
- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
Мұнай өнімдерін мұнайдан тікелей айыру көпке дейін жалғыз тәсіл болып келді. Ол кезде мұнай өнімдерінен тек керосинді ғана шамға қолдануға жарататын, ал бензинді керексіз деп санап, пайдасыз тіпті зиянды зат қатарында санаған.
Іштен жанатын қозғалтқыштардың пайда болуы мұнай өндірісіне нағыз революциялық өзгеріс енгізді. Іштен жанатын қозғалтқыштарға бензин қажет болды, ол мұнайдың аса бір құнды өніміне айналды. Тікелей айыру арқылы мұнайдың фракциясынан бар-жоғы 23-25% бензин алынады, ондай өнім мөлшері бензинге деген сұранысты қанағаттандырмады. Жағдайды түзету үшін молекуласында сутек атомдары көп ауыр көмірсутектерді бензин фракциясының қайнау температурасына сәйкес жеңіл көмірсутектерге айналдыру қажет болды.
1875 жылы орыс ғалымы А.А. Летний қосымша бензин алу мақсатында көмірсутектерді жоғарғы температурада ыдыратуды ұсынды, ал инженер В.Т. Шухов мұнайдан бензин айырудың жаңа тәсілінің патентіне ие болды. Бұл тәсіл алғашқы рет өндірісте АҚШ-та іске асты. Онда бұл тәсіл «крекинг» деп аталды (крекингтің орысшасы расщепление, ал қазақша мағынасы – ыдырату). Крекинг процесінің негізгі реакциясы көміртек атомдары көп ірі молекулаларды ыдыратып, ұсақ молекулаға айналдырады. Ыдырау процесі тек жоғары температураның әсерімен болса, жылулық крекинг, ал катализаторлардың қатысуымен өтсе, оны каталитикалық крекинг дейді. Крекинг процесі бензиннің мұнайдан шығымын 50-60% -ға дейін арттырады.
Жылулық крекингпен газ, бензин, керосин, соляр фракциялары және крекинг қалдығы (крекинг – мазут) алынады. Жылулық крекинг процесін бірнеше жолмен іске асырады. Біздің елде екі пешті крекинг көп тараған, онымен ең алдымен жеңіл крекинг, ал одан алынған орта фракцияларды екінші - терең крекингке жібереді. Крекинг процесін шикізатты 470-540оС температураға дейін қыздырып, 20-70 кг/см2 қысымда өткізеді. Жылулық крекингпен алынған бензин фракциясын қоспа ретінде пайдаланады. Бұл тәсілмен алынған бензиннің сапасы төмен, сондықтан соңғы кезде іске қосылған мұнай өңдейтін зауыттарда жылулық крекинг процесін қолданбайды.
Крекингтің ішінде жылулыққа қарағанда каталитикалық крекинг жетілген деп саналады, осы тәсілмен алынған өнімдердің сапасы жоғары. Каталитикалық крекингте көмірсутектердің ыдырауы катализаторлардың қатысуымен өтеді. Катализатор ретінде құрамында кремний және алюминий оксидтері бар алюмосиликаттар көп тараған.
Жылулық крекингтердің де, каталитикалық крекингтің де реакцияларының негізі – күрделі және үлкен молекулалардың жеңіл және көмірсутектің атомы аз түріне ыдырауы. Каталитикалық крекинг өндіріс жағдайында әртүрлі технологиялық тәсілмен іске асады: қабатталған жылжымайтын катализатор, жылжымалы сфералы катализатор және микросфералы немесе шаң тәрізді катализатор қатысында. Температурасы 450-500оС сфералы жылжымалы катализатормен ыдырату жиі қолданылады. Жылулық, тіпті каталитикалық крекинг өнімдерінің құрамында, әдетте, сутегінің аздығы байқалады. Оның себебі - ол өнімдердің құрамында қанықпаған көмірсутектердің болуы, сондықтан бензиннің шығымы да 40-50%-дан аспайды. Сутектің қатысуымен өтетін каталитикалық крекинг процесін гидрокрекинг дейді. Гидрокрекингті температурасы 420-500оС, қысымы 3-10 МПа жағдайында өткізеді. Бастапқы шикізатты катализатормен бірге реактордан өткізеді, сол реакторға қысыммен сутегі беріледі. Процестің бастапқы өнімі ретінде қайнау температурасының соңы 300-350оС болатын фракциялар алынады. Өңдеудің келесі сатысында сутегінің қысымын 10 МПа шамасында сақтап, температурасын 380-450оС–ға дейін кемітеді. Катализатор ретінде вольфрам, молибден сульфидтерін және платина негізіндегі басқа да қосылыстарды пайдаланады.
Гидрокрекинг процесін өткізу жағдайларын, яғни қысым мөлшерін, қыздыру температурасын, реагенттерді жұмсау, көлемдік жылдамдығын белгілі бір жағдайда өзгерте отырып керекті фракциялы, құрамы әртүрлі химиялық топты өнімдер алуға болады. Өңдегеннен қалған қалдықтарға гидрокрекинг процесін қайталауға болады.
Жоғарыда айтылған мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу бензин фракциясының шығымын көбейтумен қатар, сапасын да жақсартады. Осы кезде бензиннің сапасына қойылатын талаптың күштілігі сонша - тіпті оны алу үшін арнайы процесс қолдану қажет болады. Процесс бензиннің шығымын көбейту емес, тек сапасын ғана жақсартуға арналуы керек. Мұндай процестерде шикізат ретінде бензин алынады, ал пайда болған өнім пайдалану қасиеті жақсартылған бензин болады.
Бензиннің сапасын жақсарту мақсатында, әдетте, риформинг процесін қолданады. Жылулық риформинг өндірісте кең тарамаған. Өте жоғары сапалы бензин өндіруде каталитикалық риформинг процесінің келешегі бар.
Каталитикалық риформинг нафтен және парафин көмірсутектерін катализаторлардың қатысуымен ароматты көмірсутектерге айналдырады. Катализатор ретінде алюмоплатинді қолданады (платина мөлшері 0,1-ден 1%-ға дейін).
Бензиннің қолдану қасиетін жақсарту мақсатымен изомерлеу процесін қолданады.
2
Ауасы
сиретілген
колоннада
тікелей айыру
Соляр
фрак-циясы
Жағар май фрак- циясы
Гудрон,
жартылай
гудрон
Гидрокрекинг
Қозғалтқыш
жағар майлары
Трансмиссиялық
жағар майлары
.
КАРБЮРАТОРЛЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДА ҚОЛДАНАТЫН
ОТЫНДАР