Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом сонгы нуска.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.89 Кб
Скачать

2.3 Мәңгілік сөз-символдар (сөз-образдар)

«Символ дегеніміз – балама бейне. Оған негізгі ойды, айтқалы отырған нәрсені, құбылысты сол балама бейне, сурет арқылы тұспалдап көрсету тән.

Символ көбінше адамның тұрпат-тұлғасын, кескін-кейпін, сымбатын тұтас алып сипаттайды, егер бір белгі-сипатын ғана алса, оны бүтінге балап, тұтас бейне орнына алады» [14, 30]. Шынайы көркем әрі мағыналы символдар дерексіз өмір шындығын басқа бір сипаттар арқылы, тұспал бейнелер арқылы әдімелеп жеткізіп, адам бойындағы сезімдеріне әсер ете алады. Осыған байланысты әйгілі әдебиет зерттеушісі З.Қабдолов «сөзбен сомдалған тұлғаны», яғни «образды» екі мағынада қарастыру керектігін айтқан. Біреуі – көркем бейне ретіндегі образ болса, енді бірі – суретті сөз ретіндегі образдар. Басқаша символ-образдар деп айтуымызға болады.

Мысалы, М.Мақатаевтың өлеңдерін алар болсақ, ол оларды тұнып тұрған сөз-образдар деп айта аламыз.

Шешем менің – иілген сұрау белгі,

Дауылдар майыстырған мына белді, –

Деген жолдарында ақын суретті образ жасайды. Образға барар алғашқы баспалдақ – суретті сөз. Мұқағали шығармаларында әр метафоралар бұрынғы дәстүрлі деңгейдегі сөз ауыстыруларға, символдық мәні бар метафораларға, яғни сөз-символдарға ұласады. Символ – ұлттық мәдениеттің көрсеткіші. Мәселен, құстың, жан-жануарлардың атаулары – халқымыздың бұрыннан келе жатқан символдары. Мұқағали тілінде құстар символикасының орны ерекше. Әсіресе, аққу – әдеміліліктің, тектіліктің, махаббатқа адалдықтың, қазақы мәдениеттің символы ретінде бейнеленеді. Оған дәлел – ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы аққу образы.

...Аққулар...

Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!

Сондай-ақ, сандуғаш, тотықұс, жапалақ, бүркіт, торғай атауларына қазақ халқының ұғым түсінігін, табиғат бейнесін, санасында жағымды, жағымсыз образдарды қалыптастырған. Мұқағали бүркіттің адал достығы мен тектілік, батылдық қасиетін, құсбегілік салтының бір бөлшегін «еркіндік» символына айналдырған. Бүгінде еліміздің туында еркін шарықтап ұшқан қыранның бейнеленгені – оның осы мәңгілік образға айналғанының көрінісі.

Қазақта төрт түлікке байланысты да сөз-символдар жетерлік. Мысалы, дүлдүл, тарлан, арғымақ, тұлпар деген сөздерді адамның шешендік, тапқырлық, алғырлық, ақылдылық секілді қасиеттерін танытатын көркем балама етіп пайдалану нәтижесінде символдық мәнге ие болып кеткен.

Түйе ұстаған қазақ елінің өмірінде нар, атан, інген, бота образдарының да алатын орны ерекше. Мысалы:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ағайыннан айрылған жаман екен,

Екі көзге мөлдіреп жас келеді[14, 44], –

Жолдарындағы қаншама адам құрбан болғанын, ата-анасының ағайын-туысынан айырылып, жетімсіреп қалғанын танытатын тамаша көркем символ болып табылады. Көшке ілесіп келе жатқан тайлақ – ел басына түскен ауыр қайғы-қазаны айтады. Ботасынан айрылған бозінгеннің күңіреніп боздауы – қазақта аналық мейірім мен махаббаттың символы болып саналады. Мұнымен қоса, нар ерліктің, атан іріліктің символы болса, аңыздан туған желмая жүйріктіктің символы болып көрінеді. Осы сияқты:

Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,

Жұғымды болар елге еркесіндей, –

деген жолдарда жақсы адамды елдің серкесіне балап тұр.

а) «Қос өзен» мен Сарыарқа образдары

Қазақ поэзиясында «туған жер, атамекен, Отан» идеясын жеткізу үшін Еділ – Жайық, Есіл – Нұра, Шу – Талас сияқты екі өзен аттарын қосарлау арқылы көрініс тапқан сөз-символдар мен сөз-образдар көптеп қолданылған. Оларды төмендегі өлең жолдарынан көруімізге болады:

Еділ – Жайық – екі су,

Кент орнаған жер екен.

...Онан сыртқы Қобда – Елек,

Ел жайлауда кең екен.

...Онан сыртқы Ойыл, Жем,

Ел орнаған су екен.

Кердері Әбубәкір[18, 343].

Бұрынғы жердің кеңінде

Мал жаймаушы ек шиырға.

Кеңжердежүргенеледік,

Ойыл менен Жиылға.

Албан Асан [18, 328].

Сыр, Қуаңнан өткенде,

Арыс, Келес өткенде,

Талас, Шуға жеткенде

Түйеңнің қамын шешкенсің...

Дулат [19, 9].

Есіл, Нұра – сазымыз,

Қаңқылдайды қазымыз.

Сыр, Қуаңжерлерге

Енді кетіп барамыз.

Күдері қожа [20, 209].

«Осы жайлы ғалым Р.Сыздық: «Символ – идеяның заттық (болмыстық) нышаны, астарлы образы. Қазақ поэзиясы символды ежелден жақсы білген. Туған жердің, ел Отанының символы ретінде Еділ, Жайық деген заттық нышандарды алу күні кешегі Маханбеттерге дейін келді. Оның: «Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жайықтың бойы көк шалғын, Күзерміз де жайлармыз», – деген өлең жолдарында айтпақ идеясы – Еділ мен Жайық өзендерінің бойына ел қондыру, оны жаз жайлап, күз күзеу емес, басқа, яғни «туған жерде емін-еркін өмір сүру» идеясы. Олай болса, Еділ мен Жайық – символдар» [21, 67], – деп жазған болатын.

Әдетте мәңгілік образдың бойында халық ерекше қадірлейтін, қол жеткізуге армандайтын бір ерекше қасиет болады. «Ұлын құл, қызын күң» қылмаған қазақ үшін сондай қасиеттердің бірі – еркіндік, тәуелсіздік, бостандық. Ертеден бері ата-бабаларымыз шыбын жанын шүберекке түйіп келгендіктен, «теңдік» ұғымы көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болып, жырланып-жазылып келді. Әдебиеттану ғылымында образдарды белгілі бір символ-сөздер арқылы беру үлгісі бар. Ол осындай мәңгілік образдарды беруде де кең таралған үрдіс. Мысалы, қазақ кеңдік, бостандық, ал кебір кезде біртұтастық, бүтіндікті Сарыарқа атымен қатар қояды. Бұл тіпті сөз өнерінде ғана емес, Құрманғазының «Сарыарқа» күйінен көретініміздей, музыка өнерінде де осындай әдіс қолданылғанын байқауға болады. Сарыарқа – Қазақстанның орталығындағы жер атауы. Халқымыз үшін Отан, жер ұғымдары қасиетті болғандықтан, жер-су атауы «мәңгілік образға» дейін көтеріліп отыр.

Тіл білімі сөздіктерінде Сарыарқа топонимінің мағынасы «ұшы-қиырсыз кең жазықтық», «көз жеткісіз ұшан дала», «ұланғайыр жайылым жер» дегенді білдіретіні көрсетілген [16]. Яғни, бұл атау біздің даламызға ерте кезден орныққаны анық. Олай болса, Сарыарқа – образ ұғымына жеткен атау деп айуымызға әбден болады. Мысалы, «Доспамбет жыраудың: «Бетегелі Сарыарқаның бойында // Соғысып өлген өкінбес» немесе Шалкиіздің: «Арқада мезгілсіз жылқы жусаса // О-дағы бір аш қасқырға жолығар!» – деген жолдарында жер орайына қатысты шарттылық басым. Сол секілді Жиембеттің: «Арқаға қарай көмермін // Алашыма ұран десермін» – деп айбат шегуінде меңзеген жер бағдары да беймәлім. Бұл арада дөп басып, саусақ нұсқап көрсетерлік мекен жоқ; тек жалпылама көлемде қалаға даланы, яки отырықшылыққа көшпелілікті қарсы қою сарыны байқалады. Базар жыраудың толғауында кездесетін «Арқаның сары белінде, // Алғидың құба дөңінде...» деген қатарлар да нақтылықтан гөрі, жинақтаушылық мәнге ие. Олай болса, жыраулар поэзиясында Сарыарқа / Арқа / ұғымы көбіне абстрактілі / дерексіз / сипатта бейнеленген [3, 54-55]. Яғни, Сарыарқаны толыққанды жинақталған мәңгілік образ деп айтуымызға негіз бар.

Мәшһүр-Жүсіптің «Салтанатты Сарыарқа» өлеңі сөз сұлулығына негізделіп, ақын киелі топырағын ғашық көзбен құмарлана суреттеу арқылы оқырман көз алдына арқасын кеңге еркін салған, тәуелсіз Сарыарқа бейнесін келтіреді:

Салтанатты Сарыарқа,

Сәулеленген Сарыарқа,

Кең қойының кен Сарыарқа,

Сан жеткісіз Сарыарқа.

Суың шекер бал Арқа,

Майда шөбің бал Арқа.

Күрделі биік бел Арқа,

Малы-басың сай Арқа.

Төрт түлікке бай Арқа,

Маңырап тұрған мал Арқа,

Төңірегі төл Арқа [2, 46].

Ал замана болмысын, дүние бейнесін, қоғам дамуын жан-жақты суреттеген Нарманбет Орманбетұлы:

Сарыарқа, сарқыраған суың қайда?

Күндіз мұнар, түнде шық, буың қайда?

Нажағай сарт-сұрт етіп нөсер құйған,

Көк жасыл кемпірқосақ туың қайда?

...Қалмады Сарыарқада енді қызық,

Сандал тау, сары өлкені алды мұжық,

Қолынан келер де жоқ, өнер де жоқ,

Баласы байғұс алаш–қалдың мыжып.

Таптадық Сарыарқаны неше жүз жыл,

Байы жоқ, баласы жоқ сонда да тұл,

Ерініп еңбек қылмай, егін салмай,

Қала салған халыққа болдың ғой құл,[2, 63], –

деп бостандығын уысынан шығарып алған елін айтып күңірене жырлайды. Ақынның «Сарыарқа сайран жерім-ай» деп аталатын тағы бір өлеңінде тәуелсіздікке деген сағыныш пен еркіндікке деген құлшыныс байқалады:

Сарыарқа сайран жерім-ай,

Салқын да самал желім-ай.

Сандалдай тауы тізілген

Өлкелі өзен көлім-ай.

Сарыарқадан сән кетті,

Жалпағынан өрт алды [2, 65].

Иманжүсіп Құтпанов та Сарыарқамен қоштаса отырып, іштей бостандықты аңсайтынын көрсетеді:

Қош-аман бол, Сарыарқа, өскен жерім,

Кір жуып, кіндігімді кескен жерім.

Тартысып ертелі-кеш кәззаптармен,

Шұбырып маңдайымнан аққан терім [2, 84].

Жыраулар заманында ол – қазақтың құтты бір қонысының символы болса, ХІХ ғасыр поэзиясында «Сарыарқа» ұғымы қазақ халқының мұрат пен мүддесін білдіретін қазықтың біріне айналды. Ал ХХ ғасыр басында «Сарыарқа» атауы жалпыұлттық іргелі ұғымдардың бірі болы. Мысалы, 1907 жылы Қазан қаласында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Сарыарқаның кімдікі екендігі» деп аталатын еңбегі басылып шықты; 1917 жылы Семейде «Сарыарқа» газеті жарық көре бастады; С.Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры», І.Жансүгіровтың «Сарыарқаға» өлеңдері жарияланды. Ал М.Жұмабаев өзінің «Өткен күндер» өлеңінде:

Еділ, Жайық, Сырдария –

Белгілі жұртқа ескі су.

Тәтті, дәмді, тармақты

ҰзынЕртіс, Жетісу.

Осы бес су арасы

Сарыарқа деген жер еді,

Туып-өскен баласын

Айбынды ер алаш дер еді [17, 65], –

деп жырлайды.Үзіндіде ақын Сарыарқа атауын бүтін қазақ елінің орнына жұмсаған.

«Сондықтан ақын Т.Медетбековтің: «Мағжан ұғымындағы Сарыарқа біздің ұғымымыздағы Сарыарқа емес, одан әлдеқайда кең...Біздіңше, бұл сөзге таласудың жөні жоқ. Енді біз бес судың– Еділ, Жайық, Сыр, Ұзын Ертіс, Жетісудың арасын алып жатқан Сарыарқаның ұлы мағынасына қайта оралуымыз керек. Оны қазіргідей әлдекімдердің өзімшілдік эгоизмінен дүниеге келген тар аумақта қарастыруға болмайды», – деген пайымның негізі нық көрінеді» [11, 59].

Осындай кең қолданысқа еніп, халық санасында әбден орныққаны сонша, 1940-1950 жылдары «Сарыарқа» сөзін ауызға алудың өзі ұлтшылдықтың ұшқыны деп бағалана бастады. Сол үшін ақын-жазушылар «Арқа» сөзіне «қызыл», «алтын» деп тіркейтін болды:

...Сарғылт түсті Сарыарқа,

Сүреңі жоқ кең алға,

«Қызыл Арқа» атанды,

Жасадық жаңа Отанды,

Сарғаю енді болмайды [18, 41-42].

Бірақ одан кейін де Ғ.Қайырбеков сынды ақындар жырлауын еш тоқтатқан жоқ:

Сарыарқа – жерге қойған елдің атын,

Бір сөзде ата қазақ махаббаты.

Болжаған болашағын сан ғасырға

Даланың данышпаны – дана қарты[2,98].

Осылайша, бірте-бірте әу бастағы мағыналық сипатын сақтап қалғанымен, "Сарыарқа" ұғымы жаңаша формаларға ене бастады.

Ал, енді Сарыарқа образы қазір қалай сақталғандығына келер болсақ, оның образдылығы сайын даласында орнаған сұлу қалаға өткен секілді. Яғни, Сарыарқаның діңгегі – Астана. Астана келбеті–ұлт келбеті, себебі Астана тарихы–ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың азаттық үшін күресі еш кетпей, құтты-қуанышты түндерге жеткендігімізді көрсетеді. Еуразия жүрегіне, қазақ жерінің кіндігіне орналасқан Астана туралы жырлар Сарыарқа образының әлі тірі екендігін дәлелдейді.

ә) «Қара» түсінің образы

Адам санасына бірден әсер етіп, тікелей образ тудыратын түрткі- сигналдардың бірі – түр-түс бейнелері. Әрине, қалыптасқан түстерге жалпыадамзаттық бейнелілік те тән. Мәселен, ақ – пәктіктің, сары – сағыныш пен уайымның, көк – бейбітшіліктің нышаны екені адамзат санасында әбден орныққан. Мұнда әр халықтың жеке танымдық ерекшеліктері деген мәселе де бар. Сондай-ақ, қара түсті де қуаныштың белгісі деп қабылдамайды. Алайда, жоғарыда атап кеткендей, халықтық дүниетанымды ескерер болсақ, осы қара түстің біздің танымымыздағы орны өзгеше екендігін білеміз. Еуропа халықтарында қалыптасқандай «траур»-дың нышаны болғанымен, қазақта қара түстің басқа да сипаттары бар. Сонымен қатар олар халық санасына әбден сіңісіп, белгілі бір өзіндік образдарды да тудырады. Атап айтар болсақ, қара – «қарапайымдылық», «даралық», «ірілік» образдарына да енген. Бұл сипаттар ғасырдан ғасырға өтіп, мәңгілік образ деңгейіне де көтеріле алды. Әдебиет – халық санасының көркем түрде танылуы болғандықтан, осы түс атауының ақын-жазушылар шығармаларында көрініс табуына назар аударайық:

Әділ туған хандары

Қара берен батырға

Беремін деп бермейді,

Өтірік сөзден өлмейді,

Бұл сықылды хандары

Бұл сықылды батырды

Жалған сөзбен қысар ма?

Хан мен қара келген соң,

Сіз сықылды батырға

Ашуын бермей кетсе, ұқсар ма? [4, 80] –

деп келетін "Ер Тарғын" жырының үзіндісінде "қара" сөзі екі бірдей образға еніп отыр. Бірі – ірі тұлғалы батыр бейнесін елестетсе, екіншісі – қарапайым халық, ел-жұрт деген образды алдымызға алып келеді. Демек, бұл түс атауы басқа да сипаттарға ерте кезден бастап иеленіп келе жатыр деп айтуымызға болады.

Ал Махамбеттің «Толарсақтан саз кешіп» өлеңіндегі «қара» сөзіне мән берсек, бұл үзіндіде де іріліктің, асқан батырлықтың образына еніп тұрғанын аңғарамыз:

Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығарға,

Қас үлектен туған кәтепті

Қара нар керек біздің бұл іске[4, 170] .

Адамзат ердің баласы,

Айдарына малы жоқ,

Топ көрерге зар болды.

Қаракісі хан болды,

Қоспақтан туған қортықша

Қатарға шығып, нар болды, [4, 183] –

деп жырлаған Мұрат ақын да «қара» деп қарапайым адамның образын келтіріп тұрғаны түсінікті.

Немесе Абайдың қара сөздері мен Мұқағалидің қара өлеңдерін алатын болсақ та, өзінің тікелей сөздік мағынасынан басқа тереңірек образдылыққа ие екенін көреміз.

Қазіргі таңда «қара» түсінің өзге де образдық сипаттары халық санасында сақталып-сақталмағандығын білу үшін біздің заманымыздың Т.Тәшенов сияқты ақындарының өлеңдеріне жүгінейік. Ақынның көптеген өлеңдерінің тақырыптарының өзі «қара»-мен байланысты екенін көруге болады. Мысалы, «Қарашаңырақ», «Қарабұлақ жазы», «Қайран, Қарабұлағым!», т.б. Осындай «Қара ағаш» деп аталатын өлеңінде қара ағаш арқылы ерекше төзімді адамның образын ашады:

Тереңдіктен болар, бәлкім, тамыры,

Қара ағаштың ерекше ғой сабыры.

Терек сынды тұрмағанмен жиі ән сап,

Қарағайдай тұрмағанмен би аңсап,

Болмағанмен қайың сынды ұялшақ,

Қоңыр күймен тұратұғын елеусіз

Сол қара ағаш жүрді қоңыр қиял сап [9, 111].

Демек, «қара» түсінің сан қырлы образдылығы әлі де сақталған. Ал ол, өз кезегінде қазақ халқының мәңгілік образына айналғандығын білдіреді.

б)Халық дүниетанымында осындай жалпыдан жалқылыққа енетін, яғни синекдохалық тәсілдермен жасалған көптеген сөз-ұғымдар, сөз-образдар, сөз-символдар ( «Алаш», «от», «өрт», «ой», "у ", "өлім ", "арыстан ", т.б.) бар.

«Айталық, Мағжанның «Ертегі» поэмасындағы «от», «өрт» сөзіне қатысты сөйлемдерді тізбектейік:

1. Бүгін жаным өртке оранған жанға ұқсап,

Бүгін жаным тым аңсады от құшақ.

2. Аспанға өрлеп заулап жанған өрт екен.

3. Есіл Кене заулап жанған өрт екен.

4. Зулаған өрт, ойнаған от. Күн еді.

5. Тап сол кезде ер жүрегі от екен...

6. Ерте күнде ерлер екпінді өрт екен.

«Дерт» сөзіне байланысты тоқылған ой-толғаныстар:

1. Алты Алаштың жүрегінде дерт екен.

2. Сыздық ердің жүрегі шер, дерт екен...

3. Алты Алаштың жүрегінде дерт пе екен?!

4. Ертегі айтады, дертті балаң Жәжекең» [2, 86].

Мұндай сөз-символдар мен сөз-образдардың мәңгілік образдарға айналу есебінен танымдық аясы айтылғаннан да кең болуы мүмкін. Себебі, «от», «өрт» сияқты сөз-символдар тек қазақта ғана, басқа да көптеген халықтарда ыстық сезім, ыстық қайрат деген ұғымдарды береді. Ал «алты Алаш» тек қазаққа ғана тән мәңгілік образ тудырушы сөз. Өйткені ол тек қазаққа ғана ұғынықты түсінік. Бірақ ол ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұғым болғандықтан, мәңгілік образ, яғни мәңгілік сөз-символға айналған.

Мысалы, М.Мақатаевтың өлеңдерін алар болсақ, ол оларды тұнып тұрған сөз-образдар деп айта аламыз.

Шешем менің – иілген сұрау белгі,

Дауылдар майыстырған мына белді, –

Деген жолдарында ақын суретті образ жасайды. Образға барар алғашқы баспалдақ – суретті сөз. Мұқағали шығармаларында әр метафоралар бұрынғы дәстүрлі деңгейдегі сөз ауыстыруларға, символдық мәні бар метафораларға, яғни сөз-символдарға ұласады. Символ – ұлттық мәдениеттің көрсеткіші. Мәселен, құстың, жан-жануарлардың атаулары – халқымыздың бұрыннан келе жатқан символдары. Мұқағали тілінде құстар символикасының орны ерекше. Әсіресе, аққу – әдеміліліктің, тектіліктің, махаббатқа адалдықтың, қазақы мәдениеттің символы ретінде бейнеленеді. Оған дәлел – ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы аққу образы.

...Аққулар...

Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!

Сондай-ақ, сандуғаш, тотықұс, жапалақ, бүркіт, торғай атауларына қазақ халқының ұғым түсінігін, табиғат бейнесін, санасында жағымды, жағымсыз образдарды қалыптастырған. Мұқағали бүркіттің адал достығы мен тектілік, батылдық қасиетін, құсбегілік салтының бір бөлшегін «еркіндік» символына айналдырған. Бүгінде еліміздің туында еркін шарықтап ұшқан қыранның бейнеленгені – оның осы мәңгілік образға айналғанының көрінісі.

в) Шыңғыстау және Қаратау образдары

Сонымен қатар белгілі бір сөз-образдың басқа кейіпке еніп, мәңгілік образға айналатын кездері де кездеседі. Мәселен, «жалғыздық» – сөз-символдың түпкі мағынасы болып табылады. Кейін ол «Шыңғыстау», «Қаратау» сияқты жер-су атауларының бейнесіне ене отырып, мәңгілік образға айналған. Олар тіпті тірі кейіпкер бейнелерін иеленіп кетуі мүмкін. Оған Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінде бірінші рет адам таумен тілдескен Шәкәрімнің «Әділ-Мәрия» шығармасын жатқызуымызға болады. Романда Шыңғыстау тірі кейіпкер сияқты. Әлем әдебиетінде осыған дейін адамның табиғат-анамен тілдесуін Пруст пен Джойс жазған екен. Пруст «жазушының өмірге көзқарасы» деген бір ғана тақырыпқа түрлі романдар жазуды әбестікке теңейді. Паскаль кезінде осы мәселеге байланысты: «Адам мен Құдайдың арасындағы хикаяты ғана мәнді, ал қалғаны осы басты тақырыптан ауытқу ғана. Роман жазылып жатса дүниедегі ең соңғы, жалғыз роман күйінде жазыла берсін», – деген екен.

Шәкәрім де романын осылай жазған. Әділ мен Мәрияның тарихын ғана жазған жоқ, сонымен қатар өзінің өмір туралы ойларын, түйгендерін жеткізіп отыр. Оқырманға жеткізгісі келген ойлары да адамзатқа қашан да қызықты болған мәңгілік тақырыптардың аясында өрбиді. Өз тұжырымдарын бір Шыңғыстаудың бойына жинақтап, мәңгілік образдарға айналдыра білген.

«Көркем ойдың құдіреттілігімен еуропалық әдебиетті білмей, табиғатпен тікелей байланыстағы даланың адамы керемет шығарма жазған. Табиғатпен тілдесу ХІХ ғасырда тек Л.Н.Толстойда кең орын алды. Шәкәрімнің Толстойды оқуы мүмкін. Әрине, білді. Шыңғыстау – Абайдың тауы, кейін Шәкәрім, одан соң Әуезов жазды. Ол мүмкін бір төбешік шығар. Енді келіп көркем кейіпкер болып кетті. Соған қарағанда, сол кездегі біздің көркемдік ой жақсы дамыған» [3, 366].

Романның басы: «Кәрі Шыңғыстау! Адам жерге ие болғаннан бері қарай сенің көрмегенің жоқ. Шыңғыс, Темір сияқты талай-талай сайыпқырандарды қолыңнан жөнелттің. Сенде талай адамның құмары қанып, қуанғаны да болды. Талай-талай талпынған жанып, суалғаны да болды»[10, 94], – деп басталса, мынадай Шәкәрімнің өз ой-тұжырымымен аяқталады: «Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал, арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді»[10, 184].

Көріп отырғанымыздай, Абай бастап салып беріп кеткен «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» образдары Шәкәрім шығармасында одан әрі өз жалғасын тауып отыр. Ал бұл образдар тек қазақ әдебиетінде ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ мәңгілік образдарға айналған.

Қаратау жайында да дәл осыларды айтуға болады. Оның образы арада қанша уақыт өтсе де еш өзгермегенін байқаймыз. Сонау ғасырда Қорқыт ата өз кітабында: «Замана-ай, сол ерлерден де өтті-ау өмір! Қаратаудың басына шығар болсаңдар, қанаттарың талмасын, өзен суы қанға толса, одан да жүзіп өте біліңдер» [4, 49], – деп жазып кетсе, 1723 жылғы әйгілі «Ақтабан шұбырынды» кезінде туған «Елім-ай» әнінде де:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ағайыннан айрылған жаман екен,

Екі көзге мөлдіреп жас келеді[27, 44], –

деген өлең жолдары кездеседі. Яғни, сонау Қорқыт пен Әбілқайырдың заманы қанша алыс болса да, Қаратау – халықтың боздақтарын жоғалтқанда мұңын шағушысы, ащы зарының куәгері болып қалғанын көреміз. Ал біздің заманымызда Қ.Түменбай сынды жазушылар да Қаратауды тілдеріне тиек етеді: «Алты адым жердегі асқақ Алатау төл перзенті мен кірме қонағының кездесуін көре алмай қалың жауған ақ қардың астында жанары кіреуленіп жатыр. Алыстағы қарт Қаратаудың да тасы мүжіліп, маңайы майдаланып барады дейді».Қазіргі қаламгерлердің де Қаратауды шығармаларына қосуының өзі оның мәңгі образдылығын дәлелдейді.

г) «Құлагер» образы

Жеті қазынаның біріне кіретін жылқыны қазақ ерекше қадір тұтып, тіпті ердің қанатына балаған. Сондай тұлпарлардың ішінде бүгіндері аты аңызға айналған, өнерлі Ақан серінің серігі болған, көптеген ақын-жазушылар тіліне тиек еткен – Құлагердің алар орны ерекше. Көздеген мәресіне жете алмай, артында қалған елінің көкірегінде өкініш пен мұң болып ұялаған Құлагердің образы халық жадында мәңгі сақталып келе жатыр.

Расында, Құлагер – қазақ даласындағы бостандық пен екіндіктің, тектілік пен табандылықтың, сұлулық пен асқан жүйріктіктің өзіндік символына айналды. Оның халық санасында мәңгілік образға айналуына тікелей әсер еткен Ақан серінің өзі. Өйткені Құлагердің өлімі Ақан өміріндегі үлкен трагедиялардың біріне айналады.

Құлагер, айналайын, тұлпарым-ай,

Бір көрмей тұра алмаймын сұңқарым-ай.

Даңқыңа бүкіл адам ғашық болып,

Бір көрсек деп тұратын іңкәрім-ай.

Қарағым айналайын, Үркеккерім,

Шықпаған қанша шапшаң ащы терің,

Бір сенің жолыңда боп жұрттың көзі,

Тілегіңді тілеуші ед жұртың сенің [6, 163], –

деп, Құлагердің жаратылысын ерекше дәріптей суреттейді. Сөйтіп, сүйікті серісінің трагедиясы бүкіл елінің ортақ мұңына айналады. Кейін бірте-бірте бұл символдық трагедияға ұласып кетеді. Себебі, Ақан серінің ащы зары әрбір қазақтың көкейінде бар еді, бірақ өздері шығара алмағандықтан, Ақанның көмегімен өз мұңдарын айтып жатқандай сезінетін. Кейін басқа да ақындарымыз Құлагерді өз шығармаларына қоса бастады. Мысалы, І.Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазған шоқтығы биік туындыларының бірі – «Құлагер» поэмасы.

Ілияс та Ақан сері трагедиясын арқау етеді. «Құлагер» поэмасы бір қарағанда, Ақанның тұлпарының мерт болуына байланысты жазылғандай көрінеді. Себебі, Ілияс өзі де:

Әңгіме Ақан емес, Құлагер ғой,

Осыдан бастамақшы ек сөздің басын [30, 279], –

деп, поэманың басты тақырыбы Құлагер оқиғасы дегендей көрсетеді. Әрине, осылай жазуының өзіндік себебі де бар еді. Бәрімізге белгілі, ол кезеңде елімізді де, әдебиетімізді де үстемшіл тоталитаризм биліп тұрған еді. Көптеген өнер мұралары, соның ішінде Ақанның да шығармалары еленбей келді. Осындай жағдайларға байланысты Ілияс поэманы «Құлагер» деп атап, сюжетті соның оқиғасына құрып, өз айтпақ негізгі ойын астарлап жеткізген:

Өзгеге ұғындырмас өзі бұзбай,

Сыншыдан сақта Құдай сортаң тұздай.

Шатасқан шалдуардан жиіркенем,

Елімнің серісіне сөз айқызбай [30, 279].

Ілияс жаны жұмбақ Ақан серінің өмірі шытырман оқиғаларға толы екенін түсініп, Ақан трагедияларының ішінен дәл Құлагерге байланысты оқиғаны таңдап алады. Сөйтіп ол Құлагерді арқау ете отырып, Сағынай асы үстіндегі қазақ тіршілігін, сол заманның ащы шындығын, салттары мен әдет-ғұрыптарын, жалпы әлеуметтік өмірінің ерсі қылықтарын келістіре көрсеткен.

Соңында қатал замана Ақанның жанындай жақсы көрген серігі – тұлпары Құлагерінен айырып, сағын сындырады. Олөкінеді, егіледі. Дүниегешерлі«Құлагер»әнікеледі.

Құлагер қайғысы – ақын қайғысы, барша ел қайғысы. Бүкіл қазақ сахарасы «Құлагер» әнімен күңіренгендей болады:

Зарлатты, аңыратты, жорғалатты,

Күйік ән көкке серпіп сорғалатты.

Азалы ащы дауыс зарлағанда,

Жұрт бірге жоқтап жатты өлген атты...

Күрең түн, кең даланы күңірентіп,

Бай-байлап «Құлагерге» бара жатты.

Тау мен тас жоқтағандай Керқұла атты,

Бар бұлақ көлге суын бауырымдатты.

Кірсіз жер, кінәсіз жел жылы ұшырап,

Құланың қазасына көңіл айтты...[30, 281].

Ақын бүкіл даланы Ақан қайғысына азаландырып, оның қайғы-қасіретін тереңдете түскен. Поэма Ақанның жалғыз, шүйке шал болып қартайған кезін суреттеумен аяқталады.

Қазақ халқы үшін Құлагер образы өте маңызды. Құлагер – бүкіл халық қайғысы мен мұңын өз бойына жинақтай білген мәңгілік образ. Ақан сері, І.Жансүгіровтің арқасында атақты тұлпар даланың символына айналды. Қазірдің өзінде Құлагер бейнесі халқымен бірге өмір сүруде. Жақында тіпті «Астана – Көкшетау» автобан жолы бойындаҚұлагерге ескерткіш те орнатылды. Бұл да Құлагер бейнесі қазақ үшін мәңгілік образға айналғанын дәлелдей түседі.

г) «көк бөрі» образы

«Қазақтардың байырғы таным-түсінігінде қасқырдың алатын орны екі жақты: – біріншіден, ол – тотем, яғни этникалық ататек. Қытай жылнамалары арқылы жеткен мифологиялық сюжеттерге сүйенсек, түркі тектес халықтардың бабалары болып табылатын тайпалардың көбі өздерін ана қасқырдың бауырынан таратқан;

– екіншіден, ол – магиялық мақлұқат. Сол себепті қазақ арасында «қандыауыз жыртқыштың» атын тікелей айту – қорадағы малға қауіп деген наным бекіп, бәлесінен сақтану үшін оны «қара құлақ», «ұлыма», «серек құлақ», «теріс азу», «ит-құс» секілді жанама есімдермен жұбатып, жуасытудың ырымы жасалған» [11, 114].

Бөрі – көне түркілер дәуіріндегі әпсаналық оқиғаларда жиі көрініс табатын түсініктердің бірі, кейде ер, кейде әйел жынысты, тіпті кейде адам кейіптенген түрде кездеседі. Бөріні құрмет тұту жігерлі рухтың түпнегізін құраушы емес, дәйекті жалғастырушы аралық буыны, заманның шынайы қажеттіліктерінен туындаған ұлтжасампаздықтың ақиқаты, әрі нанымдық-сенімдік сипат алатын образдылық, ишаралы көрініс деп пайымдаймыз. Осыған орай: «Көк бөрі – түркі-монғолдардың жер мен жайылымға қорықшы болатын батырлық пен билік туралы ұғымын бейнелейтін ең күшті тотемдерінің бірі» [11, 114], – деген екен Ә.Марғұлан.Яғни, бөрі мен ұлттық рухтың арасындағы байланысты былайша анықтауға болатын сияқты: бөрі жалғыз жортатын, өз шеберлігін даралық пен оқшаулықта шыңдайтын хайуан. Сондықтан ол түркі даласындағы оқшауланған өмірі арқылыөзіне сенімділіктің образдық түрдегі жалқы өкілі. Сөйтіп, халық тіршіліктік болмысын ұқсатқан да, «өзінен – бөріні, бөріден – өзін» көре білудің бейнесін құрастырған. Сондықтан қасқырдың қазақтарда бөрі, итқұс, құрт, т.б. деген бірнеше тыйым салушылық балама атаулары пайда болған.

Жігерлі, айбынды халық рухы бөрінің психикасымен үндескен. Осы үндестіктің арқасында көшпенділік өркениет пен түркі халқының ғасырлар бойы әлемге үстемдік жүргізгенін, жарты әлемді билей алғандығын көре аламыз. «Бөрі идеясы» халқымыздың сонау дәуірлерден бергі қалыптасқан түсінігі түрінде ауыз әдебиетінде, әсіресе, ертегілерде, жазба әдебиетімізде де ерекше орын алып келгені белгілі. Оның бір айқын көрінісі – М.Әуезовтің «Көксерегі». Оны осы бөрілік таным тұрғысынан былай талдауға да болады: «Бөрі – шынайы генофоны сақталған қазақ», ал кейіпкерлері – орыстанған, ұлттық болмысы бұлыңғыр тартып бара жатқан «шала қазақ», сондықтан шынайы түркілік болмыс рухы орыстанған қазаққа разы еместігін көрсетеді. Бұл шығармадағы кәрі ананың: «Қасқырдан қорықпа, қасқырдан бетер адам бар, содан сақ бол!» деген елеусіз ғана айтылған сөзінен де байқалады. Оқиғаның соңында бөрі балаға шабуыл жасайды. Яғни, бөрі мен кейіпкер арасында қайшылық қалыптасады.

Ал «Оғызнама» мен «Қорқыт ата кітабында» қасқыр адам кейпіндегі жағымды бейне. Басқаша айтқанда, ол ислам дініне дейінгі сенім. «Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар» деген сөздер сол заманның дәлелі.

«Бөрі» ұғымы ХІХ ғасырда ақын С.Аронұлының «Бөрілі менің байрағым» атты өлеңі бойынша мынадай мотивтер негізінде қалыптасқан:

  1. Ұрандық мән: «Бөрі басы – ұраным, // Бөрілі менің байрағым. // Бөрілі байрақ көтерсе, // Қозып кетер қайдағым!»;

  1. Жолаушылық мән: «Бөрілі байрақ астында // Бөгеліп көрген жан емен! // Бөрідей жортып кеткенде, // Бөлініп қалған жан емен!»;

3. Батырлық мән: «Бөрілі найза ұстаса, // Түйремей кеткен жан емен!» [11].

Ал қазіргі заманға дейін келіп жеткен, тотемдік сенімдердің бір ұшқыны – қасқырдың аяғын нәрестенің бесігіне байлап қою. Әрине, бұл – көне ырым. Қоғамда «баланың қорықпауы үшін» деп түсіндіріледі. Бұл – бөрінің рухтандырушылық қасиеті тәрізді. Сонымен бірге, аққу құсын қастерлейтін – сұлулық, киікті қадірлейтін – этика, қыранды құрметтейтін – асқақтық, жыланды қастерлейтін – даналық, жылқыны бағалайтын – өмірмәнділік тәжірибелік-қимылдық, т.б. хайуанаттардың тотемдік үлгілерін елестетеді.

Тіпті, «Қобыланды батыр» жырындағы Құртқаның есімі башқұрт тілінде «құрт» деген бөлігі «бөрі» деген мағынаны білдіреді екен. Мұның да жай кездейсоқтық еместігі анық.

Ойымызды түрік ғалымы Ибрагим Қафесоғлудың осы жайында айтқан пікірімен түйіндесек: «Ертегілер мен аңыз – әңгімелерде әрі ата, әрі құтқарушы ретінде сипатталатын көк бөрі бүкіл түркілер үшін қасиетті саналып кеткен және түркілердің ұлттық символына айналуға дейін көтерілген» [11, 114].

ҚОРЫТЫНДЫ

Әдебиеттің ең басты өлшемі – көркемдік. Әдебиеттегі өмір қаламгердің ой сүзгісінен екшеліп шыққан көркемдік әлемі, әдебиеттегі адам – кейіпкер.

Кез келген көркем прозада кейіпкерсіз шығарманың баянсыздығы баяғыдан белгілі жайт. Бұрын оқыған көркем прозаның атауын естігенде оның авторынан бұрын кейіпкерлер әлемі еске түсетіні сөзсіз. Ондағы кейіпкерлерді еске алғанда оны лезде жағымды кейіпкер немесе жағымсыз кейіпкер деп бөліп ала жөнелетініміз дәстүрлі жағдай. Кейіпкерлер әлемі оқырманын өзіне баулып, оны жетекке алып ертіп отыратыны анық. Шығарма сонысымен шығарма, сонысымен құнды болмақ. Тіпті шығарманың кейде өз тілімен жатталып, кейде кейіпкер арқылы жатталып, кейіпкер арқылы есте қалатыны мәлім. Сонымен көркем прозаның оқырманға танылуы болсын, ары қарай шешімін табу жолы болсын кейіпкер арқылы жүзеге асады. Олай болса, әдебиеттегі кейіпкер ұғымына қысқаша тоқтала кеткеніміз жөн.

Ақиқат өмірде адамның жан-дүниесіндегі өзгерістер, белгілі бір сәттегі көңіл ауаны, білім деңгейі, көзқарасы, қысқасы бүкіл болмысы оның сөзі, әрекеті арқылы танылатынын білеміз. Демек, сөз – адам жанының айнасы. Көркем шығармадағы кейіпкерлер сөзі де осындай маңыз иеленеді.

Жалпы, қазіргі таңда, әдеби талдауда кейіпкерді қаһарман әдеби қаһарман деген терминмен қолданып жүрміз. Кейіпкер мазмұн мен идесның өзегі болып табылады. Себебі, автор бүкіл шығарманың құрылымын кейіпкер арқылы оқырманға жеткізеді. Бұл тұрғыдан алғанда кейіпкерге шығарманың тілдік әлемі де мағыналық әлемі де бағынышты болып келеді. Кейіпкер оқиғаның және сол оқиғалық құрылымның басты құралы болып табылады. Сезім, көңіл-күйге, яғни лирикалық шегіністерге құрылған туындыларда кейіпкер ролі аса байқала бермейді. Бұдан біз лирикалық шығармаларда кейіпкер мүлде жоқ деуге болмайды, әрине. Бұл жерде кейіпкердің нәзік символикалық, философиялық белгілері іске қосылады. Кейіпкер түсінігі – эпикалық және драмалық шығармаларды талдағанда байқалады. Өйткені бұл жанрдағы шығармалар негізін кейіпкерлер іс - әрекеті құрайды.

Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әреекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен бірге өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем бейнеге тән типтік және даралық сипат ерекшеліктер – тұтас ұғым. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат –белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып типтік мағынаға да ие бола алады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу үшін қоғамдық өмірді жан-жақты, терең зерттеп, білу шарт. Өйткені, көркем бейненің типтік қасиет-сипаты неғұрлым жоғары болғансайын, оның танымдық күші де соғұрлым арта түседі. Үздіксіз көшкен уақыт толқыны әдебиет әлеміне өзіндік ерекшеліктер, тың жаңалықтар, заман талабына сай ойларын әкелуде. Бүгінгі таңда әдебиеттің өзегі кейіпкер ұғымының деңгейі қалай деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Қазақ әдебиетінің тарихына зер салар болсақ,әр дәуір, әр кезең өзіндік сарынымен, кейіпкерлер жүйесінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Заманына қарай адамы болса, шығармасына қарай кейіпкері қалыптасады. Сонау А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, содан соң М.Әуезов сынды замана суреткерлерінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі ағартушылық негізде дамыды. Ал соғыс жылдарындағы кейіпкерлер негізінен еңбек жүйесіне негізделіп сомдалды. Б.Майлин, С.Торайғыров сияқты ұлт жазушыларының сомдаған кейіпкерлері әйел теңсіздігіне қатысты болды. Ал қазіргі таңда оқырман жазушыдан мұндай кейіпкерлерді сұрамайды. Былайша айтқанда талап етпейді. Қазіргі оқырман жан дүниесіне жақын лирикалық кейіпкерді, сезімге негізделген кейіпкерлерді қалайды. Көркем шығармадан ғылыми техниканың дамығанына байланысты болды ма, жаңа талапға сай кейіпкердің кездесуі қазіргі кезде басым деуге болады. Жоғарыда айтқандай, заманына қарай адамның қазіргі кезде жан дүниесінде рухани құлдырау процесі жүріп жатыр. Сондықтан біздің дәуірдің, біздің ғасырдың адамдары ұзын шұбар, шытырман оқиғалы шығарманы, басынан проблемасы арылмаған кейіпкерді іздемейді. Қазіргі көркем шығармалар көлемінің шағындығымен, тілінің жеңілдігімен, кейіпкерінің айқын да анық суреттелуімен ерекшеленбек. Оқырманның қалауы да осы.

Дәстүрлі шығармалар салмақты, сюжеті мен кейіпкерлер көптігі, күрделі құрылымы мен ұтымды тұжырымымен ерекшеленсе, бүгінгі таңда белең алған постмодернистік әдебиет бағыты автор қаламынан шағын көлемді, алайда нақты қоғам қажеттілігінен туған кейіпкерлер бейнесін жасауды талап етеді.

Әдебиеттегі кейіпкер мәселесі, оның жасалу ерекшеліктері мен шығарманың көркемдік дәрежесі – әдебиет зерттеушілері мен сыншыларының басты назарында болып келе жатқан мөзекті мәселе. Уақыт талабына орай адамның өмірге деген көзқарасы, ой-санасы өзгеріп, өсіп, дамып отырады. Олай болса, көркем әдебиеттегі кейіпкер бейнесі үнемі даму үстінде.

Кейіпкердің өмірдегі орны оның іс-әрекетімен, характерімен, өмірлік позициясымен айқындалатыны белгілі. Өмір сырлары қаншалықты күрделі болса, прозалық шығармадағы көркем характер де өзінің бар шындығымен суреттеледі. Яғни, көркем характер өмір шындығына негізделіп, адам образына байланысты туындайды. Адам ең алдымен жеке тұлға, оның өмірге деген өзіндік көзқарасы бар, ішкі рухани әлемі қалыптасқан. Кейіпкердің іс-әрекеті, жан дүние толғаныстары, сондай-ақ ойлары мен сөздері көп жайды аңғартады. Кейіпкер характерінің қалыптасуы өмір жағдайларына, уақытқа қатысты күрделі процесс үстінде көрінеді. Бұл ретте оған түрлі ситуациялар әсер етуі мүмкін. Жазушылар кейіпкерінің мінез-құлқын суреттеуде, оның тарихи әлеуметтік, рухани-мәдени жағдайларда алып көрсетеді. Адам мен қоғам, адам мен табиғаттың ара қатынасы, соған орай түрлі қиыншылықтар мінез ашудағы елеулі факторлар болмақ.

Өмір өткеліндегі қозғаушы күш, тіршілік тірегі адам, ал көркемдікпен тереңдік астасқан әдебиет әлеміндегі кемелдік иесі кейіпкер. Өмірді адамдарды кейіпкерсіз елестетуге болмайтыны секілді әдебиетті кейіпкерсіз елестету мүмкін емес. Проза мен поэзия, тіпті драма да дараланатын мәңгілік образдылықты арқалаған кейіпкер – әдебиеттің басты қазынасы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Әділбаева Ш. Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз. – Алматы: Көкжиек – Б, 2009. – 280 б.

2 Негимов С. Әдебиет әлемі. – Алматы: Ана тілі, 2008. – 256 б.

3 Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. – Алматы: Білім, 2000. – 336 б.

4 Сент – Экзюпери Антуан де . Ночной полет. – Москва: Правда, 1975

5 Есембеков Т.У. Көркем мәтінді талдау негіздері. – Алматы: NUR, 2009.

– 96 б.

6 Абуталиева А.Ә. Қазақ тарихи романындағы әйелдер бейнесі: көркемдік-эстетикалық сипаттары (1960-80 жж.). Оқу құралы. – Қарағанды, 2007. – 179 б.

7 Ісімақова А. Асыл сөздің теориясы. – Алматы: Таңбалы, 2009. – 376 б.

8 Хемингуэй Э. Праздник, который всегда с тобой. – Москва, 1981. – 188 б.

9 Қасқабасов С. Ойөріс (фольклор туралы). – Астана: Астана полиграфия, 2009. – 320 б.

10 Әлмұханова Р. Қазақ фольклорындағы антикалық сарындар. – Алматы: Арыс, 2009. – 320 б.

11 Гүлен Ф. Руханият көктемі. – Алматы: Көкжиек – Б, 2010. – 184 б.

12 Қабдолов З. Әуезов және оның әсемдік әлемі. – Алматы: 1986. – 352 б.

13 Ақшолақов Т., Қалиев С., Жұмажанова Г., Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті: жалпы білім беретін мектеп 9-сыныбына арналан оқулық. – Алматы: Мектеп, 2005. – 376 б.

14 Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Астана: Фашант, 2002. – 2002.

– 408 б.

15 Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Монография. – Алматы: Санат, 1995. – 90 б.

16 Ақшолақов Т., Қалиев С., Жұмажанова Г., Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті: жалпы білім беретін мектеп 9-сыныбына арналан оқулық. – Алматы: Мектеп, 2005. – 376 б.

17 Мақатаев М. Жүрек арызы: Өлеңдер. – Алматы: ҚазАқпарат, 2008. – 296 б.

18 Қабдолов З. Әуезов және оның әсемдік әлемі. – Алматы: 1986. – 352 б.

19 Лебон Г. Психологические законы эволюции народов. – Спб., 1996. – 92 с.

20 Шатай Т. Шын жүрек – бір жүрек: Абайдың бір өлеңі туралы // Егемен Қазақстан 1995, 16 маусым

21 Хасенов М. Ұнамды образ және типтендіру. – Алматы: Наука, 1966. – 279 б.

22 Асыл сөз: Өлеңдер, ертегілер, аңыздар / Құраст. Ысқақов Б. / – Алматы: Жалын, 1987. – 432 б.

23 Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. - Москва: Просвещение, 1966. – 477 с.

24 Қазақ әдебиеті. Хрестоматия 9-сынып. – Алматы: Мектеп, 2005. – 392 б.

25Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. – 496 б.

26 Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар: Т. 1 Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1972. – 223 б.

27 Қазақ халық әдебиеті: Көп томдық. – Алматы: Білім, 1996. – 224 б.

28 Тәшенов Т. Жауратқан – жапырақтың көлеңкесі. Өлеңдер мен балладалар. – Алматы, 2008. – 168 б.

29 Жұмабаев М. Шығармалары. Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер / Құраст. Абдуллин Х., Дәрімбетов Б., Жұмабаева З. / - Алматы: Жазушы, 1989. – 448 б.

30Абдрахманов А.А. Этимологические исследования средневековых топонтмов Центрального Казахстана (Сарыарки) // Проблемы этимологии тюркских языков. – Алматы: Ғылым, 1990. – 259 б.

31 Зар заман: Жыр–толғаулар / Құраст. Дәуітов С. / - Алматы: Жалын, 1993. – 176 б.

32 Шәкәрімнің шығармалар жинағы. Алматы: Атамұра, 1999. – 258 б.

33 Кәкішев Т. Шығармалары. – Алматы: Ана тілі, 2007. – 336 б.

34 Хемингуэй Э. Прощай, оружие! Старик и море. – Алматы, 1987. – 510 б.

35Оразалин Н. Құралайдың салқыны. Өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Атамұра, 1997.

68