Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сағыз Боран А..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76.29 Кб
Скачать

2.4. Сағыздың зиянды жақтары

Кейбір жағдайларда сағыздың зиянды затқа айналатын кездері де болады екен. Мысалы:

1. Асқазан мен ішектердің жұмысында аш қарынға шайналған сағыз қауіпті аурулардың (гастриттер, асқазан жаралары) ошағына айналуы мүмкін.

2.Құрамында қанты көп сағыздардан бірден бас тартқан жөн, себебі қант тіс кариесіне бастайтын тура жол.

3. Сағыздарды үрген кезде балалардың тістерінің дұрыс тістесу қатары бұзылады.

4. Мектеп партасының астына жапсырылған сағызда сол сағызды шайнаған баланың ауру микробтары бірнеше күнге дейін сақталады.

Сағыз- микробтардың ошағы!

5. Нарықтағы сапасы нашар жасалған сағыздардың көп пайызының құрамында аллергиялық реакция беретін заттар болуы

6. Сағыздардың кесірінен тістер сынып, пломбалар түсіп қалады.

7.Сағызды жұтуға болмайды, әйтпесе ол тоқ ішектерде тұрып қалады да бірте –бірте ішектердің жұмысын бұзады.

8. Жаман әдетке айналып кетеді.

9. Ең бастысы біз мынаны есте сақтауымыз керек:

Бірде – бір сағыз тісті щеткамен міндетті түрде екі рет тазалауға жетпейді және оны ауыстыра да алмайды.

2.5. Оқушылармен жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы

Біз өзіміздің мектептің оқушылары арасында (1-4 сыныптар аралығында) балалардың сағыз шайнаудың пайдасы не болмаса оның зияндылығы туралы қандай түсініктері бар екенін білу мақсатында түрлі сұрақтар бойынша сауалнама жүргіздік.

Сауалнамаға барлығы 54 оқушы қатысты. Сауалнама қорытындысы диаграммаларда берілген.

Сауалнама қорытындысын талдау үшін біз пайызды көп жинаған жауап нұсқаларын алдық.

Алынған нәтиже бойынша: сұралғандардың 31% - ы сағызды тістерін тамақ қалдықтарынан тазалау үшін,

25% - ы демдерін жаңартып, иіс кетіру үшін,

22% -ы жай ермек үшін шайнаса,

10% -на сағыздардың дәмдері ұнайды екен.

Оқушылардың 35% - ы сағызды жиі қолданса,

38% -ы тамақтан кейін ғана,

ал 15% - ы анда-санда кейде ғана шайнайды екен.

Сұралғандардың 47% - ы сағыздың тісті тамақ қалдықтарынан тазалайтын қасиеті бар десе, 33% - ы демді жаңартуға пайдалы деп санайды екен,

8%- ы сағыздың пайдасы туралы ештеңе естімепті.

Сондай-ақ ,оқушылар сағыздың қандай зиянды әсерлері болатынын да біледі екен: - оқушылардың 8 %-ы тістердің пломбасын түсіреді; - 39%- ы асқазан, ішек ауруларына себепші болатынын;

-24%-тіс кариесіне ұшыратады;

- 29 % -ы кері әсері бар екенін білмейді екен.

Ііі. Қорытынды

Біз жоба тақырыбымен жұмыс жасау барысында барлық мәліметтер мен көпшілік пікірінің сараптамасына талдау жасай отырып, егер сағызды санитарлық талаптарға сай дұрыс және шамадан тыс асырмай орнымен қолданса, онда оларды тістерді қорғау үшін сауықтыру мақсатында қолдануға болады және адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ екен деген қорытындыға тоқталдық.

Біз осы пікірді басшылыққа ала отырып сағыздың адам денсаулығына зияны тимеу үшін қатаң сақталуға тиісті ережелер жиынтығын жасадық. Сонымен:

  • Сағыздың құрамында қант болмауы керек.

  • Сағызды тамақтан кейін және 20 минут шамасында ғана шайнау керек.

  • Сағызды жұтуға мүлде болмайды.

  • Қолданылатын сағыз нарықта көпшілікке жақсы жағынан танымал болған , өз өнімінің сапасын қатаң қадағалап отыратын әйгілі фирмалардың өнімі болуы керек.

  • Сағызды мәдениетті түрде шайнай білу керек. Әсіресе көпшілік орындарда, сабақ үстінде сағыз шайнаудан және онымен әртүрлі трюктер көрсетуден аулақ болған жөн.

Сонымен біздің болжамымыз расталмады, яғни біз сағыздың адам ағзасы үшін ешқандай зиянды әсері жоқ екеніне көз жеткіздік. Әйтсе де, салауатты өмір салтын ұстанған әрбір жан жоғарыда айтылған ережелерді қатаң ұстанып, сағыз шайнауды әдетке айналдырмай, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстағаны дұрыс.

Бұл материалды салауаттану, әдеп сабақтарында, сынып сағаттарында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қолданса, барлық оқушылар үшін пайдалы ақпарат болар еді деп ойлаймын.