Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PAJDALANU_MATERIALDARY.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.3 Mб
Скачать

12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар

12.1. Қаптағыш материалдар

Қаптағыш материалдар автомобильдің орындықтары мен шанақтарын өңдеуге (қаптауға) арналған. Нәтижесінде салондар мен кабиналар қолайлы, жайлы болып, жылу және дыбыс оқшаулағыштығы жақсарады. Бұл материалдар созылуға берік, тозуға төзімді, қажет жағдайда иілгіш, мұнай өнімдері тиген кезде сапасын өзгертпейтін, кірі тез кететін, мүмкіндігінше әдемі пішінді, сонымен қатар арзан болуы керек.

Қаптау материалдары ретінде әр түрлі маталар, беттері полимерленген маталар да қолданылады. Қаптау үшін кенеп, барқыт, шұға, плюш және т.б. материалдар қолданылады.

Автомобилдердің, автобустардың орындықтары мен олардың қалқандарын көбінесе дермантинмен, текстовинитпен, автобиммен (текстовиннің беті пластикатпен, автобимдікі хлорланған пластикатпен көмкерілген маталар) қаптайды.

12.2. Тығыздаушы материалдар

Автомобиль және трактор бөлшектерін құрастырған кезде бөлшектердің бір-бірімен қосылған жерлерін кей уақытта қымтау қажеттілігі туады. Бұл қозғалмайтын екі бөлшектің арасына салынатын әр түрлі төсеніштер, бөлшектер арасындағы қуысты бітеуге арналған тығыздаушы құрылғылар мен көмкермелер дайындайтын тығыздаушы материалдардың көмегімен іске асады. Бұл материалдардың беріктігі жоғары, қажет жағдайда майысқақ (иілгіш), сонымен қатар қатты болу керек. Осындай материалдардың кейбірі жоғары температураға, мұнай өнімдеріне, суға төзімді болуы керек.

Кеңінен тараған төсеніш материалдарына химиялық өңделген қағаздар (пергамент, қаттықағаз, фибра - шекті жұмыс температурасы 1500С), киіз (750С), астбест (3500С), паргениттердің түрлі маркалары (айналмасоғып вулкандалған астбест, көксағыз және толықтырғыштар қоспасынан жасалған беттер 1500С-ға дейінгі температурада жұмысқа қабілетті), тығындар, қоюжақпалар (тығыздағыш) жатады.

Тығыздаушы материалдарды жеке-жеке де, бір-бірімен қосып та қолдануға болады.

12.3. Оқшаулағыш материалдар

Оқшаулағыш материалдар деп электр тогын өткізбейтін материалдар атайды. Олар автотракторлардың электр жабдықтарын өндіру мен жөндеуде оқшаулағыш ретінде қолданылады. Оқшаулағыш материалдар берік, аз ылғалданғыш, жылуға төзімді болуы керек. Пластмасса, резеңке, эбонит, лактар, астбест, фибра және т.б. жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандырады. Бұлардан басқа оқшаулағыш материалдарға слюда (5000С-ге дейін қыздырғанға төзімді диэлектрик), прессшпан (зығыр майы сіңірілген нығыз қаттықағаз), оқшаулағыш таспалар (бір немесе екі жағы да резеңке желім жағылған немесе бір жағына желімденгіш қоспа жағылған поливинилхлорлы мата тіліктері), оқшаулағыш лактар жатады.

12.4. Ағаш материалдар

Ағаш халық шаруашылығы мен тұрмыста кеңінен қолданылады. Ағаш арзан, оңай өңделеді, берік, тығыздығы төмен (судан 1,5-2 есе жеңіл).

Ағаштың қасиеттері ағаш түріне, өсу жағдайына, ылғалдылыққа және т.б. тәуелді.

Автомобильдер мен тракторларды шығаруда, жөндеу мен пайдалануда көбінесе қылқан жапырақты ағаштар (қарағай, шырша) платформа, тіреуіштер және басқа да бөлшектер жасау үшін қолданылады. Ал жапырақты ағаштардан (қайың, емен, бук, шегіршін, ақ үйеңкі) сирек қолданылатын материалдар жасалады.

Ағаштың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі- оның ылғалдылығы. Ылғалдылық (абсолютті) деп ағаш салмағына (сусыз) ағаштағы су көлемінің (%) қатынасын айтады.

Автотрактор бөлшектерін жасауға жұмсалатын ағаш материалдардың ылғалдылығы 12-15% мөлшерінде болуы керек. Жаңадан кесілген ағаштардың ылғалдылығы 50-100%, ал су тиген ағаштардікі 100%-дан асып кетеді. Сондықтан да ағаштарды өңдеген кезде алдымен арнайы кептіргіштерде кептіріп алу керек. Кептірілген ағаш ылғалды ортаға түскен немесе су тиген жағдайда қайта ылғалданады. Ондай ағаштар нашар өңделіп, нашар желімделеді.

Ағаш сапасының негізгі көрсеткіштерінің қатарына оның қаттылығы да жатады. Осыған байланысты ағаштарды қатты және жұмсақ тектілер деп екіге бөледі. Жұмсақ текті ағаштар қатарына қарағай, шырша, терек, қатты тектілерге емен, ақ үйеңкі, қайың және жөке ағашы жатады.

Ағаштардың өзіндік ерекшелігі – оның беріктік көрсеткіштері деформация мен оның бағытына байланысты. Ағашты талшық бойы бағытымен созған кезде беріктігі жоғары болады (ылғалдылығы 15% кезінде 1100-1300 кг/см2), ал сол бағытта ағашты жарған кезде беріктігі (ылғалдылығы 15% кезінде 70-100 кг/см2) нашар болады.

Ағаш материалдарды ылғалды, желдеткішсіз жерде сақтаса тез шіріп, бұзылады. Ерте шіріп, бұзылудан сақтау үшін ағашты сырлайды, оларға антисептиктер сіңіреді (хлорлы мырыш, фторлы натрий ерітінділері), қалыпты ылғалдықта ұстайды.

Автотракторларды шығару, пайдалану және жөндеу кезінде, сонымен қатар автокөлік кәсіпорындарына қажетті ағаш материалдары бөрене, кесілген материалдар (тақтайлар мен білеуше) түрінде қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]