақ разряд графигі импулсьті болады. Тұрақты жүктеме кезінде үздіксіз жұмыс істейтін жағдайлар өте сирек кездеседі.

Бірінші ретті ХТК барлық сыйымдылық жасалғанға дейін қолданады. Алайда бірқатар жағдайларда оның толық разрядталуын және разряд біткеннен кейін ұзақ уақыт аппаратурада сақталуын болдырмау керек. Жеке элементтерден, атап айтқанда кең таралған көмір-цинкті элементтерден разряд толық болғаннан кейін қоректендірілетін РЭА бүлдіруі мүмкін электролит ағып өтеді. Кейбір жағдайларда герметикалық элементтердің жарылысы болады, атап айтқанда сынап-цинк жүйесінің элементтерінде және разрядталған жағдайда сақтаған кезде литий элементтерінің жеке түрлерінде болады. Әсіресе өте көп тізбектей қосылған элементтерден құралған батареялардың жұмысын мұқият қадағалау керек. Жеке элементтердің полюсі қате қосылуының алдын алу үшін батареялардың жұмыс кернеуін бақылау керек және оларды уақытында ауыстырып тұру керек.

Бірінші ретті ХТК көпшілігі ішкі кедергісінің жоғары болуымен сипатталады. Сондықтан қысқа уақытты сыртқы қысқаша тұйықталулар әдетте үлкен зақымдалуларға алып келмейді.

Бірінші ретті ХТК кейбір түрлері күрделі қызмет көрсетуді талап етеді. Осылайша, резервті батареяларды қолданардың алдында оларды белсендіру үшін белгілі бір операцияларды жүргізу керек. ХТК төмен температура шарттарында эксплуатациялау кезінде бірқатар жағдайларда оларды қыздыру мәселелерін шешу керек болады.

4.4. Аккумуляторларды эксплуатациялау

Аккумуляторлар және аккумуляторлы батареялар бірінші ретті ХТК қарағанда күрделі күтімді қажет етеді, және бұл қиындықтар айтарлықтай дәрежеде заряд процесімен байланысты болады. Егер аккумуляторлардың разряд режимі қоректендірілетін аппаратураның ерекшелігімен анықталса, заряд режимі негізінен аккумуляторлардың өздерінің ерекшеліктеріне тәуелді болады. Заряд кезінде газ бөлінгендіктен, көптеген аккумуляторлардың конструкциясы герметикалық емес болады, бұның нәтижесінде ХТК салыстырғанда эксплуатация кезінде қосымша қиындықтар пайда болады.

Эксплуатация режимі. Аккумуляторларды эксплуатациялаудың үш режимі бар: ауыстыру, буферлік және апаттық. Ауыстыру режимінде аккумуляторлы батарея разрядталады және кезектесіп зарядталады. Бұл, мысалы, герметикалық аккумуляторлардан қоректенетін тасымалданатын РЭА тән болып табылады. Буферлік режимде аккумуляторлы батарея электрэнергиясының басқа көзіне параллель жалғанады, жүктеме артқан кезде батарея біртіндеп разрядталады, жүктеме төмендеген кезде ол қайтадан зарядталады. Буферлік режимде автомобильдердегі стартерлік батареялар, ғарыш аппараттарының аккумуляторлы батареялары және басқалары жұмыс істейді. Апаттық (резервті) режимде аккумуляторлы батарея үнемі жұмысқа дайын күйде тұрады, бірақ тізбекке негізгі энергия көзінен энергия келу тоқтаған жағдайда ғана қосылады.

Қарапайым зарядты-разрядты айналымдармен қатар қалыптық және бақылау-дайындау айналымдары да қолданылады.

Қалыптық айналымдар пластиналар дайындалғаннан кейін немесе аккумуляторға электролит толтырылғаннан кейін пластиналарды жұмыс күйіне келтіру үшін жүргізіледі кейде тек бір қалыптық айналыммен шектеледі).

Бақылау-дайындау айналымдары негізінен аккумуляторлар тұрақсыз эксплуатацияланған жағдайда немесе үнемі терең разрядқа толығымен разрядталғанда жүргізіледі. Бұған жад эффектісінен кейін жағымсыз әсерлерді жою үшін жүргізілетін никель-кадмий аккумуляторлардың периодты, терең разряд та жатқызылады. Терең разряд аккумулятордың толық заряды және бекітілген графикке сәйкес разряд тогы өзгерген кезде шамамен оның разряды 0,4 В жеткенге дейін кем дегенде бір циклді болжайды.

Аккумуляторды зарядтау тәсілдері. Көп жағдайда зарядталатын құрылғылар электрлік параметрлердің біреуін: кернеуді немесе заряд тогын тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік беретін жүйелермен жабдықталған. Қандай электрлік параметр тұрақты болатындығына байланысты: тұрақты ток кезінде және тұрақты кернеу кезіндегі зарядтаудың екі тәсілі болады.

Тұрақты ток кезінде зарядтауға арналған құрылғыларн әдетте қарапайым болады. Осылайша, мысалы герметикалық аккумуляторлар үшін бірқатар зарядтық тұрмыстық құрылғылар негізгі сызба бойынша жасалынады (4.3 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]