Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сағыз Боран А..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76.29 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ

«Сарыарқа дарыны» ғылыми - әдістемелік орталығы

Бағыты: Валеология бағыты

Сағыздың пайдасы мен зияны

Секциясы: валеология

Жобаның жетекшісі пән мұғалімі:

Кашауова Жайнагуль

Жоба авторы: Боран Ақерке

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің

Жаңаарқа ауданының білім беру,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің

Ақтау орта мектебінің

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңаарқа 2014

Аннотация

Осы жоба кез келген адамның өз денсаулығын күтуіне, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыруына септігін тигізеді. Оның ішінде қазіргі кезде дүкен сөрелерінде ерекше көзге түсетін түрлі түсті сағыздардың адамның ағзасына қандай әсері бар екенін анықтап, құрамында денсаулыққа зиянды зат жоқ екеніне көз жеткізу. Сағыздың шығу тарихы, олардың қазіргі заманда қолданылуы мен ерекшеліктерін үйрету мәселерін қарастырады.

Көптеген әдебиеттерді зерттей отырып сағыз түрлерімен, тарихымен, атауларымен танысты. Жоба авторы сауалнама жүргізу барысында адамдардың сағызды не себепті қолданатындығы, қаншалықты ол жөнінде білетіндігіне көз жеткізіп, қорытынды жасады.

Мазмұны

І. Кіріспе…...………………………………………………………....….4

ІІ. Негізгі бөлім……………………………………………...………...5-8

2.1.Сағыздар қалай пайда болған ? Сағыздың шығу тарихы….....5

2.2. Сағыздың құрамын білесіз бе? ………………………..........6-7

2.3. Сағыздың пайдалы қасиеттері …………………….............…7

2.4. Сағыздың зиянды әсерлері……………………….....................8

2.5. Сараптама жұмыстары………………………........................8-9

ІІІ.Қорытынды………………………………………...........………9-10

ІY.Пайдаланылған әдебиеттер………………………..........................11

Y.Қосымша ……………………….....................................................12-15

І. Кіріспе

Соңғы жылдарда дүкен сөрелерінде көзді тартып, қызылды-жасылды болып толып тұратын және үлкеннің де, кішінің де аузынан түспейтін кәдімгі сағыздардың адамның ағзасына қандай әсері бар? Пайдалы ма әлде зиянды ма? Осыған дейін бұл сұрақтарға жауап іздегенде мен теледидардан көрсетілетін жарнамаларды ғана көз алдыма елестететінмін. Жарнамаларға сүйенсек, сағыздың пайдасы көп екен және оның жағымсыз әсерлері туралы ештеңе айтылмайды.

Тіс дәрігерлерінің айтуынша сағызды қолданудың адам ағзасына кері әсерлері де жетерлік екен. Бірақ оны біз сияқты балалардың біле бермеу себебі шайнауға арналған өнімдерді ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарының аздығы және олардың балаларға дұрыс жеткізілмеуі сияқты. Себебі, сағыз туралы мәліметтерде тек оның жағымды жақтары айтылады да, жағымсыз жақтары туралы сөз мүлде қозғалмайды. Ендеше бұл сұраққа жауапты мен өз бетімше ізденіп тауып көруге тырыстым.

Жобаның мақсаты:

Бүгінгі күні үлкеннің де кішінің де аузын босатпайтын түрлі сағыздардың адамның ағзасына қандай әсері бар екенін анықтап, құрамында денсаулыққа зиянды зат жоқ екеніне көз жеткізу.

Жобаның міндеті:

  1. Сағыздың ең алғаш рет пайда болу тарихымен танысу.

  2. Сағыздың пайдалы және зиянды қасиеттерін зерттеу.

  3. Сараптама жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу нысаны: Сағыздар (Orbit, Dirol, Stimorol)

Болжам: Сағыз шайнау - адамның денсаулығына зиянды.

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Сағыздар қалай пайда болған ?

Соңғы 100 жылдай уақыт ішінде сағыз әлемдегі кеңінен таралған өнімдердің біріне айналып үлгерді. Бүгінгі күні сағыздың отаны АҚШ – та сағыздың 100 – ден астам түрі және сорты сатылады екен.

Ө те ерте замандарда, қазіргідей нағыз сағыздар әлі пайда болмаған кезде адамдар ағаштардың қабығын, жапырақтарды және кейбір шөптерді шайнаған. Майя үндістері мен Орталық Американың кейбір басқа да тұрғындары кау–чудеген ағаштың шырынды қабығын шайнаған.Сыртындағы қатты қабығын тіліп, ішіндегі ақ шырынын ағызып, жинап алған.

Ал көрші Ресейдің көптеген деревньяларында қайыңның қабығынан сағыз жасайтын пысықтар болған. Қайнаған жұпар йісті қою затты жеке – жеке домалатып суытқан. Бұл қою қоңыр шоколад тәрізді сағыздар тәбетті ашатындай тартымды болыпты! Ал, олар қатып – кеуіп қалмауы үшін оларды су құйылған арнайы ыдыстарда сақтаған.

Майя үндістері 1848 жылы Джон Кертис деген саудагер әлемде бірінші болып сағыз шығаруды бастаған, яғни, ол смола кесектерін қағазға жай ғана орай салған. Кейінірек ол сағыз жасау үшін кәдімгі арзан парафинді қолданған, тек оған жағымды иіс шығару үшін түрлі дәмдеуіштер қосқан. Бірақ оның өнімдері ұзақ сақтауға жарамаған.

Ал нағыз сағызды 1869 жылы Мексикалық генерал Антонио Лопес де Санта Анна ойлап тапқан. Оған Томас Адамс атты өнертапқыш көмектескен, кейіннен 1871 ол өзі сағыз шығаратын алғашқы машинаны ойлап шығарған. Ал қазір сағыздың түр –түрін бүкіл әлем біледі және шайнайды десек артықемес.