- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
Соңғы жылдары пайдаланылған мұнай өнімдерін қайталама шикізат ретінде қолдану кеңінен тараған. Бұл - отын-энергетикалық қорларды молайтып, қоршаған ортаның ластануын болдырмайды. Сондықтан да май қорларын толтырудың бірден-бір көзі пайдаланылған майларды жаңғырту және қайта пайдалану болып табылады.
МССТ 21046-81 «Пайдаланылған мұнай өнімдері. Жалпы және техникалық шарттарға» сәйкес барлық пайдаланылған мұнай өнімдері 3 топқа бөлінеді: пайдаланылған мотор майлары, пайдаланылған индустриялық майлар, пайдаланылған мұнай өнімдерінің қоспасы.
Пайдаланылған мотор майларын әр түрлі тәсілдермен жаңғыртады. Соңғы кезде майды жаңғырту үшін төмендегі технологиялық процестер қолданылып жүр:
физикалық процесс – тұндыру, сүзу, отын фракцияларын айдау, үйірткілеу, сумен шаю, ваккумдық айдау және т.б.;
физика-химиялық процесс – белсенді заттармен ластарды ірілендіру, ағартқыш топырақтармен тазарту, пропанмен, фенолмен, фурфуролмен талғамды тазарту т.б.;
химиялық процесс – күкіртқышқылды, сілтілі, сутектендіру.
Мұнай өндірісінің Бүкіләлемдік ғылыми зерттеу институты пайдаланған майды жаңғыртудың төмендегі технологиялық процесін пайдалануға ұсынды: бензин ерітіндісінде майды ірілендіріп, ортадан тепкіш айырғыш арқылы лас заттар мен суды айырады, бензинді, суды, отын фракцияларын шығарып, дистиллят фракцияларды және айдаудан қалған қалдықтарды алу үшін майды вакуумдық айдаудан өткізеді. Гидротазартудан кейін дистиллят фракциялардан майлардың дистиллятты компоненттерін алады, ал айдаудан қалған қалдықтардан пропанмен және гидротазартудан кейін қалған компоненттерін алады.
Бұл алынған дистиллятты және қалдық компоненттер өздерінің негізгі физика-химиялық қасиеттері бойынша тауарлы майлардан кем түспейді. Бұларды тауарлы мотор майларын алу үшін қолдануға болады.
5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
1974 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық іштен жану қозғалтқыштарына арналған (авиациялықтан басқа) МССТ 17479-72 «Мотор майлары. Жіктеме» стандарты әрекетке енді. Осы стандартқа сәйкес майлар тұтқырлығы мен пайдалану сапаларына байланысты сыныптар мен топтарға бөлінген. Майлардың топтары мен оларды қолдану саласы 9-кестеде келтірілген.
9-кесте. Майлардың топтары мен оларды қолдану саласы
Май топтары |
Қолдану саласы |
|
А |
Жылдамдатылмаған карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштар |
|
Б |
Б1 |
Аз жылдамдатылған карбюраторлы қозғалтқыштар |
Б2 |
Аз жылдамдатылған дизельді қозғалтқыштар |
|
В |
В1 |
Орташа жылдамдатылған карбюраторлы қозғалтқыштар |
В2 |
Орташа жылдамдатылған дизельді қозғалтқыштар |
|
Г |
Г1 |
Жоғары жылдамдатылған карбюраторлы қозғалтқыштар |
Г2 |
Жоғары жылдамдатылған дизельді қозғалтқыштар |
|
Д |
Жоғары жылдамдатылған ауыр жағдайда жұмыс істейтін дизельдер |
|
Е |
Аз айналымды майлау жүйесі лубрикаторлы түрдегі, күкірт саны 3,5% ауыр жағар маймен жұмыс істейтін дизельдер |
|
Қазіргі қозғалтқыш майларының пайдалану қасиеттері негізгі майларға әр түрлі жоғары тиімді қоспаларды қосу арқылы қамтамасыз етіледі.
Қоспалар – күрделі органикалық немесе металл-органикалық қосылыстар.
Майлау материалдарын қолдану саласы мен жұмыс жағдайына байланысты қоспалар концентрациясы жүздеген бөлшектерден ондаған пайызға дейін болады. Кейбір майларға, мысалы, мотор, гидравликалық майларға 4-6 қоспадан тұратын композициялар қосады. Қоспалардың тиімділігі жоғары болып, майда толық еруі тиіс, кез келген температурада ұзақ уақыт сақтаған кезде шөгінді түспеуі керек, суда ерімей, майдың физика-химиялық көрсеткіштерінің қасиеттерін төмендетпеуі керек.
«А» тобына жататын майларда аздаған мөлшерде тотықтырмайтын және мүжілдірмейтін қоспалар бар. Тасымалдағыш машиналардың қозғалтқыштарында ондай қоспаларды қолданбайды, оларды кейбір баяу жүретін су кемелерінің қозғалтқыштарында пайдаланады.
«Б» тобына жататын майларда аздаған (3-5%) мөлшерде жуатын, тотықтырмайтын және мүжілдірмейтін қоспалар бар. Оларды кейбір карбюраторлы автомобиль қозғалтқыштарында қолданады.
“В” тобына жататын майларды қазіргі кездегі автотрактор қозғалтқыштарында көп қолданады. Олардың құрамында 4-7% аралығында жуатын, тотықтырмайтын, мүжілдірмейтін және көбіктенуге қарсы қоспалар бар.
«Г» тобына жататын майлар меншікті қысымы мен жылдамдығы үлкен, үйкеліс жұбында жұмыс істеуге арналған. Бұл топта да «В» тобындағы майдағы қоспалар жинағын қолданады, бірақ олардың мөлшері көп (7-12%).
«Д» және «Е» топтарына жататын майлар қолдану жағдайы өте ауыр қозғалтқыштарға арналған. Оларда қоспалар мөлшері 18-25%-ға жетеді. Бұл топтағы майлар жоғары оксидтілер қатарына жатады.
Жоғарыда (9-кесте) айтылған негізгі алты топтағы майды 7 тұтқырлық қатарына тізеді. Одан басқа қоюланған майларды белгілеу мақсатында қосымша 4 тұтқырлық қатары бар. Олардың бөлімінде негізгі тұтқырлық сыныбы жазылады, ал алымында шартты сыныбы «з» индексімен көрсетіледі («з» -қоюланған). Әр топқа жататын мотор майын тұтқырлық тізбегіне, қолдану қасиетіне және климат жағдайына қарай таңбалайды (10- кесте).
Майлардың шартты белгілерінің мағыналарының шешуі төмендегідей.
«М» әрпі – майдың моторға арналғандығын көрсетеді, одан кейінгі 6, 8, 10, 12, 14, 16, 20 сандары 1000С температурадағы майдың тұтқырлығын көрсетеді, А, Б, В, Г, Д, Е әріптері жылдамдату дәрежесіне қарай қандай қозғалтқышқа арналғанын анықтайды. Б, В, Г әріптеріндегі «1» индексі карбюратор, «2» индексі дизельді қозғалтқыштарға арналғандығын көрсетеді. Егер май таңбасында әріптен кейін индексі болмаса, ондай майлар карбюраторлы да, дизельді де қозғалтқыштарда пайдаланылады, мысалы М10Г.
«Д», «Е» тобындағы майлар тек дизельді қозғалтқыштарға арналған. Жаңаша бірыңғай стандарт бойынша топтастырумен қатар техникалық шарттарда май көрсеткіштерін ескіше таңбалау да кездеседі. Ол бойынша көрсеткішке майды дайындау тәсілі, құрамында қоспа бар-жоғы т.б. мәлімет берілетін. Ескіше таңбалағанда «А» әрпі автомобиль, «Д» әрпі дизельді қозғалтқыштарға арналған май, «К» (қышқылды) және «С» (селективті) әріптері тазарту тәсілін, одан кейінгі сан майдың тұтқырлығын (1000С-да сСт өлшемімен), «з» әрпі қоюлатқыш қоспаның, кіші «п» әрпі жалпы қоспаның барлығын көрсетеді.
