Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом сонгы нуска.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.89 Кб
Скачать

2 Тарау. Қазақәдебиетіндегі мәңгілік образдардың жүйесі

Дүниежүзілік ауқымда алса, мәдени араласулардың арқасында ХІХ ғасырдан бастап өнер өлкесінде талғам-түсінікті бір желіге байлайтын эстетикалық темірқазық көркем мәдениеттің «бір орталыққа бағынбайтын» типі пайда болды. Нақ осы уақытта тұңғыш рет ұлттық әдебиеттің ерекшелігі мәселесі де дүниге келді. Асылында, ол бұрын да болған, тек атау ретінде осы кезде танылды. «Әлем әдебиеті» мен «ұлттық әдебиеттің» ерекшеліктері айқын көрініп, әдеби категориялардың барлығында дерлік өз көрінісін тапты. Әрине, ол көркем туындының ажырамас бөлігі – образдар жүйесіне де әсерін тигізбей қоймайды. Олардың, әсіресе, мәңгілік образдарының айқын ерекшеліктері көріне бастады. Себебі, мәңгілік образдар – ұлттық таным мен ұлттық мінездің айрықша байқалатын тұсы. Осы уақытқа дейін әлем әдебиетінде мәңгілік образ ұғымына Прометей немесе Гамлет сияқты тірі адам бейнесі жатқызылып келді. Сонымен қатар символдылық та біздің төл әдебиетімізде қалыптасқан мағынасынан алшақ. Басты өзгешелігі – әлем әдебиетінде мәңгілік образ атына тек тірі адам тұлғасы иеленсе, қазақ әдебиетінде ол адам да, тау да, кез келген жансыз заттың да мәңгілік образ бола алуы. Мұнымен қоса, әдебиетіміздегі мәңгілік образдар тек қана жекелей емес, сондай-ақ олар жиынтық түрінде де, символдық бейнеде де кездеседі. Жиынтық түрі деп сан ғасырлар бойы бір үлкен бейненің әртүрлі қырларының қалыптасып, өзіндік даму жолында сүрленіп, бір образдың айналасында шоғырлануын айтамыз. Ал символ мәндес образдар халық танымына, ұлт психологиясына тікелей тәуелді. Дегенмен олар да әдебиетімізде, тіпті халық өмірінде де үлкен қызмет атқаруда. Бұл түрлері туралы сөз еткенде олардың бәрібір әлем әдебиетінде қалыптасқан мәңгілік образдармен байланысы да бар екенін ескеру керек.

2.1 Мәңгілік образдардың жекелеген түрлері

а) Сатиралық мәңгілік образдар (Алдар көсе, Қожанасыр, Шықбермес Шығайбай, Тазша бала)

Егер новеллалық туындылар адамның басынан кешкен шытырманды, әрі қызықты оқиғалармен байланысты болса, сатиралық шығармалар арамтамақ адамдар мен озбыр қанаушыларды әшкерелеп, көбінесе қарпайым ауыл өмірі бейнеленеді. Новелла үлгі күшімен қандай да бір ғибратты жақтап, мораль ұстанымдары туралы сөз етсе, сатиралар қоғамдағы дертті күлкі, кекесін түрінде жеткізуді көздейді. Новеллалық шығармалардың сюжеті қалалар мен үлкен хан сарайларында өткен, ал сатираның бас кейіпкерлері – қарапайым малшылар мен бай немесе молдалар.Оқиғалар да әдетте ауылда орын алады.

Сатиралық шығармалар – әлеуметтік мазмұны жағынан ширыға түскен, кемелденген адам санасының жемісті нәтижесі. Бай мен кедей ешқашан бірімен-бірі тату тұрмаған. Сондықтан халық байды әшкерелеп, ал қарапайым адамның одан адамгершілік артықшылықтарын баса көрсетеді. Халықтың арманы – кеудесіне нан піскен байды тізе бүктіру,сөйтіп қой үстіне бозторғай жұмырқалаған бір бейбіт, жоқшылықсыз өмір орнату. Сөйтіп, мұндай шығармалар кедейдің бойына күш беріп, өзіне деген сенімін арттырып отырған. Әдеби зерттеу еңбектерінде осындай сатиралық шығармалардың Қазақ хандығы тұсында дүниеге келген болуы керек деп көрсетіледі.

Сатиралық шығармаларда ақымақтар мен қу Тазша, Алдар көсе, Қожанасыр образдарының болуы – қоғамның дамуына сәйкес өзгерген халық дүниетанымымен байланысты пайда болған. Ел енді ежелгі нанымдар мен сенімдерге, салттарға сенбей, оларды ұстанған кісілерді келеке ететін болды. Сол үшін сатира кейіпкерінің бұрынғы жақсы қасиеттері (тектілігі, адалдығы) керісінше бағаланатын еді. Басқаша айтқанда, заман өзгерді де, кейіпкердің салт-дәстүрге, бұрынғы түсінік-пайымдарға деген адалдығы елдің күлкісіне айналды.

Кейіпкерлердің жаңа өмір жағдайларына бейімделе алмауы оларды халықтың алдында ақымақ етіп көрсетеді. Себебі ол жанындағы адамдарға ұқсамайды. Жұрт тек есеппен өмір сүріп, өз бас пайдаларын ғана ойлап өмір сүрсе, ол керісінше істейді: қақпанға түсіп қалған аңдарды босатып жібереді, өлген кісіні тірілтемін деп, таяқпен сабайды, іші араға толы қапты сатып алады.

Бірақ, бұл шығармалардың кейіпкерлері қанша елдің көзінде ақымақ болып көрінсе де, олар – ары таза, жүрегі пәк, қайырымды, ешкімді жәбірлеу дегенді білмейтін жандар. Осы қасиеттері оларды басқа кейіпкерлерден әлдеқайда артық етіп көрсетеді. Олардың бойында халық өте жоғары бағалайтын қасиеттер бар және басқа адамдардың қадір-қасиеттері де сол арқылы бағаланады. Солардық игі қасиеттерінің көмегімен қайырымдылық пен әділеттіліктің идеясы дәріптелетін болған.

Сатиралық шығармалардың кейіпкерлерінің іс-әрекеттері күлкілі етіп суреттеледі, олардың ақымақтығы қарапайым тұрмыстық қиял арқылы беріліп отырады. Олардың істері мен сөздерінде әдеттегіден тыс сипат (эксцентричность) басым келеді, осылайша олар ерекше аңқау болып көрінеді. Бұл, әсіресе, Қожанасырдың образына тән. Қазақтардың өте аңғал, аңқау кісіні Қожанасыр деп атауы тегін емес.

Бірақ көркем жанр ретінде сатиралық шығармалар ақымақтық пен аңқаулықты өз мақсатына пайдаланады, оларға басқа мағына үстейді. Ақымақ болып көрінген кейіпкер шынында өте ақылды, ал оның дұшпандары – окерісінше, нағыз ақымақ болып шығады.

«Кенже бала туралы оқиғалар да халық шығармашылығында өте жиі кездеседі. Сараң, ақымақ, ішінде пышақ айналмайтын ағайындылар еңбекқор, адал біреуін (әдетте ол кенже бала болып суреттеледі) қызғаныштан қуғынға ұшыратады. Олар кенже баланың үйін өртеп, шешесін өлтіреді, өзін де құдыққа тастамақ болады. Бірақ кенже бала қуғындаушылардың өздерін қырғынға ұшыратады («Тоғыз тоңқылдақ, бір шеңкілдек», «Кейқуат»). Ол тіпті қысқа ақылды жеті қарақшыдан да кегін қайтарып алады («Момынбай мен жеті қарақшы»). Кенже бала туралы шығармаларда негізгі назар сараңдық пен әділетсіздікке аударылады. Осындай жағымсыз қасиеттерге ие адамдармен күресте кенже бала үнемі жеңіске жетіп отырады» [9, 64].

Ал Тазша бала туралы сатиралық шығармаларда сараңдық, жалқаулық, асқан дөрекілік сияқты қарапайым тұрмыста кездесетін кемшіліктер сыналады. Тазша сатираның кейіпкері ретінде басқа да көптеген шығыс халықтарына танымал. Ол – кедейдің кедейі. Оның қолындағы жалғыз байлық – ақылдылығы мен айласы, тапқырлығы мен табандылығы. Тазшаға кез келген сараң байды алдау немесе қалаған затын алып алу еш қиынға соқпайды. Ол тіпті керек кезде ханды да ұрлап әкеткен, ал келесі бір ханды өз еркімен тұзаққа асылдырған. Тазшаның образы халық арасында әлсізді жақтаушы бейне ретінді танылған.

Қазақ халқының сүйікті кейіпкері әрі мәңгілік образдарының бірі – Алдар көсенің бейнесі. Ол туралы сатиралардың топтамасы әлеуметтік мазиұны жағынан анағұрлым өткір. Мұндағы кейбір сюжеттер шығу тегі жағынан ескілікте пайда болған біраз сюжеттерді бойына сіңірген. Солардың бірі Алдар көсенің шайтанды жеңуі туралы сатиралық шығармалар ақылды, алды-артын болжағыш адамдарды дәріптеп, сараңдық сияқты қасиеттерді әшкерелейді. Алдар көсе шайтанды ұста дүкеніне айдап кіргізіп, тең бөлеміз деген астықтан өзіне артығымен салып алады, дүниедегі қорқатын нәрсем деп қазы-қарта жеп алады, ақыр аяғында шайтанның мойнына мініп, серуен құрады. Алдар көсе туралы сатиралық шығармаларда жалпыадамзатқа тән жағымсыз қасиеттер әшкереленеді.Демек,мұның өзі сюжеттің көне екендігін дәлелдейді.

«Ал Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай туралы оқиғалар басқаша. Мұнда Алдар көсе сараң байды табан астында алдап, аузындағы майлы етін тартып алады, оның сараңдығын келеке етеді, ақыры алдап соғып, әлпештеп отырған сұлу қызын да алып кетеді. Алдар көсе мазақ қылатын бай – жай ғана сараң бай емес, бір тамшы су сұрасаң да бермейтін, дүниесінің үстінде дірілдеп-қалшылдап отырған дүниеқоңыз бай. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай туралы сатиралық шығармалар әлеуметтік мәні жағынан өте өткір болып келеді» [9, 120].

Алдар көсе, Қожанасыр образдары тек қазақта ғана емес, Орта Азияның басқа да халықтарына, қырғыздарға да, түркімендерге де, өзбек, әзірбайжан, түріктерге де жақсы таныс.

Образдар мәңгілік тұғырына әртүрлі қасиеттері арқылы көтеріледі. Сатиралық шығармалардың кейіпкерлері қарапайым болғанымен, халықтың жанына жақындығымен, оларға рухани күш-қуат беруімен мәңгілік бейнелерге айналған.

ә) Мырқымбай образы

1930 жылдары қазақ әдебиетінің образдар әлеміне кіріп, төрінен өз орнын иемденген мәңгілік образдардың бірі – Бейімбет Майлиннің қаламынан туған «Мырқымбай» образы.

Мырқымбайдың қандай образ екенін анықтай түсу үшін және ол Б.Майлиннің өз образына сіңірген еңбегін түсіну үшін қазақ кеңес әдебиетінің бағбаны болған «Еңбекші қазақ» газетінің беттерінде: «Мырқымбай – анық қазақ, қазақтың нағыз қалың бұқарасы. Бейімбеттің қазақ әдебиетінің алдына істеген зор еңбегі – Мырқымбайдың өмірін, соның тұрмысын жазу» [10, 105], – деген пікір 1927 жылдары жарық көреді. Бұл образ қазақ әдебиетінде несімен ерекшеленеді?

Мырқымбай образының жасалу жолдарын сөз еткенде, Бейімбет Майлиннің бейне жасаудағы асқан шеберлігін айтпай кетпеске болмайды. Біріншіден, ақын Мырқымбайды барынша жанды бейнеде көрсеткен, екіншіден, көркем сөздің әр кезеңге қарай әртүрлі әуенмен құбылтып, образдық болмысын сол күйде беру үшін көркемдік бояуларды сан құбылтқан әрі оларды өте ұтымды пайдаланған. Мырқымбай образының дүниеге келу тарихын белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішев былайша суреттейді: «...Тоғыз жолдың торабында «Кедей» мұңайып тұр екен: «байсыз өлмейсің, кәсіп қыл, тырыс. Құлдықты көрмейсің, істе жұмыс» деді де, «Бар сенгенім – Николай, тақтан ұшып құлады, бүлініп дүние, ойпырмай, біздей сорлың жылады» деп зарлап отырған байдың үстінен шықты, мысқылдап күлді. Енді бір бұрылыста бой күйездігі жеңіп, ел ісіне ебі келмей тұрғанды әжуалады да, қойшы-қолаң мен жалшы-жақыбайлардың қасына таяна бергенде:

Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!

Бай, бай, бай, бай!

Нең бар еді?

Әй, құдайым-ай!..[10, 104] –

деп кейіген шалдың даусына елегізи түсті. «Таныс есім, кім еді сол?» деп ойға батқан ақын кедейліктен сіңірі шыққан, тойып тамақ ішпеген, байдың ит-қорлығында жүрген ынжық, 1916 жылы көзінен қаны ағып окопқа кеткен бөзөкпе, аштық жылында бір тілім нан беріп, өзі жәрдем еткен былжыр Мырқымбай емес пе деп әлгі топқа келсе, жаман тымағын көзіне түсіре киіп, түксиіп сол Мырқымбайдың өзі тұр. Амандық-саулық сұрасқанннан кейін, қызу әңгіме басталып кетті. Өмір өткелдері етін тірілткен, жаңа үкіметтің орнауынан нәр алған Мырқымбайдың сөзі нық, қимылы пысық көрінді. «Қолтығынан көтеріп, қолдап жіберсең осыдан адам шығады» деген қорытындыға келді ақын. Екеуі сол жерде достасты. Бұл тарихи оқиға 1922 жылы болды» [10, 104].

Әрі қарай ақын оқиғалар желісін жалғай түседі. Сол жылы кедейлердің қысылып шыққандығын, тамақтан қалай тапшылық көргендерін айтады. Сөйтіп әбден титықтаған Мырқымбай:

Әкел бері, көк шолақты, Мырқымбай,

Тез қамытта, ағаш соқа жегелік! –

деп өмірінде істеп көрмеген кәсібін бастап кетеді. Алғашқыда егін салуды жатсынды ма, әйтеуір біраздан соң Мырқымбайдың өзі емес, егін салуға бір сиыр мен көк шолағын жегіп, Мырқымбайдың әкесі шығады:

Әй, құдай-ай, ауылнай-ақ, қорлады-ау!

Соған тыю, соған жаза балмады-ау.

Айт, боразна!.. Көк шолақ ит тартпауын...

Бәрекелді-ай, сауын сиыр сорлады-ау! –

деп арасында кейістігін де білдіріп қояды. Бірақ күзде бұл бейнеттерінің жемісін көреді. Енді олар бірігіп, пішен шабуға шығады:

Майлаусыз сықырлаған ағаш арба

Көк шолақ мықшындайды тартып зорға.

Шаңырағын таңып алып жүк үстіне

Мырқымбай көсемсініп барады алда!

Басында ақын бізге икемі, тіршілікке бейімдігі жоқ Мырқымбайды суреттесе, бұл кезде санасы күннен күнге өсіп келе жатқан Мырқымбайды бейнелейді. Тіпті өзінің кейіпкер образының жетілгенін оны саяси өмірге араластыру арқылы көрсетеді. Ол ауылда сайлау ісіне араласып, болыстық сайлауға делегат болып сайланады. Кеше ғана қолындағы соқасын дұрыс ұстай алмай жүрген Мырқымбайда енді «ауылдың басшы қызметіне жетсем-ау» деген ниеті де пайда болады.

Жиылыс басы Мырқымбай,

Салық жайын кеңеседі:

- Қорғамаймын жақын деп

Боқбасарға мың сом сал!

Не қылмады ол бұрын

Байды аяман малы бар![10, 124], –

деп, сауаты ашылған, сонымен қоса өзіне сенімді бола бастаған Мырқымбайдың келбетін көреміз.

Саяси теңдікке қол жеткізсе де ауыл кедейлерінің жағдайы түзеле қойған жоқ, себебі егіс кеңейтер жер тапшы болды. Сол үшін партия басшылары байлардың үстемдігін түбегейлі жою үшін олардың жерлерін тартып ала бастады. Жер бөлісі кезінде топ бастап келген Мырқымбайдың өктем даусынан енді ел тіпті қорқа бастады.

Ата жеріне иемденгендер қайдан шыққанын түсінбеген Оспан байға:

Тарт қолыңды!.. жер менікі!

Бөліп берем кедейге... [10, 136], –

деп атой салған Мырқымбайдың даусы өктем шықты. Тап тартысы күшейгені сонша, бір-біріне сойылдарын да жұмсасты. Мырқымбайдың шекесі де жарылды. Осылайша ақын:

Жидың білем қоныңды

Көрдің бе енді жолыңды –

Ілгері көшке жетейік,

Бер, Мырқымбай қолыңды! [10,150],–

деп байларды жою ісіне араластырып жібереді. Сөйтіп оны кедейдің мүддесін қорғаушы бір өкіл етіп:

Ескі өмір тозып,

Жаңалық озып

Істеліп жатыр ұлы істер.

Жаңа өмірді құрды ауыл!

Жаңарта бер, жырды ауыл! –

деп партия жақтаушысы етіп қояды [10, 107].

Әрине, бұл еңбекте мақсат – Мырқымбайдың саяси көзқарасын талқылау емес, оның мәңгілік образға айналу алғышарттарын айқындау болып табылады. Мырқымбай қазақ әдебиетінде тұңғыш «образ эволюциясы» деген атауды иеленді. Ол өмірдің өзінен ойылып алынған шынайы образ болуымен қатар, әуені мен ырғағына жаңалық енгізген жанды тұлға ретінде танылды. Мырқымбай – қазақтың жетпіс жылдық тарихында өмір сүрген адамдардың жиынтық прототипі. Әр адам сол кезде Мырқымбай бойынан өзінің бір қасиетін таба алатын еді. Бейімбет ақынның лирикалық «менінің» орнына «біз» деп айтқызуынан да осыны аңғара аламыз. Кейінірек әдебиетімізде Жиенғали Тілепбергенов Қалман атты кейіпкері арқылы,ал Сәбит Мұқанов Шоқпыты, Асқар Тоқмағанбетов Қойбағар, Самат Нұржанов Қойшыбайы арқылы Мырқымбай образын жаңғыртуға тырысты. Яғни, әр заманның өзіне сай «Мырқымбайы» бар. Демек,бұл образ әрқашан өміршеңдігін жоғалтпайды.

б) Асан қайғы немесе "қоныстық утопия"

«Әпсана деп кейде ертеде болған, немесе ойдан шығарылған бір оқиғаны көркемдей баяндайтын шығармаларды айтамыз. Тақырыптық және сюжеттік мазмұнына қарай қазақ әпсаналары шартты түрде тарихи-мекендік және утопиялық болып бөлінеді» [9, 164].

Утопиялық әпсаналардың мазмұны, көбінесе, әлеуметтік-қоғамдық сипатта болады. Себебі, ғалым-зерттеушілердің айтуынша, мұндай шығармалар, әдетте, халық өміріндегі әлеуметтік сипаты бар бір үлкен дүрбелең кезінде, ел қиындыққа душар болғанда пайда болады екен. Сондай жағдайда халық жақсы өмірді армандап, «алтын дәурен», «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман», немесе елді қиыншылық азабынан құтқаратын қайраткер туралы утопиялы әңгіме-аңыздар мен әпсаналар шығарады. Мұндай әпсаналардың тарихи аңыздан айырмашылығы оның тек көркемдік дәрежесінде емес. Оның басты ерекшелігі – тарихи аңызда өткен дәуірдің оқиғасы мен адамы мадақтала жырланса, әпсанада өткен тарихтан гөрі қиялдан, арманнан туған оқиғалар мен кейіпкерлер дәріптеледі, мұнда заман, адам, жер-су,мекен халықтың қалауы бойынша суреттеледі, олар осындай болса екен деген тұрғыда көрсетіледі. Мұндай жер, әдетте, Жерұйық (утопия) деп аталады. Бұл түсінік тек бізде емес, әлемнің барлық елдерінде кездеседі.

Ал осындай қазақ Жерұйық идеясының иесі – даланың ұлы философы Асан қайғы екені даусыз. Оның Жерұйықты іздеуі туралы әпсаналар да ел басына туған қиын замандарда туған болуы керек. Тарихта белгілі Асан Қайғы XV ғасырда өмір сүрген.ӘзЖәнібектің кеңесшісі болған. Бұл дәуір дүрбелең оқиғалар көп болуымен ерекшеленеді. Сондай оқиғалардың бірінде Асан қайғы бүкіл ел қамын ойлап, ерекше көзге түседі. Өзінен күшті Әбілхайырдан ыққан Жәнібек пен Керей елді Еділ мен Жайық арасынан көшіруге мәжбүр болады. Халық басына түскен ауыртпалықты көрген Асан Жәнібекке ата қоныстан жылжымау керектігін айтады.

Міне, осындай қиын-қыстау заманда елге ақылшы әрі қамқоршы болған Асан жайлы мазмұны әртүрлі аңыздар тараған. Оның ішінде, әрине, барынша кең танымалы – Асанның ел-жұртына құтты қоныс, яғни Жерұйық іздеуі. Негізінен, мазмұны осы тектес әпсаналар тек қазақта ғана емес, басқа да алыс-жақын елдерде таралған. Мәселен, орыс фольклорында мұндай шығармаларды «легенды о возвращающемся избавителе» және «легенды о далеких землях» деп атайды [9, 168]. Оларда әлеуметтік, таптық сарын басым. «Дәл осындай ел-елде тарлаған әпсаналарды жинақтай келе оларды мынадай топтарға топтастыруға болады:

  1. Құтты қоныс немесе қайырымды қоғам туралы утопия /Мысалы, Платонның «Мемлекет»,Ямбулдың «Күн елі», әл-Фарабидың «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастары туралы», Бэконның «Жаңа Атлантида», Андреастың «Христианополис», Герцкидың «Фрейландия» шығармалары, т.б./;

  2. Жаугершілікпен, жиһангершілікпен ұштасқан отаршылдық утопия;

  3. Елдік бүтіндікті сақтау не бас сауғалау сипатындағы қорғаныстық утопия» [3, 24-25].

Асан Қайғының Жерұйығы, әрине, алғашқы топқа жатады. Сондай-ақ, Асан қайғының құтты қонысы – сонау өз ғасырынан бергі авторлары мәлім әлемдік утопиялардың тұла бойы тұңғышы. Себебі, танымал Томас Мордың «Утопия» шығармасының өзі 1516 жылы жарық көрген. Ал христиандық утопияны уағыздаушы – Томас Мюнцердің есімі, тіпті 1525 жылдары шыққан екен. Тағы бір утопияшыл Томаззо Кампанелла тасқа қашап жазған «Күн қаласы» шығармасын 1602 жылы жариялады. Танымал Еуропа утопиялары мен Асан қайғы утопиясының арасында тағы екі үлкен айырмашылық байқалады.

«Біріншіден, Еуропа утопияшылары қаншама ұрпақтың қолымен тұрғызылған қоғамдық ғимараттың қабырғасын тас-талқан қылып қиратып, қаңқасына шейін қайта құруды көксесе, Асан қайғының тірек тұтқан мұраты – ата дәстүрге адалдық. Яғни, қайта құру емес, бар нәрсені сақтап қалу.

Екіншіден, Еуропа утопияшыларынң үлбіреген үйлесім, кіршіксіз келісім іздегенде ойлап тапқан мекендерінің төрт тарабы тұйықтаулы /қала, қорған, қамал, арал/ болатыны байқалады. Олардың ойында "мінсіз, мүлтіксіз қоғамды құру үй немесе шаһар салумен ұқсастырылады». Ал Асан Қайғының Жерұйығы – көкжиегі көз талдырар көшпенділер кеңістігін жайлаған кемел ойдың көлеңкесі; тәкаппар талғамның тұнығы...»[3, 25].

Құтты мекен туралы қазақ әпсаналарының сюжеті қарақалпақ, қырғыз, құмық, ноғай елдерінде де бар екенін көреміз және бұл сюжетке құрылған шығармалар Асаннан да бұрын болғанын, тіпті Асаннан кейінгі заманда басқа адамға байланысты болғанын да байқаймыз. «Демек, елге, малға жайлы қоныс іздеу туралы сюжет қыпшақ тобындағы түркілердің бөлінбей тұрған шағында пайда болған, кейін тағы бір ауыртпалық тұсында ол сюжет Сәбитке байланысты айтылған. Ал кейін Сәбиттің орнын баласы – Асан басқан, ал ашаршылық дәуірінде оның орнына Абат батыр мен Өтеген батыр қойылған. Осылайша тарихи тұтастыққа негізделген мәңгілік сюжет пайда болды» [9, 68].

Кейбір утопиялық әпсаналарда тіпті нақтылы жер атаулары да кезігеді. Мәселен, Испаниядағы конкистадорларының тепкісіне түсіп, барар жер, басар тауы қалмаған қалмаған кезде бразилиялық ақын Мануэль Бандейраның қаламынан туған мамыражай мекен – Пазарга. Мұндай құбылыс бізде де бар. Қазақ арасындағы қорғаныстық утопияның танымал мекені – Жиделібайсын. Кейбір ғалымдар «Жиделібайсын жерінің Асан қайғы есімімен қатар аталуы жоңғар жаугершілігінен бері қалған» деген пікір де айтады. Мұның дәлелін Асан қайғыныңүлгі-үрдісін өз толғауында қайтадан жаңғырта жырлаған Бұқар жыраудың толғауларынан да көруімізге болады:

Сырдарияның суынан

Көлденең кесіп өтіңіз.

Үш жыл малды ту сақтап,

Жиделібайсын кетіңіз:

Кісісі жүзге келмей өлмеген,

Қойлары екі қабат қоздаған,

Қатын, бала қамы үшін

Солай таман жетіңіз... [3, 29-30].

Жерұйыққа деген ыстық ықылас халық санасында одан бергі дәуірлерде де оянып отырған.

«Исатайдан соң көп қазақтың арасына орыс өкіметін күшпен жеңе алмаймыз, қазақтың әлі келмейді деген пікір туды... Құтсыз қонысты тастап ауу керек, Асан қайғының жұртын табу керек деген пікір әсіресе ауадан соң аса күшейді. «Асанқайғыны көксеу» деген дәуір елдің көңілін бөлді, ел арасында өзіне бөлек қимыл туғызды. Ел әдебиетінде осы қимыл жақсы сүгіреттелген», – деп жазды Х.Досмұхамедұлы» [3, 31]. Демек, сонау 1869-1870 жылдары Асан қайғының Жерұйығын аңсау сезімі әлі басылмағанын көреміз.

Шынымен де, ХХ ғасырдың бас кезінде Жиделібайсынға ауа көшу қарқынды жүрді. «Мәселен, Досмағамбет Қылышбайұлы деген азамат 1914 жылы «Қазақ» газетіне былай деп хабарлады: «...Басымызға да, малымызға да осындай таршылық келген соң, Бұқар жағында Жиделібайсын деген бос жер бар деп ұзынқұлақтан есітіп, көштік. Мінген ат, артқан түйе, айдаған қойларымыз мезгілсіз ұзақ көшуге шыдамай арықтап, Қызылқұм ішінде жұтадық. Малымыздан айырылған соң, ішуге азығымыз болмай, ашаршылыққа душар болдық... Қызыл елі айтты: «Әуре болмаңдар, Жиделібайсында ел сиятын бос жер жоқ" деп. Соның үшін біз Сырдария бойына қайтпақшы болдық...» [3, 31-32]. Асан қайғының Жерұйық туралы идеясы елді ашаршылық заманында да жетелеп келген.

Кейінірек Ілияс Жансүгіров те «Дала» поэмасының «Сандал» атты тарауында Жерұйық іздеу сарынын өз бетінше жалғастырды. Ол соқыр Бекетбай деген ақыннан жазып алған өлең жолдарын өз нақышына келтіріп жырлаған:

«Қалғанша, – деп , – сен жауға»,

Құдықтарға ит көмілді,

От қойылды қыстауға,

Қара түтін бықсыды.

«Құтсыз, құнсыз қалсын да!

Асанқайғы шалған жер

Кетсек пе екен Байсынға?»

Осы болды сыпсыңы.

Құшақтасып моланы,

«Қош, мекен!» деп шықты шу... [3, 33].

Жамбылдың Жерұйық тақырыбына арналған «Өтеген батыр» деген жыры да бар. Бір сөзбен айтқанда, Асан қайғы туралы әпсаналарда және Бұқар жыраудың «тарихи талғаудан туған толғауларында» айтылатын Жиделібайсын бейнесі өз өміршеңдігін жоғалтпай, бергі дәуірлер тудырған шығармалар тізімінде де елгілі бір арқалаған жүгі бар екені анық.

Асан қайғының Жерұйықты іздегені туралы әпсана сюжетінің тарихын және басқа халықтардағы осы тектес сюжеттерді салыстыра қарастырудың нәтижесінде тағы бір қызықты дүние байқалады: бір жақта құтты қоныс бар, соны іздеп табу керектігі туралы сюжет барлық халықта рулық қоғамның әлсіреп, таптық алшақтықтың күшейе бастаған тұсында пайда болады. Ол кезде бұл сюжетте ешқандай таптық, әлеуметтік сарын болмайды. Рулық қауым ыдырап, феодалдық қоғам құрылған кезде сюжет кеңейіп, бірнеше шығарма туады. Олар бірте-бірте өзінше дамып, жеке сюжеті бар «елді құтқарушы», «жерұйықты іздеуші», «тығулы қазына» туралы әпсанаға, яки хикаятқа айналады. Қоғамның қиын-қыстау кезеңдерінде бұл шығармалар жаңғырылып,жаңа кейіпкерлерге таңылып отырады.

«Ал, осы сюжеттің генетикалық арғы тамырын іздесек, ол алғашқы қауымда қалыптасқан бір-бірімен тығыз байланысы бар үш әлем туралы түсінікпен сабақтас болуы ықтимал. Бұл түсінік көптеген миф, хикая, аңыдарға негіз болғаны белгілі. Асан қайғы іздейтін Жерұйық та – ойдан шыққан, арманнан туған қоныс. Жерұйық – халықтың жарқын қиялынан пайда болған еркін, азат, жанға жайлы жердің мәңгілік образы, «Жерұйық» деген сөздің өзі де «ел ұйып, тату-тәтті өмір сүретін жер» деген ұғым береді» [9, 54].

в) Қорқыт ата образы

Қорқыт – оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан сұңғыла тұлға, ақылгөй, сәуегей, асқан абыз, жырау, қобызшы, қазақ бақсыларының жебеушісі, күй атасы. Бүкіл түркі дүниесінде осыған сәйкес өзіндік образы да қалыптасқан.

«Қорқыт мұрасын, ой-қазынасын, шығармашылық өмірбаянын үңіле зерделеген, көл-көсір ой-пікірлер өрбіткен ғұлама оқымысты Ә.Марғұланның жазуынша, қазақ музыкасы мен философиясында «Қорқыт күйі», «қорқыт сарыны», «Қорқыт толғауы», «Тәңір биі» дейтін рухани сұлулық пен ізгілікке бөленген үздік дәстүрлер, мақамдар қалыптасып дамыған. Ол – біртуар ақын әрі бақсы. Осы ұғымдар сәуегейлікті, емшілікті, күйшілікті сыйғызады. Демек, Қоқыт – «керемет иесі», «ұлыстың ұлы кеңесшісі, қария сөз айтушы, тарихи оқиғаларды жырлап беретін жырау» (Ә.Марғұлан. Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы, 1985, 222-бет)» [2, 211-212].

Қорқыттың қасиетті қобызын құрметпен ұстаған, толғауларын сарынымен жеткізген Жанақ, Нысанбай, Марабай, Қазақбай секілді жыраулардың аттары ерекше аталып өтеді. Олардың да көрсеткен түрлі кереметтері болған екен. Мысалы, Қойлыбай бақсы алты қанат ақ орданы жалауша желбіретіп көтерген, тағы бір осындай бақсының қобызы аспанға самғап, сәйгүліктердің алдынан шыққан. Ә.Науаидың «Жақсылардың мәжілісі» кітабындағы: «Бақсы жыраулар кей уақытта адамнан безіп, даланы, тау-тасты аралап жүретін еді»[2, 212] деген пікіріне сүйенсек, әйгілі Жұмағұл, Қойлыбай, Ықылас атты күйші-қобызшылар күн-түн демей, өзен бойын жағалап жүріп, сұңқылдата күй төккен.

Қорқыт түркі руханияты тарихындағы ғажайып бір құбылыс десек те болады. Оның дүниеге келуінің өзі өзгеше. Анасы қыпшақ руынан екен. Ол құланның жаясына жерік болыпты. Қорқыт ана ұүрсағында үш жыл жатады. Жыл сайын анасының бір рет толғағы келеді екен. Ал дүниеге келерінде мүлдем тоғыз күн көз шырымын алмай толғатады. Үш тәулік бойына тастай қараңғылық басады. Сөйтіп, Қорқыт жарық дүние есігін ашады. Тіпті кейбір әпсаналарда оны қу терісін жамылған перінің қызынан немесе аққудан тудырады.

Аңыз-әпсаналарға көз жүгіртер болсақ, Қорқыт желмаясы құсқа жеткізбейді, дариялардан ұшып өтеді, дүниенің бір шетінен екінші шетіне жету ештеңе емес. Суда көр қазушы болмас, терең ағыс-иірімдерге ажал, өлім келе қоймас деп ойлап, кілемін жайып, аспандағы құстың ұшуын, самал желдің соққанын тиятын толқынды күйлер, толғаулар шығарады, сөйтіп, ғасырға жуық ғұмыр кешеді-міс.

Мәңгілік образдар ешқашан өз өміршеңдіктерін жоғалтпайды. Осындай Қорқыт мұрасын, дәстүрін мықтап ұстанған халық мәдениетінің көрнекті өкілдерін Ә.Марғұлан былай топтастырады:

«1. Бақсы-жыраулар – Қойлыбай, Балақай, Қарамырза, Нысан абыз.

2. Қобызбен күй орындағандар – әл-Фараби, Кетбұға.

3. Сәуегей жыраулар, шешендер – Сыпыра жырау, Асан қайғы, Шәлгез, Тәтіқара, Әнет баба, Бұқар жырау, Майлықожа.

4. Қорқыттың өміршең рухани дәстүрлерін сәтті сабақтастырып жалғастырған, қобызбен жыр туындатқан ақындар – Балқы базар, Ерімбет жырау, Кете Жүсіп, Абыл, Оңғар жырау, Шораяқтың Омары».

Кезінде В.В.Бартольд пен В.М.Жирмунскийлер: «Қорқытты қадірлеудің Сырдария жағасында мыңжылдық өнегесі бар», – деп бекер айтпаған болу керек» [2,213].

Жалпы, әпсаналардың ерекшелігі – бойында моральдық, имандылық мәннің басым болуы. Ал Қорқытқа байланысты түркі даласында әпсаналар саны жағынан көп болмағанымен, ел арасында олар кең танымал. Оның сюжеттік құрамы да шағын, түптеп келгенде, қолда бар әпсананың бәрі бір ғана сюжетке құрылған: түсінде өлесің деп аян алған Қорқыт өлімнен қашып, дүниенің төрт бұрышын шарлайды. Ақыры, Сыр өзенінің ортасына жайылған кілемде отырған Қорқыт жыланның шағуынан қайтыс болады.

Негізі, Қорқытты мәңгілік образдардың қатарына жатқызуымыздың өзі осы әпсаналарға байланысты. Себебі, адамның ажалдан құтылудың, яғни өлмеудің амалын іздеуі туралы сюжет өте ерте заманда пайда болған. Біздің заманымыздан 4500 жыл бұрын хатқа түскен, әлемдегі ең көне деп саналатын «Гильгамеш» эпосында да бұл сюжет ұшырасады әрі сомдалатын басты образ үлкен философиялық жүк арқалайды. Ең жақын досы Энкиду қайтыс болғаннан кейін Гильгамеш өлмеудің амалын іздеп, әуелі теңіз ортасында тұратын аналардың иесі – Сидуриге, сосын қалың орманды мекен ететін кемеші – Уршанабиге, соңында өлім суынан өтіп, өзеннің арғы бетіндегі Утнапиштиге жетеді. Утнапишти оны ұйқымен сынайды, бірақ гильгамеш бұл сынақтан өте алмайды. Утнапишти бәрібір оған жаны ашып, теңіздің астында мәңгіге жасартатын және оны иеленген адам ешқашан өлмейтін бір гүл бар екенін айтады. Гильгамеш аяғына тас байлап, ақыры ол гүлді алып шығады. Бірақ қайтып келе жатқанда, біраз сергу үшін суға шомылып жүргенде гүлді жылан алып, ініне кіріп кетеді. Сөйтіп, Гильгамеш ақыры өлімнің құрығына ілінеді.

Бұл аңызда Гильгамеш өлімнен құтылу жолын тылсым бір жәрдемшінің көмегі арқылы іздесе, Қорқыт өзі табуға тырысады. «Дүниені түгел шарлаған ол еліне қайтып келіп, желмаясын сойып, оның терісімен қобызының сыртын қаптайды. Құрғақ жерде тұрса бір күні ажал жетіп келер деген қауіппен бір қырмызы масаты кілемді алып, Сырдарияның суына төсеп, сонда қобызын тартып тұра беріпті. Қорқыт дүние кезгендегі арманын да, өлімнен қашқан қайғысын да, өзі көрген жақсылық-жамандық жайларын да қобызында ойнаған ғажап сұлу күйлерімен жеткізіп баяндайды. Қорқыт күйлерін бүкіл дүние, жан иесі түгел қйып тыңдайды... Қорқыт Сырдарияның көз жасындай суына қарап отырып, қобызын күйлеп, – өлім мені қанша қуса да мен оны бұл жерге келтірмеспін деп қобызын үздіксіз тарта беріпті. Қорқыттың күңіренген күйлерін балқып тыңдаған ажал да жақын келе алмапты» [9, 165-166]. Бұл тұрғыдан қарағанда, Қорқыт бәріне қарсы шыққан ежелгі гректердің Прометейін де еске салады. Ал жыланнан келген өлімін, әпсанаға тереңірек үңілетін болсақ, әлсіздіктің, я болмаса ажалға жеңілгендігінің белгісі емес екендігін байқауға болады. Ол тек қаншама жылдар бойы күйін үздіксіз тартқаннан қалжырап ұйықтап кеткенін пайдаланған жыланның қулығы немесе кездейсоқ өлімдей суреттеледі. Қалай болғанда да Қорқытты рухы биік, күрескер, мықты тұлға етіп көрсетеді. Бұл тіпті Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңізіндегі»: «Человека можно уничтожить, но его нельзя победить» [7, 53], – деген сөздерін де еске түсіретіндей.

Қорқыт жайындағы дәл осындай әпсана осетиндердің Әміран туралы аңыздарында кездеседі, ал өзге түркі халықтарында бар Қорқыт образы көбінесе ақылгөй қария, сәуегей жырау, кейде батыр, кейде бақсы бейнесінде көрінеді. Бұл туралы зерттеуші Ә.Науаи: «Бетінде нұр жауғыр Қорқыт ата еді, түркі ұлысы арасында одан даңқты, одан асқан кісі жоқ еді. Оның даңқы ешкімге жеткізбейтін еді. Өзгешелігі, данышпандық атының көп шығуы, неше жыл өзінен бұрынғыны білуі, неше жыл өзінен соңғыны, келешекті айтып беруі, оның таңқаларлық нақыл сөздері осы күнге дейін бар» [2, 214], – дейді.

Расында, сөз маржандарына, мағыналы терең ойларға толы даналық дәрістеріне айналған «Қорқыт ата кітабы» – барша түркі әлемінің тарихы мен мәдениетінің бас кітаптарының бірі. Мысалы, ұлы шығармадан: «Ата-анасы баласын ардақтайды, бала болса, ата-анасын сыйламайды, қилы-қилы заман болады», «Қаратаудай мал жиса да кісі көзі оған тоймас», «Кекірейгенді Тәңірі сүймес, көкірегін көтергенге бақ қонбас», «Жас өседі, жарлы байиды», «Өшкен келмейді, өлген тірілмейді», «Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас, ұл атадан көрмейінше үгіт алмас» сияқты қанатты сөздерді таба аламыз. Олар адам баласының сан ғасырлық тәжірибесінің қорытындысы, ақыл-ой сүзгісінен шыққан ғибратты, мағыналы асыл сөздер екенін байқаймыз. Тіпті мынадай бата сөздері де ұшырасады:

Үйірлі Қаратауың жығылмасын,

Зәулім бәйтерегің кесілмесін.

Тулап аққан мөлдір суың сарқылмасын,

Қанаттарыңның ұшы қырқылмасын.

Шабар болсаң, ақбоз атың арымасын,

Шапқаныңда қара болат өз қылышың етілмесін.

Шаншарыңда ала найзаң мұқалмасын.

Ақ жаулықты анаңның тұрағы пейіш болсын,

Ақсақалды бабаңның тұрағы жұмақ болсын.

Хақ жандырған шырағың сөнбесін! [2, 214].

Қорқыт мұраларының зерттелу тарихына В.В.Вельяминов-Зернов, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, П.Н.Лерх, Н.В.Аничков, В.В.Бартольд, В.М.Жирмунский, Ә.Диваев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, А.Жұбанов, Ә.Қоңыратбаев сияқты ғалымдар зор үлестерін қосқан.

Қорыта айтқанда, Қорқыттың образы – бүкіл түркі дүниесінде данагөй, ерекше төзімді, ақылшы сәуегейдің мәңгілік бейнесінде қала бермек.